Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauap_tmo.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
492.74 Кб
Скачать

Құрылымы

АСЕАН-ның жоғарғы органы – Мемлекет және Үкімет басшыларының саммиті. Бұл саммит әр 3 жыл сайын өткізіледі, ал олардың аралығында бейресми кездесулер өтеді. АСЕАН-да 11 арнайы комитет жұмыс істейді, ағымдағы басшылықты Тұрақты комитет жүзеге асырады. Бес жыл мерзімге тағайындалатын АСЕАН-ның Бас хатшысы жетекшілік ететін Секретариат Джакарта қаласында орналасқан.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.

1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда желтоқсан 21|21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады. Штаб пәтері Минск, Беларусь. Қолданылатын тіл орысша. 11 ел мүше. Орындаушы хатшы Сергей Лебедев

Еврази́йское экономи́ческое соо́бщество (ЕврАзЭС) — международная экономическая организация ряда бывших республик СССР, созданная для эффективного продвижения её участниками процесса формирования Таможенного союза и Единого экономического пространства, а также реализации других целей и задач, связанных с углублением интеграции в экономической и гуманитарной областях.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.

ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым Салқын Соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған.

Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланды және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.

20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 55 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. Сондай-ақ, ол Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның экономикалық форумы ретінде де шақырылады. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Тұрақты кеңесі — ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым органы — Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы — бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық институттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар.

52.Халықаралық қатынастар пәнінің тарихи тұжырымдамасы. Международные отношения охватывают собой самые различные сферы общественной жизни — от экономических обменов до спортивных состязаний. Не менее многообразны и их участники, в состав которых входят как государства, так и негосударственные объединения и даже самые обычные индивиды. Что же общего между всеми этими сферами человеческой деятельности, существует ли в них та связующая нить, которая объединяет всех ее участников и нахождение которой позволяет понять ее специфику? В самом первом приближении можно сказать, что такой нитью являются политические отношения.

Как известно, политические отношения могут пониматься двояко: как сфера интересов и деятельности государства и как сфера властных отношений в широком смысле этого термина. В современной науке международные отношения, несмотря на этимологическое содержание этого словосочетания (1), понимаются чаще всего во втором своем значении (хотя, как мы увидим в дальнейшем, все еще нередки и его употребления в первом, более узком смысле). Однако в этой связи возникает целый ряд вопросов. Каковы критерии международных отношений? Что общего и чем отличаются друг от друга международные отношения и международная политика? Существуют ли различия между внутренней и международной политикой государства?

Прежде чем остановиться на этих вопросах более подробно, необходимо сделать два замечания.

Во-первых, было бы неверно абсолютизировать значение определения предмета науки. В этом отношении можно сослаться на то, что и столь древние отрасли знания, какими являются, например, математика или география, и более «молодые», как социология или политология, до сих пор вряд ли можно дефинировать окончательно и однозначно удовлетворительным образом. Это тем более верно, что предмет любой науки претерпевает изменения: меняется как сам ее объект, так и наши знания о нем. Вместе с тем, указанное обстоятельство не отменяет необходимости обозначить круг тех проблем, которые составляют предметную область данной научной дисциплины. Такая потребность особенно актуальна, когда речь идет о молодой научной дисциплине, появляющейся в процессе дифференциации научного знания и сохраняющей в ходе своего становления тесные связи с родственными ей дисциплинами

Во-вторых, отечественная наука о международных отношениях по известным причинам достаточно длительное время пренебрегала мировыми достижениями в данной области. Такие достижения рассматривались чаще всего как неудачные (или в лучшем случае, как представляющие лишь частный интерес в некоторых своих положениях) попытки на фоне «единственно научной и единственно правильной» марксистско-ленинской теории международных отношений. В самой же марксистско-ленинской теории международных отношений особое значение придавалось двум, рассматриваемым как «незыблемые», краеугольным положениям: а) рассмотрению международных отношений как «вторичных» и «третичных» — т.е. как продолжающих и отражающих внутриобщественные отношения и экономический базис общества; б) утверждению о том, что суть международных отношений, их «ядро» составляют классовые отношения (классовое противоборство), к которым в конечном итоге и сводится все их многообразие. Изменившаяся обстановка в полной мере показала ограниченность подобного подхода и выявила настоятельную потребность интеграции отечественных исследований в области международных отношений в мировую науку, использования ее достижений и осмысления меняющихся реалий международной жизни на рубеже третьего тысячелетия.

