Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKB_lek.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

[Gl] 1– тақырып. Ақшаның мәні мен қызметтері. [:]

Ақшаның пайда болуы және тауарлық табиғаты. Ақша адам-дарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы және біздің өміріміздегі мәні көп уақытқа дейін белгісіз болған. Кейінен қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар тауардың пайда болуына байланысты ақша пайда болғандығын дәлелдеді.

Тауар дегеніміз не? өнім адам еңбегінің нәтижесі. Тауар – айыр-бастау не сату мақсатымен өндірілген өнім. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар болмайды.

Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Тауардың басқа адам-дардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндір-ушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айыр-бас құны деп атайды. Яғни, тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы – айырбас құны – құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

Кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Адам еңбегі жұмсалма-ған заттардың құны жоқ. Мысалы: өңделмеген тың жер, жабайы жеміс-тер және т.с.с. Құн дегеніміз – тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. өнім-нің құны болуы үшін тауар өндірісі, өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы қажет. Тауарлардың құны тек қоғамдық сипатта – нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Құн деген заттың қоғамдық қасиетті.

К.Маркс тауарға жұмсалатын ңбектің екі жақты сипатын, атап айтқанда, белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құн-ның сыртқы көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашты. Тауардың екі жағынан – тұтыну құны мен құнының - қарама- қйшылықтары бол-ғанымен, ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді. Бұл тауардың ішкі қарама- қайшылықтары сатып алу сату жағдайындағы, яғни нарықта шешіледі.

Айырбас процесінің алғаш пайда болған кезінен бастап бүгінігі күнге дейін құнның 4 формасы белгілі:

1. қарапайым немесе кездейсоқ формасы – құнның алғашқы фор-масы алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қа-уым өзінің тұтынуынан артылған кез келген өнімін анда санда, кездей соқ кездескенде басқа қауымның өніміне айырбастағанда көрінеді. Мысалы 1 қойдың 1 балтаға айырбасталуы.

2. Толық немесе кеңейтілген формасы – алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде, яғни егіншілік пен мал шаруашылығының бөлінуі нәтижеінде айырбас осы формаға енді: 1 қой – 4 қап астыққа немесе 10 балтаға немесе 100л. Сүтке т.с.с.

3. жалпыға ортақ формасы – екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жиілігі мен жүйелігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеліп соқ-тырады. Ол қалған тауарлар үшін эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болды.

4. ақшалай формасы – тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты ұлғайтып, оның жергілікті нарықтың шегінен шығуына әкеледі, яғни эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол тауар – ақша.

Сөйтіп, ақшаның пайда болуымен айырбас поцесі нақты орнықты. Құнның ақшалай формасының пайда болуы тауар өндірісінің ұлғйып, айырбас қатынастарының нақтылы және үнемі қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.

Ақша – жалпыға ортақ эквивлент,ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнелейді және оның делдал ретінде қатысуы-мен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздік-сіз жасала береді.

Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарады. Мысалы, делдеалдық жерлерде тауардың жалпы эк-виваленті рөлін жылқы, өгіз немесе қой атқарса, шөл және шөлейт жер-лерде – түйе, тундрада – бұғы; кейінірек – сирек кездесетін аңдардың терісі, теңізден шығатын қабыршақ роквина, құралдар, өсімдік өнімдері, әр түрлі металдар атқарған. Қазіргі монетаның пайда болуы металдан соғылған ақшаның сыртқы пішінінің қалыптасуындағы соңғы кезең.

Экономикалық катергория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетін бірігуімен көрініс табады:

1. Жалпыға тікелей айырбасталу – кез келген материалдық құн-дылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді:

2. Айырбас құнының дербес формасы – несие беру, мемлекеттік бюджеттің кіркстерін қалыптастыру, шығындарды қаржыландыру, Ұлт-тық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

3. Еңбектің сыртқы заттық өлшемі – тауарды өндіруге жұмсал-ған еңбектің ақша көмегімен өлшенуі.

Ақшаның бес түрлі қызмет атқарады:

1.Құн өлшемі;

2.Айналыс құралы;

3.Төлем құралы;

4.Қор жинау және қазына жасау құралы:

5.Дүнижүзлік ақша;

Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал. Бірақ тауарларды бір - біріне теңестіретін ақша емес бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғам-дық еңбек жұмсалған алтын саналады.

Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді. Тауардыңқұнын өлшеу ақшаға айырбастал-ғанына дейін орындалады. Құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті. Баға – құнның ақшалай көрінетін бейнесі.

Тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Баға мас-штабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір мет-алдың (алтын, кұміс) мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы моне-та соғылған кезде баға масштабы оның салмағына тең келеді. Ақша түр-лерінің өзгеруіне байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.

Ақшаның құн өлшемі ретінде қызметі мен баға масштабының ара-сында өзгешеліктер бар. Құн өлшемі – ол ақшаның экономикалық қыз-меті, яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен – құқықтық сипаттағы техникалық құрал.

Алғашында баға масщтабы АҚШ қазынашылығымен алтынның троиск унциясында (31.1) 35 доллар есебінде бекітілді. Ол 1971 – 1973 жж. доллар девальвациясына дейін сақталды. 1980 жылдың қаңтарында долларға жетті.

Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты.

Ямайка влюта реформасының (1976 – 1978жж.) нәтижесінде ар-найы алтын бағаы мен алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметті нарықтық баға масштабы негізінде орындалды.

Қазіргі уақытта алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие және қағаз ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшеген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.

Сонымен алтын белгілерінің пайда болуы ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келеді.

Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мем-лекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпарациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептеуіне тыйым салынбаған. Айналыс құралы ретінде ақша қызмет-терінің ерекшеліктері мыналар:

  • тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы:

  • оны идиалды ақшалар емес, нақты қолма-қол ақшалар орындай-ды:

  • ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орын-далатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес алтын, оны ауыстырушылар – ақша белгілерін орындайды

Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасын сомасымен анықталады. Ақша айналысы неғұрлым тез болса, айналыс үшін ақша-ның қажетті саны соғұрлым аз болады. Егер ақшаның айналысытағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.

Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ тауар айна-лысы дамыған сайын таарды сату уақытты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді. Егер тауар мен ақшаның қарама- қарсы қозғалысы болмасса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін немесе одан кейін сатып алынған болса, онда ақшалар төлем құралы қызметын атқарады. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату- сатып алудыаяқтайды.ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысы-на ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет ете-ді. Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:

  • тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу:

  • еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу:

  • мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу:

  • несиелер бойынша қарыздарды өтеу:

  • сақтандыру міндеттемелерін өтеу: әкімшілік-сот сипатын-дағы ақыларды төлеу және т.с.с.

Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлар-дың құрылуын талап етеді. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты. Айналм капиталын немесе тұтыну заттарын сатып алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет. Тауар өндірісі жағ-дайында қорлану екі формада жүреді:

  • кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозит-тік шоттарындағыақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжым-дық қорлану:

  • банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Қазіргі жағдайда қазына тек мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің бол-уына кепілдеме береді.

Тауар шаруашылығының кеңеюі, дүние жүзлік нарықтың пайда болуы дүниежүзлік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзлік ақша қызметін алтынға балап бекітті. Ал Бреттон- Вудстағы (1944ж) мемлекет аралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейінен дүниежүлік ақшалардың формалары: СДР – арнайы қрыз алу құқығы: ЭКЮ – еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды.1999ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі еуро айналысқы шықты.

Қазіргі уақытта дүние жүзлік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда.енгізілген шартты есептеу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, ондықтан да олар толық түрде бұл қызметті атқара алмайды. Оны тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады. [kgl]

[gl] 2– тақырып. Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі. [:]

Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысында металдан монета түрінде ақша құйыла бастады. Монета – заң жзінде құрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы тұрін бекіткен тағайынды фор-мадағы ақша белгісі. Мемлекет монетаның сынамасын, массасының, типін, ремедиуым, эмиссия ережесін және т.с.с. бекітеді. Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, ондабұл толық құнды ақшалар. Ал егер монетада көрсетілген құны оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болса – ол толық құны жоқ ақша. Оны билондық монета деп те атайды.

Метал айналысының обьективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуына байланысты қағаз ақшалар пайда болды. Қағаз ақша – мемлекеттіің өз шығындарын жабу үшін шығары-латын,әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша бел-гісі. Олар өзінің дербес құны жоқ болғандықтан толық құнсыз болады. Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:

  1. металл ақша айналысы өте қымбат болып келді және капитализм-нің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айна-лыс құралдарына деген шаруашылықтың қажеттілігінен әлдеқайда төмен.

  2. монеталардың тозуы және бүлінуі.

  3. мемлекеттік билік ремедуим пен жалған монеталарды жасаушы-лардың монеталарды бұзуы.

  4. қағаз ақшаларды мемлекеттік шығындарды жабу үшін шығарады.

Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойына айналуы мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.

Несие ақшалар – бұл несие негізінде алтынның орнына келген құн-ның қағаздай белгісі. Несие ақшалардың негізі түрлері: вексель, банк-нота, чек, несие карточкалары.

