Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NAZYM (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
737.79 Кб
Скачать

67. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.

Большевиктердің ұлттық аймақтарда жүргізіп отырған саясатын ашық айыптап, оның бет пердесін айқындаған М. Шоқай болды. Ол XX ғасырдағы қазақ саяси эмиграциясының тарихын бастаушы болды. Эмиграция сөзінің мағынасы экономикалық, саяси және діни себептерге байланысты өз еркімен немесе еріксіз басқа мемлекетке қоныс аударуды көрсетеді. Түркістан саяси эмиграциясы тарихи көрініс ретінде 1917 жылғы Ресейдегі революциялық сілкіністер нәтижесінде пайда болды. Қоқан автономиясы қуылған соң М. Шоқай Францияға қоныс аударады. Онда ол Париждің “Дни”, “Последние новости“ газеттерінде Түркістандағы ішкі саяси жағдайға талдау жасаған мақалаларын жариялайды. 1929-39 жылдары ол “Яш Туркестан“ журналын (117 нөмірі жарық көрді) шығарып, оның беттерінде кеңестік Түркістан мен дүние жүзіндегі оқиғаларға кең сыни талдау жасайды. Большевиктердің елде кеңес үкіметін орнату жолдары мен әлеуметтік саладағы социалистік қайта құру саясаты қазақ зиялыларының қарсылығын туғызды. Алайда, осы социалистік қайта құру саясатын жүзеге асыру үшін белгіленген реформаларды пікір-талас негізінде талқылап, олардың дұрыс-бұрыстығын анықтаудың орнына партия басшылары, өз көзқарастарын білдірген қазақ партия және кеңес қайраткерлерін айыптады. Өлкедегі жалпы большевиктік айыптау және қуғындау саясатының ең алғашқысы түрікшілдікті айыптау болды. 1920 жылдың 20-26 қаңтарында Ташкент қаласында Түркістан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Онда мұсылмандар бюросының төрағасы Т.Рысқұлов “Ұлт мәселесі және ұлттық коммунистік секциялар” туралы баяндама жасады. Онда Түркістан республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы бар ұлт саясатын жүргізу үшін ең алдымен негізі берік саяси ұйым құру қажеттілігі туралы айтылды. Конференция Т. Рысқұлов ұсынысымен жаңа саяси ұйымды “Түрік халықтарының коммунистік партиясы” деп атауға шешім қабылдады. Т. Рысқұловтың түрікшілдік идеяны жүзеге асырудағы ең батыл қадамы Мұсбюроның төтенше ІІІ конференциясында (1920 жылы 25 қаңтар) “Түркістан автономиялылығы туралы” тезистерін қабылдау болды. Т. Рысқұловтың Түрік республикасын құру туралы идеясы келешектегі түрік мемлекеттерінің конфедерациясын құруға апаратын жол еді. 1917 жылы Түркістан (Қоқан) автономиясын ұйымдастырған Мұстафа Шоқайдың арманы да осындай конфедерациялық мемлекет құру еді. Алайда, большевиктер Т.Рысқұловтың “Түрік республикасын құру” туралы идеясына қарсы шығып, ұлтшыл деп айыптады. Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау айдарлары “ұлтшылдықпен” шектелмеді. Сонымен қатар қазақ байларын тәркілеу саясатын қолдамай, керісінше қазақ қоғамы сілкіністен гөрі көмекке зәру деген көзқарастағы қазақ қайраткерлерінің пікірлерін айыптау кең етек алды. 1929 жылы партиялық үштіктер арыз айту бюросының қызметін күшейтіп, барлық салада партия нұсқауымен “оңшыл және солшыл оппортунистік уклонмен” күресу жұмыстарын өте қарқынды түрде жүргізді. 7 партия конференциясында “солшыл жалаудың тасасына жиі-жиі жасырынатын оңшыл-байшыл ағым делінетінмен” күресуге партия ұйымдарын шақырады. Қазақстанда “оңшыл ағымға” Голощекиннің ауылда ”Кіші Қазан” төңкерісі қажет деген пікіріне қарсы шыққан С. Сәдуақасов және оның пікірлестері жатқызылды. Ал енді Қазақстанда қазақ кеңес және партия қайраткерлерін троцкизмге айыптау Троцкийдің 1928 жылы Алматыға жер аударылуына байланысты деуге болады. Алайда троцкистік оппозицияға қазақ қайраткерлерін жатқызу көңілге мүлде қонымсыз еді. Себебі, қазақстандық саяси қайраткерлер троцкизм тұрмақ әлі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық меңгермеген еді. Осыған қарамастан 7-партия конференциясында С. Сәдуақасов, Сұлтанбеков және Мұстамбаевтар “троцкистік оппозицияның төңірегіне топтасқан негізгі ядро” ретінде айыпталды. Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және ымырасыз болды. Егерде 1920 жылдардың орта кезіне дейін большевиктер Алаш зиялыларына қарсы күресте әртүрлі айыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі кезеңде ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Алаш зиялыларына қарсы күрестің жандануына 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік “Ақ жол” газетінің ұстанған бағытын айыптап арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланған мақалалардың бұл кезде шет елде эммиграцияда жүрген М. Шоқайдың ойымен “үндес және пікірлес екенін, яғни алашордашыл, ұлшыл идеяларды жаңғыртатыны” атап көрсетілді. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін жастарды тәрбиелеуге жібермеу ескертілді. Көп кешікпей-ақ, 1926 жылы болған партия конференциясында Ф. Голощекин басында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов сияқты қазақ зиялылары тұрған ұлттық қозғалысты “реакцияшыл, тіптен контрреволюцияшыл” деп бағалады.

68. Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.

Алашорда үкіметінің құрылуы. 1917ж желтоқсанда Орынборда өткен Жалпықазақ съезі Түркістан автономиясы-ң басшысы М.Шоқайдың баяндамасын тыңдап, «Қоқан оқиғасының ұлт – азаттық қозғалыстағы демократиялық мазмұнды мойындамау, төзімсіздік пролетариат диктатурасының революцияшыл ұрандарына елігушілік» деп бағаланады. Осыдай кейін қазақ халқының автономиясы тур мәселе қаралды. Қазақ ав-сы жөн-де съезд былай деп қаулы етті: 1 Тегі бір мәдениеті. Тарихы бір және тілі бір қырғыз (қазақ) халқы басым тұтас аймақ болып табылатын Бөкей ордасы, Орал, Тоғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария обл-ы мен Ферғана, Самарқан қырғыз (қазақ) уезд-ң, Каспий сырты облысы Әмудария бөлімі-ң Алтай губерниясы-ң қазақ аралас тұратын болыстары-ң аумақтық ав-сы құрылсын. 2 Қазақ (қырғыз) обл-ң авт-на Алаш атауы берілсін. 3. Жер бетіндегі барлық табиғи байлық-ымен, суымен, сондай-ақ жер қойнауымен қоса авт-лы Алаш облыс-ң аумағы Алаштың мем-тік меншігі болып табылады. 4. Алаш авт-ң барлық мекеме-де барлық ұлт-дан пропорциялы түрде өкіл-р болуға тиіс. 5. Алаш обл-н жалпы күйреу мен анархиядан құтқару мақ-да 25 мүшеден тұратын Алашорда Уақытша Халық Кеңесі құрылып, оның 10 орны қазақ-қырғызр ар-да тұратын орыс ж/е басқа халық-ға берілсін. 6. Алашорда-ң уақытша орналасатын қонысы болып Семей қаласы таңдап алынсын. Қазақ (қырғыз) халқында бүкіл атқарушы өкімет билігін Алашорда дереу өз қолына алуға тиіс. Делегеттар-ң көпшілігі жуық арада ав-я жариялауды жақтап дауыс берді. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің мүше-і арасынан балама негізде Ә. Бөкейханов төраға болып сайланды. «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасы-ң жобасы жарияланды.10 бөлімнен тұратын бұл құжатта партия-ң мем-тік құрылыс, қорғаныс, дін, ғылым мен ағарту саласындағы, аграрлық мәселе ж/е т.б. жөніндегі кең бағдарлама-қ қағида-ы Бүкілқазақ съезінің шешім-інен көрініс тапты. Сөйтіп, тарих-ң бетбұрысты кезеңінде Алаш партиясы сол кездің нақты мүмк-рін ескере отырып, қазақ халқы-ң дамуы-ң балама жолын ұсынды.Төңкеріс-ң осы бір тарихи қиын кезеңінде билеуші партияға айналған большевик-р Алашордамен тіл табысу жол-ын қарастырмады. Әртүрлі саяси күштер-ң билік жолындағы тайталысы басталды. Петроградта болған Қазан төңкерісі Қ-н аумағында бұрын болмаған таптық қақтығыс-ға алып келді. Бұған қар-тан Ресей-ң халық бұқарасы соның ішінде қазақ-р да Бүкілресейлік құрылтай жиналысына үлкен үміт артты. 1917ж-ң қарашасы мен 1918ж-ң қаңтары арал-да өткен сайлау қазақ еңбекшілері-ң басым көпшілігі Алаш партиясы-ң бағдарлама-қ талап-ын қолдайтынын көрсетті.Жетісу губерниясында Алаш партиясы-ң блогы сайлаушы-р дауысы-ң 57,5%-ын алды. Олар Семей уезінде (85,6%), Торғай, Орал губерниялар-да (75%) бұдан да жоғары жеңіске жетті.Сайлау нәт-сі көрсеткендей, Алаш партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевик-ге елеулі оппозиция болды. Большевиктік экстремизм тайталас-ң ең басынан бастап –ақ бұл партия-ң орны баррикаданың басқа жағында болатынын анықтап берді.

69) Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз. Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен,адам күштерін барынша жұмылдыру,қалаларды,өнеркәсіп жұмысшыларын,Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету,елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм»саясатын енгізді.Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс,Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғанудың қажеттілігінен туған еді.»Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді.Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлары астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды,бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді,ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауға көбейтуге,Қызыл Армияны,жұмысшыларды азық-түлік қамтамасыз етуге,ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді.»Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді.Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды.Қазақстанда»әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру,оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды.1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлімдерін құруда Сырдария,Жетісу облыстары,Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік уездері бірсыпыра айтуға тұрарлық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

70. Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызы. Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызы

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.

1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал Қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.

Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:

1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.

2) Отаршылдыққаа қарсы күрес нәтижесі.

3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам

71. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері. БК(б)П ұйымдарына 1928 жылғы ақпанда жазған нұсқау хатында Сталин өзіне тән үзілді-кесілді өсиеттік мәнерде: «Біздің жаңа экономикалық саясаттан бас тартатынымыз, азық-түлік салғыртын енгізетініміз, кулактарды тәркілейтініміз және т.б. туралы әңгімелер контрреволюциялық сандырақ болып табылады, оған қарсы табанды түрде күресуіміз керек.ЖЭС біздің экономикалық саясатымыздың негізі және ол тарихи ұзақ мерзімге созылады» деп жазды. Алайда кең ауқымды экспроприациялық акциялар, дәлірек айтқанда, жаңа экономикалық саясат өзінің қоғамды үдемелі реформалаудың он үлгісі ретіндегі ақиқаттығын іс жүзінде жойып, іс-қимылдан жалаң декларациялық сипатқа айналып кетті.20-жылдар аяғындағы төтенше астық жинау науқаны мен тәркілеу, шын мәніндегі салықтық саясат, міне, осының айқын көрінісі еді.

XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері:  - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты);  - 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық;  - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы;  - Егін алқаптарының күрт азаюы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың күштеп жүргізілуі және салық ауыртпалығының күрт артуы халық шаруашылығын тұқыртуға әкеп соқтырды, тұрғындардың жаппай көшуіне мәжбүр етті, өндірістің ұйымдық құрылымында бейберекетсіздіктер орын алды. ЖЭС тарихи кезең ретінде өз мүмкіндігін аяғына дейін ашып көрсете алмай, нәтижесіз аяқталды.

Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:

1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді.  2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді.  3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді.  4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.

Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921-1929 жж.).