53.Қазіргі әлемнің жағдайы. Әлемдік тәртіп және оның түсінігі. В научной литературе представлены различные интерпретации понятия «мировой порядок». Мировой порядок - это принципы, нормы и институты, регулирующие поведение и деятельность международных актеров. Устройство международных отношений определяет форму организации, протекания и воспроизводства политического процесса. Как устройство межгосударственных отношений трактуется мировой порядок известным исследователем проблемы английским ученым X. Буллом: «Под мировым порядком понимается характер или направление внешней активности, обеспечивающей незыблемость тех целей сообщества государств, которые являются для него, с одной стороны, элементарно необходимыми, с другой - жизненно важными, с третьей - общими для всех». Согласно Буллу, иерархия этих целей такова: • сохранение самой системы и сообщества государств, нейтрализация существующих и потенциальных угроз.  • обеспечение независимости и суверенитета каждого государства. • сохранение мира, понимаемого как возможность войн лишь при особых обстоятельствах и в соответствии с принципами, разделяемыми мировым сообществом. Наличие и функционирование общих установок для всей социально-политической сферы независимо от того, затрагивают ли они взаимоотношения между индивидуумами, обществом и государством или взаимоотношения между государствами. Мировой порядок можно определить как такое устройство международных отношений (межгосударственных), которое призвано обеспечить основные потребности субъектов мировой политики в безопасном существовании и реализации своих интересов. Имеются следующие основные измерения мирового порядка: горизонтальное, вертикальное и функциональное.

Понятие «Новый мировой порядок» употреблялось в дискуссиях о будущем устройстве мира в разные исторические периоды: после Первой мировой войны, Второй мировой войны и особенно в период перестройки и крушения социалистического блока. Разработке понятия «Новый мировой порядок» посвящён также ряд работ англоязычных публицистов начала  1990-х годов, обычно относимых к конспирологической литературе. Согласно неоколониальной трактовке понятия, Новый мировой порядок — концепция мирового устройства, являющая собой отображение неоколониализма Запада и его сателлитов (в виде, например, Японии). Такая концепция нового мирового порядка тесно связана с идеей мондиализма, т. к., согласно воззрениям сторонников этой теории, в качестве т. н. «мирового правительства», будут посажены представители конгломерата самых богатых стран мира (богатых не потому, что богаты природными и прочими ресурсами, а богатых потому, что смогли подчинить себе всю мировую экономическую систему — см. золотой миллиард и монетаризм). Таким образом, новый мировой порядок, с точки зрения неоколониальной трактовки — это непосредственное внедрение в мировую практику и в общественное сознание идей о том, что всё человеческое общество должно быть разделено на два класса — класс избранных и класс тех, кто обслуживает избранных. Оба класса должны состоять из не более чем одного миллиарда человек (большего ресурсы планеты не выдержат), а остальное человечество должно быть «пущено в расход», как полностью нерентабельное или не соответствующее стандартам нового мирового порядка.

Критики неоколониализма утверждают, что в последнее время в жизнь входит радикальный мондиализм, а именно отрицание суверенитета народов над их территорией и ресурсами. Это повело к важному сдвигу в представлениях о праве. Те силы, которые обладают экономической и военной силой для того, чтобы формулировать принципы нового мирового порядка, по сути объявили своё пра́во владения и распоряжения ресурсами всего мира. Это настолько вошло в массовое сознание, что практически никто из влиятельных сил не ставил под сомнение, например, пра́во Запада «наказать» Ирак, который поставил под угрозу равновесие цен на нефть. Тем самым Запад открыто стремится избежать риска «разбазаривания» сырья по национальным «квартирам».

