Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauap_tmo (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
499.6 Кб
Скачать

82.Әлемдік тұрақсыздық және оның салдары.

83.Халықаралық қатынастардағы экономикалық факторлардың рөлі. Экономикалық фактор – мемлекет пен аймақтардың дамуына үлкен әсер ететін объективтік фактор. Бірегей және құрамдас факторлар экономиканың жаһандануына орай жаңа міндеттерді шешуге итермелейді. Ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға тиімді бейімделуі үшін экспорттық әлеуетті құрылымдық жетілдірді, әртараптандырды, өндіріс-құрал-жабдықтары мен халық тұтынатын тауарлардың бәсекеге жарамдылығын арттыруды көздейді. Қазіргі таңда экономикалық фактордың бірнеше бағыттары бар: 1) Мемлекеттің геосаяси-экономикалық орналасуы мен ілгерілеуі. Мыс., Қазақстан жағдайында бұл факторға оның Еуразия құрылығында орналасуы, батыс пен шығыстың өркениет дәстүрін бойына сіңіріп, оны әрі қарай дамытуға құлшыныс жасауы жатады. Стратегиялық тұрғыдан Қазақстан Ресей мен Қытай, АҚШ және Еуропа одағымен ынтымақтастықты дамытуды басым бағыт деп есептейді. Сонымен қатар Оңт. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен саяси-экон. байланыста Орт. Азия одағына зор маңыз беріліп отыр. 2) экономикалық факторға мемлекеттің ішкі факторлар жүйесі де үлкен әсер етеді. Мыс., Қазақстан жағдайында тұрақсыздық пен діни экстремизмге жол бермеу, есірткі таратуды тыю, демократияны әрі қарай жетілдіру, бейбіт еңбек пен ілгерішіл үрдістерді қорғау, Қазақстанның әлем алдындағы беделін нығайту осындай ішкі факторларға жатады. 3) Сыртқы және ішкі ресурстық әлеует факторының рөлі. Қазақстан – ішкі минерал ресурстарына аса бай ел. Осы себепті тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 21 – 22 млрд. долларға жуық инвестиция тартылды. Сонымен қатар көптеген жаңа технологиялар мен техника түрлері өндіріске және тұрмысқа енгізілді. 4) Халықаралық экономикалық ұйымдармен байланыс факторы. Айталық, Қазақстан – Халықар. валюта қорына мүше болып тіркелген 167-мемлекет, Халықаралық қайта құру және даму банкінің 163-мүшесі. Қазақстан басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. 5) Халықаралық саяси-экономикалық ұйымдармен ынтымақтасу. Қазақстан Еуразия экономикалық қауымдастығын, Орт. Азия одағын, Шанхай ынтымақтастық ұйымын құрып, дамытуға қажырлы ынта-жігермен зор үлес қосты. 6) Экономикалық кеңістікті қалыптастырып, тереңдете дамыту. Мыс., 2003 ж. Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина басшыларының қол қоюымен (Ялтада) Біртұтас экон. кеңістік құру туралы шешім қабылданды. Оның мақсаты – елдер арасында орын алып отырған қарама-қайшылықтарды жойып, ұлттық экономикалардың одан әрі дамуын ынталандыру. 7) Мемлекетаралық шарттар мен келісімдерді бұлжытпай орындау. Атап айтқанда, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау және республика ішіндегі реформалардың жүзеге асырылуына қолайлы жағдай туғызу мақсатымен ҚР Үкіметі мемлекеттер арасындағы шарттар мен келісімдердің бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

84.Идеология мен мифтің халықаралық саясаттағы рөлі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]