Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ea29e69f-3685-11e3-a987-f6d299da70eeОҚУ-ӘДІСТ....docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
54.68 Кб
Скачать

2 Модуль.

Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы.

№5дәріс тақырыбы: Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.

Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына, мысалы, мынадай сөздер енеді. 1. Табиғат құбылыстарының атаудары : жер, су, өзен, көл, тас, жел, ай, күн, және т.б. 2. Еңбек үдерісіне байланысты сөздер: егу, ору, жырту, кесу, пісіру және т.б. 3. Еңбек құралдарының аттары: орақ, күрек, айыр, біз, пышақ және т.б. 4. Мал атаулары: жылқы, ат, байтал, құлын, өгіз, түйе, қозы және т.б. 5. Аң-құс атаулары: түлкі, қоян, қасқыр, аю, қарға, бүркіт, тауық және т.б. 6. Анатомиялық атаулар: бас, қол, аяқ, ауыз және т.б. Негізгі сөздік қордағы сөздер сол тілде сөйлеушілердің барлығына ортақ болуы тиіс. Негізгі сөздік қор талай замандар бойында өмір сүреді де , тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Негізгі сөздік қор уақыт өткен сайын , әрине, өзгереді, бірақ оның өзгеруі, тілдің сөздік құрамына қарағанда, баяу болады. Қоғамдық өндірістің, әлеуметтік- экономикалық қатынастардың дамуы мен материалдық және рухани мәдениеттің барлық салаларының дамуына байланысты туған жаңа заттар мен құбылыстарды және олардың ұғымдарын тілде сөзбен атаудың қажеттілігінен туынды жаңа сөздер жасалады немесе олар тілде бұрыннан бар сөздермен аталып, ол сөздердің мағыналарына туынды мағыналар қосылады. Осыдан тілдің сөздік құрамы үздіксіз дерлік толығу, даму күйінде болады.

Дәрісті қорытындылау:

1.Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды.

2. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. 3.Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың негізгі ұйтқысы.

4.Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады.

№6 дәріс тақырыбы: Сөздік құрамның тарихи арналары.

Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады. 1.Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны: а)жалпы түркілік сөздер, ә)қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер, б)қазақтың тума төл сөздері. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны: а) монғол тілінен ауысқан сөздер, сонымен бірге монғол, қазақ тілдеріне ортақ сөздер бар екені, оның тарихи себептеріне қысқаша шолу, ә)араб, парсы, тілдерінен кірген сөздер, олар-дың ену кезеңдері мен ауысу жолдарына қысқаша шолу. Араб, парсы, сөздерінен лексика-семантикалық топтары, тұлғалық және семантикалық өзгерістерге ұшырап отыруы, бірқатарының қазақ тіліне сіңісіп, игеріліп кету себептері, б) орыс тілінен және ол арқылы Еуропа тілдерінен енген сөздер, олардың ауысу кезеңдері, лексика-семантикалық топтары, тұлғалық өзгерістерге ұшырап отыруы. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары: байырғы тума сөздер негізінде, кірме сөздер негізінде іске асатыны.Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына сөзжасам тәсілдері қызмет ететіні (түбір сөзге жұрнақ жалғау, сөздердің біріктіру, қосарлау, тіркестіру, қысқартып қолдану, сөз мағынасын жаңарту).

Дәрісті қорытындылау:

1. Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады.

2. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары: байырғы тума сөздер негізінде, кірме сөздер сөздер негізінде іске асатыны.

3. Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына сөзжасам тәсілдері қызмет ететіні.

4. Түбір сөзге жұрнақ жалғау, сөздердің біріктіру, қосарлау, тіркестіру, қысқартып қолдану, сөз мағынасын жаңарту тәсілдері.

№7 дәріс тақырыбы: Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.

Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер, әрбір тілдің лексикасында бар. Сөздердің тілден тілге ауысуының тікелей ауысу және жанама түрде ауысу деп аталатын екі түрі болады. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына енбегенімен,оның ішінде сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ өмір сүріп,жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған жасамыс байырғы сөздер көптеп табылады.Мысалы? аса,абырой, ар, дүние, аспан, пайда, бақыт, құдай т.б. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздерді төрт топқа бөлуге болады:

1.Тілге әбден сіңісіп, қазақтың төл сөзіндей жымдасып кеткен актив сөздер.Мысалы: нан, айна,сабын, шаруа, сынап, әл, қас, ас, зат.

2.Әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында жұмсалатын терминдік сипаты бар арнаулы сөздер. Мысалы: нарық, емтихан, жәрдем, сабақ, мұғалім, арыз, дәрі, саясат.

3. Әр түрлі экспрессивтік-эмоционалдық сипаты бар сөздер. Мысалы: махаббат, нұр, ғибрат, арай, қайран, мәшһүр, тағдыр, ақырзаман.

4.Әдеби тілден біржола ығысқан немесе ығысуға жақын сөздер. Мысалы: шайыр, дүр, сағыр, зәңгі, уәзір, жарапазан, мизам, уалаят.