Стоит отметить, что подобная концепция Нового мирового порядка (как, собственно, и вообще понятие Нового мирового порядка) активно критикуется и подвергается сомнению людьми с либеральными прозападными политическими взглядами. Однако, стоит отметить, что, например, Новый мировой порядок уже вполне вошёл в список устойчивых терминов геополитики, где он рассматривается в свете атлантизма и мондиализма, как результат их возможной победы над континентальными евразийскими силами, и его можно встретить в том числе и в ВУЗовских учебниках по данной дисциплине.

С сочетанием НМП часто связываются также различные  конспирологические представления о мировом господстве неких тайных обществ (иллюминатов, масонов).

54.Халықаралық қатынастарға қатысушылардың құралдары мен стратегияларын сараптаңыз. Средства - это пути, способы, методы и орудия достижения целей. Цели и средства - диалектически взаимосвязанные категории. Никакая, даже самая реальная цель не может быть средств во взаимодействии современных участников международных отношений. Эти средства предполагают налаживание систематических, постоянных связей и контактов между ними, достигнута без соответствующих средств. В свою очередь, средства должны соответствовать цели. Специфика средств, потенциально или актуально находящихся в распоряжении ведут к росту взаимного доверия. Успеху политических средств способствует наличие у сторон взаимных интересов. Например, именно общая заинтересованность участников СБСЕ в международных акторов, вытекает из особенностей международных отношений и прежде всего из того обстоятельств, что они применяются к общностям, на которые в большинстве безопасности и стабильности на Европейском континенте явилась той основой, которая способствовала принятию в ноябре 1990 г. Парижской Хартии для новой Европы, в которой своем не распространяется власть отдельного государства. Разные специалисты называют многообразные типы средств, используемых участниками международных отношений в их признается окончание эпохи конфронтации между Востоком и Западом. С другой стороны, и несовпадение интересов не является препятствием для успешного применения взаимодействии. Однако в конечном итоге это многообразие сводится к ограниченному количеству типов: в одном случае - это сила, убеждение и обмен, в другом - сила и политических средств участниками международных отношений. Более того, специалисты, занимающиеся теорией и методологией переговоров, именно в несовпадении интересов

переговоры, в третьем - убеждение, торг, угроза и насилие и тд. Нетрудно заметить, что, по сути, речь идет о совпадающей типологии средств, полюсами которой выступают усматривают одну из предпосылок успеха, отмечая, что "удовлетворительное соглашение становится возможным потому, что стороны хотят разного... Различия в интересах и насилие и переговоры. При этом насилие и уг- Традиционно понимаемый коренной национально-государственный интерес включает три основных элемента: военная безопасность; убеждениях открывают возможность того, что тот или иной аспект оказывается весьма выигрышным для вас, но малоценным для другой стороны". Как уже отмечалось, экономическое процветание и развитие; государственный суверенитет как основа контроля над определенной территорией и населением. Однако в наши дни как эти элементы, так и категории "цели" и "средства" являются соотносительными. Они соответствуют не различным событиям, поведениям и действиям участников международных содержание национального интереса в целом претерпевают существенные изменения под давлением новых фактов и обстоятельств. Бурное развитие производительных сил, средств отношений, а их различному положению по отношению друг к другу. Определенное событие, поведение или действие является средством по отношению не к любой, а к определенной массовой коммуникации и информации, новые достижения научно-технической революции, усиливающаяся интернационализация всех сторон общественной жизни, возникновение и же цели; последняя, в свою очередь, может выступать средством по отношению к другой цели. Установление соответствия между целями и средствами отражается категорией обострение глобальных проблем, растущее стремление людей к демократии, личному достоинству и материальному благополучию - все это трансформирует интересы участников "стратегия". Специалисты в данной области отмечают, что характер и диалектику любой стратегии определяют: а) существенное воздействие на кого-то или что-то; международных отношений, ведет к переформулированию целей их взаимодействия. Крах тоталитарных режимов и сопровождающееся трудностями, противоречиями, кризисами и б) средства и способы далеко идущего воздействия; в) перспективно-динамичная ориентация цели.

