
- •[Gl] 1– тақырып. Ақшаның мәні мен қызметтері. [:]
- •[Gl] 4- тақырып. Қарыз капиталы, өсімақы және несие. [:]
- •[Gl] 6-тақырып. Екінші деңгейдегі банктердің іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негіздері. [:]
- •[Gl] 8-тақырып. Банк тәжірибесіндегі тәуекелдер.[:]
- •[Gl] 9-тақырып. Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы мен дамуы.[:]
- •[Gl] 10-тақырып. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Қызметтері мен операциялары.[:]
- •[Gl] 13-тақырып. Валюта жүйесі мен валюталық қатынастар түсінігі.[:]
[Gl] 8-тақырып. Банк тәжірибесіндегі тәуекелдер.[:]
Банктерде негізгі қатер оның портфелінің құрылымымен, яғни банк ресурстары салынған қаржылық активтердің жиынымен байланысты болады.
Іс тәжірибеде портфельдік қатердің төрт негізгі түрі белгілі: несие тәуекелділігі, өтімділік тәуекелділігі, пайыз мөлшерлемелерінің өзгеру тәуекелділігі, валюталық тәуекелділігі.
Несие тәуекелділігі қарыз алушының өз қарыз міндеттемесін орындамағанына байланысты орын алатын банк ссудасы бойынша төлемеу қатері.
Несие тәуекелділігін кемітудің бірнеше тәсілдері бар:
Банк ссудасының портфелін әртараптандыру, яғни барлық назарымызды қатерге аударатын несиелеудің «жоғарғы шегін» белгілеу жолымен бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін кеміту. Бұл тәсілді клиенттің несиені қайтаруына сенімсіздік білдіргенде қолданады.
Несиенің өтеу қабілетін, яғни қарыз алушыны несиені өтей алатын мүмкіндігін талдау, көптеген банктер осы тәсілді қолданады.
Несиелерді сақтандыру. Ол сақтандырумен айналысатын ұйымдарға несиенің қайтарылмай қалу қатерін толық табыс етуді ұйғарады.
Өтімділік тәуекелділігі. Ол балансталмаған өтімділіктің тәуеклдігі деп атаған жөн. Ол қаржылық активтердің төлем қаражаттарына жылдам айырбасталуының ысырапсыз жүзеге аспайтынымен байланысты.
Пайыздық мөлшерлеменің өзгеру қатері бұл пайыздық мөлшерлемелердің болжанбаған ауытқуларынан ысырапқа ұшыраудың болу мүмкіндігі.
Валюталық қатер шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының өзгерумен байланысты валюталық ырырап қатері. [kgl]
[Gl] 9-тақырып. Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы мен дамуы.[:]
Тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерде орталықтандыруымен байланысты. Несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерде шоғырланды. Алғашқыда ол банк эмиссиялық банк, кейіннен орталық банк деп аталды. Бұндай атақ оның несие жүйесіндегі басқару роліне сай келеді. Мемлекет заң шығару арқылы эмитент банкті қолдап отырады. Себебі банкноталар шығаратын көптеген ұсақ банктер күйзеліске ұшырағанда, олардың шығарған банкноталары да айналымнан ығыстырылады.
Орталық банктің үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі- оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс-әрекеттерінің тиімділігіне қажетті жағдай. Орталық банктің мұндай тәуелсіздігі жақындаған үкімет сайлауы алдындағы қысқа мерзімді үкімет мақсаттарымен қайшылыққа келеді.
Кез келген Орталық банктің міндеті- ұлттық ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін Орталық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды:
банкноталарды монополиялы түрде эмисиялауы;
ақша-несиелік қатынастарды реттеу;
сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;
банктердің банкісі болу;
үкімет банкісі қызметі.
ҚР-ның Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң КСРО Мемлекетінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990ж желтоқсанында Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, 1995ж наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.
Ол республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі банк, өз қызметін ҚР Президентінің 1995 ж 30 наурыздағы «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді.
Ұлттық банк- заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өздерінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімен Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Ұлттық банктің негізгі міндеті- Ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулығын қамтамасыз ету.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражаттарымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан құрылады.
Ұлттық банктің жоғары органы – басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы,5 лауазымды адам және Президенттен 1, республика үкіметінен 2 өкілі кіреді. Президенттен, республика үкіметі-нен және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Прези-дент, Үкімет және Ұлттық банк төрағасы бекітеді және қызметтен боса-тады.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға кеткісі келсе 2 ай бұрын Президентке алдын-ала арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен республика Президентті төра-ғаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Прези-дентті босатады.
Ұлттық банктің басқармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына кемінде бір рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтыл-ған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган – Директорлар кеңесі. Ол Президенттің « ҚР-ның Ұлттық банк туралы» заң кұші бар Жарығына сай Ұлттық банктің қара-уындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгіленген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті. [kgl]