
- •8. Дешифрратордың элементарлы функциялардан құрылған сұлбасын сызып ақиқат кестесін көрсет.
- •10. Компаратордың элементарлы функциялардан құрылғы сұлбасын сызып ақиқат кестесін көрсет.
- •Компаратордың ақиқаттық кестесі. Кесте – 1
- •16. Бірсатылы және екі сатылы триггердің сұлбаларын көрсетіп ерекшеліктерін жаз.
- •17. Логика алгебрасының функцияларының берілу түрлерін атап мысал келтір.
- •23.Параллелді регистрге анықтама беріп мысал келтіріп оның жұмысын көрсетіп жаз.
- •27. Біртізбекті санағышқа анақтама беріп мысал келтіріп оның жұмысын көрсетіп жаз.
- •28.Параллельді тасымалдайтын санағышқа анықтама беріп мысал келтіріп оның жұмысын көрсетіп жаз.
- •29.Кері және тура санайтын санағышқа анықтама беріп мысал келтіріп оның жұмысын көрсетіп жаз
- •31.Жартылай қосындылағышқа анықтама беріп мысал келтіріп оның ақиқат кестесін көрсетіп жаз
- •32. Толық қосындылағышқа анықтама беріп мысал келтіріп оның ақиқат кестесін көрсетіп жаз.
- •35. Арифметико-логикалық құрылғыға анықтама беріп мысал келтіріп оның жұмысын көрсетіп жаз.
- •37. Жады құрылғысының 2Dформатындағы сұлбасын сызып жұмысын түсіндіріп жаз.
- •39. Жады құрылғысының 2dm форматындағы сұлбасын сызып жұмысын түсіндіріп жаз.
- •41. Тұрақты жады құрылғыларына анықтама беріп оның түрлерін атап сараптама жүргізіп жаз.
- •42. Статикалық жады құрылғыларына анықтама беріп оның түрлерін атап сараптама жүргізіп жаз.
- •43. Динамикалық жады құрылғыларына анықтама беріп оның түрлерін атап сараптама жүргізіп жаз.
- •44. Қайтадан программаланатын жады құрылғыларына анықтама беріп оның түрлерін атап сараптама жүргіз.
- •46.Адрестік жадыға анықтама беріп сұлбасын келтіріп ерекшелігін жаз.
- •47.Магазиндік (стек) жадыға анықтама беріп сұлбасын келтіріп ерекшелігін жаз.
- •52. Светофор жұмысын реализациялайтын программалық код жазыңыз (delay көмегімен).
- •53. Төмендегі суретке сәйкес жарықдиодтардың ретпен жану программалық кодын жазыңыз.
- •55.Mc9s12c128микроконтроллерындегі pwm кең-импульсті модуляторы. Pwm құрылымы. Жұмыс орындау режимдері. Негізгі регистрлары.
- •56. Mc9s12c128 микроконтроллерындағы atd аналогты-сандық түрлендіргіші. Модульдің жұмыс орындау принципі.Негізгі регистрлар.
- •62.Mc9s12c128 микроконтроллеріндегі 10-разрядты аст-ның кірісінің қандай кернеуінде 0хА5 код нәтижесі сәйкес келеді?
- •64. А портының шығысынан жарық диодтарын 30 мс тақ сандарын жағатын бағдарламаны жазыңыз.
- •67. Mc9s12c128 микроконтроллерінде atd модулін іске қосып,модульдегі оқиға флагын алып тастау әдісін жүзеге асыру үшін atdctl2 басқару регистріне қандай код жазылу қажет?
- •68.Егер hc12 тобы микроконтроллерының аст модулін 10-разрядты түрлендіру режиміне қойсақ, urh және url кернеу көзінің мәндері өзгермеген жағдайда оның жағдайда оның рұқсат ету мүмкіндігі қаншаға тең?
- •69.Мс9s12c128 микроконтроллеріндегі таймер мәнін жарықдиодтарына шығару үшін қандай бағдарламалық код еңгізуіміз керек?кодты толық жазыңыз.
- •71.Atd модулінің жұмысының рұқсат ету бағдарламалық фрагментін көрсетіңіз.
- •72.Аст мәнін жарықдиодтарына шығаратын бағдарламалық кодты жазыңыз
- •73.Mc9s12c128 микроконтроллеріндегі sci контроллері қызметінің бағдарламалық алгоритмдері.
- •74.Mc9s12c128 микроконтроллерінің толық сиппаттамасы және негізгі перифериялық модульдерін атап көрсетіңіз
- •75.Mc9s12c128 микроконтроллері және оның информациялық порттары
23.Параллелді регистрге анықтама беріп мысал келтіріп оның жұмысын көрсетіп жаз.