55.Халықаралық қатынастардағы әскери күштің рөлі.

56.2-дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп.

57.Халықаралық қатынастардағы Қазақстан мен Еуро Одақ теориясы мен практикасы.

58.Қазіргі әлемдегі интеграциялық процесстер және олардың халықаралық қатынастарға ықпалы.

59.ХХI ғасырдағы халықаралық қатынастардың дамуын болжамдау.

60.3 Халық санының өсуі және оның халықаралық қатынастарға ықпалын сараптаңыз.

61. ХХI ғасырдағы негізгі халықаралық жанжалдар. Сириядағы жанжал 2011 жылдың наурыз айында басталған кезде сол уақытта Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста орын алып жатқан үлкен саяси процестердің, яғни мамандармен «араб көктемі» деп аталып кеткен оқиғалардың бір бөлігі ретінде қарастырылды. Көптеген мамандар Башар Асад көп ұзамай биліктен кетеді деген болжамдар жасады. Бірақ қазіргі таңда соғыс тым ұзаққа созылып кетті және оның қашан, қандай нәтижемен аяқталатындығын нақты айту қиын болып отыр. Осындай жағдайдың қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етуде. Қазіргі таңда әлемдік қауымдастықты қатты алаңдатып отырған мәселелердің бірі – Сириядағы жағдай. Осыдан екі жыл бұрын бейбіт наразылықтар ретінде басталған толқулар азаматтық соғысқа ұласып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы деректері бойынша жанжал басталғалы адам шығыны 70000 мыңға жуықтады. БҰҰ-на қарасты босқындар жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, 2013 жылдың сәуір айының соңына ресми тіркелген сириялық босқындардың саны 1 млн. 400 мың адамға жетті. Негізінен олар көршілес мемлекеттерде (Түркия, Ливан, Иордания, Ирак) жайғастырылған. Тіркелмеген немесе Сирияның ішінде босқын болуға мәжбүр болған адамдардың нақты саны туралы дерек жоқ. Жалпы, Сириядағы жанжал 2011 жылдың наурыз айында басталған кезде сол уақытта Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста орын алып жатқан үлкен саяси процестердің, яғни мамандармен «араб көктемі» деп аталып кеткен оқиғалардың бір бөлігі ретінде қарастырылды. Көптеген мамандар Башар Асад көп ұзамай биліктен кетеді деген болжамдар жасады. Бірақ қазіргі таңда соғыс тым ұзаққа созылып кетті және оның қашан, қандай нәтижемен аяқталатындығын нақты айту қиын болып отыр. Осындай жағдайдың қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етуде. Біріншіден, Башар Ассад режимінің әскери тұрғыдан оппозициядан мықты болуы. Олардың ең басты қаруы – әуедегі басымдылық. Қазіргі таңда көтерілісшілердің басып алынған аймақтарды тиімді ұстап тұруы мен алға жылжуларында үкімет әскерлері тарапынан іске асырылып жатқан авиация соққылары үлкен кедергі болып отыр. Сонымен қатар, Асад әскерлері осы уақытқа дейін сырттан көмек алуда. Бұл ретте батыстық дипломаттар Сирияның ең басты одақтасы Иранды заңсыз әрекеттері үшін айыптап отыр. БҰҰ Иранға қару-жарақпен сауда жасауға эмбарго салған болатын. Дегенмен Сирияның өзіне және басқа мемелекеттерге мұндай шектеулер қойылмаған. Асад билігі емін-еркін қару сатып алуға құқығы бар.  Қарумен басты қамтамасыз етушілердің бірі – Ресей. Өз кезегінде ресейліктер тек зымыранға қарсы әуе қорғанысы жүйелерін жеткізіп отырғандығын айтып ақталуда. Сондай-ақ, оппозиция өкілдері кейбір мемлекеттер мен ұйымдарды үкімет жағында соғысу үшін әскер жіберіп отырғандығы туралы айтуда. Солардың ішінде Иранның ықпалындағы Хезболлах ұйымы бар. Оның жетекшісі Хасан Насралла ұйым сарбаздарының Асад әскерлері жағында соғысып жатқандығын ресми түрде мойындады. Бірақ олардың қатысуы қазіргі уақытта шектеулі екендігін жеткізді. Оның ескертуінше, егер жанжал одан әрі ушығатын болса, Хезболлах соғысқа толық көлемді қатысуға дайын. Екіншіденоппозициялық күштердің әлсіздігі. Бұл жерде әскери қарумен нашар қамтамасыз етілумен қатар, әр түрлі топтардың арасындағы ауызбіршіліктің жоқтығына назар аударылу керек. Ол негізінен олардың көздеп отырған мақсаттарының қайшылықтарында. Күресушілердің қатарында діни радикалистердің көп болуы анық болып отыр. Олар үкіметтік әскерлерге қарсы күресуші күштердің табыстарына қомақты үлес қосып отырғандығын ескерген жөн. Оның ішінде АҚШ террористік ұйым қатарына қосып үлгірген «Джахбат ан-Нусра» ерекшелінеді. Мамандардың айтуынша осы секілді топтардың «Аль-Каидаға» тікелей қатысы бар. Олар Сирияда ислам мемлекетін құруға талпынып отыр. Бірақ соңғы кездері олар өздерінің террористерге ешқандай қатысы жоқ екендігін және Сирияның мүдделерін бірінші орынға қоятындығын ашық айтуда. Бірақ, ондай мәлімдемелер халықаралық қауымдастықпен жергілікті халық арасынан жақтастарды көбірек тартуға бағытталған қулық ретінде қабылдануда. Осындай жағдай оппозицияға тікелей қарулы көмектің көрсетілуіне тосқауыл болып отыр. Себебі, батыстық елдер ол қарудың радикалистердің қолына түсіп, кейін өздеріне қарсы қолданылу мүмкіндігінен қауіптенеді.

