Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Rubezh_otv_Kirbaeva.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
62.95 Кб
Скачать
  1. Генетикалық модифицирленген өнімдер, артықшылығы мен кемшілігі

«Генетикалық модификацияланған объекті дегеніміз – гендік-инженерия биотехнологиясы көмегімен алынған өсімдіктер, мал және микроорганизмдерді генетикалық түрлендірілген, ал олардан өңделген өнімдерді – трансгендік тағамдық өнімдер немесе генетикалық модифицирленген (ГМК) көздер деп аталады.

Басқа да түсінік бар: Генетикалық модификацияланған организм дегеніміз – бұл генетикалық материалдар адам қолымен организмдерді будандастыру немесе қайта әрекеттестіру жолымен алынатын организм. Кейбір тірі организмді басқа организмге орналастыру.

ГМО алудың негізгі мақсаты шикізаттың пайдасын жақсарту – бұл мол өнімдер алу, азықтық құндылығын, пестицидтерге, зиянды жәндіктерге, ауруға, суық климатқа төзімділігін және т.б. арттыру.

Зияны- мутагендік әсер етеді. Адам ұрпақтарының геніне әсерін тигізеді, мутцияға ұшырауы мүмкін.

  1. Нутриенттер және олардың қасиеттеріне сипаттама.

Нутриенттер ( Medicine: nutrient materials, nutrients ) – адамның немесе жануардың ағзасына салауатты өмір салтын қамтамасыз ету үшін қажет химиялық элементтер.

Тағамның нутритивтік құндылығы - өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін, яғни энергетикалық, биологиялық, физиологиялық, органолептикалық құндылығын, сіңімділігін, сапалылығын сипаттайтын күрделі қасиет. Өнімнің энергетикалық құндылығы оның құрамындағы май, белок, көмірсу мөлшерімен анықталады. Тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы 100 г-ға шаққанда килоджоульмен (кДж) немесе килокалориямен (ккал) өрнектеледі.

Белгілі қоректік заттар мынаған жұмсалады:

  1. Өз денесін қалыптастыруға (пластикалық қажеттілік);

  2. Энергияны алуға (энергиялық қажеттілік).

  1. Микробтық тағамдық уланулар. Инфекциялық қоздырғыштар түрлері мен биологиялық қасиеттері

Тағамдық уланулар - микроорганизмдер көмегімен бұзылған тағамды жеу нәтижесінде пайда болатын ауру.

Тағамдық уланулардың түрлері:

  • Микробтық

  • Таксикоинфекциялық

  • Интоксикациялық немесе таксикоз

  • Бактериялық

  • Микотоксикоздық

  • Аралас этиологиялық

  • Этиологиялық емес

  • Микробтық емес

  • улы өсімдіктер мен жануарларды жеу арқылы улану

  • улы химиялық қосылыстармен улану

Токсикоинфекция – микроорганизмдердің өздерімен көп мөлшерде ластанған тағамдарды қабылдаудан пайда болатын инфекция.

Интоксикация (токсикозы) – микроорганизмдердің токсинтерімен ластанған тағамды қабылдау нәтижесінде пайда болатын инфекция.

Токсикоинфекцияны мына микроорганизмдер тудырады:

Proteus vulgaris, P.mirabilis, E.coli, Bacillus cereus, Clostridium perfringens, А типі, Парагемолитиялық вибриондар, Citrobacter, Hafnia spp, Klebsiella spp, Yersinia spp, Pseudomonas spp, Aeromonas spp.

Интоксикацияны мына микроорганизмдер тудырады:

Стафилококкалы энтеротоксин, Ботулотоксиндер, Микотоксиндер (істеп шығарылатын микроскопиялық саңырауқұлақтар туысы Aspergillus, Fusarium, Penicillum және т.б. ), Токсин Clostridium perfringens А типі.

Proteus туысының бактериялары — 0,5—0,6X1,2—3 мкм болатын полиморфты таяқшалар, қозғалады, грам теріс, спора және капсула түзбейді. Факультативті анаэробты. Олар жылдам қозғалу қабілетімен ерекшеленеді. Эндотоксиндер түзеді. Бұл бактериялар СКМ болып есептеледі. Рroteus mirabilis – фекальды ластанудың, ал proteus vulgaris — объекттің органикалық заттармен ластануының көзі болып табылады.

Ішек таяқшасы (лат. Escherichia coli, E. coli, Теодор Эшериханың есімімен аталған) — грам теріс таяқшалы бактериялар, көбінесе жылықанды организмдердің ішегінің төменгі бөлігінде кездеседі.  E. coli бактериясының көптеген штаммдары зиянсыз болып есептеледі, алайда  O157:H7 серотипі адамдарда қауіпті тағамдық улануларды тудыруы мүмкін. Зиянсыз штаммдары адам және жануарлар ішегінің қалыпты флорасы болып есептеледі. Ішек таяқшасы қожайын организміне К дәруменін синтездеу арқылы пайдасын тигізеді.

Salmonella туысы. Сальмонелларлар көп таралған микроорганизмдер, жедел ішек ауруларын тудырады,басқада ішек ауруларының аналогты патогенезімен эпидемиологиясының индикаторына қызмет етуі мүмкін. Сальмоналларларды тасымалдаушылардың саны адамдар және жануарлардың арасында айтарлықтай. Оларды тұрып қалған суларда да табуға болады.

Бұл бактерияларды алғаш рет 1885 ж. Америка ғалымдары Дж.Смит пен Д.Е. Сальмон обамен ауырған шошқалардан тапқан. Қазіргі кезде 2500-ден астам сальмонелла бактериясы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]