72. 1924 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз. ХХ  ғасырдың  басында қазақ  жеріндегі мемлекеттілік үшін күрес  күрделі сипат  алды. В.И.Лениннің идеясы бойынша басталған Орта Азиядағы  ұлттық-мемлекеттік  межелеуге қазақ саяси басшылығының  көзқарастары үйлесе  бермеді. Мәселен Мұстафа  Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы Орта Азиядағы түркі  мемлекеттерін  біріктіруге арналған еді. Бірақ  Кеңестік билік Мұстафаның  бұл идеясынан  өлердей қорықты. «Мұндағы саяси   тіршілікке сын көзін  қадап  отырған М.Шоқайдың  түрлі мысалмен  дәлелдеп  қорытқанындай  большевизм « Түркістанда ұлттық тұтастық пен ұлттық мемлекеттің  құрылуынан өлердей қорқады. Сондықтан қайткен күнде де мұндай тұтастықты болдырмауға  тырысады».  Тұтастықты бұзудың жалпытүркілік  тұтастықты сезіну беретін қуатты  әлсіреудің  төте  жолы — Орта Азиядан алдымен Қазақстанды оның Орта Азиялық бөлігімен қоса бір бөліп алу, сөйтіп бауырлас  халықтардан қазақтарды  ажыратып  алшақтатып  жіберу» Тұрар Рысқұловтың да идеясы  осы сипатта еді. Ол Түркістан Республикасын құру үшін талмай күресті. Осыған байланысты Т.Рысқұловты 1924 жылдың аяғына таман Монғолияға елші етіп ауыстырды.  «Түркістан Республикасы Кеңестерінің ХІІ  съезі Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты іс жүзіне асырыла бастаған кезде өтті. 1923 жылдың соңына таман бұл бағыттағы шаралар тұрақты  сипат ала  бастаған еді. РКП (б) Орталық Комитетінің алдында  Орта Азияның үш республикасының аумағын қайта межелеп, жеке-жеке ұлттық республикаға  жіктеу міндеті тұрды. Ал РКП (б) Орта Комитеті Т.Рысқұловты  бұл процеске қарсы  тұрған адам деп санады, сондықтан да оны межелеу саясаты  толық қарқынмен басталғанға  дейін республикадан тысқары алып кетуге тырысты. Орта Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық  межелеуді жүргізу аса  күрделі мәселе еді. Мұндағы  халықтардың  тарихи  байланыстарының тереңде жатуы  мен  ұлттардың бір-бірімен    аралас  және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар  туғызды. Сондай-ақ, экономикалық орталықтар мен елді мекендерді бөлу  мәселелері көп жағдайда  тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму деңгейі мен  халықтардың ұлттық құрамы туралы  статистикалық  мәліметтердің мардымсыздығы жағдайды одан әрі қиындатты  Ұлттық –мемлекеттік  межелеудің жүргізілу  барысы және  оның мәні үнемі  баспасөз беттерінде жарияланып тұрды. Баспасөз құралдары белгілі бағытта үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізіп жатты.Ұлттық-мемлекеттік межелеу барысында  Түркістан АКСР-ның Қазақ АКСР-на  қосылуының зор маңызы болды. Түркістанның Сырдария және Жетісу облыстарының қазақтар басым  өңірлері ҚазАКСР-на қосылуы тиіс болды.

73. Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз .1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөнінде әзірлейтін арнайы комиссия құрылды.1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап,нақтылады.Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды.Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді жеткізу туралы нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-мүлкі тәркіленіп,өзі дер аударылуға тиісті ірі байларға;көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.Республика көлмінде барлығы 696 бай-феодал тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген тәркілеу барысы мен нәтижелері көрсетіп береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт ақталмады,барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы ғана .Оның себебі алдын-ала жасалған малдың есебі дұрыс емемс еді.Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы отырықшы аудандардың,83,3 пайызы жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді.Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін,сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды.Ал болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық принциптерінен ауытқымай,сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды.

74. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.

Қазақстанды индустриаланырудың өзіндік ерекшеліктері болды,қиындықтарды жеңу өзгешеліктермен,сондай-ақ табиғи,экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады.Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ісін қалдырды ,өнеркәсіпті құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес ,сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті .Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. 1.)Ол ең алдымен Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша ,сондай-ақ көптегенБасқа республикаларды жеке- жеке алғанлағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны.Егер кеңес одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті. 2.)Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негшізінен жаңа құрылыстардың ,қайта құрылған Риддер мен Қарсақбайды қоспағанда тақыр жнрде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі ,Мәскеудегі ,Ленинградтағы,Донбастағы ,Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. 3.)Аса ірі өнеркәсіптер-өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған ,шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ,өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жаңа өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты .Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп ,сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды.4.)Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанла ауыр өнеркәсіп ,ең алдымен оның көмір мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды.Бұл салалар одақтық көлемдеБасты мамандандыру арқауына айналып ,бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.)Жоспарланған жол желілері түгел салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп,ұзындығы 6581 км-ге жетті.

