Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мусылмандык кукык есептер жауабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
82.94 Кб
Скачать

ЕСЕП

1. А. Сабырова мұсылман емес ер кісіге үйленгенімен........

2. Сеитова Банкке барып тұрғын үйді сатып алу үшін.....

3. Мына терминдердің ішінен бірі-біріне қарама –қарсысын табыңыз және олардың мәнін ашыңыз:

4.Қазіргі кезде , қоғамда, мұсылман әйелдерінің хиджаб киюіне.............

5.Қазақстанда қылмыстық істі шешу барысында А. Атты тергеуші шариат нормаларына жүгінді.....

6.Мұсылман құқығы бойынша қоғам, адам, билік ұғымдарының мағынасын ашыңыз.

7. А. Танысова, жалғыз басты қарт кісі өзінің жазылмайтын ауруы......

8. Алматы қаласының нотариалды кеңесінің біреуінде ҚР азаматшасы мен Иран............

9.Интернеттің форумында ҚазҰУ-нің қабырғаларында намазхана.......

10.Қазақстандағы діни мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарды атаңыз. Олардың қызметін ашыңыз.

11. 10 жастағы Абдулла сауда-саттықпен айналысқысы келіп.....

12.Кади Құран мен Суннада көрсетілмеген мәселе бойынша қылмыстық іс қозғайды.......

13.Барысова күйеуіне талақ беріп ажырасады. Ажырасқаннан кейін....

14.Азаматов әйелі Жүнісбекова талақ береді. Біраз уақыт өткеннен кейін.......

15.Талақ алған әйел, талақ алғаннан кейін бір ай өткен соң.....

16.Қазіргі кезде қоғамда көп әйел алушылық мәселесә белсенді.........

17.Күйеу қайтыс болған мұсылман әйел екі айдан соң қайтадан тұрмысқа шығады......

18. Барысова күйеуін өлтіріп кеткенін біліп, өш алуды көздейді.....

19.Мұрынова күйеуі бола тұрып, көршісі Рашитовпен ........

20.Кулиров үйіне қайтып келе жатып, бір сөмке тауып алады.....

А. Сабырова мұсылман емес ер кісіге үйленгенімен........

Шариат бойынша неке — қарама-қарсы екі жыныстың (ер мен әйел) шариғат талаптарын сақтай отырып, бірге тұрмыс құру мақсатында өзара келісіммен жасаскан міндеттемесі. Шариат бойынша некеге кедергі келтіретін жәйттер:

жақын туыстық;

емшектестік;

сүйек жақындық;

әйел санының белгәлә мөлшерден асуы;

дінсіздік;

талақ айту.

Осылардың ішіндегі дінсіздік бойынша А. Сабырова шариат бойынша күйеуімен әрі қарай некеде қала алмайды. Себебі, бұл жайлы Құранда да анық айтылған. Имам Ағзам қағидалары кітап түсірілгенде ( яғни, Таурат, Забур, Інжілді тән алушыларға ) үйленуге рұқсат береді. Тек әйелдерге өз діндегілерден өзгелерге тұрмысқа шығуға тыйым салады. Яғни, егер күйеуі әйеліне жақсы қарап, бірақ Исламды қабылдаудан бас тартса, олардың некесінің тоқтатылуына Шариат рұқсат етеді.

2.Сеитова Банкке барып тұрғын үйді сатып алу үшін.....

Шариат бойынша бұл құпталмайды. Себебі, шариат бойынша пайыз – күнә болып есептеледі. Пайыз ол ақшаны қарызға бергеннен кейін ешбір адамның қиналысынсыз, еңбегінсіз ақшаның уақыт өте геле өсуі. Ал, Шариат бойынша еңбексіз келген пайда күнә болып есептелінеді. Пайыз, өсім арқылы пайда табу – күнә.Пайыздан (РИБА) құлан таза болу шарт. Алла Тағала, Баққара сүресінің 285 аятында «Жаратушы, сауда-саттықты халал, пайызды харам етті» деген. Демек, саудаға пайыз арласатын болса, ол сауда автоматты түрде бұзылады.

