Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мусылмандык кукык есептер жауабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
82.94 Кб
Скачать

9.Интернеттің форумында ҚазҰу-нің қабырғаларында намазхана.......

ҚР Конституциясының 1-бабының 1-нші тармағында көрсетілгендей ҚР өзін зайырлы мемлекет деп жариялайды, ал, 2-нші тармағында көрсетілгендей ҚР қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен маяси татулық, сол себепті де мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында намазхана ашуға рұқсат етілмейді. Себебі, мұсылмандарға намазхана ашса, өзге діндегілерге де құлшылық ететін орын ашуға тура келеді. Ал, егерде ондай орындарды ашатын болсақ, онда мемлекеттік мекемелер мен оқу орындары дін орындарына айналып кетер еді. Және де ол туралы ҚР Конституциясының 2-бабының 2-тармағында да атап көрсетілген – мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

10.Қазақстандағы діни мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарды атаңыз. Олардың қызметін ашыңыз.

Бір жылдан астам уақыт бұрын Дін істері агенттігі құрылды.

Бұл мекеменің жұмысы алғашқы кезде көзге көрінбегенімен, өз жемісін беруде – «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң, заңға қарасты актілер қабылданды, жоғары деңгейде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі өткізілді, діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу үдерісі белсенді жүргізілуде. 

Бірақ бұл сөзсіз, жас мемлекеттік органның алғашқы қадамы ғана. Дін саласында әлі де шешілуі тиіс көптеген өзекті мәселелер бар. Аталған мекеменің басшысы Қайрат Лама Шарифпен әңгіме Агенттіктің осы бағыттағы қызметі және оның атқарған жұмысы жайында өрбіді.   

Баяғыда ата-бабамыз: «Бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле, білімге көңіл бөл» деп айтып кеткен.

Дін жастарды тәрбиелеу ісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуына ықпал етіп, елеулі рөл атқарады. Сондықтан, Дін істері агенттігі жастар арасында құқықтық және діни ағарту ісіне бағытталған кешенді жұмысты жүргізуде. Өйткені шынайы діннен хабары жоқ жастар діни секталар мен экстремистердің шырмауына тез түсіп жатады. Осыған орай біз барлық діни бірлестіктер мен миссионерлерге есеп жүргізіп, олардың қызметіне мониторинг жүргіземіз.  

Әрине, кез келген адамның өз өмірлік жолын таңдауға жеке құқығы бар, бірақ ол жалған діни ілімдердің артында не тұрғанын білуі тиіс. Жастарға теріс пиғылды діни ұйымдар туралы ақпарат беру олардың осы ұйымдардың қатарына кіруінің алдын алудың ең тиімді тәсілі болып саналады. Жастар мұндай ұйымдар туралы бәрін біліп, олардың өкілімен алғашқы сөйлескеннен кейін-ақ олардың шынайы бет-бейнесін бірден ажырата білуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан жастардың пайдалы іспен шұғылдануын және салауатты демалуын ұйымдастырудың да маңызы зор. Елбасымыз айтып кеткендей, жастардың бар күш-жігерін дұрыс жолға бағыттау керек. 

Сондықтан, бүгінгі таңда жастармен жұмыс жасаудың маңызы зор. Оларды қоғамдық-пайдалы іс-шараларға қатыстыру, оларға дамуға, кәсіби маман болуға мүмкіндік беру қажет. Алдын алудың осындай кешенді жұмыстарын жүргізу теріс пиғылды діни ұйымдардың қатарына кірген жастардың санын азайтуға көмектеседі.