75.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қақынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК нің 1930 жылы 1ақпанда қабылданған «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай кулактардв бөліп алып, оларды тап ретінде жоюжүзеге асырылды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте «Ауыл шаруашылығы туралы» қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы «кемшіліктерді түзеу» бағыты белгіленді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай ұжымдастыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрұ жолында жүргізілген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарац дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.

76. 1929-1931 жж. күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз. Ресми құжаттарға қарағанда 1929-31 жылдар аралығында Қазақстанда 372     шаруалар көтерілісі болған. Бұл көтерілістерге 80 мыңдай адам қатысқан.ОГПУ-дің саяси құпия бөлімінің 1931 жылы 1 желтоқсанда берген статистикалық мәліметіне қарағанда 1929 жылы 54, 1930 жылы 77, 1931 жылы болған көтерілістердің барлығын қосқанда 372 көтеріліс болған. Көтерілістірге 1921 жылы 31 топ, 351 адам, 1930 жылы 85 топ, 1925 адам, 1931 жылы 80 топ, 3192 адам қатысқан. Барлығы үш жылдың ішінде 196 көтерілістер жасаған. Аталған жылдары көтерілістерге барлығы 5468 адам қатысса керек. Кеңес үкіметіне қарсы 460 рет қастандық әрекеттері, колхоз және совхоз құруға қарсы 127 рет зиян келтіру оқиғасы ресми тіркелген

        Жоғарыдағы мәліметтер ресми орындарда істеген қызметкерлерден алынған.Бірақ, бұл мәліметтер толық емес. 1929-39 жылдар арасында тек қана қазақтардан екі миллионнан астам адамның аштық, соғыс т.б. себептермен өлгенін немесе өлтірілгендегі ресми берілген мәліметтерде көрсетілмейді деп айта аламыз.

       Көтерілістер мен оған қатысқан адамдардың саны ресми мәліметтерден қарағанда әлдеқайда көп. Демек, бірнеше оқиғалар ресми тіркеуге алынбастан жабылғанОның  себебі, Кеңес үкіметіне қарсы  көтерілгендер саны көп болды. Сонымен бірге, бұндай ішкі алауыздықтар Кеңес үкіметінің сыртқы  «келбетіне» кір келтіретін еді. Күллі әлемге коммунизмді таратқысы келген Кеңес үкіметі, алдымен бұл идеяны өз халқына мойындатуы керек болатын. Сыртқы күштерге қарсы тұру үшін өз халқының кеңестік режимге риза екендіктерін танытуы тиіс болды. Яғни, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістердің санын аз етіп көрсету осы мақсаттан туындаған еді.

        Мемлекеттік қызметкерлер де жоғары жаққа көтерілістердің санын аз етіп көрсеткенін аңғару қиын емес. Мысалы, 1931 жылы желтоқсан айында Ф.И.Голощекин Сталинге жазған хатында; «Тап күресінің өрістегенін ГПУ-дің төмендегідей анықтамасынан білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың 34000-дай адамы қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы екі жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылып және оған, қатысқан 7500 кісі қолға түсті…»– деп жазды.

Көтерілістердің орын алуының бірден бір себебі  Кеңес өкіметінің  саясаты еді.  Көтерілістердің басты себептерінің бірі, 1929 жылы қолға алынған күштеп колхоздастыру саясаты болды. Сталин 1928 жылы Лениннің жаңа экономикалық саясатын қорытындылап, 1-ші бесжылдықты бастап, жоспарлы экономиканы жүзеге асыра бастады. Ал мәселеде өзіне қарсы келген Л.Д.Троцкий секілді тұлғаларды саясаттан қуғындады.Негізі,  бұл саясаты 1925 жылдың желтоқсан айында комунистік партияның ХІV съезінен  бастау алды. Сталиннің директивасымен қабылданған шешім бойынша ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жөнінде қарар алынды. Қарар негізіндегі жоспар бойынша қауым басшыларынан билік алынып, жер қазақ шаруаларының қолына берілуі керек болды. Бірақ, бұл Кеңес үкіметінің айтқанындай болмады. Айтылғанмен жасалынған іс-әрекеттер бір-біріне қарсы келді. Ауыл щаруашылығында ұжымдық шаруашылыққа күшпен біріктіру белең алды. Осы себептен де А.Байтұрсынов секілді зиялылар бұл реформаға қарсы шықты. Алайда, Кеңестік үкімет  реформаға қарсы келгендерді аяусыз жазалады. Көптеген адамдар мемлекеттік қызметтен қуылды  

