Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NAZYM (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.02.2020
Размер:
737.79 Кб
Скачать

6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.

Үйсін/ (б.з.б. 3ғ – б.з. 4ғ)Үйсін қытайша «аспан елі» деген ұғым. Қытай-ң сипаттауы б/ша үйс/ «аққұбаша, сары шашты». Антропологиялық жағынан еуропоидтық. Б.з.б. II ғ-да үйсін-р Жетісуға қоныс аударды. б.з.б. 138ж Қытай императоры Уди-ң елшісі Чжань – Цянь үйсін ж/е қаңлы ел/н 13 ж-й аралап, дерек/ жинап қайтты. Сол дерек/ б/ша Қытай тарихшысы Сымя–Цянь кітап жазды. Ондағы дерек/: 1)Үйсін/ астанасы – Ыстықкөл бойындағы Қызылаңғар. 2)жоғары билеушісі – гуньмо 3)халқы-ң саны – 630 мың 4)түтін саны – 120 мың 5)әскер саны – 188 800 мың 6)Бай/ң жылқысы 5 мыңға дейін жетеді. Үйсін мем-ті Бат, Орт, Шығ болып 3-ке бөлінген. 3 бөлік-ң басшысын – «бек» д.а. Бекке тайпа көсем/і, әскербасы/ табынған. Үйс/ қытай-ң Хан империясымен елшілік, туысқандық қатынаста болған. Олар бірігіп Бат-ғы қаңлы/, Шығ-ғы ғұн/мен соғысқан. Әскер басшы/ы мен басқа да билік басындағы адам/ң алтыннан, мыстан жасалған мөр/і болды. Олардан кішірек басшы/да мөр/ тастан, күйдірілген саз балшықтан жасалды. Ауқатты адам/ң көбі жібек-н, жұқа жүн мата-н тігілген киім киді. Үйс/ Қытай/мен, Орта Азия-ң ғұн,қаңлы, ұйғыр тайпа/мен, Енисей қырғыз/мен қар-қат жасаған. Сыртқы қауіпсіздігін нығайту үшін ғұн/мен бірнеше рет одақ құрған. Үйсін/ мем-кет құру дәрежесіне жеткен.

Қаңлы/(б.з.б. II-II ғ. – б.з. V ғ) Оңт Қ-ды мекендеген иран тілдес тайпа. Сыма – Цянь кітабындағы дерек/де: «қаңлы/ саны-600 мың, түтін саны-120мың, жауынгер/ саны-120 мың». Қаңлы/ б.з.б. 46-36ж ғұн/мен одақтасып, қытай/мен соғысқан. Қаңлы/ Сол-гі көрші/і сармат/ мен алан/ды тәуелділікте ұстаған. Ұлы Жібек жолы бақылауында ұстап, Қытай, Рим, Кушан, мем/мен сауда ж/е егіншілік қатынаста болған. Қаңлы мем-ті 5 иелікке бөлінген. Иелікті кіші хан/ басқарған, олар жоғары бас ханға бағынған. Астанасы – Битянь. Салық жинау жүйесі қалыптасқан. Қарапайым халық қолында байлығы мен билігі бар адам/ға бағынышты болды.

7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.

