
- •2.Сеитова Банкке барып тұрғын үйді сатып алу үшін.....
- •3.Мына терминдердің ішінен бірі-біріне қарама –қарсысын табыңыз және олардың мәнін ашыңыз:
- •4.Қазіргі кезде , қоғамда, мұсылман әйелдерінің хиджаб киюіне.............
- •5.Қазақстанда қылмыстық істі шешу барысында а. Атты тергеуші шариат нормаларына жүгінді.....
- •6.Мұсылман құқығы бойынша қоғам, адам, билік ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •7. А. Танысова, жалғыз басты қарт кісі өзінің жазылмайтын ауруы......
- •8. Алматы қаласының нотариалды кеңесінің біреуінде қр азаматшасы мен Иран........
- •9.Интернеттің форумында ҚазҰу-нің қабырғаларында намазхана.......
- •10.Қазақстандағы діни мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарды атаңыз. Олардың қызметін ашыңыз.
- •11. 10 Жастағы Абдулла сауда-саттықпен айналысқысы келіп.....
- •12.Кади Құран мен Суннада көрсетілмеген мәселе бойынша қылмыстық іс қозғайды.......
- •13.Барысова күйеуіне талақ беріп ажырасады. Ажырасқаннан кейін....
- •14.Азаматов әйелі Жүнісбекова талақ береді. Біраз уақыт өткеннен кейін.......
- •15.Талақ алған әйел, талақ алғаннан кейін бір ай өткен соң.....
- •16.Қазіргі кезде қоғамда көп әйел алушылық мәселесі белсенді.........
- •17.Күйеу қайтыс болған мұсылман әйел екі айдан соң қайтадан тұрмысқа шығады......
- •18. Барысова күйеуін өлтіріп кеткенін біліп, өш алуды көздейді.....
- •19.Мұрынова күйеуі бола тұрып, көршісі Рашитовпен ........
- •20.Кулиров үйіне қайтып келе жатып, бір сөмке тауып алады.....
11. 10 Жастағы Абдулла сауда-саттықпен айналысқысы келіп.....
Шариат бойынша саудамен айналысқысы келген адамға қойылатын талаптар мыналар – 10 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс болуы керек.
Шариат бойынша әрекет қабілеттілігі 13-15 жас, ата-анасының рұқсатымен және ата-анасымен бірге шыға алады. Себебі, 10 жастағы Абдулланың әрекет қабілеттігі жоқ. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық ұқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Заңнамалық актілерде көзделген реттер мен тәртіптерде болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінде, шектелуіне жол берілмейді.[1]
12.Кади Құран мен Суннада көрсетілмеген мәселе бойынша қылмыстық іс қозғайды.......
Иджма дегеніміз - ақыл ойға салып заңдастыруды білдіреді. Аударғанда «келісім», «консенсус» дегенді білдіреді. Иджма шариғаттың қағидалары арқылы әрекет етеді. Ал, фетва дегеніміз - муфтидің белгілі бір сұрақтарға қайтарған жауабы. Яғни, Құран мен Суннада жоқ іс қозғалған кезде ойлау арқылы сұрақтарға жауабы. Себебі, Ислам мемлекеттерінде белгілі бір істі шешуде ең біріншіден Құран мен Суннаны басшылыққа алады. Ал, оларда бұл істің шешімі қарастырылмаған жағдайда, иджма, қийас, фетваны қолданады. Яғни, бұл жердегі кадидің істі шешу жолы дұрыс қолданылған.
13.Барысова күйеуіне талақ беріп ажырасады. Ажырасқаннан кейін....
Шариат бойынша ер мен әйел ажырасқаннан кейін олардың ортақ балалары ерінде қалады. Бұл жағдайда кади Барысованың сотқа балаларды өзіне алып қалу жөніндегі талап арызын құптамайды. Себебі, шариатта тек емшектегі бала ғана анасында қалады
14.Азаматов әйелі Жүнісбекова талақ береді. Біраз уақыт өткеннен кейін.......
Некенің жойылуы мына жағдайларда орын алады:
- 3 рет талақ айтса;
- ері не әйелі діннен безсе;
- ері 4 жыл 10 ай хабарсыз кетсе;
- қыз келісімін бермесе ( ер адамның құқы жоқ );
- кемшіліктері анықталса ( мысалы, жақын туыс, есі ауыс, ауру т.б. );
- неке заңсыз қиылса;
- ері өлсе. Ал, Азаматов пен оның әйелі Жүнісбековаға 3 рет талақ айтылған қатысты. Сол себепті де олар егерде ары қарай бірге тұра беруді ұйғарса, олардың некелері қайта қиылуы керек. Шариат бойынша 3 рет талақ айтылған әйелімен некелесу арам. Ашу үстінде, мас кезінде айтылған талақ заңсыз. Шариат заңдары етек кірі келгенде немесе екіқабат әйел босанып, тазаланғанша талақ айтуға тыйым салады.
15.Талақ алған әйел, талақ алғаннан кейін бір ай өткен соң.....
Шариат бойынша 3 рет талақ алған әйелге идда мерзімі берілмейді. Ол әйелдің басы бос болып есептелінеді. 3 рет талақ алған әйел ғана тұрмысқа шыға алады. Ал, 1 немесе 2 рет талақ алған әйел ерінің үйінде қала береді. Идда дегеніміз – белгілі бір күту мезгілінен өту кезеңін айтады. Шариатта идда мерзімі үш түрлі болады: ері өлгенде, ажырасқанда және неке жойылғанда. Әйелдер идди мерзімі біткеннен соң ғана некелесе алады. Ері өлгенде: идда мерзімі – екі қабат әйелдер үшін босанғанша; азат әйелдер – 4 ай 10 күн, күңге – 2 ай 5 күн. Егер күңнің ерінен баласы болса, онда 4 ай 10 күнде. Ері басқа жақта жүріп өлсе, өлген күнінен ( хабар келген күннен емес ) саналады. Идда мерзімінде әйелге сән-салтанат құрып, боянуға тыйым салынады.