Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЭЦ-Сони.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать
  1. Электр тогы, потенциал, кернеу, эқк, қуат.

Электр тоғыдеп, заряталған бөлшектердің бір бағыттағы реттелген қозғалысын айтады. Зарядталған бөлшектерге электрондар (металдарда) және иондар (газ және сұйықтықтарда)жатады. Кернеу– скалярлық шама, жалпы алғанда ол уақытқа тәуелді функция.

u = u(t). Кернеу, электр өрісі күштерінің сыртқы тізбек бойындағы зарядтарды қозғауға жұмсалған жұмысқа тең болады. Кернеудің өлшем бірлігіВольт, [B] U =

Немесе, кернеуді сыртқы тізбектің екі нүктесінің арасындағы потенциалдар айырмасы ретінде қарастыруға болады:

=

Электр Қозғаушы Күш – электр тізбегіне жалғанған, табиғаты электрстатикалық емес энергия көзі. Тек қана электрстатик. күштер тұйық тізбекпен тұрақты токтың үздіксіз жүруін қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл күштердің тұйық контур бойымен зарядты қозғалтуы үшін жұмсайтын жұмысы нөлге тең, ал ток жүрген кезде әдетте энергия шығыны болады. Сондықтан тұйық контурмен үздіксіз ток жүруі үшін электр тізбегінен тыс басқа бір энергия көзі болу керек. Бұл энергия көзі энергияны сырттан ала отырып, оны зарядтардың қозғалыс энергиясына айналдырады да, қосымша электр өрісін (Е) тудырады. Мұндай қосымша электр өрісі күшінің тұйық контур бойымен істейтін жұмысы нөлге тең болмайды: . Е' шамасы Э. қ. к. деп аталады және оның шамасы бірлік зарядты қозғалтуға кететін электрстатик. емес күштердің жұмысына тең. Потенциал сияқты Э. қ. к-тің де өлшеу бірлігі – вольт (в). Электролиттердегі иондардың диффузиясы, контур арқылы өткен магнит ағынының өзгеруі (эл.-магн. индукция), т.б. Э. қ. к-ін тудырады.

[В]

Қуат - уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама. 1. Сәулеленетін энергияның мөлшері немесе уақыт бірлігінде орындалатын кез келген жұмыс, өлшем бірлігі ватт. 2. Жүйенің өнім шығаруға, яғни оның уақыт бірлігіі ще белгілі бір жұмыс көлемін орындау қабілеттілігін анықтайтын сипаттама. Қуаттың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі – Ватт (Вт). Вт=Дж/с. Қуаттың еселі өлшемдері:1 кВт=103Вт, 1МВт=106Вт техникада кеңінен қолданылады; сонымен қатар Қуат бірлігі ретінде ат күші (а. к.) де қолданылады, 1 а.к.=735,5Вт.

Электр қуаты формуласы:P=IU [Вт]

2. Электр тізбектердің классификациясы.

Электр тізбегі – электр тогын өткізетін құрылғылардың жиынтығы.Электр тізбектер жүйесінде элементтерді активті және пассивті деп бөледі. Активті элементтерге жататындар: электр энергиясының көздері, кернеу көздері және ток көздері. Электр тізбегінің пассивті элементтеріне кедергі, индуктивтік және сыйымдылыќ жатады. Соған сәйкес активті және пассивті тізбектер болады.

Сонымен қатар электр тізбектері сызықты және бейсызық болып бөлінеді. НЭ-бейсызық; ЛЭ-сызықты;

Егер электр тізбегі тек сызықты элементтерден тұрса онда бұндай тізбекті сызықты деп атаймыз. Бұндай тізбектің вольтамперлік сипаттамасы түзу сызық болады. Егер электр тізбегінде сызықты элемент болса бұндай тізбекті бейсызық деп атаймыз және ондай тізбеітң вольтамперлық сипаттамасы қисық сызық болады.Резистор, конденсатор, индуктивті катушка, трансформаторлардани және электр көзінен тұратын электр тізбектерін өзара келісті ал электр лампаларынан, транзистордан, операциялық күшейткіштен тұратын электр тізбегін өзара келісті емес деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]