Регистрлер – ақпаратты (санғ сөз, сөздің бөлігінің кодасын) жазуға, сақтауға және шығаруға арналған кеңінен таралған ЭЕМ-нің функционалдық түйіні. Сонымен қатар, регистрлер сөзді қажетті разрядтар санына солға немесе оңға жылжыту операцияларын орындауға арналған. Регистрлерде сондай ақ, тізбекті коданы параллельді кодаға және керісінше түрлендіруге, жеке жағдайларда төмендегідей разрядаралық операциялар орындауға болады:
Жазу/оқу әдістері бойынша:
тізбектелген;
параллельді;
параллельді-тізбекті;
-универсалды болып бөлінеді.
Параллельді регистрлер бір бірімен байланыспаған N триггерден тұрады, мұнда N – регистр разрядының саны.
Ақпаратты парафазалы түрде енгізетін және тура немесе кері кодада бірфазалы түрде шығаратын параллельді регистр.
Сурет-6.2. Ақпаратты парафазалы түрде енгізетін және тура немесе кері кодада бірфазалы түрде шығаратын параллельді регистр.
Параллельді регистрларда сөздерді жіберу мен қабылдау барлық разряд бойынша бір уақытта жүреді. Параллельді регистрлар бір-бірімен байланыспаған разрядты схемалардан құралады.
2-суреттің
а-сында бірфазалы кірісті параллельді
регистр, 2-суреттің б-сында төртразрядты
регистрдың микросхемасының мысалы.
Бірфазалы кірісті параллельді регистр
сөзді 2 тактіде қабылдайды: "0"
–ді орнату және информацияны жазу. Жаңа
информацияны жазу алдында регистрдің
барлық разрядтарын бастапқы нолдік
күйге келтіру керек. Ол
нолдейтін(сбрасывающий) кіріске логикалық
бірлік беру арқылы іске асады.
Ішкі екіфазалы кірісі бар регистр екі есе көп кіріс тізбектренінен және логикалық элементтерінен тұрады, бірақ сөзді тек бір такт ішінде қабылдайды.Екіфазалы кіріс кезінде әрбір триггер бастапқы күйден тәуелсіз керекті күйге орнатылады. Параллельді регистрлардың мүмкіндігін ашу үшін логиканың кірісін және шығысын қолданады.
Екіфазалы кіріс
24. Жылжымалы регистрге анықтама беріп мысал келтіріп жұмысын көрсетіп жаз.Жылжымалы регистр тактілі импульсінің ықпалымен жылжу жолымен ақпаратты түрлендіруге арналған. Мұндай регистрлер тізбектей жалғанған триггерлердің жиынтығын құрайды, яғни екісатылы құрылым.Триггерлердің саны жазылған сөздің разрядтылығымен анықталады. Жылжудың бағыты бойынша ақпаратты тура жылжымалы регистр (оңға, яғни кіші разрядтың бағытына), кері жылжу (солға, яғни үлкен разряд бағытына) және реверсивті, екі бағытұа да жылжымалы регистрлермен анықтайды.
Ең көп таралған статикалық және динамикалық басқаруы бар D триггеріндегі жылжымалы регистр болып табылады. Мұндай регистрлерде тактілі импульске және орнатылатын кіріске арналған бір ақпараттық кірісі болады. Регистрдің шығысы бір уақытта барлық разрядтардан ақпаратты санау үшін әр разрядтан болуы мүмкін.
1-сурет. Жылжымалы регистр: а – функционалды схема; б – шартты белгіленуі
Сонымен қоса ақпаратты уақыт бойынша тізбектей санау үшін разрядтың кірісіне қатысты бір шығысы болуы мүмкін.
Жылжымалы импульс үшін регистркірісі барлық триггерлердің С кірістерінің бірігуімен, ал орнатылатын кірісі – R-кірістерінің бірігуінен Вход регистра для импульсов сдвига получается объединением пайда болады. Ақпаратты жазар алдында регистр нөлдік күйге орнатылады. Жазылатын ақпарат тізбектелген кодта болуы керек. Жылжымалы регистрдің көмегімен ақпаратты түзбектелген күйден параллельдіге түрлендіруге болады немесе керісінше параллельдіден тізбектелген күйге.
25. Әмбебап регистрге анықтама беріп мысал елтіріп оның жұмысын көрсетіп жаз. Ақпаратты жүйеде регистрлердің түрі өте көп кездеседі. Солардың ішінде көпрежимді немесе әмбебап регистрлер микрооперациялар жиынын орындай алады. Көпрежимділік әр түрлі операцияларды орындауға тиісті бір ғана схема бөлігінің композициясына жетеді. Көпрежимді регистрдің өкілі ретінде ИР13 сериалы микросхема болып табылады (1-сурет). Бұл 40 мА-ге дейін токты қолданатын, 25 МГц тактілі жиілігі, екіжақты жылжымалы мүмкіндігі бар 8-разрыдты регистр. Сонымен қатар параллельді кірісі мен шығысы, төрт режим беретін асинхронды сбросының кірісі R және режим таңдау кірістері S0 және S1 бар. Регистрді функциялау 1-кестеде анықталады. Регистрдің шартты белгісі 2-суретте көрсетілген.