77. 1931-1933 жж. аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысовпен КахианидіңИсаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақпен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.Отандық кәсіби тарихшы Талас Омарбеков Бүкілодақтық санақ көрсеткіштері негізінде ғана зерттеулер жүргізу тарихи шындыққа апара алмайтынын жеткізіп, «қазақтардың 1930-1933 жж. аштан қырылу көрсеткішінің аман қалған босқындарды есепке алмағанда 2 млн 200 мың асып кетеді, сондай-ақ жанама санақтар деректері де ашаршылық жылдары осынша адамның қырылғанына көзімізді жеткізеді.Алайда осындай нақты деректер қолымызда тұрса да, бүгінгі тарихымызда аштық құрбандықтарын біржақты демографиялық жолмен ғана үстүрт есептеп, 1930-1933 жж. өлген қазақтар санын негізсіз бұрмалай көрсету орын алып отыр. Мысалы, Р.Конквест оларды 1 млн адам көлемінде деп көрсетсе, Р.Дэвис пен С.Уиткрофт қазақтардың 1931-1933 жж. құрбандықтарын 1 млн адамнан астам, ал басқа ұлттарды қосқанда бұл көрсеткіш 1,3-1,5 млн. адам шамасында деп ойлайды, Ал қазақстандық тарихшылардың бір тобы (Б.Төлепбаев, В.Осипов) 1,5 млн адам қырылғанын, тарихшыларымыздың және бір тобы (М.Қозыбаев, Ж.Әбілхожин, М.Тәтімов) 2 млн 750 мың адамның өлгенін айтады. Бұл деректер болжам түрінде айтылса да, олар Қазақстан тарихынан жазылған іргелі зерттеулерге ғана емес, мектеп оқулықтарына да нақты көрсеткіштер түрінде еніп кеткеніне» қынжылыс білдірді 

78..ХХ ғ. 20-30 жж. мәдени революцияның қайшылықтары мен салдарын түсіндіріңіз..Мектептен тыс білім алу жоқтың қасы болып келген Қазақстанда большевиктердің халықты мәдени байлықтың барлық түрімен етене жақындастыру жәрдеміне дайын екендері туралы мәлімдемесі аса қызу қолдау тапты. Жергілікті интелегенция күштері мен қарапайым адамдар мәдени ағарту мекемелерін құруға шынайы ынта жігермен қызу кірісті. Мәселен 1917 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе уезінің Мартөк кентінле интеллигенция мен шаруалардың күш жігерінің арқасында мәдени ағарту үйірмесі жұмыс істей бастады. 1918 жылдың 1 қаңтарына қарай үйірме мүшелерінің саны 30 адамға жетті. Олар екі секцияға бірікті: 1) оқу ағарту және 2)мәдени ойын сауық секциясы. Үйірме кітапханалар ашып, спектакльдер қойды. 1920 жылы Қостанай уезі оқу ағарту қызметкерлерінің съезі «әр мектептің жанынан оқу үйлерін ашуды қажет» деп тапты. Отырықшы емес халықтардың, атап айтқанда қазақтардың арасында мәдени көпшілік және идеологиялық жұмыстар жүргізу ушін қызыл отаулар, жылжымылы кітапханалар, кино қондырғылармен «қызыл керуендер» кеңінен пайдаланылды. Олар ауылдан ауылға көшіп жүріп, мәдени саяси іс шараларды халыққа медициналық қызмет көрсетумен, орталық және республикалық биліктердің түрлі шешімдерін орындауларын тексерумен ұштастырып отырды. Мәдени саяси ағарту жүйесінің қызметі әрқашан идеологияландырылған сипатта болды.Рас 20-жылдардың орта шеніне дейін шығармашылық еркіндік ойын ашық айтудың кейбір көріністері байқалды.Мәселен,1921 ж республиканың көптеген аймақтарын ашаршылық жайлаған кезде мәдениет ошақтары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай аш адамдарды құтқару үшін күресті.Атап айтқанда Бас саяси ағарту кеңесінің күш жігерімен «аштық» көрмелері ұйымдастырылды.Көрмелер Ташкент теміржол желісі бойынша жасалған Қыррост суреттерінен құрастырылды.Көркем плакаттар ашаршылық ауқымын кеңінен бейнеледі . Бір көрме ІХ Бүкілресейлік Кеңестер (желтоқсан,1921ж)Мәскеуде көрсетіліп ол ең толық және сәтті шыққан деп атап өтілді,съезден кейін Германияға жіберілді.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді және ғылым кадрларын бір орталыққа топтастыруды Қаз КСР-інің Қырревкомы мен Халық ағарту комиссариаты жүзеге асырып келді.Мәселен 1919 ж Орынбор РГО бөлімінде жұмыс тәжірибесін қалыптастырған өлкетанушылардың бір тобы Қазақ әскери комиссариаты штабы тарихи –статистикалық бөлімінің жанынан тарих .этнография ж2не жаратылыстану –география секцияларын ұйымдастырды.20-30жж. Мәдениеттің жағымды жағы: Саустсыздықты жою жоғарғы қарқынмен жүргізілді.Бастауыш білім беру жүзеге асырылды.Жоғарғы оқу орындары мен техникумдар ашылды Зиялылрдың жаңа топтары қалыптасты. 20-30жж. Мәдениеттің тиімсіз жағы: Қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды. Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұсқан келтірді.

