Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РК-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
274.94 Кб
Скачать

МПБТ-106К

Лесбекова М.М.

31. Көмірсулар. Тағамдық қант алмастырғыштардың маңыздылығы

Көмірсулардың құрылымы.  Көмірсулар құрамына көміртегі, сутегі және оттегі атомдары кіреді. Жасушалар құрамында күрделі органикалық қосылыстар  1% мөлшерінде болады. Көмірсулардың қарапайымы – моносахаридтер. Моносахаридке жүзім қанты – глюкоза, жеміс шырынында және балда көп мөлшерде кездесетін фруктоза, нуклин қышқылдары мен АТФ-ның құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибоза т. б. жатады. Моносахаридтер – суда жақсы еритін жағымды, тәтті дәмі бар түссіз заттар. Моносахаридтердің екі молекуласының байланысуынан дисахарид түзіледі. Оның мысалы ретінде қызылша қанты – сахарозаның глюкоза мен фруктозаның қосылысы екенін көруге болады. Бірнеше моносахарид молекулаларынан полисахарид (грекше “поли” – көп) түзіледі. Ендеше, полисахаридтер полимер қатарына жатады. Олардың мономерлері моносахаридтер. Бұлар суда ерімейтін, дәмсіз органикалық қосылыстар. Ең кең таралған полтсахаридтерге крахмал, гликоген түрінде бауыр және бұлшықет жасушаларына  5%  мөлшерде қорға жиналады. Ал ағзаға энергия қоры – глюкоза қажет болса, олар қайтадан мономерлерге, яғни глюкозаға ыдырайды. Өсімдік жасушаларында крахмал мен жасунық кездеседі. Крахмал гликоген сияқты көп мөлшерде картоп түйінінің т. б. өсімдік жасушаларында қорға жиналады, оның мөлшері  70%-ке дейін болады. Өсімдіктерге беріктік, тірек қасиет беретін талшықтар (ағаш сүрегі), т. б. жасунықтан тұрады. Жасунықтың құрамында глюкозаның 150–200 молекуласы болады.

Көмірсуларының биологиялық рөлі. Көмірсулар жасушаның барлық тіршілік әрекетінде қозғалысқа, секрецияға, биосинтезге бөлінуге, т. б. жұмсалатын энергияның көзі болып табылады. Жасушаларда үздіксіз жүретін тотығу реакцияларының нәтижесінде көмірсулар қарапайым заттарға дейін толық (СО2 және Н2О) ыдырайды. Көмірсулардың бір грамм молекуласы ыдырағанда  17,6 кДж энергия босап шығады. Тәулігіне 400-500 грамм көмірсулар түсуі кажет, соның ішінде крахмал есебінен - 350 грамм, моно- және дисахаридтерден - 50-100 грамм. Организмге түсетін көмірсулардың негізгі массасы энергетикалық мұқтаждыққа пайдаланылады. Көмірсулардың мөлшерден тыс түсуі семіруге әкеледі, әсіресе жүріс-тұрысы аз өмірде, себебі организмнің өз майы негізінен углеводтардан синтезделеді.

Табиғи қант алмастырғыш

Табиғи қант алмастырғыштарына фруктоза, сорбит, ксилит жатады. Олардың энергетикалық құндылығы қанттан 1,5-2 есе кем.

Фруктоза жеміс-жидектерден, балдан алынады, ол қанттан екі есе тәтті келеді. Фруктозаның ағзаға келтіретін еш қатері жоқ, алайда диета үшін ол тым калориялы. 

Ксилит пен сорбит те табиғи тәттілер болып келеді. Біріншісін шетен жидегінен жасаса, екіншісін жүгері мен мақта өзектерінен дайындайды. Көп көлемде қабылдағанда олар диарея, асқазанның қабынуы мен холециститтің дамуына әкеле алады. Арықтаймын деп ниеттенгендерге бұл табиғи қант түрлері келмейді. Бұл жағдайда да мәселе жоғары калориялықта. 

