Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NAZYM (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.02.2020
Размер:
737.79 Кб
Скачать

29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Монғолдар салған ойранға қарамастан, Онтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалалық мәдениеті дамуының дәстүрлі бағыты жойылған жоқ. XIII—XV ғасырлар мәдениетінде пайда болған өзгерістер оның алдындағы кезең мәдениетінің даму серпінінде үзіліс болғанын көрсетпейді. Мұндай құбылыс монғолдар жаулап алған, дамыған қалалары бар басқа аумақтарға да тән болатын. Г. А. Федоров-Давыдов төменгі Еділ бойының алтын ордалық қалалары мен Қырымның, Хорезмнің, Еділ Бұлғариясының Алтын Орда өктемдігіне түскен қалаларының синкретикалық мәдениеті арасындағы айырманы өте дұрыс атап өткен. «Төменгі Еділ бойынан айырмашылығы, — деп санайды ол, — оларда ежелгі отырықшы және қала дәстүрі орын алды, қалалар мәдени жағынан да, әлеуметтік жағынан да, аумақтық жағынан да монғолдарға дейінгі қалалардың жалғасы болды». Қазақстанның оңтүстігінде бұл барлық жерден: сәулет өнерінен де, іргелі және қолданбалы өнерден де байқалады.

XIV—XV ғасырлардың сәулет өнері жоғары деңгейге жетеді, зерттеушілер оны дүниежүзілік сәулет өнерінің ең жарқын құбылыстарының бірі деп атайды. Сәулет өнерінің жетекші шеберлері ұрпақтар тәжірибесін таратушылар әрі жеткізушілер болды, бірақ ешқашан да осы тәжірибенің ғана шеңберімен шектеліп қалмай, оны тұңғыш жаңалықтар табу арқылы байытып отырды. XIV ғасырдың аяғы — XV ғасырдың басында Ахмет Йассауидің кесенесі салынды. Ахмет Йассауи кешені аумағы 46,5x65,5 м болатын порталды-күмбезді үлкен ғимарат болып табылады. Үйдің аралық ені 50 м үлкен порталы мен аралығы 18,2 болатын арқалары бар. Үйдің еденінен орталық залдағы күмбезінің ең биік жеріне дейінгі биіктігі 37,5 метрге тең. Күмбездің өз диаметрі 18,2 м.

Кесененің ішіне әдетте екі қатарлы оюлармен жөне сүйектен ойылған ернектермен безендірілген аспалы есігі бар басты орталық есік арқылы кіретін болған. Табалдырықтан аттаған бойда, келуші кешеннің ең үлкен, орталық бөлмесіне кіреді, оның көлемі 18,5x18,5 м. Кіреберістегі және қарсы қабырғадағы терең екі қуыс залды крест сияқты етіп көрсетеді. Күмбез ішкі жағынан сталактиттермен қапталған, оларда оюлы өрнектердің іздері сақталған. Залдың ортасында адамның бойындай үлкен қола қазан тұр, сондықтан зал қазандық деп аталады.

30. Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістің негізігі кезеңдері. Қазақ халқының қалыптасу үрдісі көне заманнан б.з.б ІІ\І мыңжылдықтан басталады.Қазақ халқының қалыптасу сатысының алғашқы кезеңінде тіршілік еткен сақ, сармат,үйсін, қаңлы тайпаларының маңызы ерекше. Антрополг Смағұловтың пікірі бойынша « сақ ,сармат,үйсін тайпаларының келбеттері андроновтарға ұқсас»Қ\ға шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласу нәтижесінде моңғолойдтық белгілер біліне бастады. Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі түріктердің жаппай көшіп келуіне байланысты. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно\демографиялық жағдайды өзгертті. ХІІІғ басында Шыңғыс хан қысымына шыдыай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бүкіл үрдіске өз үлестерін қосты.ХІІІғ басында моңғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу барысын бұзды.Антропологиялық үрдістер жаңа өзгерістерге ұшырады.Моңғол тайпалары түркіленді,түрік тілінде сөйлей бастады.Қазақ жерінде түркіленген жаңа этникалық топтар пайда болды(маңғыт,барлас). Моңғол шапқыншылығы қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін 150-200ж кешеуілдетті.Этносаяси қауымдастық-белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді. Өазақ халқының этникалық қалыптасуында басты рөл атқарушы – Ақ Орда тайпалары. Қазақ халқының құрылуын жеделдеткен жағдайдын бірі-оның құрамына қыпшақ, үйсін тайпалар одағының

енуі. Бұл этникалық топтар құрамында қыпшақ,қаңлы,арғын,қоңырат,дулат,маңғыт,жалайырлар болды. Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып,қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]