79. 1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары. 30жж- КСРО да социялистік қатынас/ орнығып болды. 1936ж –сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Елде «Социялизм жолымен тап куресі шиеленісе туседі « деген сталиндік теория устемдік етті. Жазалау орган.ң қызметі күшейді.*мем.к билік органы ретінде Кеңес қызметі шектелді. Жазлау шара/ы іске асырылды.*жеке адамды,халықты жер ауд*еңбекпен тузеу лагер.не қамау * КСРОдан тыс жер.ге кудалау.1937ж8қазанда – а.Байтурсынулы атылды.1937-38жж лаңкестік жаппай сипат алды.Ұлт зиялы/ы «халық жаулары» деп айыпталып,сталиндік жендет.ң қолынанқаза тапты.Қазақәдебиеті.ң негізін салушы/ :С.Сейфуллин,Б.Майлин,І .Жансугуров, М.Жұмабаев,М.Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді. Жазалау шар.ң құрбан.ы :*қазақ тіл білімі.ң нег.н салушы –А.Байтурсынулы.*Тілтанушы ғалым,профессор- Қ.Жұбанов*қазақ тарихи білімі.ң нег.салушы – с.Асфендияров.*КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалы басшы.ң бірі – М.Төлепов.Қаз.да лагерь/ жүйесі құрылды: Степлаг – Далалық лагерь*Карлаг – ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері*ЧСИР – Отанға опасыздық жасаған/ отбасы.ң муше.не арн.н лагерь*Алжир – Отанға опасыздық жас.р әйел.ң Ақмола лагері*ГУЛАГ - Лагерьлер Бас Басқармасы *Үштіктер – адамнанн құраға комиссия *БМСБ (ОГПУ)- Біріккен мем.к саяси басқарма *Степлаг пен Алжирде зардап шеккендер: Сейфуллин.ң,Жургенов.ң, Қожанов,ң әйел.і,Рысқұлов.ң әйелі ме қызы.Социалистік құбылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологиясы.ң зардап.ы: * Сталинизм.ң идеологиялық аппараты халық/.ң тарихи зердесін жоюға бағытталды.*Ұлт зиялы/.ң көрнекті өкіл/н қырып-жойды.101мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңнан астамы атылды.»Халық жау/ң « 40мыңы кейін ақталды.Сталиншілдік.ң басты қылмысы : *әміршіл-әкімшіл жуйені қолдану*лагерьлер жуйесін құру *халық/ды күштеп көшіру *азамат.ң құқық/ы мен бостандық/н бұзу.31мамыр – Ұлттық аза күні болып белгіленді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]