Дегенмен жағдай бірте-бірте өзгеруде. Асад режимінің ұзақ уақыттық соғысқа шыдамай экономикалық тұрғыдан құлдырайды деген болжамдар жүзеге аспай жатқандығы анық бола бастағанын сыртқы күштер түсінуде. Биресми ақпараттар бойынша Барак Обама әкімшілігі оппозиция өкілдерін қарумен қамтамасыз ету мәселесін талқылап жатыр. Оның себебі – осындай қадам жасамайынша, оппозицияның толық жеңіске жету мүмкіндігінің аздығы. Осыған дейін көтерілісшілер тек азық-түлік, байланыс құралдары секілді көмек алып келді. Сондай-ақ, АҚШ президенті Сириядағы биліктің химиялық қаруды қолдануы да Американың позициясын күрделі өзгертеді деген болатын. Сонымен қатар, оппозицияның басшысы кім болу керектігі жөніндегі мәселе де түйіткілді болып отыр. Әр түрлі топтар мен сыртқы күштердің арасында өздерінің мүдделерін іске асыратын тұлғалардың тағайындалуына қатысты сырттай бәсекелестік бар деп айтуға болады. Ұзақ уақытқа дейін кұрылуы кейінге қалдырып келген өтпелі кезең үкіметі соған дәлел бола алады. Ақыр соңында құрылғаннан кейін оның жетекшісі болып АҚШ-та ұзақ жылдар бойы тұрып келген Хасан Хитто тағайындалды. Бірақ, оны кейбір опозиция өкілдері мойындамады. Жергілікті көтерілісшілердің айтуынша, оппозиция басшылығына Сирияда тұрғылықты мекендейтін, оның ішкі ерекшеліктерін білетін адам келу керек.