1-кесте. Регистрді функциялау.
1-сурет. Көпрежимді регистрдің схемасы.
2-сурет. Әмбебап регистрдің шартты белгіленуі.
Әр типті кіріс және шығысы бар регистрлер параллельді кодты тізбектейге және керісінше түрлендіретін негізгі блоктарға қызмет етеді. 3-суретте SI/PI/SO типті 8-разрядты регистр негізіндегі парллельді кодтың тізбектейге түрлендірілген схемасы көрсетілген. Бұл схемада 1 элементінің жоғарғы кірісіндегі логикалық нөлдің деңгейін беретін St теріс бастаушы импульс D1-7 түрлендірілген сөзі 1….7 разрядына жүктелетін L (Load-жүктеу) кірісінің параллельді данныйды қабылдауына бірлік сигналды береді. DSR тізбектей кірісіне 1 тұрақтысы берілген.
3-сурет. Парллельді кодтың тізбектей кодқа түрлендіру схемасы.
Жүктеуден кейін регистрде 0D1D2…D7 сөзі пайда болады. С кірісіне түсетін тактілі импульстер сөздің оңға қарай жылжуын шақырады. Жылжулар Q7 шығысы арқылы сөздерді тізбекті формаға келтіреді. Ақпаратты разрядтың артынан тізбекте бірге түрленетін нөл кетеді («0» тұрақтысы). Нөл регистрден шықпас бұрын 2 элементінің шығысына бірлік сигнал әсер етеді. Нөл шыққан соң 2 элементінің барлық кірістері бірге айналады, оның шығысы нөлдік мәнге ие болады және 1 элементі арқылы келесі сөздің автоматты жүктемесінің сигналын өңдейді. Содан соң түрлендіру циклі қайталанады.
26.Санағыштарға анықтама беріп оның түрлерін атап сараптама жүргізіп жаз. Санағыштар. Cанағыш – кірісіне келіп түскен сигналдарды санауға және кіріске келген сигналдарды n-түрдегі екілік кода түрінде шығаруға арналған ЭЕМ-нің функционалдық түйіні.
Санағыштар T, JK, DV, D триггерлерінде жасалынады.
Триггерлер – бұл жады элементі мен оларды басқару схемаларын біріктіретін ЭЕМ-нің функционалдық түйін.
Жіктелінуі:
Санау бағыты бойынша:
қосындылаушы;
азайтушы;
реверсивті.
Санау жүйесінің негізі бойынша:
екілік;
еклілік емес;
еркін санау коэфициенті бар.
Сигналдардың келіп түсу уақыты бойынша:
асинхронные;
синхронные.
Разрядтық немесе разряд аралық тасымалдарды ұйымдастыру әдісі бойынша:
тізбектеп тасымалдайтын;
параллельді түрде тасымалдайтын;
түкелей түрде тасымалдайтын;
комбинацияланған немесе топтасқан тұрде тасымалдау.
Тасымалдары тізбектей түрде тасымалдайтын қосындылаушы синхронды санағыш.
Сурет-1.Тізбектей орналасқан үшразрядты санағыш
ТТ1 (кіші разряд) триггері С=1 кезінде әрбір Хсч сигналы бойынша қайта қосылады. Qi шығысы триггердің С кірістерімен байланысқандықтан , Q1 сигналы TT2 триггерінің кіріс сигналы болып табылады, ал Q2 сингалы ТТз триггерінің кіріс сигналы болып табылады. Санағыштың бастапқы күйі 000 –ге тең болады. Бірінші Хсч сигналдан кейін оның күйі 001 ,екіншіден кейін 010 болады. Сегізінше сигналдан кейін санағыш қайта 000 болады.
Тасымалдары параллельді түрде тасымалдайтын азайтқыш синхронды санағыш.
Сурет-2.DV-триггерінен тұратын 3 разрядты тасымалдары параллельді түрде тасымалданатын азайтқыш санағыш.
Еркін санау модулі бар санағыштар, яғни К<>2N, мұндай санағыштарды тұрақты күйлерді азайту арқылы алуға болады, мұнда N шамасы – К санау коэфициенті бар санағыштағы триггерлер саны келесі шартты қанағаттандыруы тиіс:
(7.2)
Жойылуға тиісті артық күйлер саны:
(7.3)
Артық күйлерді алып тастаудың әдістері:
Санағыштың артық күйлер ретінде алғашқы күйлерді алып тастау, бастапқы күйді нөлдік емес күйге ауыстырады;
Соңғы күйлерді алып тастау табиғи санау тәртібін қалыптастырады;
Санағыштың артық күйлер ретінде ортаңғы күйлерді алып тастау, мәжбұрлі санау тәртібін қалыптастырады.
Бұл
әдістер кері байланыс орнату және
қосымша элементтер енгізу арқылы іске
асады.