Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKB_lek.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

[Gl] 13-тақырып. Валюта жүйесі мен валюталық қатынастар түсінігі.[:]

Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болғпн. Олардың келесі даму кезендері Лиондағы

« вексель жәрменкелері » мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары боллды ,онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді.

Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен , дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен , халықаралық енбек бөлінісінің терендеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына , сондай – ақ бөлу , айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына , саяси жағдайға , елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылықбайлыныстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихы түрде қалыптасқан валюталық – экономикалық қатынастар жиынтығы ; ұйымдық – зандық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық – экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік – құқықтық формасы.

Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық , дүниежүзілік , аймақтық.

Басында елдігі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресуртарды қалыптастыруға және пайдалануға , халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастардын жиынтығы ретінде Ұлттық жүйе пайда болады. Ұйымдық – зандық тұрғысын қарағанда – бұл шаруашылық байланыстандыру интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық зандармен бекітілген , елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудын мемлекеттік – құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып , өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшеліктері ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардын даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүнеижүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім – шарттармен бекітілген халықаррлық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы – Дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілк валюталық жүйелердін мұндай байлыныстығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді , себебі олардың міндеттірі , қызмет етуі және реттеу шарттары , жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын , яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін , мемлекетаралық валюталық реттеуледе және валюталық саясатты шоғырлантыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренасындағы күштердің орналастырылуымен , өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар , олардың элементтерінен байқалады.

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға – елдің ақша бірлігіндеріне негізделеді.

Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын , басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін , валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайданылатын алдындағы қатарлы елдерден айырбастаоған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

  • дүнтежүзілік өндірісте , тауарлар мен капитал экспорттарына елдердің билік ету позициясы;

  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің дамыған торабы;

  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін , халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдағы және валюталық шектеудің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент - елдің экономикасына байланысты жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі , сауда және валюталық шектеулердің болмауы , девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар , ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төмен балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайысыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар береді.

Халықаралық есептік ақша білігі – валюталық паритет пен валюталықбағамды белгілеу , халықаралық талаптармен міндеттемелер өлшеу үшін шарты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы ) және ЭКЮ ( еуропа валюта бірлігі ) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма – қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР – Халықаралық валюталық қорда , ЭКЮ – Еуропалық қауымдастыққа ынтамастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық « қоржынға » кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

Валюталық « қоржын » 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы – несиелік ұйымдарда қолдаманылады. Осы топтағы валюталар саны , олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленгеді.

Валюталардың орташа өлшемді құны , топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнынан сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық « қоржын » бес валютадан тұрады ( 1.01.1991 ж. Жағдай бойынша ) : АҚШ доллары – 11% , неміс маркасы – 21% , жапон йені – 17% , француз франкі – 11% , фунт стерлинг 11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементтің сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айыбасталатын , ақша бірліктері ретінде еркін конверсиялатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын;

  • « еркін пайдаланылатын валюта » , яғни халықаралық есеп айырысуда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;

  • Валюталық шектеулері бар , жартылай конверсияланған елдің валюталары;

Валюталық паритетбұл валюталық бағамының негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді . ХВҚ Жарғысы бойынша малюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.

Ұлттық валюталықы жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу обьектісі болып маналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою , яғни валюталық шектеу енгізілуде.

Халықаралық ақшадай талаптар мен міндеттемелерді мемлекетаралық реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем қабілетін сипаттайтын – халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын , Халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция , СДР және ЭКЮ – дағы шоттар кіреді.

Аймақтық валюталық жүйелерінің пайда болуының себептерінің біріне жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйевалюталық бағамдарының ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекет – құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валютаоардың қызмет етуімен қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Валюталық жүйенің даму кезеңдері өндірістің , дүниежүзілік нарықтың , халықаралық еңбек бөлінісінің , дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе -өнеркәсіптік революциядан кейіе алтын монометаллизм басында алтын монета стандарт формасында қалыптасты. 1867 жылы Париж келісімі алтын дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген болатын , себебі ақша айналысы , халықаралық есеп айырысуларды реттеуші ретінде белгілі бір роль атқарады.

Кейінен классикалық алтын монета стандартты өзін түсіріп алды , себебі , ол дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 жылы валюталық шектеу енгізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық былықтан соң , алтын девиз стандарты құрылды.

Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 жылы Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девмз стандарты базасында қызмет етті. Ол кезендерде резервтік валюта мәртебесі рессми түрде бір валютаға бекітілмеді , бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.

Үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1944 жылы Бреттон – Вудтағы валюта – қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылар 44 ел болды , Халықаралық Валюталық Қорының жарғысы бекітіліп , онда дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:

  • Алтынға және екі резервтік валютаға ( АҚШ доллары және фунтсерлигке ) негізделген мемлекетаралық алтын девиздік стандартың жүйесі беогіленді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарды сақталып , ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді;

  • Валюталық саясат және валюталық шектеу халықаралық келісімшарттарға бағынды;

  • Валюталық париететтер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді , паритетті өзгерту тек қана халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске асты;

  • Валюталық бағамдардың режиьі белгіленді.

60 – жылдардың аяғынан бастап , үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе құрылды. Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Ямайкада 1976 – 78 жж Халықаралық Валюталық Қорға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Мұнда Халықаралық Валюталық Қорының жарғысына түзетулер енгізді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидалары мыналар:

  • СДР стандарты негізілді , бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды , себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланды (валюталық « қоржындағы » доллардың үлесі 40 пайыз , ресми валюталық резервтерде 60 пайызға жүық ). Бірақ Халықаралық Валюталық Қорға мүше елдерге валюталық патитеттерін кез келген валютада белгілеуге құқық берілді , соның негізінде көп валюталық стандартқа өту заңдастырылды.

  • Алтынды демонетизациялауға занды түрде тыйым салынады : ресми баға , алтындық паритет алынып тасталынып , доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды;

  • Валюталық бағамдар режимін тандауға құқық берілді ( 1973 жылы 6 науырыздан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі еңгізілді );

  • Халықаралық Валюталық Қор арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.

Сонымен дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі жүйені құлатуға және оны жаңа мен ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда 3 кезенді бөліп қарауға болады:

  1. жаңа валюталық жүйені құру , алғышарттарын қалыптастыру , қағидаларын анықтау ;

  2. құрылымдық біртұтастығын қалыптастыру , құрыды аяқтау , жаңа жүйенің қағидаларын біртіндеп іске қосу;

  3. біртұтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.

Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері 1979 жылы науырызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканын өсуін қолдау мақсатында Еуропалық валюталық жүйесін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүші елдердің валюталық бағамдарының айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта бірлігіне негізделді. Кез келген мемлекеттің халықаралық экономикалық , саяси және мәдени қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды көрініс табады.

Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады , себебі ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлуді көрсетеді.Сондақтан ішкі жиынтық өнім ( ІЖӨ - ВВП ) мен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен міндеттелердің таза сальдосы есептелінеді.

Халықаралық есеп айырысу баланстары ол бір мемлекетпен басқа мемлекеттерге қарағанда ақшалық талаптарымен міндеттемелерінің және түсімдерімен төлемдерінің арақатынасы.

Халықаралық есеп айырысу баланстарының негізгі түрлері мыналар :

  • төлем балансы;

  • есеп айырысу балансы;

  • халықаралық қарыз балансы.

Төлем балансы деген белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің шет елге төлеген валюталық сомасымен оған шет елден түскен сомасының арақатынасы. Белгілі бір мерзімнің ( ай , тоқсан , жыл ) және бір күндік төлем балансы болады. Бір күндік төлем балансы статистикалық көрсеткіш ретінде жарияланбаса да , ол белгілі бір мерзімге дейін орындалуға тиіс төлемдермен түсімдердің арақатынасындағы өзгерістерді көрсетеді. Белгілі бір мерзімін төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен түсімдердің арақытынасын көрсетіп , мемлекетің халықаралық экономикалық қатынастардағы өзгерістерін және елдің экономикалындағы жағдайын білуге көмектеседі.

Төлем балансы операцияларының сипатына қарай негізгі екі бөлімді біріктіреді :

  1. ағымдағы операциялар балансы;

  2. капитал және несие қозғалыстарының балансы.

