Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKB_lek.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

[Gl] 10-тақырып. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Қызметтері мен операциялары.[:]

ҚР Ұлттық банкінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін Ұлттық банк өзінің алдында келесі міндеттерді қояды:

  1. ақша несие саясатын жүргізу:

  2. төлем жүйесінің қызметін қамтамасыз ету:

  3. валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру:

  4. қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ұлттық банктің міндетті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:

  1. ҚР-нда мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу:

  2. ҚР-нда қолданылатын банкнота және монетаны эмиссиялау;

  3. банктердің банкі қызметін атқару;

  4. Үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару:

  5. Банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі:

  6. Валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі:

  7. Елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі:

  8. ҚР үкіметтінің және Ұлттық банктің мемлекеттік қарызын өтеуге қатысады:

  9. Банктерге және Ұлттық банктің басқармасыының шешімімен Ұлттық банкте банктік шот ашатын заңды тұлғаларға несие беруге құқылы және сонымен қатар банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болып табылады.

  10. төмендегі банктік операцияларды жүргізу тәртібін анықтайды: банктерге және мекемелерге корреспондеттік шоттар ашу және жүргізу, кассалық операциялар, аудару операциялары, есептеу операциялары, банкаралық клиринг, сейфтік операциялар, ломбардтық операциялар, төлем карточкаларын және чек кітапшаларын шығару және т.с.с.:

  11. Банкнота мен монеталарды есептеу, сақтау және инкассация тәртібін тағайындау;

  12. Өз балансын және басқа да барлық банктердің құрама баланстарын құрастыру және оларды жүйелі түрде жариялау:

  13. Еліміздің төлем балансын құрастыру:

  14. ҚР қаржылық министрлігінің бірыңғай қазыналық шотына қызмет жасау:

  15. ҚР заңдарына сәйкес басқа да операцияларды жасау.

Арнайы провизиялар Ұлттық банктің шығыстары есепінен күмәнды және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозит-терден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығын-дардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құралып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді. [kgl]

[gl] 11-тақырып. Жалған капитал және оның нысандары. [:]

Жалған капиталдың болуын К.Маркс «капиталдану» деп атады. Ал капиталдану – мүліктің немесе нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген ұғым.

Жалған капитал деген – қосымша құнның (табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе пайыз түрінде иеменденетін құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға төменгі жағдайлар себеп болды:

Біріншіден, табыс көзі – тауар өндірісі, ал бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік капитал мен, яғни нақты капитал мен тікелей байланысты. өнім өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі. Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс, тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады.

Екіншіден, бағалы капиталдың капитал болып есептелетін себебі, оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары иррационалдық сипатта болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы капиталды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.

Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, және одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда капиталдың бағасы оған тура пропорцоналды өседі. Керсінше, егер капиталды ұсыну сұраныстан жоғары болса және банктік пайыздың деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді. Мысалы, бағалы қағаздардан түсетін жылдық табыс 5000 теңге делік, ал қарыз пайызының деңгейі 5 пайыз болған жағдайда бағалы қағаздардың бағасы 100 мың теңге болады;

(5000*100)/5 = 100 мың теңге

Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын нарықтық құн.

Жалған капитал нақты және қарыз капитал дарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынандай ерекшеліктері бар:

  1. жалған капиталдың өз құны өте аз, бірақ бағалы қағаздардың кейбір түрлері капиталдың орнында жүреді:

  2. бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен басталады, ал нақты капиталөндіріс аясына қызмет көрсетеді:

  3. жалған капиталдың мөлшері (бағалы қағаздардың сатылатын жиынтық бағасы) бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістегі нақты капиталдан өз мөлшеріне байланысты болады:

  4. жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруіне дәл кемиді. жалған капитал нақты капиталға қарағанда тез өседі.

Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиалынан да айырмашылығы бар: біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз – несиелік құжат немесе бағалы қағаздар түрінде айналымда болады. Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына байланысты болады. Ол дивиденд немесе пайыз түрінде түседі. Бағалы қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына көбіне тәуелді болмайды.