Үшіншіден, көтерілісшілер қатарына көптеген үкіметтік сарбаздардың өтіп жатқанына қарамастан, елдің ішіндегі Асадтың жақтаушылары әлі де көп. Оның себебі Сирияның діни бет-бейнесінде. Асад және оның әулеті исламның ішіндегі алавизм ағымының жақтастары болып табылады. Алавиттер Сирия халқының 10-15% құрағанмен, мемлекеттегі басқарушы позициялардың көпшілігі солардың қолында. Ал Асадқа қарсы күресушілер негізінен Сириядағы көпшілік болып табылатын сунниттер қауымынан. Алавиттер сунниттік оппозицияның жеңіске жетуінен қорқады. Себебі, олардың ойынша алавиттер сунниттердің кек алу объектілеріне айналуы мүмкін. Сондықтан, үкіметтік әскерлерден бөлек, алавиттер өздерінің жасақтарын құрып, көтерілісшілерге қарсы соғысуда.

Төртіншіден, әлемдік державалардың Сирияға қатысты ұстанымдары тым алшақ боып отыр. Сириялық оппозиция өкілдері сыртқы күштердің араласуын талап етуде. Бірақ, оның жүзеге асуы үшін ең алдымен заңдық негіз қажет. Ливиядағы болған жанжалда БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі халықаралық коалициялық күштердің араласуына уәкілеттік берген болатын.

Бұл жолы Ресей мен Қытай мұндай шешімге үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Мамандардың ойынша, Ресей өзінің Сириядағы ықпалынан айрылғысы келмейді. Қазіргі таңда бұрынғы Кеңес Одағы аумағынан тыс орналасқан жалғыз ресейлік әскери база Сирияның портты Тартус қаласында орналасқан. Осы база арқылы тікелей Жерорта теңізі аймағына шығуға болады. Осыған қоса Сирия билігі ресейлік қару-жарақтың тұрақты сатып алушысы болып табылады. 2011 жылғы дерек бойынша, Ресей мен Сирия арасындағы қару-жарақ келісімшарттары кем дегенде 4 млрд. доллар болды. Егер Асад билігі құлап жатса, жаңа басшылардың бұрынғы режимді қолдаушыларымен қарым-қатынастары суық болуы ықтимал. Өз кезегінде Қытай сыртқы күштердің басқа елдің ішкі ісіне араласуының қарсы болуының себебі, оның өзінің ішкі сипаратизммен бетпе-бет келуі. Егер болашақта Қытайда билікке қарсы қарулы көтеріліс орнайтын болса, Аспанасты елінің басшылары ыңғайсыз жағдайға түсетін еді. Қытайдың Сирияда экономикалық мүдделері де бар. Мысалы, CNPC компаниясы осы елдегі мұнай саласындағы бірнеше жобаларда үлеске ие.

Сондай-ақ, Асадтың биліктен кетуін талап етіп отырған АҚШ секілді елдер өздері де тікелей араласуға құлықсыздық танытуда. Сириядағы жағдайдың геосаяси тұрғыдан тым күрделі болуы оларға ықпал етіп отыр. Сирияда болып жатқан жанжалдың әсерінен туындауы мүмкін бірнеше қауіп-қатерлер бар.

 