Ағымдағы операциялар балансы – сыртқы сауда операция бойынша тлемдермен түсімдерді , яғни сауда балансын және көрсетілген қызметтер балансын , яғни формасы бойынша да , экономикалық мазмүны бойынша да әр түрлі , сонымен бірге комерциялық емес операциялар бойынша төлемдер мен түсімдерді біріктіреді. Ондай операциялардын қатарына жүк тасмалы , байланыс , сақтандыру , комисиялық операциялар , халықаралық туризм , іскерлік сапар шегу , мәдени айырбас , дипломатиялық және саудалық өкілдіктердің жұмысын ұйымдастыру , лицензия беру , техникалық көмек , лизинг операциялары , өнер табысы , шетелдегі әскери шығындар кіреді немесе оларды басқаша айтқанда « көрінбейтін » операциялардың балансы деп те атайда. Халықаралық әдістеме бойынша несие бойынша пайыздар және шет ел инвестициясы бойынша дивидендтер көрсетілген қызмет түрлеріне еңгізілген , бірақ экономикалық мазмұны бойынша олар капитал және несие қозғалыстарына жатады. Капитал және несие қозғалыстарының балансы – ол жеке және мемлекеттік капиталдарды әкелу мен әкету бойынша , алынған және берілген халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен түсімдердің арақытынасы. Кәсіпкерлер капиталының қозғалысы тікелей шетелдік инввестиция ( кәсіпорынға ) және портфельдік қаржы жұмсау ( бағалы қағаздарға ) формасында жүзеге асырылады. Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы ұзақ мерзімді , орта мерзімді және қысқа мерзімді несие түрлерінде болады. Мемлекеттердің тұрақсыз валюта – экономикалық жағдайында «ыстық ақшаның » стихиялық қозғалысы пайда болып , капитал жоғарылау табыс табу және сенімді баспана іздеу қозғалысында болады. Төлем баланасының осы бөлімінде «қателер және қалдырып кету » деген тарауында статистикалық дәлсіздіктер және есептелмеген операциялар , сондай – ақ капиталдың стихиялық қозғалысындағы дәлсіздіктер көрсетіледі.

Есеп айыру балансы деген бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қойған валюталық талаптары мен міндеттемелерінің ара қатысы. Бұндай талаптар мен міндеттемелер тауарлар мен кызыметтерді экспоттау ( импорттау ) нәтижесінде , сондай – ақ заемдар мен несие бергенде ( алғанда ) пайда болады. Есеп айрысу балансы : белгілі бір мерзімнің және белгілі бір мерзімге деп екіге бөлінеді.

Төлем балансы мен есеп айырысу баланстарының бір – бірнен негізгі айырмашылықтары төмендегідей :

  • төлем балансына тек іс жүзінде жүргізілген түсімдер мен төлемдер кіреді; есеп айырысу балансына елдің шет елге қойған талаптары мен міндеттемелері кіреді.

  • Есеп айырыу балансында барлық алынған және берілген несиелер көрсетіледі , оның ішінде төлем балансына кірмейтің өтелмеген несиелер де көрсетіледі;

  • Төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы - активтік несие посивтік бір – біріне сәйкес келмейді әдетте олар қарама – қарсы болады , себебі несие беруші елдердің ( АҚШ , Жапония және т.б. ) есеп айырысу баланстары активтік болады , ал төлем балансы әлсін - әлсін , әсіресе ағымдағы операциялар бойынша посивтік болады. Борышқор елдердің посивтік есеп айырысу балансы кейде активтік төлем балансымен сай келеді;

  • Төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кіргізіледі , ал есеп айырысу балансы болашақта несие алумен төленетің 10 тауар айналымының төленбеген бөлігін қамтиді.

Халықаралық қарыз балансы - өркендеген және өркендейші елдердің статистикасында кең қолданылатың мәліметтер жиынтығы. Оның есеп айырысу балансына ұқсастығы болғанымен одан қаралатын тарауларының жиынтығы мен және кейбір елдердің өз ерекшеліктерімен айрықшаланады.

Төлем балансының сальдосын анықтағанда оның тараулары негізгі және баланстандырушы болып екіге бөлінеді. Негізгі тарауларға – ағымдағы операциялар мен ұзақ мерзімді капиталдың қозғалысы , ал баланстандырушы тарауларға – валюталық резервтердің қозғалысы , қысқа мерзімді активтердің өзгерістері , шет ел көмегенің кейбір түрлері , сыртқы мемлекеттік заемдар , халықаралық валюта – несиелік ұйымдардың несиелері және т.б. төлем балансының сальдасын толықтырушы көздер жатады. Баланстың негізгі және баланстандырушы тарауларының қорытынды көрсеткіштері бірін – бірі өзара өтеуі қажет , яғни баланс формальді тепе – тең болуы қажет.

Егер төлемдер негізгі тараулардың түсімдерінен артық болса , онда баланстың жетіспеушілігі баланстандырушы тараулар есебінен толықтандырылыды. Дәстүр бойынша ол үшін заемдармен кәсіпкерлердің әкелген капиталы қолданылады. Бұл төлем балансының жетіспеушілігін толтырытың уақытша әдіс , себебі қарыздар – елдер заемдардың негізгі соммасын , оған қоса пайыздық өсім және дивидендтер төлеу қажет.

