Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РК-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
274.94 Кб
Скачать

49. Полисахаридтердің микробтық синтезі

Қазіргі таңда шет елдерде полисахаридтерді микробтық синтез арқылы алу кең таралған. Олардың көбісі тағам өндірісінде қолданылады. Д.К.Заболотин атындағы микробиология және вирусология институтында мына микроорганизмдер синтезі арқылы полисахарид алынған: Micrococcus sp., Methylococcus sp., Cryptococcus laurentii, сонымен қатар Candida tropycalis мен Acinetobacter sp. немесе Saccharomyces cerevisie мен Micrococcus sp. бірлестігі.

Бұл биополимерлер глюкозасы, галактозасы, маннозасы, рамноза, арабиноза, ксилоза, галактозамин, глюкозамин бар қышқыл гетерогликандар. Препаратта 50-70 % көмірсу, 10-20 % белок, 5-10 % зола және нуклеин қышқылдары болады. Бұлар ақ немесе крем түсті ұнтақтар, дәмсіз және иіссіз, суда коллоидты ерітінділер түзеді. Тәжірибелік жолмен бидай нанына қосатын полисахаридтің оптимальды дозасы белгіленді. Полисахаридті нанға тұрақты коллоидты ерітінді түрінде қосты. Оны алу үшін 20-25 минут 33-400С температурада 1:30 қатынасында суға батырды.

50. Биологиялық белсенді заттар, олардың микробтық синтезі.

Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – табиғи (табиғиға ұқсас) биологиялық белсенді заттектер, тағаммен бірге қолдануға немесе тағам өнімдерінің құрамына енгізуге арналған. Оларды нутрецевтиктер – азық құндылығына ие ББҚ, және парафармацевтиктер – ашық бейнелеген биологиялық белсенділікке ие ББҚ.

Нутрицевтиктер – азықтың табиғи ингридиенттері: дәрумендер және оларлдың серіктестері полиқанықпаған май қышқылдары, фосфолипидтер, бөлек минералды заттар және микроэлменеттер (кальций, темір, селен, мырыш, иод, фтор), аминқышқылдары, кейбір моно- және дисахаридтер, ас талшықтары (целлюлоза, пектин, гемицеллюлоза) болып табылатын эссенциалы нутриенттер.

Нутрицивтиктер әрбір нақты адамға, тіпті стандартты тамақтану қоржынына ие болуына қарамастан, өзінің қажетсінетін нутриенттеріне байланысты индивидуалды тамақтану рационыны құруға мүмкіндік береді. Мұндай қажеттіліктер жасы, жынысы, физикалық жүктелуі, биохимиялық конституция және биоритмдерге, оның физикалық ұалпына (эмоциалық стресс, әйедердің жүктілігі және т..б), тіршілік ету орасының экологиялық жағдайына байланысты қалыптасады. Азық рационының құрамында нурицевтиктерды қолдану эссенциалы азық заттектердің дефицитінінің орнын оңай толтыруға салыстырмалы түрде тез және оңай көмектеседі.

Қазіргі таңда нутрицевтиктердің жеке топтары мен олардың комбинациясы бар көптеген фирмалы препараттар шығарылуда. Мұндай препараттарға дәруменді және дәруменді-минералды кешендер, фосфолипид препараттар, жеке алғанда лецитин және т.б. препараттар жатады.

Парафармацевтиктер – бұл минорлы компонентті азықтар. Оларға органикалық қышқылдар, биофлавоноидтар, кофеин, пептидтерді реттеуші, эубиотиктерді жатқызуға болады.

Парафармацевтиктер тобына тәбетті реттейтін және рационның энергетикалық құндылығын төмендететін биологиялық белсенді қоспалар жатады. Парафармацевтиктер құрылымдық рөлін анықтайтын әсерлерге жатқызылады:

Ас қорыту жүйесінің микробиоценозін реттеу;

Жүйке жүйесінің қызметінің реттеу.

Органдар мен жүйелердің (секреторлық, ас қорыту және т.б.) функционалдыұ белсенділігн реттеу.

Адаптогенді әсер.

Соңғы кезде ББҚ-ларға соншама неге баса назар аударылады? Мұнда дұрыс және толыққанды тамақтану биологиялық субстраттардан алынған ББҚ-ды қолдану арқылы ғана қамтамасыз етілетінін дәлелдеген медицина да, экономикада, адам дамуының да жетістіктері де. Өмір сүру салты мен тамақтану сипатының өзгеруі барасында адам кейбір ферментті жүйелерін жоғалтқан секілді. Азық заттектерінің эссенциялығы қазіргі адам үшін біздің ата-тегізіміздің азық статусы болып табылады. табиғи азық көлемінің төмендігі қажетті заттектердің аз бөлігімен болса да қамтамасыз етпейді.ББҚ-лардың тағам өнімдерін өндіруде қолдану осы шешуге көмектесе алады. Сонымен қатар, нутрицевтиктердің қолданылуы бүгінде айқын болса, парафармацевтиктердің қолданылуы әлі де болса көптеген шешілмеген химиялық, биохимиялық және медициналық спатты сұрақтарға ие.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]