Сонымен бағалы қағаздар қарыз капиталдың орналастыратын ортаның тек біреуі ғана. Жалған капиталдан сан жағынан қарыз капиталынан көп және айналыста бір–біріне дәл келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың мөлшері жағынан бір–біріне дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді.

Бағалы қағаздар – акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрінде көрінетін капитал.

Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлік, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз. Ол қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарынана қарай акционерлердің дивиденттер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын құжат. Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады.

Акцияның мәлімдеуші және атаулы түрлері болады.

Мәлімдеуші акция – бұл оның иесіне компанияның акционері екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді.

Атаулы акцияларды шығару барысында акционерлік қоғамды иенеушілер ретінде тек компанияның акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар бола алады.

Сондай–ақ, акциялар жай және артықшылығы бар акцияларға бөлінеді. Жай акциялар оны иеленушілерге қарастырылған акционерлік құқық негізінде акционерлік қағамның табысына сәйкес алып отыруға құқық береді. Артықшылығы бар акциялар жай акциялармен салыстырғанда оның иеленушілер үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі бір артықшылықтарды қарастырады. Артықшылықтар әр түрлі болады. Біреулері акционерлік қоғамның қызметінің нәтижесіне байланыссыз алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген дивиденд акциялар, олар өзінің мәні жағынан облигациядан айырмашылығы жоқ. Екіншілері – тұрақты табысты және басқа да шектеулі мөлшерде қосымша табыс әкелетін акциялар. Мысалы, 10 пайыз деңгейінен асқан жай акциялардың дивидендінің әр пункті үшін артықшылығы бар акциялар бойынша 0,5 пайыздан дивиденттің ең жоғарғы деңгейі 20 пайызға дейінгі мөлшерде қосымша төленеді. Үшіншілері – акционерлік қоғам жойылу барысында, оның мүлкін бөлісуде құқық артықшылықтары бар акциялар.

Облигациялар келесі үш ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын капитал шоғырландыру құралы:

  2. онша қымбат емес және оңай қолжеткізуге болатын борыштық құрал:

  3. ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме.

Облигация деп эмитеттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік деп есептелігбейді. Облигация шығару – қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитеттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады.

Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік – эмиттенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде – корпорация мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстанушының құқы. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Бірақ бұл екі қағаздардың бір–бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар:

  1. облигация иеменденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады, ал облигация корпорацияны несиелеудің куәлігі. Акционер де корпорацияны меншіктеушінің бірі. Акция сол меншіктеудің куәлігі тәрізді.

  2. Облигация иемендеушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері алдын ала бекітіледі және нақты анықталады. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы басқа өтелетін дивиденттерден бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Акционер де дивиденд түрінде төлем алады. Бір дивиденттің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егр корпорация дивиденд төлеу туралы хабарласа, онда акционер корпорацияға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.

  3. басқа неие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, корпорацияны басқаруға қатыспайды. Ал акция иесінің корпорацияның мүліктік мүдесін қорғауда шешуші дауыс беру құқығы бар.

  4. Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ол салық төлейтін пайдадан төленеді. Ал дивиденд салық төлегеннен кейін қалған корпорацияның таза пайдасының өтеледі.

Шаруашылық жүйесінің дамуы мен қоғамның және шаруашылық міндеттердің біртіндеп қиындай түсуі, ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттіліктің маңызын арттыра отырып, әр алуан шаруашылық ұйымдарда шығындарды қаржыландыру үшын және зайымдарды сату жолымен жүзеге асырыуы акциялар шығаруға қарағанда біршама тиімді.

Облигация өзінің заңды және қаржылық сипаты жағынан алғанда ұзақ мерзімді несие құралы ретінде қызмет етеді.

Оны шығару және сатудағы дербестігі, сондай–ақ қор биржасы арқылы кеңірек айналысы, облигацияны ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттілікті қанағаттандыру және капитал жинақтаудың тартымды құралдарының және капитал жинақтаудың тартымды құралдарының біріне айналдырады. Облигацияны сатып алу барысында ақша жұмсайтын инвесторға сақтанудың керегі де шамалы, себебі, оған қаражат керек болған жағдайда, ол облигацияны пайдаланады. Ондай жағдайда, оның облигацияны сатуы немесе кепілге беруі мүмкіндігі болады. Сөйтіп, облигацияны сатып алуға кеткен капиталды қайтарып алады. Екінші жағынан, инвестордың қаражатқа деген мұқтаждығы болмаса, яғни оның ісі ойдағыдай болса, онда ол өзінде бар облигация бойынша ұзақ уақыт бойынша пайыз түрінде белгілі бір мөлшерде немесе тұрақты табыс алып отыруға кепілдік береді. Бірақ осы айтылғандар инфляцияны қатаң бақылауға алғанда ғана мүмкін болады.

