
- •Тағам өнімдерін байытуда қолданылатын терминдер мен олардың түсініктері
- •Биотехнологиялық өндірістің негізгі сатылары
- •Тағамдық өнімдердің негізгі ластану жолдары, контаминанттар классификациясы.
- •Санитарлы-көрсеткішті микроорганизмдер топтарына сипаттама
- •Биологиялық белсенді қоспалар, олардың классификациясы.
- •Тағамдық өнімдерді биологиялық ластағыштар. Микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер, трихотецендер, патулин).
- •Генетикалық модифицирленген өнімдер, артықшылығы мен кемшілігі
- •Нутриенттер және олардың қасиеттеріне сипаттама.
- •Микробтық тағамдық уланулар. Инфекциялық қоздырғыштар түрлері мен биологиялық қасиеттері
- •Тағамдық уланулар, тағамдық өнімдер арқылы берілетін аурулар
- •Функциолальды тағам өнімдері, оларды қолдану мақсаты мен оларды алу үшін қойылатын талаптары, ғылыми қағидалары
- •Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын тағамдық минералдық қоспалар.
- •Өндірістік шикізаттың және тағам өндірісінің ксенобиотиктермен ластануы
- •Тағамдық өнімдер мен өндірістік шикізаттардың сапасы мен биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары.
- •Микотоксиндерді анықтау әдістері мен тағам өнімдерінің ластануын бақылау.
- •18.Өндірістік шикізаттар және тағамдардың химиялық ластағыштармен ластануы.
- •19. Микробалдырлардың негізінде алынатын биологиялық белсенді қоспалар.
- •20.Байытылған тағам өнімдеріндегі дәрумендерді падалану тиімділігі
- •21Дәрумендердің микробтық синтезі
- •22.Бифидобактериялар мен лактобактериялар және олардың қасиеттері
- •28.Микробалдырлар және олардың өсу ортасын модификациялау негіздері
- •30. Липидтер. Қанықпаған май қышқылдары, тағамдық құндылығы
- •31. Көмірсулар. Тағамдық қант алмастырғыштардың маңыздылығы
Тағамдық уланулар, тағамдық өнімдер арқылы берілетін аурулар
Токсикоинфекция – микроорганизмдердің өздерімен көп мөлшерде ластанған тағамдарды қабылдаудан пайда болатын инфекция.
Интоксикация (токсикозы) – микроорганизмдердің токсинтерімен ластанған тағамды қабылдау нәтижесінде пайда болатын инфекция.
Стафилококкалық тағамдық улану – энтеротоксиндермен улану, стафилококк микроорганизмдері тағамда жиналып, көбеюі нәтижесінде пайда болады.
Энтеротоксин - бұл экзотоксин, ақуыздық-көміртектік комплекс. Энтеротоксиннің бірнеше типі бар: A, B, C, D, E. Соның ішінде көп кездесетіні А типі. Өйткені ол термостабильді және ол 2 сағаттан көп қайнатудан кейін ғана жойылады. Ал қалғандары термолабильді. Әртүрлі жануарлардың түрлері энтеротоксинге әртүрлі сезімталдықпен әсер етеді. Әсіресе өте сезімтал адам (0.5 см³ сорпалы культура болса болды тағамдық улану пайда болады, 20-25 см³ мысықтарда , 50 см³ маймылдарда).
Өнімдердің ластану көзі: терісінде іріңді аурулары бар адамдар, іріңді маститпен ауыратын сиырлар.
Клиникалық көріністері:
Қысқа инкубациялық кезең: 0.5-6 сағат.
Көптеген құсу, кейде қанмен.
Ағзаның сусыздануы
Артериялық қысымның төмендеуі.
Жедел гастрит көріністері (іштің қатты ауруы)
Терлегіштіктің күшейуі
Қалыпты дене температурасы
Ауру 1 күннен соң бітеді, сирек 2-3 күн созылады. Летальды аяқталуы сирек.
Ботулизм (латын тілінен аударғанда «botulus» колбаса)-бұл тағамдық улану Clostridium botulinum токсинімен улану. Бұл улкен клеткалы, субтерминалды спора түзушілер. Оптимальды температурасы 30-37°C, NaCl 6-10% бар тағамдық өнімдерде өседі. Ал pH=4-5 төмен болса және температурасы 4-5°C-тан төмен болса өспейді. Споралары 6 сағаттық қайнатуға дейін шыдайды. Ботулизм клостридиинің продуценті экзотоксин- ең қауіпті микробтық у. Экзотоксин асқазан-ішек тегі тұз қышқылына төзімді келеді және мұздатуға да, 15 мин.қайнатуға да төзімді. Консервілерде экзотоксин айлар бойы сақталады. Тағаммен асқазанға түсекндк токсин қанды және орталық нерв жүйесін зақымдайды [35].
Улану белгілері: көрудің бұзылуы, паралич, тыныс алудың нашарлауы.
Ботулизм ауруының қоздырғышы табиғатта кең таралған. Мыс: суда, почве, балық ішегінде, жылы қанды жануарларда және құстарда
Улануды тудыратын тағамдар: төмен қышқылды майдағы консервілер, шала қақталған тауық еті, жақсы тұздалмаған ет пен балық.
Ботулизмнің алдын алу
Оның қоздырғышының тағамға түспеуін қадағалау
Консервілерді сақтау кезінде, қақталған және тұздалған балықтарды сақтау кезінде стерилизацияны қатал сақтау.
Эшерихиоз. Қоздырғышы инфекциядан басқа токсикоинфекция тудыра алатын E. Coli ішек таяқшасының штаммдары болып табылады. Негізгі қоздырғыш көзі – ауру адам. Қоздырғыштың берілу механизмі – фекальды-оральды, азық-түлік өнімдері, су, лас қол және ойыншықтар арқылы ағзаға енеді. Көбінесе жаңадан туылған нәрестелер мен жас сәбилерде кездеседі.
Сальмонеллез - адам мен жануарда кездесетін жедел жұқпалы ауру. Көп жағдайда тағам арқылы тарайды, асқазан-ішек жолдарын зақымдайды. Бұл аурудың қоздырғыштары Enterobacteriaceae тұқымдасының Salmonella туысына жататын ұсақ грам теріс таяқшалар болып табылады. Қоздырғыштың берілу механизмі – фекальды-оральды, ағзаға жануар(ет, сүт, жұмыртқа), балық және өсімдік өнімдері арқылы енеді.