
- •19.Халықаралық қатынастардағы әдіс мәселесі.
- •49. Еуропа елдеріндегі жаңа халықаралық қатынастар.
- •55.Халықаралық қатынастардағы әскери күштің рөлі.
- •72.Ххi ғасырдағы әлемдік қауымдастықтың экономикалық дамуы. Текетірестік: Оңтүстік-Солтүстік, Батыс – Шығыс.
- •77. Ххi ғасырдағы халықаралық қатынастардың дамуын болжамдау.
- •82.Әлемдік тұрақсыздық және оның салдары.
- •84.Идеология мен мифтің халықаралық саясаттағы рөлі.
72.Ххi ғасырдағы әлемдік қауымдастықтың экономикалық дамуы. Текетірестік: Оңтүстік-Солтүстік, Батыс – Шығыс.
73. Халықаралық қатынастарда моральдік нормалар мүмкіндігі. Халықаралық қатынастарда моралдік нормалардың орын алуы қаншалықты мүмкін екендігі жайында көптеген теориялар мен ойлар бар. Себебі мораль мен саясат кезінде шешуі қиын дилемма орын алады: халықаралық актор өзі тиесілі ерекше қауымдастықтың (ҮЕҰ, МЕҰ, өнеркәсіп, мемлекет, әлеуметтік топ) мүддесін жақтау керек пе, әлде олардың мүддесін актордың моральды жауапкершілігі бар одан да жоғары қауымдастық (этникалық, аймақтық, жалпыдемократиялық) үшін құрбан ету керек пе? Н. Макиавеллидің тұрақты дамушы қоғамда моральдық және адамгершілікке мүмкіндік бар, алайда белгілі қоғамның жалпы мүдделерін қорғау үшін мемлекет қайраткері өтірік пен алдауға баруы керек дегенін жоққа шығару мүмкін бе? халықаралық қатынаста моральдық таңдау жасау аясы шектеулі: біріншіден, мемлекеттік эгоизм борышының болуы; екіншіден, моральды жанжалдар аясының шексіздігі; үшіншіден, мемлекет үшін үнемі қарулы қақтығыстың туындау мүмкіндігі, қауіпсіздік пен өмір сүру мораль мен әділеттілік түсініктерін ығыстырып тастайды. Американдық ғалым Арнольд Уолферс адамзат этикалық нормаларды түбегейлі сақтауды қажет етпейді, жағдайға байланысты ең тиімдісін таңдау керек дейді. Яғни, құндылықтарды аз бұзатын жолды таңдау. Халықаралық қатынаста моральдық нормаларды қолданудың мысалы ретінде 1916ж В. Вильсонның бейбіт жоспарын айтуға болады. Ол бойынша «ортақ мақсат туралы біріккен келісім» арқылы «құқық кез-келген өзімшіл агрессиядан жоғары тұрып», «адамзаттық жүрегі мен ары нені қаласа, соны түсінуге» негізделу керек. Осылайша халықаралық құқықты сақтау үшін күшті қолдану қажет емес, тек бейбіт қоғамдық ой мен Ұлттар Лигасы тарапынан айыптау жеткілікті деп танылады. Алайда тарихта көрсетілгендей бұл келісім жүзеге аспады. Осылайша саяси идеализм реализмге төтеп бере алмады. Орнына келген саяси реализм моральды жоққа шығармайды. Г. Моргентау жасаған саяси реализмнің 6 принципініңм 3-і мораль мен мемлекеттің сыртқы саясатына қатысты. Әмбебап мораль нормалары мен мемлекеттік құндылықтар арасында бітіспес қарама-қайшылықтардың бар екенін атап өтіп, Моргентау моральды нақты жағдайда уақыт пен орнына байланысты қарастыру қажет дейді. Саясаттағы ең жоғарғы моральдық рақымшылық – ұстамдылық пен сақтықтық. Мемлекеттің моральдық принциптерін әмбебап моральды құндылықтармен қатар қарастыруға болмайды. Ұлттық мүддені түсіне білу керек. Оларды білсек, басқа мемлекеттің мүддесін сыйлай отырып, өз мүддемізді қорғай аламыз. Бастысы – моральды борыш пен саяси қызметтін сәтті болуы арасында шиеленістін болуы мүмкін екенін ұмытпау.