Шариғатта пайызды екі түрге бөліп қарастырады:

А) Рибаль Фадл. Яғни, Тартылатын немесе өлшенетін сорты бір екі тауарды, бір-бірімен айырбас жасарда, бірі екіншісінен артық кетсе пайыз жеген болады. Мысалы, бір грамм өнделмеген алтын, екі грамм сырғамен айырбас жасалса, бір грамм пайыз жеген болады. Себебі, екеуіде бір сорттан, екеуіде таразыланады. Ал егер, сорттары бөлек болып жатса, бірі екіншісінен артығымен берілсе абестігі жоқ, алайда араға уақыт қоймай, қолма-қол берілуі шарт. Мысалы, бір грамм алтынды, 5 грамм күміске айырбастаса, айырбас сол жерде, қолма қол берілуі тиіс. Егер 5 грамм күмісті ертен беремін десе, арадағы 4 грамм, НЕСИЕ пайызын тудырады. Мұндағы мақсат, алдау –арбауды бертарап етіп, адамдарға тиетін зиянның алдын алу болып табылады. Және де несие пайызына жол ашпау үшін алдын алу шарасы болып саналады.

Ә) Несие пайызы (Кешіктіру пайзы). «Уақытысында берілмеген қарыздың уақытын созғаны үшін, алынатын артық төлемге – несие пайызы дейді».Күніміздегі Банк жүйелеріндегі несие пайыздары осыған кіреді.

3.Мына терминдердің ішінен бірі-біріне қарама –қарсысын табыңыз және олардың мәнін ашыңыз:

Харам – халал; Никах – шиғар; Таухид – мұнафиққун; Ғасб – асар.

Харам – істеуге, жеуге, көруге, айтуға, ойлауға және т.б. жасауға болмайтын әрекет немесе әрекетсіздік. Жаратушы бізге 4 нәрсені харам еткен, олар: « Жаратушы атынсыз » сойылмаған мал, малдың қаны, шошқа еті,

Халал – істеуге, жеуге, көруге, айтуға, ойлауға және т.б. жасауға болатын әрекет немесе әрекетсіздік. Харам мен күнәға жатпайтындар халал.

Никах – неке деген мағынаны береді. Ол қарама-қарсы екі жыныстың ( ер мен әйел ) келісе отырып, тұрмыс құру мақсатында өзара жасасқан міндеттемесі.

Шиғар – уақытша неке дегенді білдіреді. Мұсылмандарда уақытша некені қолдамайды.

Таухид – Жаратушыны біреу деп тану. Ол ислам дініндегі ең маңызды да алғашқы сенім. Мысалы, 16 сүре, 53 аятта: « екі тәңірге табынбаңдар. Жаратушыдан өзге тәңір жоқ. Тек маған ғана құлшылық етіңдер » деп айтылған.

Мұнафиққун – екі жүзділер

Ғасб – біреудің ақысын жеу дегенді білдіреді. Мысалға, дүкен сатушыларының таразыдан біреудің ақысын жеуі.

Асар – біреуге көмектесу дегенді білдіреді.

4.Қазіргі кезде , қоғамда, мұсылман әйелдерінің хиджаб киюіне.............

« Хиджап » кию мәселесіне келетін болсақ, біздің елімізде әр адамзат баласы өз қалағанын істеуге құқылы. Бірақта менің ойымша қазіргі заманда хиджап кию біздің қоғамымызға сай келмейді, себебі қазіргі кезде біздің елдегі адамдардың пікірінше хиджап киетіндердің есі дұрыс емес немесе жаман қылықты адам ретінде қалыптасып кеткен. Ал, ҚР Конституциясына келетін болсақ, ол жерде жалпы ережелер тарауында біздің ҚР зайырлы мемлекет ретінде көрсетілген. Яғни, әр адамның қандай дінді ұстанам десе де өз еркі дегенді білдіреді. Ал, адам және азамат тарауында ҚР азаматтарының, азаматтығы жоқ азаматтар жәнне шет ел азаматтарына қатысты олардың әр қайсысының өз құқықтары мен бостандықтары қорғаларды. Ал, хиджап кию әр азаматтың өз бостандығы болып табылады.