Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKB_lek.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

[Gl] 6-тақырып. Екінші деңгейдегі банктердің іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негіздері. [:]

Коммерциялық банктер- нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың мақсаты- пайда табу, міндеті- ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады. Олар мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ мемлекет те банктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Банкті ұйымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнайы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен, олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.

Рұқсат берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды. Банктің заңдары мен заң актілерінде банктердің қызметінің ашылуы мен тоқтатылуы реттелініп отырады. Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет:

  • рұқсат беруге арыз;

  • экономикалық негіздеме;

  • алдағы 2-3 жылдағы толық ақпараттарды қамтитын іскерлік болжамды жоспар;

  • құрылтайшылар ұсынатын банк жетекшілерінің (төраға мен бас бухгалтердің) кәсіби жарамдылығы жайлы мәліметтер;

  • құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы аудиторлық қорытынды;

  • жарғылық қор шотына қаражат салғанын растайтын құжат.

Банктің құрылтайшылары ретінде заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ үкімет тұлғасында- мемлекет бола алады. Кез-келген құрылтайшылардың қатысу үлесі мемлекеттен және еншілес банктерден басқалары үшін жарғылық қордың 35 пайыздан аспауы тиіс.

Банкті ашуға рұқсат беру жайлы арыз-құжатты алған мерзімнен бастап, 3 айдан аспайтын уақыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады.

Рұқсат беруден бас тартудың себептері мынада: құрылтайшы құжатының жұмыс істеп тұрған заңдарға сай келмеуі, құрылтайшылардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы, банктің құрылтайшысының, басқарма және жетекші мүшелерінің алдағы қызметтеріндегі заңға қайшы әрекетінің болуы, алғашқы 2 жыл ішіндегі банктің меншікті қаражат есебінен активті операциялар жүргізе алмауы және т.б.

ҚР-ның банктерін тіркейтін кітапта тіркелгеннен бастап, банк заңды тұлға мәртебесін алады. Оған тіркеу номері және банктік операцияларын жүргізуге лицензия беріледі.

Банктер және банктік қызметтер туралы заңға сәйкес, банкті ашуға рұқсат беруде бас тартуды санамағанда, банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензия келесідей жағдайларда қайта қайтарылып алынуы мүмкін:

  • рұқсат береген күннен бастап, 6 айдан аса уақыт ішінде банк өз қызметін бастамаса;

  • Ұлттық банк белгілеген пруденциялық нормативтерді, ҚР-ның жұмыс істеп отырған банктік заңдарды жүйелі түрде бұзу, ҰБ белгілеген нормативтік актілерді бұзу жағдайлары анықталған кезде;

  • Заңмен белгіленген мәліметтер мен есеп берулерді жүйелі түрде бұрмалау;

  • Осы заңмен және банк жарғысы, т.б қарастырылғаннан тыс операцияларды жүргізу кезінде.

Банк бекіткен жарғы негізінде қызмет істейді. Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық, резервтік, сақтандыру және басқа да қорлар құрылады.

Жарғылық қор банктің міндеттемесін қамтамассыз етуінің негізі болып табылады да, акция шығару немесе құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылады. Алғашқы жарғылық қордың ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк бекітеді. Оның мөлшерін көбейту не азайту акционерлердің жалпы жиналысымен анықталынады және өзгеруі Ұлттық банкте тіркеледі.

Алдын-ала белгіленбеген шығындар мен залалдарды жабу үшін банкте резервтік қор құрылады. Ол банктің табысынан жыл сайынғы аударымдар есебінен, жарғылық қор сомасының 25 пайыз көлемінде құрылады және банктің басқармасының шешімі бойынша жұмсалады.

Еншілес банк- жарғылық қордың 50 пайыздан астамы бас банкке тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Банк филиалы- бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме, ол заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілдігі- депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

  • ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;

  • несие беру;

  • шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;

  • төлем құралдарын шығару;

  • бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;

  • сенімхат бойынша клиеттердің мүлкін басқару;

- клиенттерге кеңес беру. [kgl]

[gl] 7-тақырып. Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары.[:]

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражаттарды орналастыру); коммерциялық-делдалдық (клиенттердің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.

Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді. Коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен қызмет жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау масштабы көбіне банктің уақытша бос капиталы мен жинақтарды тарту қабілетіне байланысты.

Пассив операциялары- олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары.