74. Әлемнің жаһандық мәселесін шешудегі халықаралық ұйымдардың орны. Әлемнің жаһандық мәселелерін шешуде халықаралық ұйымдар маңызды орынға ие. Біріші кезекте ол БҰҰ жүйесіне қатысты. Бейбітшілікті сақтау, халықаралық қауіпсіздікті реттеу мен қарусыздандыру БҰҰ басты міндеті болып, жаһандық мәселелерді шешуге қажетті халықаралық климатты сақтауға негізгі алғышарт болып табылады. БҰҰ қызметінде қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен азық-түлік жағдайын реттеу, т.б. маңызды орынды алып отыр.
Халықаралық ұйымдардың назарында қоршаған отаны қорғау болып тұр. Бұл салада үлкен жұмыстарды атқанған - ЮНЕП. Ол БҰҰ 1972 ж құрылған өмір сүру ортасын сақтаумен айналысатын арнайы ұйымы.
БҰҰ Ғылым мен техника комитетінің аясында қызмет ететін Экономикалық және әлеуметтік кеңесғылым мен техника жетістіктерін қолданудың әлемдік жоспарын дайындаймен, сондай-ақ ортақ ғылыми-техникалық саясатты құрумен айналысады.
Дамушы елдердегі әлеуметтік дамуды жүзеге асыруды БҰҰ жаңа Халықаралық экономикалық тәртіптің қалыптасуымен байланыстырады. Оны қабылдау туралы Декларация мен бағдарлама 1974ж БҰҰда қабылданды. Оның басты мақсаты дамушы елдердің әлемдік өндірісте үлесін 70ж ортасында болған 7% 2010ж 50% арттыру.
Халықаралық ұйымдардың келесі басты мәселесі- энергетикалық мәселелер. Олардың ішінде БҰҰ-ң атомды энергетика туралы халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) және т.б. бар. Олар энергетиканы дамытудың күнделікті мәселесімен ғана емес, оның жаһандық даму мәселесімен де айналысады. Олар дайындайтын болжамдар энергетиканың болашағын бағдарлап, оған қатысты қабылданған шешімдердің ықпалын біле алады.
Жаһандық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың тиімділігі ақыр соңында қазіргі кезеңнің басты проблемасы – соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешуден байқалады. Қарулану жарысы көптеген жаһандыө мәселелерді шешуге арналған ресурстардың жұмсалуына әкеледі.
Қарусыздану, аймақтық жанжалдар, соғыс пен бейбітшіліктін басқа да аспектілері үнемі БҰҰ БА қарастырылады.
75. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтарын талдаңыз? 1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды. Олардың арасында мынадай елдер болды: Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Пәкстан, Швейцария, Канада. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түрік Республикасы таныды.
Осының бәрі республикаға, оның азаматтарына және ел басшысының жүргізіп отырған салмақты да сындарлы саясатына, биік халықаралық беделіне көрсетілген құрмет еді. 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан мемлекеттілігін құрудың қиын жолына түсті. Қысқа мерзім ішінде сыртқы саяси басымдықтар айқындалды. Республиканың сыртқы саясатының негізгі ұстанымына жақсы көршілік қатынас пен өзге мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, тең құқылық, туындаған мәселелердің бәрін бейбіт жолмен шешуге ұмтылыс принциптері алынды. Елге инвестиция тарту үшін Қазақстан ірі компаниялармен келіссөздер жүргізе бастады. Теңіз мұнай алабын шетел фирмаларымен бірлесіп барлау басталды, жаңа мұнай кеніштерін игеруге «Бритиш петролеум», «Бритиш Газ», «Эльф-Акитен», «Аджип» т. б. ірі компаниялар тартылды.
