Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ea29e69f-3685-11e3-a987-f6d299da70eeОҚУ-ӘДІСТ....docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
54.68 Кб
Скачать

1 Глоссарий

Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілкті тармақтарын, бөліктерін айтамыз.

Термин сөздер деп ғылым мен техниканың, мәдениет пен шаруашылық -тың түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздерді айтамыз.

Фразеология - тұрақты тіркестер туралы ғылым.

Эмоциональды-экспрессивті сөздер. Адамдардың көңіл - күйі немесе белгілі бір затқа , құбылыстарға қатысты түрлі көқарасын білдіретін сөздер.

Омографтар- біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер.

Омоформалар деп сөздердің барлық формаларында емес, формалардың белгілі бір түрінде ғана бір-бірімен омонимдес болып келуін айтады.

Паронимдер деп ешбір мағыналық байланысы жоқ, бірақ айтылуда бір-біріне өте жақын, тіпті бірдей айтылатын,әр басқа сөздер.

Каламбур. Омонимдер мен омографтардан, омоформалар мен паронимдерден кейде каламбур жасалып, сықақ, әзіл ретінде қолданылады.

Омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер.

Варваризм тілде баламасы бола турса да, шет тілден орынсыз сөздер қосып сөйлеу, я сол тілдегі сөзді бұзып сөйлеу.

Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды.

Неологизм өндіріс пен ғылымның, мәдениет пен шаруашылықтың түрлерімен байланысты тілде жаңадан пайда болған және әзірше көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздер.

Тарихи немесе диахрониялық лексикология тілдің сөздік құрамы,шығуы,замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихи тұрғысынан зерттеу.

Сипаттама немесе синхрониялық лексикология тілдің лексикасының осы заманғы қалпы тұрғысынан қарастыру.

Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің сөздік құрамын,ондағы сан алуан сөздерді бір бірімен салыстыра отырып зерттеу.

Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер.

Терминология өндіріс пен техниканы әр саласына тән терминдер.

Архаизмдер - әр халықтың тұрмыс-салтына, күнкөріс тіршілігіне, дүние танымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, әртүрлі баскаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп мүлде қолданылмай қалып қойған сөздер.

Тарихизмдер қазіргі қазақ тілінде өткен дәуірдегі қоғамдық белгілі ұғымдарды білдіретін және лексиканың қазіргі дамыған дәуірінде қолданылмайтын сөздер.

Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді.

2 Дәрістер

1 Модуль. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, салалары, зерттелуі. Сөз мағынасының дамуы.

№1 дәріс тақырыбы: Семасиологияның зерттеу нысаны. Сөз – лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына.

Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Лексикологияның енді бір саласы салыстырмалы лексикология. Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология, лексикография, этимология, семасиология деп аталатын түрлері бар. Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін ономастика ғылымымен де лексикология өзара тығыз байланысты.Ол өз ішінде антропонимика және топонимика болып бөлінеді.

Қазақ тіл білімінің лексикологиясы саласы 1950 ж. зерттеле бастады. Бұл кезеңде лексикологияның жалпы мәселелеріне арналған Н.Сауранбаев, С.Аманжолов ,Ғ.Беғалиев, Ғ.Мұсабаев еңбектерінен басқа омонимдер туралы К.Аханов, синонимдер жайында Ә.Болғанбаевтың т.б. зерттеулері бар.

Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі — сөз. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөз өзімізді қоршаған кең дүниедегі зат пен құбылыстың атауы болғандықтан, оларға тән телінді дербес өзіндік мағынасы болады. 1. Сөз - өте-мөте күрделі тілдік бірлік. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Осы екі жақтың бірлігі – сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек сөз – дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес бірлік.

Дәрісті қорытындылау:

1. Лексикология- тілдің лексикасын, сөздің құрамын зерттейтін ғылым .

2. Лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология, салыстырмалы лексикология болып бөлінеді.Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология, лексикография, этимология, семасиология деп аталатын түрлері бар.

3. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды.

4. Ұғым – заттың немесе құбылыстың басты белгілерінің ойда қорытылып , топшыланған бейнесі.

№2 дәріс тақырыбы: Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері.

Сөздердің беріп тұратын негізгі ұғымы лексикалық мағына, ал сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына болып табылады. Лексикалық мағына - сөздерді бір бірінен ажырытып танудағы ең негізгі мағына,ол арқылы сөз жеке даралық қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс,әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. 1950ж. В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді:1) тура немесе номинативті мағына 2) фразеологиялық байлаулы мағына 3) синтаксистік шартты мағына.

Сөздің негізгі мағынасы - айтушы мен тыңдаушыға ортақ нақты заттық ұғымды білдіретін мағына. Сөздің тұрақты мағынасы- сөзді контекстен бөліп алып ешбір тіркессіз, өзіне арнулы негізгі мағынамен бірге тұрақты мағынасы айқындалып тұрады. Сөздің нақты және абстракты мағынасы - Бір сөзге берілген түпкі атауы – нақты мағына болса, сол сөздің жалпылама ұғымды білдіруі абстракт мағына болып табылады. Сөз мағынасы әуел баста көп болмаса да, бертін келе дамып, молайып отырған. Бір сөздің уақыт өте келе әр қолданыс сапасына қарай, әр түрлі себептермен әр заттың не құбылыстың атауы болып жұмсалуы заттың контекстік мағынасы болады. Сөздің әуел баста берілген және нақ сол зат атауын білдіретін мағынасы – тура мағына болып табылады. Ал сөздердің негізгі мағынасынан дамып,соған ұқсатыла айтылатын, сәл ауытқи қолданылатын сөз мағынасы ауыс мағына.

№3 дәріс тақырыбы: Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері.

Сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер. К.Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен. Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика – семантикалық тәсілі арқылы, сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде, сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы, кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады.Омонимдік қатарға енетін сөздердің түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады. Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Синонимдер сөз тудыру тәсілдері арқылы, кірме сөздер арқылы, әдеби тіл лексикасының диалект сөздердің есесінен толығу нәтижесінде, жеке сөздердің айрықша синонимі ретінде қолданылатын тұрақты сөз тіркестері арқылы, әдеби тілдегі сөздер мен термин сөздер мәндес келуі арқылы, тілде белгілі эвфемизм, дисфемизм, какофемизмдер басқа бір сөздермен немесе сөз тіркестерімен келуі арқылы, сөздің мағыналық жағынан дамуы, қосымша мағынаға ие болуы нәтижесінде синонимдер жасалады. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер.

№4 дәріс тақырыбы: Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.

Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен бірге оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөркілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады. Эвфемизм - бір затты немесе құбылысты я болмаса бір уақиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы. Эвфемизмдердің жасалу жолдары әр түрлі. Солардың ішінде ең өнімділері троптың түрлері арқылы, атап айтқанда, метафора, синекдоха, метонимия, литота тәсілдері арқылы жасалған эвфемизмдер жиі кездеседі.

Дисфемизм құбылысы эвфемизмге қарама –қарсы құбылыс.Тілдегі әдепті сөздерді әдепсіз тұрпайы сөздермен ауыстырып айту құбылысын тіл білімінде дисфемизм деп атайды.

Дәрісті қорытындылау:

1. Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты.

2. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады.

3. Эвфемизм - бір затты немесе құбылысты сыпайылап айтып жеткізу амалы.

4. Тілдегі әдепті сөздерді әдепсіз тұрпайы сөздермен ауыстырып айту құбылысын тіл білімінде дисфемизм деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]