
- •Тағам өнімдерін байытуда қолданылатын терминдер мен олардың түсініктері
- •Биотехнологиялық өндірістің негізгі сатылары
- •Тағамдық өнімдердің негізгі ластану жолдары, контаминанттар классификациясы.
- •Санитарлы-көрсеткішті микроорганизмдер топтарына сипаттама
- •Биологиялық белсенді қоспалар, олардың классификациясы.
- •Тағамдық өнімдерді биологиялық ластағыштар. Микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер, трихотецендер, патулин).
- •Генетикалық модифицирленген өнімдер, артықшылығы мен кемшілігі
- •Нутриенттер және олардың қасиеттеріне сипаттама.
- •Микробтық тағамдық уланулар. Инфекциялық қоздырғыштар түрлері мен биологиялық қасиеттері
- •Тағамдық уланулар, тағамдық өнімдер арқылы берілетін аурулар
- •Функциолальды тағам өнімдері, оларды қолдану мақсаты мен оларды алу үшін қойылатын талаптары, ғылыми қағидалары
- •Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын тағамдық минералдық қоспалар.
- •Өндірістік шикізаттың және тағам өндірісінің ксенобиотиктермен ластануы
- •Тағамдық өнімдер мен өндірістік шикізаттардың сапасы мен биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары.
- •Микотоксиндерді анықтау әдістері мен тағам өнімдерінің ластануын бақылау.
- •18.Өндірістік шикізаттар және тағамдардың химиялық ластағыштармен ластануы.
- •19. Микробалдырлардың негізінде алынатын биологиялық белсенді қоспалар.
- •20.Байытылған тағам өнімдеріндегі дәрумендерді падалану тиімділігі
- •21Дәрумендердің микробтық синтезі
- •22.Бифидобактериялар мен лактобактериялар және олардың қасиеттері
- •28.Микробалдырлар және олардың өсу ортасын модификациялау негіздері
- •30. Липидтер. Қанықпаған май қышқылдары, тағамдық құндылығы
- •31. Көмірсулар. Тағамдық қант алмастырғыштардың маңыздылығы
18.Өндірістік шикізаттар және тағамдардың химиялық ластағыштармен ластануы.
1.Өндірістік шикізат дегеніміз – шығу тегі тағамдық өнімдерді өндіруде қолданылатын өсімдік тектес, жануар тектес және микробиологиялық, минералдық объектілер.
2.Тағамдық өнімдер – табиғи немесе өңделген түрде тамақтануда қолданылатын өндірістік өндірістік шикізаттардан өндірілген өнімдер. Тағамдық өнімдер екі топқа бөлінеді:
1.Массалық (жаппай) қолданылатын өнімдер – дәстүрлі технологиялармен өндірілетін жіне халықтың жаппай қолдануына арналған өнімдер.
2.Емдік (диеталық) өнімдер – емдік- профилактикалық өнімдер, яғни профилактикалық емдік тамақтануға арнайы өндірілген өнімдер.Олар химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің өзгертілуімен сипатталады. Бұл топқа витаминделген, майлылығы төмен (33 % дейін ), калориясы төмен ( 100 г. өнім 40ккал төмен ), тағамдық талшықтары төмен мөлшерлі, қанттың, холестериннің , тұзың концентрациясы төмен болуымен сипатталады.
3.Балаларға арналған тағамдар – 3 жасқа дейінгі сау және науқас балаларға арнайы өндірілген тағамдар.
3.Тағамдық өнімдердің сапасы - өнімнің органолетикалық қасиеттерінің сақталуын, организмнің тағамдық заттарға қажеттілігін, денсаулыққа қауіпсіздігін, дайындау мен сақтаудың тиімділігін қамтамасыз ету қабілетін корсететін қасиеттер жиынтығы.
4.Тағамдық өнімдердің сапасына қойылатын медико-биологиялық талаптар - өндірістік шикізаттар мен тағам өнімінің құндылығы мен қауіпсіздігін анықтайтын көрсеткіштер жиынтығы.
5.Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі - тағамдық өнімдерді қажетті көлемде пайдалануда, олардың адам организіміне токсндік, канцерогендік, мутагендік және басқа да жағымсыз әсері болмауы керек. Қауіпсіздік – химиялық, биологиялық немесе басқа да ластағыштардың шамасын ( ПДК ) – ШМК бойынша сақту мен қалыптастыру арқылы іске асады.
6.Тағамдық құндылық – тағам өнімінің пайдалы барлық қасиеттерін көрсететін түсінік.
1.Адам организімінің негізгі тағамдық заттарға деген физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз ету дәрежесі.
2.Энергиялық және органолептикалық жетістігі дәрежесі.
Тағамдық құндылық – жалпы қабылданған мөлшерде қолданудағы тағам өнімінің химиялық құрамымен сипатталады.
19. Микробалдырлардың негізінде алынатын биологиялық белсенді қоспалар.
20.Байытылған тағам өнімдеріндегі дәрумендерді падалану тиімділігі
Байытылған (фортификацияланған) тамақ өнімдері дегеніміз — ауруды профилактикалау мақсатында енгізілетін, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері;Тамақ өнiмдерi байытылуы (фортификациялануы) мүмкiн. Тамақ өнiмдерiн байыту (фортификациялау) үшiн санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен витаминдi-минералды кешендер пайдаланылуы мүмкiн. P080032 2. Байыту (фортификациялау) әдiстерi және тамақтық азық-түлiктердi байыту (фортификациялау) процесiнде пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар нормативтiк-техникалық құжаттаманың талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес болуға тиiс. Адам денесінің қалыпты, сау өсуі мен дамуы үшін А витамині, фолий қышқылы мен темір, йод, цинк сияқты минералдардың қажеттілігі өте зор. Атап айтсақ, интеллект индексін 10-15 пунктке жақсартады; ана өлімін 1/3 -ке төмендетеді; жаңа туған нәресте мен балалар өлімін 40 пайызға кемітеді; еңбек өнімділігін 40 пайызға арттырады; тағам микроэлементтері жеткіліксіздігінен туындайтын соқырлық, мылқаулық, тоқтатылған жүктілік жиілігін біршама төмендетуі мүмкін.АҚШ мағлұматтары /The Micronutrient Initiative/ бойынша, экономикалық тұрғыдан алғанда, негізгі тағам өнімдерін фортификациялау мемлекеттің жалпы ұлттық өнімін 5 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. АҚШ-тың 5 штатында өткізілген зерттеу мәліметтері бойынша, әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің тағам өнімдерін байыту бағдарламасына салынған әрбір доллар, олардың медициналық қызметіне 4,61-ден 6,03 долларға дейін сақталынатынын дәлелдеп берген. Аналар мен нәрестелерді микронутриенттердің (micro – аз мөлшерде, nutrient (nutritio) – ағза сіңіре алатындай дәрежеде ұсақталған тағамдық заттар бөлшегі, немесе тағаммен түсетін) жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету олардың өмір күшін, беріктігін және болашақ ұрпақ интеллектін жетілдіреді.