Аймақтық достастықтың жаңа түрлерін қарастыру тәуелсіз мемлекеттер басшыларын интеграцияның жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың басында Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру идеясын ұсынды. Сол жылы маусымда «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба баспасөзде жарияланды. Бұл жаңа құрылым құжаттарда тең құқықты тәуелсіз мемлекеттер одағы ретінде анықталды. Оның қызметі әрбір қатысушы елдердін, ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталатыны айқындалды. Одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестерін ойдағыдай қамтамасыз ету деп жарияланды. Одақты ұйымдастыру барысында мұндай бірлестіктердің демократиялық принциптері қарастырылды.
Қазақстан сыртқы саяси-экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастарда әлі де болса Ресейге бұрынғыдай айрықша орын берді. Республика тәуелсіздігінің аз ғана кезеңінде Ресеймен ынтымақтастыктың барысында үлкен істер басталды, екі жақтың экономикалық қарым-қатынастарын реттейтін, ғарыш кеңістігін игерудегі ынтымақтастық, жаңа типтегі армия құру сияқты бірнеше келісімшарттарға қол қойылды. Азаматтық мәселесіне ерекше мән берілді.
Екі жақты қатынастар деңгейінде Украинамен, Белоруссиямен, Кавказ елдерімен, сондай-ақ Балтық жағалауы мемлекеттерімен ынтымақтастық жандандырыла түсті. Қазақстанның байланыстары әсіресе Орта Азия аймағындағы жақын көршілер - Өзбекстан, Қырғызстанмен, ал экономикалық блок шеңберінде - Түркіменстан, Тәжікстанмен қарқынды түрде дамыды.
Қазақстан дипломатиясы Азия бағытында елеулі табыстарға жетті, бұл аймақта экономикалық жағынан жақсы дамыған Қытай, Үндістан, Вьетнам, АСЕАН-ға кіретін елдер бар. Бұл жағдайда Қазақстанға планетаның осы үлкен кеңістігіндегі экономикалық даму динамикасынан қалып қоймау зор маңызға ие болды. Қазақстанның азиялық Тынық мұхит процесіндегі интеграцияға араласуы оның Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы қызметіне қатысуына маңызды жағдай туғызды. 1995 жылы Индонезия, Пәкстан, Түркия басшыларымен жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Қазақстанның Түркиямен байланысы кең көлемде дамыды. Мысалы, Қазақстан аумағында жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Алматыда қысқа мерзім ішінде «Анкара» қонақ үйі тұрғызылды. Қазақстан делегациясы Түркияда өткізілетін конференциялар мен кездесулердің тұрақты қатысушыларына айналды. Жүздеген жігіттер мен кыздар Стамбұл жәнө Анкара университеттерінде оқыды. Қазақстан телеарнасынан түрік тіліндегі хабарлар тұрақты түрде жүргізіле бастады.
Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен де өз байланыстарын жемісті дамытып келеді. 1993 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақстан Республикасы Президенті мен Германия және Франция басшылары арасындағы келіссөздер Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағытты жандандырды. Мәселен, Герхард Шредер Астанаға келген сапарында: «Қазақстан Орта Азиядағы маңызды ел және Германияның басты әкономикалық әріптесі» деп атап көрсетті. 2003 жылға қарай республикада неміс банкі және ірі компанияларының 145 өкілдігі мен бөлімшелері жұмыс жасады, ал тіркелген Қазақстан-герман біріккен кәсіпорындарының саны 266-ға жетті. Танымал неміс компаниясы «Сименс» пен «Қазақтелеком» арасында байланыс және халықаралық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолымен» құрал-жабдық тасымалдау, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының бірнеше министрліктері арасында қазақстандық менеджерлердің біліктілігін көтеру және негізгі экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
Республика Президентінің Германия үкіметінің басшысы Гельмут Кольмен, Франция президенті Жак Ширакпен жүргізген келіссөздері Қазақстанның Еуропа бағдарындағы сыртқы саяси бағытын жандандыруға елеулі үлес қосты.