Төлем балансын тепе – тендікке келтіретін ақырғы әдіс – мемлекеттің ресми алтын валюта резервтерін қолдану. Халықаралық міндеттелерді әтеу құралы – еркін айырбасталатың шет ел валютасы. 1970 жылдан төлем балансының кемшілігі толтыруға қажетті шет ел валютасын алу үшін - Халықаралық Валюталық Қорының бір елдің шотынан екінші елдің шотына валюта аудару арқылы СДР қолданыла бастады. Ал 1979 жылдан Еуропалық валюта жүйесіне мүше – елдер осы мақсатқа ЭКЮ – ді қолдана бастады.

Төлем балансының көмекші баланстандырушы құралы болып шет ел және ұлттық бағалы қағаздарды шет ел валютасына сату , сол сияқты жәрдем , си лық несие түрлеріндегі шет ел « көмектері » де есептеледі. Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процессі белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі. Әр түрлі мемлекеттердің ақша өлшемдерінің арақатынасы , яғни басқа елдің ( немесе халықаралық ақша өлшемінде ) ақша өлшімімен көрсетілген ақша өлшемінің бағасы валюта бағамы деп аталады. Валюта бағамы халықаралық аралық валюталық , есеп айырысу , несие – қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет.

Валюта бағамы қайта есептеу коэффициенті емес , ол шетел валютасымен немесе халықаралық өлшемдермен ( СДР , ЭКЮ ) көрсетілген осы мемлекеттің ақша өлшемінің бағасы. Валюта бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы қалыптасады. Валюта бағамын қалыптастырудың негізгі – оның сатып алу мүмкідігі.

Валюта бағамының қалыптасуы – көп факторлық процесс. Валютаға сұраныс пен ұсынысқа әсер ететің факторлар ныналар:

  • Инфляция қарқыны;

  • Пайыз мөлшерінің деңгейі

  • Бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі

  • Төлем балансының жағдайы.

Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретің факторлар. Мысалы , егер басқа факторалар келесі әсер етпесе , басқа елдермен салыстырғанда елдегі инфляцияның қарқыны жоғары болған сайын оның валютасының бағамы соғұлым төмен болады. Елдегі ақшаның инфляциялық құнсыздануы оның сатып алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта бағамының құлдырау процеесін тудырады.

Мемлеттің активтік төлем балансында оның валютасына шет ел борышқорларының сұранысы артады , сол кезде оның бағамы көтерілуі мүмкін. Мысалы , 80 жылдардың алғашқы жартысы АҚШ жоғары пайыздық мөлшер саясаты ( басқада факторлармен қатар ) Батыс Еуропа және Жапонияда 500 млрд. Доллардан астам мөлшерде инвестицияның құйылынуына жағдай жасады. Қарытындысында доллардың бағамы көтерілді , ал осы факторлардың әсерінен инвестор – елдердің валютасының бағамы төмендеді.

Сонымен қатар валюта бағамына әр түрлі саяси , саудагерлік , психологиялық факторларда әсер етуі мүмкін.

Әр бір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістерін әр түрін қолданады. Ол әдістерінің негізгілері мыналар:

  • Валюталық инвестервенция ( Орталық банктың ұлттық валютаға шет ел валютасын сатып алып – сатуы );

  • Орталық банктың ашық нарықтағы операциялар ( бағалы қағаздарды сабып алу – сатуы );

  • Орталық банктың пайыздық мөлшер деңгейін және міндетті резервтер нормасын өзгертуі.

Валюта бағамын белгілеу , яғни валюталарды айырбастау қатанасын анықтауды валюталық катировка ( баға белгілеу ) деп атайды. Валюта нарығында валюта бғасын белгілеудің екі әдісі бар , тікелей және жанама. Тікелей катировка деп шет ел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жанама катировка деген ұлттық валютаның бағаман шет ел валютасының белгілі бір санының көрсетуі. Жанама катировка әдісін Ұлыбритания , ал 1987 жылдан бастап Брен – саран АҚШ қолдана бастады.

Банк аралық валюта нарығаның операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау басымырақ , бұл доллардың халықаралық төлем және резервтік құрау ретіндегі ролі мен түсіндіріледі. Банктер сауда өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамы белгілегенде әдетте крос – курсты негіз етіп алады. Крос –курс екі валюта бағамдырының үшінші валютаға ( әдетте АҚШ долларына ) қатысты арақатысы.

Банкиер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгіледі. Сондай – ақ ресми, банк аралық , биржалық валюта катировкалары болады. Ресми валюталық катировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу мақсатында , кедендік төлемдерде , төлем балансын құрастырғанды қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөлігі биржадан тыс банк аралық валюта нарығанда өтетіндіктен , бұл елдердің ішкі нарықтағы қолданатың негізгі бағамы банкаралық баға. Банкаралық катировканы ірі комерциялық банктер белгілейді.

