
- •2.Қазақстан жеріндегі тас дәуірі.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •4. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •12) Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •13..Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті
- •17..Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни
- •25. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •26. Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының рөлі
- •27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •31«Қазақ» этнонимінің зерттелуі
- •32 Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты
- •33. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •34. Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •35.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы
- •38 Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз
- •41.. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері
- •45. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •47.. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •48. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •52 Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу себептерін түсіндіріп және оның салдарын көрсетіңіз
- •53. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз
- •54. 1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз
- •55. 1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз..
- •57. «Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •58 Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •60. 1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •61.1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз
- •64. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •65. А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •67. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •80. Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.
- •83. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •86. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •87. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары
- •89. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •90. Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •92. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •93. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз
- •95."Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдаарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы
- •99. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •100. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы
- •101. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •102. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
. ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы – Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік және түріктенген монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлегі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлегі қырғыздар мен ұйғырлар құрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең қуатты тайпа болды. Билеушінің дәрежесі – хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы әмірлерінен ханның көмекшілері - ұлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленудің икта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл тұрғындарынан, егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде көрсетілгендей, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж және қарадж деп аталған. Сондай-ақ халық әскери, кірешілік, еңбек, пошта т.б. әртүрлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлатты. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті.Сөйтіп, ХҮІ ғ.басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды.
28. .Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында Алтын Орданың ыдырауы,Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның Солтүстік –батысында Ноғай ордасы құрылды.Ноғай орданың алғашқы аумағы Еділ мен Жайық өзендерінің арасы Орданың негізгі халқының құрамы маңғыттар болды.Олармен бірге қоңрат,найман,арғын,қаңлы,алшын,қыпшық,тама т.б түркі тілдес тайпалар болды.Ноғай Ордасының Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған.Бірак Ноғайдын кейін бұл ел ешбір тарихи деректерге ұлыстық дарежеде кездеспейді.Тек 14ғ соңғы кезінде Едігенің уакытында Ноғайлардың аты шыға бастайды.Едіге Ноғай елін Алтын Ордадан оқшаулата бастайды.Едігенің баласы Нұраддиннің кезінде (1426-40) Ноғай ордасы өз алдына жеке мемлекет болып Алтын Ордадан бөлініп шығады.Орталығы Сарайшық қаласы болған.Едіге негізінен Алтын Ордада хандардың кеңесшісі болған.Едіге 14ғ 90жылдарында Тоқтамыс ханмен үздіксіз соғысумен болады.Оның басты себебі біріншіден билік үшін күрессе екіншіден Ноғай Ордасының беделін көтерп шекарасын ұлғайту үшін соғысады.Едіге Алтын Ордада Темір Құтлық ханның кезінде беделі бик болып оның кеңесшісі болады ж/е оған аға-әмір-беклір бек деген атақты береді.Бірақ Темір Құтлықтың баласы Темір ханның кезінде Едіге мен арада қарама қайшылық туады.Екеуінің арасында соғыстар болады.Едіге Тоқтамыстың ұрпақтарымен үздіксіз соғысуы нәтижесінде, Тоқтамыстың Қадырберді деген баласымен соғыста Едіге қайтыс болады. Кейбір деректерде 1419 жылы қаза болған дейді. Осыларға қарап отырып Едігенің ел билеуге уақыты да болмағанын көреміз. Едіге қайтыс болған соң орнына Ғази бек болады. Ол бірақ өте қатал болғандықтан оны 1428 жылы әмірлер өлтіреді. Маңғыт елі біраз нашарлап, Едігенің балалары жан жақа бытырап кетеді. Осы кезде билікке Едігенің кіші ұлы Нұраддин келеді. Ьіне осы кезде және Нұраддиннің баласы Уақас бидің кезінде Ноғай ордасы болып толық бекінді. Уақас биден кейін оның бауыры Аббас Ноғай ордасының бегі болады. Мұның кезінде 1446 жылы Сырдария бойындағы қалалар алынып ол Үзгент қаласында билік жүргізген. Орда өмірінде Мұса мырза Жанбыршы бидің атқарған қызметтері зор болған. 16 ғ 2- жартысында Ноғай ордасы ыдырай бастайды. 1550жылы Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай ордасы бірнеше иелікттерге болініп кетеді. Ыдырау кезінде халқының біраз болігі Кіші жүздің құрамына енген. Ал тағы бір болігі Ресейге қосылып кетеді. Осылайша Маңғыт елі тарих бетінен жоғалды