Қазақ тіліне моңғол тілінен кірген сөздер негізінен әкімшілік,ел билеуге байланысты ұлыс,нөкер,жасақ,ноян т.б. Жер-су атауларына байланысты Тарбағатай, Қатонқарағай, Қорғалжын атаулары кездеседі.Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба тілге тарамаған көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген.

Дәрісті қорытындылау:

1. Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер.

2. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ өмір сүріп,жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған.

3. Қазақ тіліне моңғол тілінен кірген сөздердің дені әкімшілік,ел билеуге байланысты сөздер.

4. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба тілге тарамаған көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген.

№8 дәріс тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері.

Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу өрісі ( таралу шеңбері), стильдік қызметі жағынан әр түрлі болып келеді. Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің стильдік мәніне байланысты түрлері. 3. Сөздердің актив және пассив түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің бәрі жалпыхалықтық сипатта емес, кең таралған жалпыхалықтық сөздерден басқа , қолданылу өрісі тар сөздер де бар. Осыған байланысты сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) жалпылама лексика, ә) қолданылу өрісі тар лексика. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күн көріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды.

Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпылама ортақ лексикамен қатар ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың әрбір саласына телінді арнаулы сөздері де болады. Термин сөздер деп ғылым мен техниканың, мәдениет пен шаруашылықтың түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздерді айтамыз. Мұны бір сөзбен айтқанда терминдер деп атайды. Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: кәсіби терминология, кәсіби сөздер.

Кәсіби сөздер әр алуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасатын сөздер. Кәсіби сөздер екі топқа бөлінеді: жалпыхалықтық кәсіби сөздер, диалектілік кәсіби сөздер.

Дәрісті қорытындылау:

1. Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің стильдік мәніне байланысты түрлері. 3. Сөздердің актив және пассив түрлері.

2. Сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) жалпылама лексика, ә) қолданылу өрісі тар лексика.

3. Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз.

4. Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: а) кәсіби терминология, ә) кәсіби сөздер.

9 Дәрістің тақырыбы: Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері.

Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Мысалы: көпшілік, келісім, т.б. Сөйлеу тілінің лексикасына тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпыхалыққа белгілі сөздер жатады. Тұрмыстық – қарапайым лексика – күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Кемсітіп, мұқатуды білдіретін: қортық, қатын, шүйкебас, бозөкпе, сүмелек, тажал, байқұс т.б. Алғыс-тілек мәнді: жолың болғыр, алла жар болсын т.б.

Варваризмдер - тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасы - адамдардың әртүрлі тақырыпта өзара сұқбаттасуынан басқа дәріс оқыған кезде, сұхбат бергенде, теледидардан сөйлегенде қолданылады. Кітаби лексика бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады. Қазіргі кітаби лексика – сөйлеу тілінің тұрмыстық қарапайым, лексикасынан басқа, әдеби нормалық белгілердің қатаң сақталуын талап ететін ғылыми, ресми құжат стильдерінде, көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер жатады. Экспресивті – эмоционалды лексика адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы .

Дәрісті қорытындылау:

1.Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады.

2. Тұрмыстық – қарапайым лексика – күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады.

3. Варваризмдер - тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді.

4. Кітаби лексика бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады.

№ 10 Дәрістің тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.

Дамудың барысында тілдің сөздік құрамынан кейбір ескірген сөздердің шығып қалуы немесе өте сирек қолданылуы мүмкін. Мұның есесіне сөздік құрамға уақыт озған сайын туынды сөздер қосылып отырады және ондағы сөздер мағыналық жақтан да дамиды. Сөздердің көнеру, қолданылудан шығып қалу үдерісінен гөрі туынды сөздердің жасалып, сөздік құрамға қосылып отыру үдерісі тілдің лексикасына өте-мөте тән үдеріс болып саналады. Тілдегі көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: aрхаизм сөздер және тарихи сөздер. Әр халықтың тұрмыс-салтына, күнкөріс тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, әртүрлі баскаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп мүлде қолданылмай қалып қойған сөз — архаизмдер деп аталады. Өздері белгілеген заттар не құбылыстар өмірден қолданылудан қалады да да, осының нәтижесінде олардың атаулары – сөздер де көнеленіп, активті сөздерден шығып қалады. Мұндай сөздер тарихизмдер деп аталады. Қазірде басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады. Неологизмдер- тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады. Неологизмдер лексикалық және семантикалық болып екі түрде кездеседі.

Дәрісті қорытындылау:

1. Тілдегі көнерген сөздер екі топқа бөлінеді: aрхаизм сөздер және тарихи сөздер.

2. Қазірде басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады.

3. Өздері белгілеген заттар не құбылыстар өмірден қолданылудан қалады да да, осының нәтижесінде олардың атаулары – сөздер де көнеленіп, активті сөздерден шығып қалады. Мұндай сөздер тарихизмдер деп аталады. 4.Неологизмдер- тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]