Халықаралық қауымдастық Сириядағы шиеленістің аймақтың басқа мемлекеттеріне таралуынан қауіптенеді. Бұл аймақта діннің рөлі өте маңызды орын алатындығы белгілі. Сондықтан Сириядағы шиеленістің діниаралыққа айналып жатқандығын ескеретін болсақ, халықаралық күштердің соғысқа тікелей араласуы жағдайды одан сайын ушықтұруы мүмкін. Жағдайдың көрші мемлекеттерге ықпал етіп жатқандығына қазірдің өзінде көз жеткізуге болады. Көптеген ақпараттар бойынша, мұсылман елдерінен Сирияға ерікті сарбаздар ағылуда. Сунниттер оппозиция жағына қосылып жатса, басқа мемлекеттердің шииттері билік әскерлерінің қатарын толықтыруда. Көршілес елдердің ішкі жағдайлары да осы жанжалдың ықпалынан зардап шегуде. Діни құрамы әркелкі Ливанда сунниттер мен шииттер арасындағы қарулы қақтығыстар күшейіп кетті. Өткен жылдың аяғында барлау қызметінің жоғары шенді қызметкері Висам аль-Хасанның өлтірілуі сунниттердің көшелерге шығып наразылықтарын білдіруге алып келген болатын. Ливан үкіметі өздерін Сириядағы шиеленістен қанша алшақтағысы келгенмен, елдегі жағдай кез-келген сәтте жарылуы мүмкін қалпында болып отыр. Ирактың да ішкі жағдайы күрделі болып отыр. Биліктегі шииттер мен оппозициядағы сунниттердің текетіресі, Сириядағы ахуалдың арқасында одан сайын өрши түсуі мүмкін. Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, оппозицияның жеңіске жеткенінен кейін де Сирияның болашағы күрделі болып отыр. Сирияның бөлшектеніп кету қаупі бар. Жоғарыда аталып өтілген алавиттер өздерінің жеке тәуелсіз мемлекеттеріне талпынуы мүмкін. Олардың Сирияның Латакия-Тартус аймағында жинақы тұруы осы процестің орын алуына қосымша пайда болады. Сондай-ақ, осыған дейін соғысқа салыстырмалы түрде араласпай келген күрдтердің мәселесі туындау қаупі бар. Күрдтер елдің солтүстік аймақтарында жинақы тұрады. Әр түрлі деректер бойынша олардың саны 1,5-2 млн. Асад билігі кезеңінде ешқандай құқықтарға ие болмаған күрдтер жағдайды өздерінің ыңғайына пайдалануы мүмкін. Оларға үлгі ретінде Ирактағы күрдтердің мысалы бола алады. Сыртқы күштердің 2003 жылғы интервенциясынан кейін Ирактағы күрдтер жеке автономияларына қол жеткізген еді.

Сондай-ақ Израильдің де осы қақтығысқа қатыстырылу ықтималдығы бар. Иран, өзінің ықпал ететін Хезболлах ұйымы арқылы Израильге қарсы шабуылдар жасауға мүмкіндігі бар. Израиль ұшақтарының бірнеше рет Сирия аумағындағы нысандарға соққылар жасауы осыған дәлел бола алады. Оларды алаңдатып отырған мәселе – қару-жарақтың Хезболлахтың қолына түсу ықтималдығы.  

Қортындылайтын болсақ, Сириядағы жағдай басқа «араб көктемі» оқиғалары орын алған мемлекеттерден ерекшелінеді. Бұл ретте көтерілісшілердің билікке қарсы наразылықтары сектааралық қақтығысқа айналып кетті. Жалпы, бұл Сирияның тарихындағы діни негіздегі алғашқы жанжал емес. Башар Асадтың әкесі Хафез Асадтың билігі барысында 1982 жылғы Хама қаласында болған көтерілістер кезінде әр түрлі деректер бойынша 17 мыңнан 40 мың адамға дейін қайтыс болған. Сондықтан қазіргі жағдайды сол оқиғалардың жалғасы деп айтуға болады. Сириядағы жағдайдың ушығуы бүкіл аймаққа, осылайша бікіл әлемге кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан әр қадам алдын ала ойланып жасалынуы керек.