Пассив операцияларына мыналар жатады:

  • Салым қабылдау (депозиттер);

  • Клиентерге шоттар оның ішінде корреспондент банктерге ашу және оларды жүргізу

  • өзінің бағалы қағаздарын шығару облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары:

  • банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурс-тарынан;

  • РЕПО операциялары:

  • Еуровалюталық несие алу:

Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссия-ланған қаражаттардан құрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акцио-нерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы қағаздар нарығанда акция-ларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оның және өзгерту банктің жарғысында көрсетіледі. Жарғылық капитал-дың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен банктің тұрақтылығын қам-тамасыз ету үшін Орталық банк оның төменгі аз мөлшерін бекітеді. Жар-ғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай ақ өз қара-жаты (резерв қорынан), акционерлердің двидендтері және пайда есебі-нен жүзеге асырылуы мүмкін.

Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құр-алады. Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен болатын шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты пайызбен белгіленеді.

Бөлінбеген пайда шоты деген – ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түс-пеген пайда жинақталады.

Коммерциялық банктердің өзгешелігі – олардың өзгенің қаражатымен қызмет жасауы. Банк капиталының 90 пайызға жуығы тартылған қара-жат. Тартылған ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар және ағымдағы пассивтер болып бөлінеді.

Басқарылатын ресурстар банкке тартылған мерзімдік депозиттерді және банкаралық несиелерді біріктіреді.

Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспондеттік шот-тардағы қалдықтардан құралады.

Салым депозит – ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға сал-ған ақша қаражатты. Ол қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес түрінде, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.

Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар деп ата-лады. Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының басты тү-рі, яғни ол активтік несие операцияларының жүргізудің негізгі ресурсы.

Салымдар салушысына қарай жеке және заңды тұлғалардың депо-зиттері, банктен алу мерзіміне қарай мерзімді және талап бойынша ал-ынатын депозиттер болып бөлінеді.

Талаппен алынатын депозиттерге қаражат толық немесе бөлік-бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша алынады. Бұл шоттар бойынша банктер пайыздық өсімді төлемейді.

Мерзімді салымдар – ол санаулы мерзімі мен пайыздық өсім төлеу мөлшері анық көрсетілген депозиттік шотқа салынған ақша қаражаты. Төлем мөлшері салымның көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады

Мерзімдік салымның бір түрі – депозиттік сертификат – ол белгілі бір ірі соманы банкке салғандығы туралы берілетін жазбаша куәлік. Он-да банктің міндетті түрде сертификатты кері сатып алу мерзімі және тө-ленетін өсім ақысы көрсетіледі. Ол тек заңды тұлғаларға беріледі. Жеке тұлғаларға жинақ сертификатын береді.

Қазіргі кезде коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты пайдаланады. Банкаралық несие корреспондеттік қатынастар шеңберінде беріледі, яғни бір банк басқа банкте бір-бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептеу операцияларын жүргізу үшін корреспондеттік шот ашады. Банкаралық несиені тарту тікелей сөйлесу арқылы немесе қаржы делдал-дары арқылы жүзеге асырылады. Келісім арнаулы шартпен рәсімделеді, олардың көбісі белгілі бір мерзімге жасалады.

Коммерциялық банктердің орталықталған несие ресурстарынан несие алуы – ол Орталық банктен жарыс негізінде қайта қаржыландыру ретінде және ломбардтық несие формасында несие алуы.

Кері сатып алу келісімі немесе репо операциясы – бұл келісім банк пен фирма арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушылар жа-салады. Егер фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге банкке салғысы келсе, онда ол банктен бағалы қағаздар сатып алады да, кейін оларды кері сатып алуы туралы келіседі.

Соңғы жылдары еуровалюталық несие кең өрістеуде. Еуровалюта-лық несие – ол шетел банктерінен еуровалютамен алынатын несие.

Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамта-масыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атай-ды. Олар негізінен төрт топқа бөлінеді:

  • Несие есептеу операциясы:

  • Инвестициялық операциясы:

  • Кассалық және есептеу операциясы:

  • Басқа операциялар:

Банк табысының көп бөлігі - несие-есептеу операцияларынан түседі. Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелык шектеумен несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы: АҚШ –та, Германияда, Голландия-да, Бельгияда несие алушыға ашылатын конктокоррентік шот бойынша лимит бекіту формасы кең тараған. Контокоррентік шот деген несиелік шот пен ағымдағы шоттың біріктірілуі. Несиенің бұл түрі контокоррент-тік несие қысқа мерзімді ағымдағы қажеттілікке беріледі.

Контокоррентік шот пен берілетін несиенің бірі түрі овердрафт – клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шоттындағы қалдықтан артық болса да, бекітілген лимит – шегінде банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы шотта дебеттік қалдық қалады. Овердрафттың жоғары сомасы ағымдағы шот ашылғанда шартпен анықталады. Ол – клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат жетіспестігін қанағаттандыруға берілетін несие, оған ақы жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.