1995 жылы тамызда Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқасында республика Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев атап еткеніндей, «Шығыс Еуропа елдеріндегі Қазақстан сыртқы саясатының қамалы рөлін Венгриядағы елшілік атқарды». Қазақстан Республикасы Президентінің Венгрияға сапары барысында екі ел арасындағы саяси және экономикалық тығыз ынтымақтастыққа берік негіз қаланған көптеген келісімдерге қол қойылды. Қазақстан Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен екіжақты тиімді қарым-қатынастар орнатты.
Қазақстан Республикасы үшін АҚШ-пен ынтымақтастық аса маңызды, олардан республика экономикасына көптеген инвестициялар алынды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында да үлкен қолдау көрсетті. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан студенттері АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасы мәртебелі халықаралық ұйымдар мен қауымдастық мүшесі. Қазақстан 1992 жылдан бастап беделді халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ) байланыстарын нығайтты. Мәселен, ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуі арқасында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы тойланды. Орталық Азиядағы осы ұйымның бір ғана өкілдігі Алматыда ашылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.
Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.
Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды. "
Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдыңқ а з а н ы н д а Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы Конституцияда және жалпыхалықтық референдум арқылы кабылданған 1995 жылғы Конституцияда дамытылған және нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тату көршілік, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел мәртебесі, екіжақты және көпжақты келісім негізінде, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді. Осы экономикалық және саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды консолидациялау Қазақстан Республикасын халықаралық аренаға іргелі жалпы адами құндылықтарды (нарық жүйесі және баламалы айырбас, тату көршілік және күш қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық келісімдер нормаларының басымдығы және т.б.) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып шықты.
Төртіншіден, әлемдік қауымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси түрақтылығы ерекше мәнге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстанды әлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мәселелерді жүзеге асыруда берік болатын елдегі әлеуметтік жағдайды болжауға болады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде сыртқы саяси қызметтің нақты принциптері негізінде қызмет етуі және мүдделерін халықаралық аренада бейнелейтін жеке сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалауы керек.Әрине, осы сыртқы саяси принциптер, құндылықтар мен басымдықтар өлемдік қауымдастық үшін деструктивті болмауы шарт. Олар халықаралық қатынастар принциптеріне және халықаралық құқық нормаларына қайшы келмеуі қажет. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі легитимделуінде, оның негізгі сыртқы саяси принциптерін, құндылықтары мен басымдықтарын жобалау мен дамытуда елдің алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көрнекті рөл атқарғандығын ескере кеткеніміз жөн.
Қазақстан Республикасы қазіргі әлемнің ірі мемлекеттерінің мүдделері астасып жатқан күрделі геосаяси кеңістікте орналасқан. Бұл жағдай "мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға" (Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы) болып табылатын ел Президентінен саяси ерік пен бастаманы, ойластырылған және салмақты әрекетті, превентивті шешімдер мен шараларды қабылдау қабілеттілігін талап етеді. Осы түрғыда ҚР президенті Н.Э.