
- •2.Қазақстан жеріндегі тас дәуірі.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •4. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •12) Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •13..Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті
- •17..Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни
- •25. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •26. Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының рөлі
- •27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •31«Қазақ» этнонимінің зерттелуі
- •32 Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты
- •33. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •34. Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •35.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы
- •38 Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз
- •41.. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері
- •45. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •47.. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •48. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •52 Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу себептерін түсіндіріп және оның салдарын көрсетіңіз
- •53. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз
- •54. 1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз
- •55. 1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз..
- •57. «Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •58 Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •60. 1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •61.1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз
- •64. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •65. А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •67. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •80. Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •83. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •86. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •87. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары
- •89. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •90. Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •92. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •93. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз
- •95."Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдаарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы
- •99. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •100. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы
- •101. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •102. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
83. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең болды. Төртінші бесжылдық жылдары Қазақстанда астықтың орташа жылдық шығымы 1913 жылғы көрсеткішке тең болды. Ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы қиыншылықтар : жұмыс қолының жетіспеуі, жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы, басқарудың әкімшілдік күштеуі, экономикалық заңдармен есептеспеу. 1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шаруашылығында қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Қаулының нәтижелері мынадай болды : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылуы. Әкімшілік басқару аппараты қысқартылды. Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді. Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды. МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық аруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жоспарын артық орындағаны үшін қосымша ақы төленді . Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан , ауыл шар\ғы халықтың азық түлікке деген телабын қанағаттандыра алмады. Ауыл шар\ның артта қалу себептері: Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі, жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу. Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп, олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады. Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И брежнев отырды. 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы қабылдады. Осының нәтижесінде Қазақстанда көптеген жерлер игеріліп, ол жерден астық өнімдері өндіріле бастады. 1960ж аяғына қарай астық өндіру көлемі алдынғы жылдармен салыстырғанда 3,8 есеге артты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруден Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды.. Тың игерудің пайдасымен қатар Қазақстанға тигізген зияныда көп болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келген адамдар саны тым көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде орыс мектептері ашылып, қазақ балаларына мәңгурттену қаупі туды. Жер-су аттары орыс тіліне көшіріліп, орыстандыру саясаты ашық түрде жүргізіле бастады.
84. 1965 – 1985 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайынталдап көрсетіңіз. 1964 ж қазанда жузеге асырылған партиялық аппарат төңкерісі Хрущевтік кезеңінде қарқын алған кереғар ізденістер мен пікірталасқа,ұстатпас уміт пен қайырсыз қиял атаулыға нүкте қойды. «Хрущевтік субъективті-волюнтаристік саясатын» мансұқ етіп,Л.И.Брежнев бастаған партиялық-мемлекттік иерархиялық сатылы лауазымының жаңа басшылары созылмалы кеселге ұшыраған әлеуметтік экономиканы сауықтыруға кірісті.КОКП ОК-тің наурыз және қыркуйек айларында өткен пленумдарында,партиялық құжаттарда көрсетілгендей «шаруашылық тетікті жетілдіру б\ша тарихи дерективалар» қабылданды.Осы дерективаларда «маркстік-лениндік экономика ғылымының» теориялық тұжырымдамалары көрініс тапты. Қаз\да индустрияландыру үрдістері 1965-1985 жж біршама екпінді журді.Еліміз КСРО дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды.Жалпы ішкі өнім көлемі б\ша республикамыз КСРО да үшінші орын алды.Cол аралықта импортта қарқындап өсті.Алайда бұл процестің кереғар жағы да болды.Мәселен орасан зор мөлшерде болат шығарған өнеркәсіптің өзі жоғары сапалы болатты қажетсінді.Демек егер өнімнің жалпы сұранысы сандық қатынастағы сұранысты қанағаттандырса,ал сапа жағынан өте артта қалды.Жоспардың баға көрсеткіштері де бұрмаландыАуыл шаруашылығына қаржы құюдың орасанүлкен көлемдері баламалы қайтарым бермеді.Жұмыс істеп тұрған ұйымдық шаруашылық құрылымдардың тетігі мультмилиондаған қаржы бөлуге қарамастан ұдайы тығырыққа тіреліп,жұмсалатын аса қомақты шығындарды қажетті нәтижеге бұруға дәрменсіздігін танытты.Осыдан келіп лажсыз жағдай туындады :құрылымдардың шұғыл алға ұмтылуы үшін кең ауқымды жеделдету процесін іске асыру қажет болды,ол ушін өз кезеңінде,басқалармен қатар орасан көп қаражаттар талап етілді,бірақ олар сол құрылымдарға тускен бойда,құрылымдардың өздері арқылы құрсауланып отырды.Сонымен,жылдан-жылға кеңейіп,қоғамның ғаламат қорын жұтып отырған,ауқымды да алуан түрлі шаралар кешені,арагідік экономикалық құрылымды «сілкіп қойғанымен»,оған алға жылжи түсудің жолын көрсете алмады.Бейнелеп айтқанда,ауқымды әлеуметтік эксперимент барысында құрылған құрылымдар өте күшті ырғақсыздыққа душар болды,ол инфаркт алдындағы қан қысымының жоғарылау кардиограммасын көрсетті.Нақ сол дағдарыс қоғамның жай-куйін белгіледі,жаңа утопиялық эксперименттерді дәйектеу және аяқтау үшін ресми насихат ойдан шығарған термин-тоқырау емес еді.
85. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.