62.Халықаралық құқықтың реттеуші рөлінің ерекшеліктері мен тарихи формалары. Халықаралық құқық — халықаралық қатынаста мемлекет пен басқа қатысушылар (субъектілер) арасындағы катынасты реттейтін заңдық принциптер мен нормалардын жиынтығы. Халықаралық құқықтың негізін қалаушылар ретінде заңгер Гуго Гроцийді атуға болады, ол Вестфаль шартының 350 жыл аралығынан бастап біздің уақытқа дейін халықаралық құқықтың эффективтілігі немесе өмір сүруі жайлы талқылау жүріп жатыр. Ондағы зерттеушілердің бір тобының атйтуынша, халықаралық құқық мемлекеттердің халықаралық істерінде анықтаушы рөлін көрсетеді, басқалардың пайымдауынша, ол тек қана заңи аргументтердің жиынтығы және мемлекеттердің іс-әректеттері ретінде қажеттіліктерді атауға болады. Қазіргі халықаралық құқық бойынша кеңестік маман Е.Б. Пашуанксис құқықты сыртқы саясат түрі ретінде есептеді, «халықаралық құқық дәстүр және келісімдерде мемлекеттер арасында әр түрлі саяси және экономикалық қарым-қатынастар қалыптасады». Батыстық зерттеушілердің пікірінше, құқық ең алдымен экономикалық шарттар бойынша, мемлекетке, саясат бойынша анықталады». Осындай аталған пікірлер көптеген заңнамалық пікірлер бойынша бұрынғы және қазіргі-заңнамалық позитивизм, нормативизм, «таза» құқықтың теориясы бойынша анықталынады. Осылайша, позитивист - заңгерлер құқықты өзара анықталынған факт ретінде есептеді, ол түсіністікті ақтауда маңызды болады. Заңи нормалар мемлекеттік қызметтілік салдары ретінде қарастырылады. Алғаш рет адамзат қоғамының дамуында халықаралық құқық б.з.д. IV аяғында -III басында мың жылдықтарда алғашқы құл иеленушілік мемлекеттер пайда бола бастаған кезде Ежелгі Шығыста, Египетте, Ежелгі Қос өзен аңғарындағы мемлекеттердің қарым-қатынастарда қалыптаса бастады. Олардың арасындағы қатынастар әдет-ғұрыптар арқылы реттелді. Сонымен қатар жазбаша халықаралық шарттар пайда бола бастады. Осындай ежелгі шарттардың бірі б.з.д. ХХІІІғ. Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның арасындағы жасалған шарт болып табылады. Жазбаша шарттардың классикалық мысалы ретінде бейбіт және одақтық шарттар түріне жатқызуға болатын хеттік-египеттік шартты (б.з.д. ХІІІ ғ. ) атауға болады. Екі мемлекетте әскери іс-әрекеттерді тоқтатуға, бір-біріне ішкі және сыртқы жаулармен күресте көмектесуге, екі мемлекеттің де қшқын құлдарын ұстап беруге көмектесуге міндеттенді. Б.з.д. ІІ-І ғғ. халықаралық құқықтың элементтері Қытай мен Үндістанның, кейіннен Ежелгі Элладаның (Грецияның) және Ежелгі Римнің территорияларында пайда бола бастады. Феодализмнің ыдырауы адамзат қоғамының сол даму кезеңіне тән болды. Феодалдық қоғамда шарттар көп болғандықтан бұқаралық-құқықтық шарттарды жеке –құқықтық шарттардан ажырату мүмкін болмады. Шарттардың субъектілері ретінде феодалдар, қалалар болды. Рим папалары конкордаттар деп аталатын шарттар жасасты. Римдік католиктік шіркеу еуропалық феодалдық халықаралық құқықтың дамуына елеулі ықпал етті. Олар жекеленген соғыстарды ашуға тыйым салу жөніндегі шектеулерден тұрды, аптаның белгілі бір күнінде әскери іс-қимылдар ашуға тыйым салу қажет деп тапты, шіркеуде баспана берілді. Бірақ соғыс заңдары мен әдет – ғұрыптары қатал болды: қалалар қиратылып тоналды, жаралылар далада қалды, тұтқындар құлға айналдырылды. Феодализм кезінде халықаралық-құқықтық ойлар одан әрі дамуын алды. Бұл кезде де толықтай халықаралық құқық болмаса да, осы кезеңдегі ойшылдардың ой-талқылаулары қазіргі халықаралық-құқықтық ғылым үшін де құнды болып табылады. Августин Блаженный (340 – 430 жж.) адамдар әділеттілік нормасын басшылыққа алулары тиіс деп ұйғарды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]