Назарбаев тарапынан ұсынылған еуразиялық идеясы ерекше мәнге ие. Бұл идея ТМД мемлекеттерінің интегративтік мүмкіндіктерін, яғни ТМД шеңберіндегі интеграңияны, сондай-ақ экономикалық және сыртқы саяси мүдделері еуразиялыққа жақын басқа елдердің қатыстырылуын қамтиды. Қазіргі еуразиялық идея өркениет дамуының түйінді желілерінде мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастығы үшін аса кең геосаяси кеңістікті құруды көздейді. Еуропа мен Азияны жалғастыратын тарих және дәстүрлі көпір ретінде Қазақстан еуропа елдерімен де, азия елдерімен де өзінің экономикалық байланыстарын кеңейтуге кең мүмкіндіктерін алады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеясы біздің болмысымыздың геосаяси, экономикалық, тарихи, өлеуметтік-мәдени, этникалық шындығы болып табылады. Осы негізде ҚР үкіметі Президенттің басшылығымен екіжақты және көпжақты келісімдерді, қазақстандық шекараның е бойында тыныштық пен қақтығыстарды болдырмауды қамтамасыз ететін өзімен көршілес барлық елдермен келісімшарттар жасауды қалыптастыру бойынша белсенді саяси қызметтер атқаруда. Қазақстан еуропа елдерінің барлығымен дерлік дипломатиялық қатынастарды жолға қоя отырып ОБСЕ, НАТО тәрізді еуропалық мемлекетаралық ұйымдармен де байланыс орнатты. Қазақстанның НАТО-мен біріккен жаттығулар өткізу үшін әскери бөлімдерді дайындау бойынша жеке ынтымақтастық бағдарламасы бар. Бұл қазақстандық әскери контингенттің БҰҰ бітімгершілік акцияларына қатыстырылуына мүмкіндік береді. Қазақстан үшін сыртқы саяси басымдықтардың арасынан Ресеймен мемлекетаралық байланыс ерекше мәнге ие.Ресей империясының қол астында, одан кейінгі көпұлтты мемлекеттік құрылым КСРО-ның құрамында болған Қазақстан тарихи және дәстүрлі түрғыда аграрлық-шикізат көзі болды, сондықтан Орталыққа, метрополия ретіндегі Ресейге экономикалық тәуелді еді.
Осы жағдай Қазақстанның шаруашылық инфрақұрылымының Ресейге толықтай тәуелділігінің қалыптасуына алып келді және оның салдары экономикалық түрғыда оны Ресейге, оның ішкі проблемаларына қатыстырады. Ресейдегі экономикалық тоқырау мен қиындықтар соған сәйкес бізде де көрініс тауып отырады. Ресейдегі экономикалық жандану біздің экономикамызды да қоректендіреді. Осы жағдайлардын барлығы мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің шынайы негізі — көпвекторлы сыртқы саясаттың қалыптасу қажеттілігін тудырады. Бірақ біздің сыртқы саясатымыздың ресейлік векторы көп позиция жағынан басымдыққа ие. Осы ахуал Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әрдайым назарында және ол келісімдер, шарттар, мақсаттар тәрізді дипломатиялық акцияларда көрінеді. Көптеген халықаралық проблемалар бойынша Қазақстан мен Ресей біртүтас немесе жақын позиңияларда болады.
Қазақстанның сыртқы саясатында өздерінің тарихи тағдыры, этномәдени құндылықтары бойынша туыс халықтар өмір сүретін Орталық Азия аймағы ерекше орын алады. Бұлар түркі тілдес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар Тәжікстан мемлекеттері. Халықтар арасында қалыптасқан осы тарихи байланыстар, тарихтын, мәдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі дәрежеде осы мемлекеттерді жақындата түседі. Бұл халықаралық аренада біртұтас, келісілген позиция түрғысынан көрінуге мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы саясатының ерекше аспектісі Кытай екендігі сөзсіз. ҚХР-мен достық, тату көршілік қатынасты жолға қою — Қазақстан басшылығының сыртқы саясатының аса маңызды проблемасы. Осы саладағы біздің міндеттеріміз — Қытаймен арадағы шекараны делимитациялау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-экономикалық шарттарға отыру, мәдени айырбасты дамыту. Қытай —бұл жақын көршілікте түрған, тез дамып келе жатқан аса ірі этно-демографиялық массив, ядролық держава, супердержава ретінде XXI ғасырда халықаралық қатынастарда басты рөлдерді атқарады. Қазақстан Республикасының басшылығы жүргізіп отырған сыртқы саясатта қазіргі әлемнің басты мемлекеттері де назардан тыс қалмайды. АІСДІ, Германия, Англия, Франция және басқа еуропалық мемлекеттер ең алдымен, мүмкін болатын инвесторлар мен сауда серіктері ретінде қызықтырады, осындай қызығушылық Азияның алдыңғы қатарлы елдері Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Пөкістан, Түркия, Иранға да артуда. Қазақстан осы елдердің барлығымен дерлік үздіксіз дамып отырған сыртқы саяси байланыстарды, дипломатиялық қатынастарды жолға қойды.