Вексель – бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне вексельде көрсетіл-ген соманы қарыз алушыдан төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі. Олар жай және аудармалы болады.

Вексельді қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге мүм-кіндік береді. Бірақ қолма-қол ақшаны вексель айналысымен ауыстыру-дың шекарасы болады:

  • вексельдің пайда болуына ықпал ететін коммерциялық несие, тек тауар айналымының бір бөлігін, әсіресе көтерме сауданы ғана қамтиды.

  • вексельдік міндеттемелер талаптарын өзара есепке алу бойынша сальдо қолма-қол ақшамен төленеді.

  • Борыштық міндеттеме ретіндегі вексельдер тек төлем қабілеттігі бар субьектілер арасында ғана шектеулі айналыс сферасына ие болады.

  • Вексельдер айналымы олардың белгіленген мерзімі арқылы шектеулі болады.

Қолма- қол ақшаларда мұндай шектеулер жоқ.

Банкнота өзінің мәні жағынан – бұл банкирге арналған вексель болып табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жақты қамтамассыз етілген: вексельдік тауарлық және алтындық (банктің алатын қоры). Алтынмен қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциялары деп аталады сенімге негізделген.

Чек – бұл шот иесінің чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жаз-баша бұйрығы.

Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақша-лай чек бойынша банктен қолма-қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерді сипатта болады.

Несие карочкалар – банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басына құжаттандыратын және оған тауарлар мен қыз-меттерді бөлшек саудада қолма-қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат.

Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлем-ақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорын-дар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады. Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады.

Ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымынан тұрады. Қ.Р. –нда қолма-қол ақша-ны Ұлттық банк банкнота түрінде эмиссиялайды, екінші деңгейлі банк-тер оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады.

Қолма-қол ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық бөлімдері-нен клиентер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін кли-енттердің (негзінен сауда орындары мен халыққа қызмет көрсететін орындардың) кассасы арқылы айналыстан шығады, яғни қолма-қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.

Қолма-қол емес ақша айналымы - өз банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі. Олпр екіге бөлін-еді:

  1. тауарлы операциялар бойынша – тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу;

  2. қаржы міндеттемелері бойынша – бюджетке төленетін төлем-дер, бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, сақтандыру компанияларымен және т.с.с. жатады.

Банктердің есептесу операциялары; инкассо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.

Инкассо - әр түрлі құжаттарды пайдаланып, клиентердің тапсырмасы бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Оның екі түрі бар. Жай инкассо – клинеттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтан ақша алуға міндеттеген операциясы. Ол тауарсыз есеп айырысуда қолданады. Құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты (негізінен тауарды реттеуші) көрсету және оны тек төлемді қолма- қол алғанда не-месе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операция-сы

Аудару операцияларында клиент банкіне өз шотынан белгілі бір сомманы көрсетілеген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны жүргізгені үшін банк коммисиялық ақы алады.

Аккедитив – бір банктің екінші банкке аккредитивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір сомманы жеке немесес заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы. Оның негізгі түрлері; ақша-лы және құжатты. Ақшалы аккредитив – атаулы ақша құжат. Онда бел-гіленген мерзім ішінде акредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бө-ліп-бөліп оны иеленушіге төлеу жөнінде кореспондент-банкке берген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив – келісім, ол бойынша эми-тент-банк клиенттің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі немесе ол бер-ген аударым вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі немесе сатып ал-уы керек. Эмитент – банк көрсетілген операциялардың кез келгенін жүр-гізу өкілдігін басқа банкке (орындайтын) беруіне болады.

Электрондық техниканың жетістіктерінің, банк операцияларын авто-маттандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесінде ХХ ғасырдың 70 –жылдарының екінші жартысында электрондық төлем жүйесін қолдану-ға мүмкіндік туды. Электрондық төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдау-шы, электронды сигнал жіберу арқылы ақша соммасын аудару, банктік шоттардың жағдайын бақылау, несиелік және есеп айырысу операция-ларын жүргізу үшін қолданады.

Банк клиенттеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:

  • автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;

  • банктік автоматтар;

  • сауда ұйымдарындағы терминалдар;

  • үйде банктік қызметтер көрсетулер жатады.

Автоматтандырылған есептеу палатасы (АЕП) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды автоматтандырылған тәртіппен жүргізеді және төлемдер жөнінде барлық хабарлар электронды есептегіш машиналарға енгізу үшін магниттік лентаға немесе терминалдық құрылғыға түсіретін форма-да болады.

