
- •2.Қазақстан жеріндегі тас дәуірі.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •4. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •12) Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •13..Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті
- •17..Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни
- •25. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •26. Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының рөлі
- •27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •31«Қазақ» этнонимінің зерттелуі
- •32 Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты
- •33. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •34. Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •35.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы
- •38 Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз
- •41.. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері
- •45. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •47.. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •48. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •52 Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу себептерін түсіндіріп және оның салдарын көрсетіңіз
- •53. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз
- •54. 1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз
- •55. 1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз..
- •57. «Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •58 Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •60. 1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •61.1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз
- •64. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •65. А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •67. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •80. Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •83. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •86. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •87. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары
- •89. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •90. Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •92. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •93. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз
- •95."Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдаарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы
- •99. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •100. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы
- •101. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •102. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
90. Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
Қазақстан Халықтары Ассамблеясы Қ.Р-сы Президентінің 1995ж жарлығына сәйкес мемлекет басшысы жанындағы кеңесу органы ретінде құрылды. Ассамблеяның мақсаты мен міндеттері, жұмыс құрылымы мен ұйымдастырылуы қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан Халықтары Ассамблеясы Стратегияларында белгіленген. Ассамблея құрамы мемлекеттік органдар, мәдени және басқа да қоғамдық өкілдері, қоғамдағы беделі мен белсенділігі ескерілген адамдардан құралады. Ассамблеяның жұмысшы органы Қ.Р. Президенті әкімшілігі құрам ына кіретін Секретариат болып табылады. Өз қызметі барысында Қаз. қоғамын одан әрі экономикалық және саяси құруға байланысты қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін талқылауда атсалысады. Ұлтаралық мәселелерді тиімді шешудегі ел ретіндегі Қ.Р-ның халықаралық беделінің өсе түсуіне ықпал жасайды. Ассамблеяның нақты әрекеттері Қаз-да тұратын барлық этностардың мәдениеті мен тілдерін дамыту үшін жағдай жасайға бағытталған. Олардың қатарында Қаз. халықтарының фестивальдері, ана тілін білуге арналған конкурстары, тіл саясаты бойынша семинарлар мен конференциялар бар.
91. Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.