Қазақстан Республикасының басшылығы Ауғанстан, Таяу ШЫІҒЫС, Балқан елдері тәрізді "дағдарысты аймақтарға" да назар аударады. Қазақстанның бұл жерлерде жеке геосаяси мүдделері жоқ болса да, біз осы "дағдарыстық аймақтардың" әлемге тудырып отырған қауіптілігін сезінеміз. Сыртқы саясатты жүзеге асыруда ҚР Президешінің басшылығымен құрамына сыртқы істер министрлігін, елшіліктер мен консулдықтарды қамтитын атқарушы орган — дипломатиялық қызмет жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының басшылығы қысқа мерзімнің ішінде табысты жұмыс істеп жатқан Дипломатиялық қызметті кұра алды. Бұл Қазақстан Республикасының билік құрушы элитасы меңгерген кәсіптік қызметгің жаңа түрі. Осы құрылымда жүмыс істеу кәсіби білікгілік пен білімді талап етеді және бұл міндетті Қазақстан элитасы табысты түрде атқарып отыр деп толық сеніммен айтуға болады
76. Күш балансы заңын сипаттаңыз және оның халықаралық қатынастардың реттеуші рөлі ретінде. Күш балансы заңы – әлемдік ықпалдың күштердің жеке орталықтары – полюстер арасында бөлу дегенді білдіреді. Ол әртүрлі конфигурация түрінде болуы мүмкін: биполярлы, көпполярлы, үшполюсті, мультуполярлы және т.б. Каплан мультиполярды әлемнің негізгі ережелері ретінде келесілерді көрсетеді: соғыс арқылы емес, өз мүмкіндігінді келіссөз арқылы кеңейту; өз мүмкіндігінді кеңейтуге қабілетсіз болған жағдайда ғана соғысқан жақсы; ұлы державаны жойғанша соғысты тоқтатқан артық; үстемдікке ұмтылған кез келген коалиция мен оақтарға қарсы күресу; мемлекеттердің қандай да күшке бағыну идеясына қарсы тұру; барлық ұлы державаларға тиімді әріптес ретінде қарау. Ал биполярлы жүйеде: өзгелермн салыстырғанда өз мүмкіндігінді арттыру керек; қарама-қарсы жаққа үстемдік етуге рұқсат берген жақпен күресу; басқалардың мақсаттарын өз мақсатына бағындыруға тырысу; өз ықпал ету аясын кеңейту. Күш балансының басты мақсаты – халықаралық жүйеде бір немесе мемлекеттер тобының доминанттылыққа ие болуының алдын алу. Күш балансы саяси реолизм мен неореализм теориясында басты түсінік болып табылады. Олар оны халықаралық жүйені тұрақтандырудың басты тәсілі мен халықаралық тәртіп пен қауіпсіздіктің негізі деп таниды. Халықаралық қатынастардың теоретигі М. Каплан саяси реализм негізінде 6 жүйеден құралатын халықаралық жүйенің типологиясын жасады. Олардың біреуі көпполярлықты сипаттайтын «күш балансы жүйесі» деп аталады.
Күш балансы дипломатияда шешуші роль ойнайды. Мысалы Британия империясы Еуропада «тепе-теңдік» саясатын жүргізіп, не өзінің мүдделерімен, не әділдікпен санаспады.
Халықаралық қатынастағы оның реттеуші ролін Маргентау ұсынған хадықаралық жүйенің 6 типімен сипаттауға болады:
Саясат объективті заңдармен басқарылады;
Күш түсінігінде ұлттық мүдде болады;
Ұлттық мүдде объективті түсінік болып табылады;
Саяси объектіде адамгершілікті ескеру қажет;
Ешқандай мемлекет монополиялы құқыққа ие емес;
Адамның табиғаты экономикалық саяси ұсыныстарды ұсынады.