Облигацияларды қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитентері мен ұстанушыларына байланысты жіктеуге болады.

Қамтамасыз ету әдістеріне қарай облигацияларда қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп екіге бөлінеді.

Қамтамасыз етілген облигациялар заңды құжаттар мен қамтамасыз етіледі. Ол құжаттар есеп айырысқанға дейін несие берушінің қолында болады.

Қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруда және ұстаушылардың мүдесін қорғаушы делдалдарға үлкен роль беріледі.

Қамтамасыз етілмеген облигациялар – қоғам мүлкімен қамтамасыз етілмеген жай ғана қайтару туралы уәдені білдіреді.

Облигацияны эмитенттері мен ұстанушыларына берілген құқықтарына байланысты көптеген категорияларға бөледі.

Қайтарып алынатын облигациялар – эмтенттеріне номиналдық құнынан алынатын бағада ертерек төлеуге құқық береді. Неғұрлым арнайы өтелу мерзіміне дейін аз уақыт қалса, соғұрлым «қайтару бағасы» төмен болып келеді. Соған сәйкес, мұндай облигациялар бойынша төленетін пайыз мөлшері тұрақты болмайды.

Жинақталған қор облигациялар – бұл пайдадан алынатын қаражатарға сәйкес шығарылатын Облигацияларды білдіреді. Мұндай бағалы қағаздарды сатып алу тең партиялармен сатылап жүргізілуімен қатар, олардың жоғары сапалығын қамтамасыз етеді. Жинақталған қор бойынша жылдық төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет құрамына номиналдық құнның бір бөлігі және жылдық паыз кіреді.

Ұлғаймалы облигациялар оны ұстанушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді.

Қысыңқы облигациялар ұстанушыларына белгіленген шығару шартына байланысты облигацияны тапсыруға құқық береді.

Сериалды облигациялар негізгі қарызды жыл сайын төлеумен қатар, төленетін пайызды жылдан жылға жоғарлатуды қамтамасыз етеді.

Айырбасталатын облигациялар – инвесторларды акционерлік қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын және жай немесе артықшылығы бар акцияларға айналдыруға құқық беретін облигацияны шығаруды білдіреді. Ережеге сәйкес, облигацияны ұстаушы оны акцияға шығарудың белгіленген шартындағы мерзімді алдын ала тұрақты бағамен айырбастауға тиіс. Айырбастау жағдайында кейде ұстаушы аз ғана сыйақы алады.

Ордерлі облигациялар (жыртылған талонмен) – жаңа облигацияларды немесе акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық береді. Сондай–ақ облигациялар акциямен байланысты сатылуы мүмкін, мұнда сауданың танымал қағидасы «жүктеме» қолданылады.

Пайызы белгілі бір ірі банктердің пайыз мөлшеріне байланысты өзгеретін, яғни тұрақты емес, бірақ алдын ала белгіленген минимумнан төмендейтін облигацияларды сатып алуға болады.

Тұрақты табысты өнеркәсіптік облигациялардың акциялардан айырмашылығы, олар номиналдық бағасымен төменгі бағамда сатылуы мүмкін, мысалыға 100 теңгенің орнына 97 теңгеге. Облигация бағасының мұндай мөлшерде төмендеуін дизажио деп атайды. Оған қоса, облигацияның өтелуі кейде келісім бойынша номиналдық құнынан жоғары бағамда сатылуын, яғни 100 теңгенің орнына 104 теңгеге сатылуын айтуға болады. Мұндай үстеме ақыны ажио деп атайды. Ажио облигацияның өтелу мерзімі сәйкес келгенде, пайыздық төлемдермен қатар, қосымша табыс түрінде беріледі.