Банктік автоматтар (БА) – клиентке банк қызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін құрылығы. Олар алғашқыда тек қолма-қол ақша беруге қолданылса, қазір әмбебап БА (көп қызмет түрлерін атқара-тын) пайда болады. Олар қолма-қол ақша берумен қатар, ақшаны бір шоттан басқасына аудару, мерзімдік төлемдерді атқару, лимит шегінде борыш беру, хабар- анықтама беру, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау және т.с.с. операцияларын жүргізеді. БА-тың тетігі – плас-тикалық дебеттік карточка.

Терминалдар – сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйесіне төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен қатар сатып алушының төлем қабілеттігі туралы хабарды кері алуға мүмкіндік беретін құрылғы. Оларды егізудің мақсаты - қолма-қол ақша айналысын қысқарту.

Үйде банктік қызмет көрсету – ол элекиронды есептегіш техниканы пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, яғни телефон аппа-раттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге аса-ды.

қолма-қолсыз ақшаның пайда болуы айналыстағы ақша санын реттеу-ді қажет етті. Ақшa айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тау-арлар бағасының қосындысын бір аттас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек. Бұл заңды К.Маркс ашты. Қазіргі кезде қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына байланысты ақша айналысы заңы келесі формуламен есептелінеді:

Тб.с. - Нт.б.с. + Тст.м.с.

Ас= _______________________________ + АР,

А

АС - төлем құралы және айналыс құралы ретінде қажетті ақша саны

Тб.с. – тауар бағасының сомасы

Нт.б.с. – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы

Тс – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы

Өт.м.с. - өзара есептескен талаптар мен міндеттемелер сомасы

АР – ақша резервтері

А – ақшаның төлем және айналыс құралдары ретіндегі айналымның орташа саны.

әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі – тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген бір тұтас ақша айналымы.

Ақша жүйесі келесі элементтен тұрады:

Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құрылған 1 теңге болып табылады.

Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991ж 1 қаңтарына дейін айналыс-та қазыналық билеттер болса, ал қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып банкнота (қағаз ақшалар мен тиындар) есептелін еді.

Эмиссия тәртібі. Ол заңмен бекітілген ақша белгілерін айналысқа тү-сіру тәртібі. қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйым-дастыру және айналыстан шығарады Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын қағаз және несие ақшалар.

Валюталық бағам – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген соң елдің ақша бірлігінің бағасы.

Әлем тарихында ақша жүйесінің келесі типтері болған:

  • металл ақша айналысы, мұнда толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды, ал несие ақшалары металға айырбасталады.

  • несие және қағаз ақша айналысы, мұнда толық құнды ақша айналыстан біржолата ығыстырып, қазынаға айналады, ал айна-лыста тек металға айырбасталмайтын ақша белгілері жүреді.

Металл ақша жүйесі биметализм және монометализм болып бөлінеді.

Биметализм – мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Биметелизмнің үш түрі болады: паралельді валюта жүйесі – алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітіледі: қосарлы валюта жүйесі – бұл қатынасты мемлекет анықтады; “ақсақ” валюта жүйесі – күміс валюталар алтынның белгісі болып қалыптасады.

Монометелизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометализмі алғаш рет Ұлыбританияда1816 ж. белгіленді. Ресейде алтын монометализмі – 1897 ж., күміс монометализмі1834-1852 жж. қолданылды. Құн белгіле-рін алтынға айырбастау сипатына байланысты үш түрге бөлінеді: алтын монета, алтын құйма және алтын девиз стандартты. [kgl]

[gl] 3-тақырып. Ақша реформалары.[:]

Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын тұрақтандан-дырудың негізгі - әдітері ақша реформасын жүргізу және инфляцияға қарсы басқада саясаттар жүргізу.

Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар:

  1. жаңа ақша жүйесін құру – ол алғашқыда металл ақша жүйесін құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгеогенде, яғни отаршылық жүйе құлап, оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер пайда болғанда 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдері құрылғанды бұл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән жаңа ақша жүйесі пайда болды.

  2. ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемін енгізу, баға масштабын, ақша түрлерін т.с.с. өзгерту.

Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген мемлекеттер ақша айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде келесі әдістерді қолданады:

  • нуллификация - құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгізу әдісі:

  • реставрация (ревальвация) – ақша өлшемінің бұрынғы алтын құрамын қалпына келтір әдісі:

  • девальвация – ақша өлшемінің алтын құрамын төмендету:

  • деноминация – «нөлдерді сызу» әдісі, яғни баға масштабын ірілендіру.

Сонымен, инфляциямен күрес әдістері – мемлекеттің экономиканы реттеудегі жүргізетін іс-әрекеттерінің жиынтығы. [kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]