Ғұндар - ежелгі замандағы еліміздің батыс өңіріндегі көшпенді ұлыстың бірі. Тарихи дәлелдеуіне қарағанда, осы ғұндардың бір бөлігі ежелгі замандағы қазақ ұлыстарымен тоғысып, қазақ халқын құрған қайнардың біріне айналған. Олар батысқа қоныс аударудан бұрын ежелгі қазақ тайпаларымен тығыз байланыста болған. «Кейінгі хан патшалығы тарихы, оңтүстік Һұн шежіресінде»: «қоныс аударған һұн тәңірқұты үйсін жеріне көшіп барды» дейді. Осы деректердің айтуынша, батысқа қарай босқан һұндер алдымен үйсін жеріне келген, одан соң қаңлы еліне ауып барған. Осы барыста һұндердің талай тайпасы үйсін елінде қалып қалған. Осы үйсін жерінде қалған һұн тайпалары оңтүстік, солтүстік патшалары дәуірінде (5-6 ғасырларда) дамып, 200 мыңдай жан саны бар Иобан мемлекетін құрған. Иобан мемлекеті жөнінде алғашқы дерек «Уи патшалығы тарихы» мен «Солтүстік патшалықтар тарихы , батыс өңір шежіресінде» кездеседі. Осы кітаптың «Иобан мемлекеті тарауында» былай дейді: «Иобан елі ... тегінде һұндердің солтүстік тәңірқұтының қоластындағы тайпалар еді. Хан патшалығының арбалы армия генералы Душан өкшелей қуған солтүстік һұн тәңірқұты Алтын таудан өтіп, қаңлы еліне барған. Олардың болдырып, көшке ілесе алмағандары Күшардың солтүстік жағындағы ұлан-байтақ өңірде қалып қалған. Олар кейін келе 200 мыңнан астам халқы бар ел болған.» Археологиялық қазбалардан табылған заттық мәдениеттің куәліктері ежелгі һұндер мен қазақтардың байланысы барлығын дерек берді.Маңғол ғалымы С. Доржы «Солтүстік һұндер» атты кітаптың I-тарауында «Солтүстік һұндердің молалары» туралы тоқталып, Ноян тауындағы һұн моласынан табылған жүннен істелген бұйымдарды ою-өрнек кестелерді баяндайды. Бұл моладан шыққан оюлар мен кестелерде әртүлі дөңгелек, үшкіл пішінді геометриялық ою-өрнектер бар екен, бұларды талдай келіп Доржы былай дейді: «Бұл кестелер мен өрнектер және олардың құрылымы қазіргі қазақ арасында қолданылып жүрген сырмақтардағы ою-өрнектерді еске түсіреді.» Кейінгі кезде жүргізілген археологиялық зерттеудің анықтауынша, үйсін, қаңлы, алан ұлыстардың дәуірлеген кезі- темірден жасалған құрал-саймандардың барлық жерде таралған кезі болды.

Б.з.б. І мыңжылдықта Орталық Азияның байтақ жерін этникалық құрамы әртүрлі тайалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, тұрмыстың ортақтығы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайалық бірлестіктер құрылды.

Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғындағы қытай деректерінде «ғұн» атауы кездеседі (хунну немесе сюнну). Ал европалық жылнамашылар оларды гунни деп атаған.

Рим тарихшысы Прийск Паннониядағы Аттиланың ордасын сипаттады. Оның айтуы «алып қала», «сарайдың көлемі мен бірдей биік дуалмен қоршалды». Бұл бүкіл варвар әлемін қолында ұстаған Аттииланығң сарайы болған және жаулап алған қалаларды да бұндай сарайға айналдырғысы келді. Ерте көшпелілердің бейіттері өзеннің жағасында орналасқан. Олар көш қоныс бойында салынып, көбінде кішігірім қорғандардан тұрды. Ғұн кезеңінің «дың» типтес ең әйгілі ескерткіш кесенелері: Қозы Көрпеш Баян Сұлу, Домбауыл, Текe

8.. Түрік қағанаты (552-603ж).Vғ. Түркі тілдес теле тайпасы Солт. Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңт-те көшіп қону жайылымдары Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті.

535ж түрік қолбасшысы Бумын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546ж теле тайпасы түріктерге қосылды. Үлкен күшке ие болған Бумын 552ж 50 мың әскермен авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандады. 552ж Түрік қағанаты құрылып, Бұмын өзін қаған деп жариялады.

Территориясы: Жетісу, Амудария мен Сырдария аралығы. Астанасы: Суяб.

«Түрік» атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.

Бұмын қағанның ізбасарлары Қара Ыссық және Мұқан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солтүстік Қытай мемлекетін бағындырды. VI ғ Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды.

Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы - эфталиттер. Бұл – Каспий теңізінен Солт.Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерде созылып жатқан күшті мемлекет халқы. 561-563 ж түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.

567 ж Бұхар тұбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта Азиядағы жеңістерден кейін түріктер Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстады.

Түріктер және олардың қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болады. Соған байланысты 568 ж соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге келіп, Византия императоры II Юстиниманмен сауда және әскери шарт жасасты. Түрік Византия одағы нәтижесінде:

Иран түріктерге жылына 40 мың алтын динар салық төлеуге;

Сауда қатынасына бөгет болмауға міндеттенді. 575ж Иран мен Византия келісімі нәтижесінде Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды. Түріктер жауап ретінде Киммерия Боспорын талқандап, Қырым мен Батыс Кавказға соғыс жорықтарын жасады. Түрік қағанаты он ұлысқа бөлінді. Ұлыс басқарушысы шад. Естеми қаған мен оның ұлы Түрікстанға тұсында қағанат әлсіреді. Басты себептері:

-Ішкі тартыстар

-Көрші елдермен соғыс

Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады.603ж. Қағанат екіге бөлінді:Батыс және Шығыс Түрік қағанаты.\

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]