Көптеген мемлекеттерде берілетін несиенің көлемі несие линиясы-ның мөлшерін бекіту арқылы реттеледі. Бұл жағдайда банк пен клиент арасында келісім бекітіледі ол бойынша банк неие алушыға келісілген мерзім аралығында белгілі бір сомаға несие беруге міндетті. Несие ли-ниясы бір жылға ашылады. Келісілген мерзім аралығында несиеа алушы қайтадан келіспей-ақ қажет кезде несие алуға мүмкіндік алады. Бірақ клиенттің қаржылық жағдайы нашарлап кетсе, онда келісімнің аяқталу мерзіміне дейін банкте оны жою құқы бар.

Банктік несиелеуді ұйымдастырудың келесі бір түрі – несиелік шот-ты пайдалану арқылы несие беру. Бұл жағдайда берілетін несие сома-сы несиелік шоттың дебетінен клиенттің ағымдағы шотының кредитіне аударылады. есеп-төлем құжаттары несие алушының несиелік шотынан тікелей төленуі мүмкін.

Ағылшын және швейцария банктерінің тәжірбиесінде банк топтары-ның (синдикат) көлемді сома беретін синдикаттіқ несие формасы қол-данылады. Бұл жағдайда қатысушы- банктің біреуі басқарушы және тө-леушінің өкілі қызметін атқарады. Германия мен Жапонияда консорци-умдық несие кең дамуда. Ол синдикаттық несиеден екі және одан да көп несие беруді ұйымдастырушысы және басқарушысы болуымен ерекше-ленеді. Ол әдетте ірі сомаға беріледі. Бұндай қарыз несие көлемін ұлғай-тып, банктің несиелік қауіпін төмендетеді.

Банктердің несие беру операцияларының тобына факторинг және лиз-инг операциялары да кіреді. Факторинг – клиентпен төленбеген қарыз-дық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Оның мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарын пайыздық ақы үшін сатып алу. Банктер алғашқы факторинг қызметін 1990 жылдан бастап көрсете бастаған. Мұндай операциялармен КСРО-да Промстройбанктің жүйесі айналысқан. Факторингтің 3 қатысушысы болады: фактор, бастапқы не-сие баруші және несие алушы. Фактор талаптың 80 пайызын сол жерде төлейді. Төлей алмау қауіпін банк өзіне алатындықтан, қалған бөлігін қарызды толық қайтарып алғаннан кейін төлейді. Коммерциялық банктер несиенің осы түрін дамытып, өз операциялрын кеңітуге қосымша мүм-кіндік алып, табысын ұлғайтуға және клинеттерімен байланысын нығай-туға қол жеткізеді.

Лизинг операциясы – жалдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге ма-шиналарды, жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және т.с.с. жалға беру. Банктер лизинг компанияларына несие беру арқылы лизинг опера-циясына қатысады. Шарт мерзімінің соңында жалдаушы лизинг объек-тісін қалған құны бойынша сатып алуына болады. Лизинг операциясын жүргізген тиімді: ол жоғары рентабльді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.

Лизинг түрлері әр түрлі:

  1. Жедел лизиг – моральдық тозу қарқыны өте жоғары құрал-жабдықтарды қысқа мерзімге береді.

  2. Қаржылық лизинг – ұзақ мерзімге, машиналар мен құрал-жабдықтарды амортизациялық тозу мерзіміне беріледі. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алу мүмкіндігі көрсетілген.

  3. Қалдық құны бойынша лизинг – пайдалануда болған құрал-жабдықтарды қалдық құны бойынша бағалап, жалға беру.

Коммерциялық банктердің келесі маңызды операциясы бағалы қағаздармен жүргізіледі: банк өз портфелі үшін бағалы қағаздарды сат-ып алу (инвестиция), жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды ұстану-шылар арасында алғашқы орналастыру, клиенттің тапсыруы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және сату, бағалы қағаздар шығаруға қарыз беру.

Банктердің бағалы қағаздарды инвестициялауының негізгі мақсаты – дивиденд және өсімақы түрінде қосымша пайда табу. Бағалы қағаздар-дың өтелу мерзімі қысқа болса, оның нарықты бағасы тұрақты болады. Ал мерзімі ұзақ болған сайын, бағалы қағаздардың курсы жиі өзгереді. Сондықтан коммерциялық банктер үшін қысқа мерзімді бағалы қағаз-дарға ақша тиімділеу. [kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]