Ол облигацияның ажио және дизажио пайызына негізделетін табысының сомасы облигацияның сатып алу шартына баға берудегі маңызды көрсеткіш болып саналады. Іскерлік әлемде бағалы қағаздармен түсетін табысты рендит деп атайды. Мысалыға, 5 пайыздық облигация номиналдық бағамынан төмен, 100–дің орнына 95–ке сатылса, онда оның рендиті 5,26 пайыз (5#100\95) құрайды.

Дұрыс есептеу үшін облигацияның мерзімі мен бағамын есепке алу керек. Егер, мысалыға, облигацияның бағамы 100 теңге болып, өтелу мерзімі, 10 жыл болса, онда осы 10 жыл ішінде салым иесі пайызға қосымша 5 пайызға (100-95) тең шамада бағамдық айырманы алып отырады. Бір жылдағы алатын бағамдық пайда 0,5 пункте(5:10), ал жылдық рендит сомасы 5,76 –ға (5,26+0,5) дейін өседі. Сонымен қатар, кейбір елдерде бағамдар айырмасынан алынған пайдаға, облигациялардан алып отыратын ағымдық пайыз түріндегі пайдамен салыстырғанда табыс салығы салынбайды. Бұл жерде салық салынбайтын табыс ретінде бағамдық айырмадан түскен шамалар 5 және 5,76 пайыз жайлы айтылады.

Тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар рендиті мынандай формулада есептелінеді:

Номиналдық пайыз

Рендит =__________________ # 100

Эмиссиялық бағам

Өнеркәсіптік облигацияның көптеген түрлері болады. Иелеріне қарыздарын қайтармай өмірлік пайыз төлеп отыратын облигациялар, сондай–ақ шартты облигациялар және т.с.с. түрлері болады.

Өнеркәсіптік облигациялардың элементтері үшін бірқатар кемшіліктер бар. Өнеркәсіптік облигациялар бойынша төленетін тұрақты пайыз фирма үшін тұрақты шығындардың өсуін білдіреді. Өндірістік құлдырау уақытында мұндай шығындар дивиденттерге қарағанда ерекше сезіледі.

Тұрақты табысты бағалы қағаздарын бағамы әр түрлі болады. Сондықтан да олар қор биржасынды мүделендіру құралы болып табылады. Мұнда бағалы қағаздарды бағамынын өзгерту себебі, әр уақыт кезеңіндегі ұлттық өндірісте жаңа облигациялардын шығуына, тұрақты табыс ұлғайған мөлшерде басқада бағалы қағаздарын шығуына байланысты, соның нәтижесінде бұрын шығарылған бағалы қағаздарын бағамдары өзгереді. Төменгі пайыз мөлшеріндегі облигациялардан, олардын иелері тезірек құтылуға ұмтылып, олардың орнына тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар сатып алады. Мұндай бағалы қағаздарын бағамындағы немесе басқа да бағалы қағаздары бар әрбір иеленуші мынандай міндеттер шешеді. [kgl]

[gl] 12-тақырып. Қор биржасы.[:]

Қор биржасы құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым.

Қор биржасы өзінің қызметін келесі принциптерге сай құрады:

  • Брокер және клиентпен арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде рәсімделеді;

  • Биржада жасалатын барлық мәмлілелер туралы жариялық пен ашықтық;

  • Сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудиторлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.

Қор нарығы сауданың өсуі салдары мен мерзімдік мәміле жасау санының артуынан тұтыну тауарларының нарық қойнауында қалыптсты. Борыш қолхаты болып табылатын қаржылық операциялардың объектісіне вексельдер біртіндеп айнала бастады.

Биржаның бстапқы қалптасуы сонымен қатар мемлекеттік борыштың өсуімен байланысты болды. Қазынашылық вексельге және облигацияға салынатын капиталдар кез келген уақытта ақшаға айналатын еді. Акционерлік қоғамдардың пайда болуымен қатар, биржалық айналымның басты объектісі акциялар болды.

Биржаладың өзін өзі реттеудің пәрменді әдісі листинг болып табылады. Биржа ісіндегі листинг бұл құнды қағаздардың эмитент қатарын биржа тізіміне кіргізу деген сөз. Биржа листингіне енуі компанияның сенімділігі туралы куәләндырылады. [kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]