Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abdullaev_ret_331.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.67 Mб
Скачать

42. Статикалық жады құрылғыларына анықтама беріп оның түрлерін атап сараптама жүргізіп жаз.

Микросхема негізінде жасалынған және өз күйін қорек көзімен қосылған уақыт ішінде ғана сақтай алатын жадыны статикалық жады деп аталады (Static RAM, SRAM). Мұндай жады қалай іске асырылатыны 8.3–суретте көрсетілген. Екі терістегішті (инверторды) біріктіру арқылы ілгіш қалыптасады. Бұл ілгіш Т1 және Т2 транзисторлары көмегімен екі биттер желісімен жалғанады.

Транзисторлар ауыстырып қосқыштар сияқты қызмет атақарады, олар сөз желісінің басқаруымен ашылып, жыбыла алады. Сөз желісінде «жер» белгісі берілгенде, транзисторлар өшеді және ілгіш күйі өзгермейді. Мысалы, ұяшық «1» күйде болсын делік, ал Y нүктесінде – 0. Бұл күй сөз желісі «жер» белгісінде өзгермегенінше тұра береді.

1-Сурет. Статикалық RAM ұяшығы

Статикалық жады синхронды және асинхронды болады. Синхронды жадыда ақпаратты тарату мен қабылдау комбинационды сигналдардың жіберілуімен анықталады. Синхронды жадыда ақпаратты тарату және қабылдау тактіленеді.

Оқу операциясы. SRAM ұяшығының күйін оқу үшін жадыны басқару схемалары сөз желісін белсенді етеді, нәтижесінде Т1 және Т2 кілттері жабылады. Егер ұяшық күйі 1-ге тең болса, b желісінде сигналдың жоғары деңгейі, ал b’ – төменгі деңгей байқалады. Ал егер ұяшық мәні 0-ге тең болса, бұл сигналдар қарама қарсы шамаға өзгереді.

Жазу операциясы. Ұяшық күйін орнату үшін сәйкес шаманы b желісіне береді, ал b’ желісіне оның қосымшасын береді, содан соң сөз желісі белсендендіріледі.

43. Динамикалық жады құрылғыларына анықтама беріп оның түрлерін атап сараптама жүргізіп жаз.

Статикалық RAM өте жылдам жұмыс істейді, бірақ ол өте қымбат тұрады, өйткені оның әрбір ұяшығы бірнеше транзисторлардан тұрады. Сондықтан бұдан анағұрлым арзан тұратын, конструкциясы қарапайым жады шығарылады. Алайда бұл ұяшықтар өз күйін ұзақ уақыт ұстап тұруға бейім болмағандықтан оның күйін жаңғыртып тұру керек, оның динамикалық жады (Dynamic RAM, DRAM) деп аталу себебі осыдан.

1-Сурет. Динамикалық жадының біртранзисторлы ұяшығы.

Транзистор өшкен соң конденсатор разрядтала бастайды. Бұл транзистор өшкеннен кейінде баяу түрде тоқ (пикоампер көлемінде) өткізе беретіндіктен болады. Алынған ақпарат қате емес деп саналады, егер ол ұяшықтан конденсатордағы заряд нақты бір шектік шамадан төмен түскенше оқылса.

Динамикалық жады синхронды және асинхронды болады. Асинхронды жадыда ақпаратты тарату және қабылдау комбинационды сигналдардың берілуімен анықталады. Синхронды жадыда ақпаратты тарату және қабылдау тактіленеді.

Барлық динамикалық жадылардың бірнеше жұмыс режимі болады – оқу және жазу режимі, сонымен қатар регенерация режимі.

Оқу операциясы таңдалынған ұяшықтың транзисторы қосулы кезде іске асырылады. Бит желісімен біріккен оқу күшейткіші конденсатор заряды шектің шамадан ауытқығанын анықтайды. Егер ол шектік шамадан жоғары болса, бит желісіне «1» күйге сәйкес кернеу береді. Нәтижесінде конденсатор «1» сәйкес кернеу деңгейіне дейін зарядталады. Егер конденсатордағы заряд шектік шамадан төмен болса, оқу күшейткіші биттік желідегі кернеуді «жер» деңгейіне дейін түсіреді, яғни конденсаторда зарядтың болмауына (логикалық 0) мүмкіндік береді. Сонымен оқу процессінде ұяшықтағы ақпарат автоматты түрде жаңарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]