Валюта нарығында басқа қатасушылар банкаралық бағамға бейімделеді. Ол банк клиентері үшін баға белгілеу реттінде қолданылады. Биржалық бағам анықтама сипатында болады. Биржалық катировка валютаны сатып алу – сату үшін биржаға түскен қарыздарды жүйелі түрде салыстыру негізінде құрастырылады.

Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамының төмендеуі , әдетте , экспортшыға тиімді, себебі ол қымбаттаған шет ел валютасымен түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға ( егер 1 долларға тенгенің бағамы 120 тенгеден 125 дейң төмендесе онда 1 долларға келетің түстеме 5 тенгеге тең ) айырбастаған кезде экспорттық сиақы алады. Демек , экспортшылар бғасы орташа әсемдік бағадан төмен тауарларды алып кетуді кенейту жолымен өзіне түсетің тайданы ұлғайту үшін ұмтылады.

Бұл тұста импортшылар ұтылады , себебі валютаны келесім – шарт бағасымен сатыа алу қымбатқа түседі. Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көрсетілген іс жүзіндегі қарыз төмендейді, бірақ сатуап алуы қымбатқа түсетің шет ел валютасымен көрсетілетің сыртқы қарыз өседі.

Шет ел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы ұлттық валютаның бағамының өсуі , негізінде халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсірін тигізеді. Валюта бағамының ауытқу салдары елдің валюта – экономи-калық және экспорттық потенциялына, оның әледік шаруашылықтағы орын-ына байланысты болады. [kgl]

[gl] 14-тақырып. Халықаралық валюталық - несиелік институттар.[:]

Халықаралық валюта қоры. ХВҚ 1944 ж өткен Бреттон-Вуд валюта-қаржы конференциясының шешімімен БҰҰ арнаулы органы ретінде ашылып, ол өзінің жұмысын 1947ж бастады.

ХВҚ- ол үкімет аралық валюта-қаржылық ұйым, оның мақсаты өзінің мүше-мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастарды реттеу, төлем баланстарының тапшылығын жабу үшін оларға қысқа және орта мерзімде шетел валютасымен кредит беру. Алдымен ХВҚ мүшелері болып 35 мемлекет енді, 2006ж оның саны 184 ке жетті. Қазақстан соған мүше болып 1992 ж енді.

ХВҚ-өзінің құрылымы жағынан акционерлік қоғамға ұқсайды. Сондықтан оның қызметіне әр елдің жарлық қорына қосқан үлесіне (квота) қарай әсер етеді. АҚШ онда ең көп квотаға ие, сондықтан оның банктың саясатына ықпалы жоғары.

Әлемдік банк және оның ұйымдары. Әлемдік банк өз жұмысын 1946 жыодан бастады. Алғашқы кредиттерді Батыс Европа елдерінің соғыстан қираған экономикасын қалпына келтіруді қаржыландыру үшін берілген болатын. 1960 жылдан бастап ол дамушы елдерге өздерінің кредиттерімен көмектесті, сөйтіп олардағы экономикалық және әлеуметтік прогрессті қалыптастырады.

Әлемдік банк екі үлкен ұйымнан тұрады- Халықаралық қайта құру және даму банкісі (ХҚДБ) және Халықаралық даму ассоцияциясы (ХДА). Сонымен қатар, банкінің құрамына мынадай ұйымдар кіреді: дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын қаржыландыруға бағытталған Халықаралық қаржылық корпорациясы; Инвестициялық дауларды реттеуші Халықаралық орталық; Инвестициялар кепілдемесінің көпжақты агенттігі.

Қазақстан Әлемдік банкінің мүшесі ретінде оның кредитін пайдаланушы болып табылады. Оның кредитімен ондаған республика үшін маңызы зор жобалар қаржыландырылуда.

Европа қайта құру және даму банкі. Европа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралық қаржы мекемесі ретінде құрылған. Оның құрылтайшыларына Европа елдерімен қоса, Албания, АҚШ, Канада, Марокко, мексика, Египет, Израиль, Жапония банкілері жатады. Банк жарғысы бойынша барлық ХВҚ мүшелері ЕҚБД-нің мүшесі бола алады. ЕҚБД штаб пәтері Лондонда. Өз жұмысын бұл банк 1991ж сәуір айынан бастады. ЕҚБД басты міндеті- бұрынғы социолистік елдерге саяси жүйенің өзгеру кезеңінде жаңадан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасау үшін инвестиция беру, жекелендіруге, табиғатты қорғау және т.б салаларды қолдау болып табылады. [kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]