Жасанды қант алмастырғыш заттар

Қант алмастыру мақсатында жасанды, синтезделген препараттарды қолдануға болады. Сахарин, цикламат, аспартам мен сукралозасолардың ішіндегі ең танымал түрлері. Бірақ арықтауға ниеттенгенде тағамның калориялығын кеміту мақсатында бұл препараттарды қабылдаған дұрыс емес.

Мәселе бұл заттарды ағзаның толықтай қабылдай алмауында. Сондай-ақ сахарин қарапайым қанттан 300 есе тәтті бола тұрып, қатерлі ісік пен өт ауруларына әкеле алады. Оны қолдануға АҚШ, Канада мен ЕуроОдақ елдерінде тыйым салынған. Дәріні жүкті әйелдерге мүлдем қабылдауға болмайды.

Цикламат атты қант алмастырғышы осыдан  70 жыл бұрын ойлап табылған. Ол қанттан 40 есе тәтті. Балалар мен жүкті әйелдерге қабылдауға тыйым салынған. Бұл "дәрі" бүйрекке зиян. 1969 жылдан бастап оны АҚШ, Франция, Ұлыбритания елдерінде сатуға тыйым салынған.

Аспартам препараты қанттан 150 есе тәтті. Оны бөлек емес, цикламат не сахаринмен бірге қолданады. Қазірде ол 6000 шамасында азық-түлік өнімдерінде қолданылады. Көп мамандар бұл қант алмастырғышын денсаулыққа зиян деп есептейді. Ол эпилепсия, шаршағандық, диабет, ойлау қабілетінің төмендеуі, ми ісігі және басқа да ауруларға әкеле алады. Әрине оны балалар мен жүкті әйелдерге қабылдауға мүлдем болмайды. Бұл препаратты шамадан тыс қабылдап қойған жағдайда ол ес жоғалту, жатыр аурулары, салмақтың күрт қосылуына әкеле алады.

Ацесульфам қанттан 200 есе тәтті. Ол қазіргі балмұздақ, дайын кофе, газдалған сусындарда жиі кездеседі. Суда ериді, құрамында метил спирті бар. Сондықтан ол жүрек-тамыр, жүйке жүйелеріне кері әсер ете алады. АҚШ-та бұл дәріні қабылдауға тыйым салынған.

Қант алмастырғыштар арықтауға көмектесе ме?

Ғалымдардың зерттеулер нәтижелері бойынша, қант алмастырғыштар кері әсер беріп, арықтауға ниеттенген адамға артық салмақ қосып бере алады. Қант алмастырғышын қабылдайтын адамның ағзасы басқа тағам түрлерінен калорияны көбірек алуға тырысады. Осылайша ағзада метаболизм баяулап, артық салмақ жинайсыз.

Ендеше қанттың орнына не қабылдауға болады?

Қазірде жаңа технологиялар көмегімен жаңа қант алмастырғыш түрлері ойлап шығарылды. Ғалымдардың айтуынша, олар ескілерге қарағанда зиян емес.

Стевиозид атты препаратты стевия немесе бал шөбінен алады. Дәмі бойынша ол қанттан жүздеген есе тәтті. 

Цитрусты жемістердің қабығынан алынатын тәтті зат цитроза қанттан 1800-2000 есе тәтті, әрі денсаулық үшін еш қауіптігі жоқ.

Табиғи ақуыздар негізінде жасалынған қант алмастырғышы монелинніңөндірісі өте қымбат, есесіне денсаулық үшін еш қатері жоқ.

Егер сіз де диетаға отырғалы жүрсеңіз, диетолог маманмен қант алмастырғыш жайлы кеңескеніңіз дұрыс. Диетикалық тағамдардың сыртында жазылғанын мұқият қарап, қауіпті қант алмастырғыштары бар тағамдарды жемеңіз.

Бір-екі артық килограмм үшін денсаулығыңыздан айырылмаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]