Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NAZYM (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
737.79 Кб
Скачать

92. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.

.Қазақстан экономикалық реформаларды және сыртқы саяси басымдықтарды жүзеге асыру мәселелерінде Орталық Азиядағы көшбасшы ел.Бүгінгі күні елімізде 75 елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді.Тек биылғы жылдың өзінде Астанада шетелдердің 12 елшілігі ашылды.Олардың бесеуі жаңадан ашылса,жетеуі Алматыдан көшіп келген.Осындай басымдықтардың бірі Ресей Федерациясымен одақтастық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады.ҚХР-мен стратегиялық байланыстар тереңдей түсуде.Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты арттыру қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып қала бермек.АҚШ-пен стретегиялық әріптестік кеңейтілмек.Еуропа елдерімен және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Президенті ағымдағы жылы «Еуропаға жол»мемлекеттік бағдарламасын бекітті.Н.Назарбаев ислам әлемінің ажырамас бөлігі болыптабылатын Қазақстан Шығыстың араб және мұсылман мемлекеттерімен ынтымақтастыққа үлкен маңыз беретінің атап өтті.Жапония,Үндістан,Бразилия,Түркия,Корея Республикасы,Оңтүстік-Шығыс Азия,Латын Америкасы мен Африканың жетекші мемлекеттерімен әріптестікті дамыту Қазақстанның басты назарында болмақ.»Қазақстан Республикасыкөпжақты ынтымақтастық пен мемлекеттердің жаһандық проблемаларды шешуге ұжымдық жауапкершілігі принципін нығайтуды көздейтін белсенді және теңдестірілген сыртқы саясатты ұстанады»,-дейді мемлекет басшысы.Бүгінде еліміздің АӨСШК-ке,Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа төрағалық етуі,сондай-ақ ШЫҰ аясындағы белсенді қызметі Қазақстанның өңірдегі ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлесі болып табылады.Қазақстан ықпалдастық үдерістерді алға жылжыту мен ЕурАзЭҚ аясында Кедендік Одақ құруды жалғастыра береді.ТМД қызметі бұрынғыша өзекті болып отыр.Қазақстан 2011 ж.Ислам Ұйымы конференциясы министрлер конференциясына төрағалық етуді осы ұйымның жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігі ретінде ғана емес,сондай-ақ Шығыс пен Батысың әртүрлі өркениеттерді мен діндері арасындағы ашық үнқатысуды кеңейту мен тереңдетудің бірегей мүмкіншілігі ретінде қарастырады.

93. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз

1996 жылы 4 қарашадан ҚР Президенті қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін айқындайтын «ҚР-ның тіл саясаты тұжырымдамасын» бекітті. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіледр туралы» Заң қабылданды. Аталған заңның І тарауының 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» болып бекітіліп, орыс және басқа да ұлт тілдәрі туралы І тараудың 5, ІІ тараудың 8-15, ІІІ тараудың 16-18 баптарында айтылды. Осы заңды жүзеге асыру мақсатында 1998 жылды 14 тамызында қабылданған «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» Үкіметтің №769 қаулысында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы айтылды. Мемлекеттік тілді дамыту және іс шараларды ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бірнеше ресми органдар құрылды. Мәселен, 1998 жылы ҚР Үкіметі жанынан мемлекеттік терминологиялық комиссия, ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 9 қазанындағы №1545 Қаулысымен «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны ашылды. Қазақстандық зиялы қауым өкілдері де мемлекеттік тіл мәселесін дамытуға белсене араласты. Тіл тағдырының күрделі мәселеге айналуының бірнеше себептері бар. Оның басты себебі кеңес үкіметінің солақай саясаты. Басқаша айтқанда, коммунистік партияның «кеңес халқын» қалыптастыру желеуімен орыс тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ қоғамында қазақ тілді және орыс тілді қазақтар деген екі түсінік қалыптасты. Бүгінгі ҚР да Елбасының тікелей араласуымен мемлекеттік тілді жан жақты дамыту және мемлекеттік тіл бүкіл қазақстандықтардың айналуы үшін қыруар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мемлекеттік тілді дамытуға мемлекет тарапынан 2005 жылы 133 миллион, ал 2006 жылы 560 миллион, 2007 жылы 3 миллиардтан астам, 2008 жылы 5 миллиардтан аса теңге бөлінді. Елімізде мемлекеттік тілді тиімді оқытуды арттыру мақстаында 16 аймақтық, 15 қалалық, аудандық қазақ тіліне оқыту орталықтар жұмыс істеді. Қазақ тілінің мемелекеттік мәртебесінің дамып, қалыптасуында Елбасының еңбегі орасан зор.

94. «Қазақстан – 2030» бағдарламасын жүзеге асу процесін көрсетіңіз

Президент Н.Ә.Назарбаев "Қаз.-2030" жолдуын жариялады. онда қаралған мәселелер:

1.Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.

2.Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.

3."Қаз. барысын" қалыптасты.

Жолдауда болашаққа болжам, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республикалық дамудың ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімді дамудағы 7 басымдылық көрсетілген:

1.Ұлттық қауіпсіздік

2.Ішкі саяси тұрақтылық

3.Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу

4. Қаз. азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру

5.Энергетикалық ресурстар

6.Инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту

7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағытта жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудуң идеялары айқын тұжырымдалған, жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]