Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauap_tmo.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
492.74 Кб
Скачать

23.Саяси шынайылық парадигмасының түрлері мен негізгі қағидалары.

24.Халықаралық қатынастардағы саяси тұлғаның рөлі қандай?

25.Халықаралық қатынастарды зерттеудегі тәсілдер. Сыртқы және ішкі саясаттың байланысы. Халықаралық қатынастарды зерттеудің түрлі тәсілдері халықаралық жүйелердің түрлі типологиясының болуын негіздейді. Кеңістікті географиялық сипаттарына қарай мысалы ғаламдық халықаралық жүйе және оның аймақтық жүйешіктері компоненттері ерекшеленеді. Ф. Брайар және М.Р. Джалили бойынша жаһандық халықаралық жүйелердің болуы барлық халықаралық өмірде өз белгісін қалдырады, бұл КСРО мен АҚШ күресінің ең басында ақ саяси реалийге айналды, сонымен қатар әлемнің саяси картасында жаңа жеке халықаралық акторлардың пайда болуымен жаңаша сипат алды. Нәтижесінде әлемнің 1990-жылдарға дейінгі халықаралық жүйесі екі негізгі жанжалдасушы тізбектермен («ось»), бір жағынан Батыс пен Шығыс (идеологиялық, саяси, әскери стратегиялық күрес) екінші жағынан солтүстік пен оңтүстік (экономикалық дамыған және артта қалған) арақатынасымен сипатталады. Ғылыми әдебиетте жеке функционалды жүйе ретінде халықаралық қатынастардың экономикалық, саяси, әскери стратегиялық және өзге де жүйелері қызмет етеді.

Зерттеу объектісі ретінде халықаралық қатынастардың тұрақты және тұрақсыз, жанжалды және кооперативті, ашық және жабық жүйелері көрініс табады. Мысалы, ашық жүйе – бұл өзгерістерге гомеостатикалық қарсыласу механизмі арқылы өз шекараларын сақтайтын шынайы құрылым. Жабық жүйе – бұл абстракция, өйткені ол осы элементтер жиынтығының қоршаған ортамен байланыстарының жоқ екендігін білдіреді, нәтижесінде жабық қоғамның өмір сүру идеясын жоққа шығарады, өйткені қоршаған ортамен тұрақты қатынас оның тікелей шарты болып табылады. Жабық жүйеге шынайылықта өмір сүретін автономиялық жүйе жақын, ол бойынша қоршаған ортамен байланыс пен айырбасты сақтай отырып, оның құрылымы индивидуалдылығын сақтайды. Ерекше жағдай хаостық жүйе, ол өзінің параметрлеріндегі кішкене ғана өзгерістерге де сезімтал болады. Оның эволюциясы шарттардың аз ғана өзгерістеріне байланысты. Нәтижесінде ондағы себеп салдарлық байланыс көбіне кездейсоқ сипатқа ие. Әлемдік бірлестіктегі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды жүзеге асырудың басты әдісі – сыртқы саясат. Сыртқы саясатты біз мемлекеттердің халықаралық істердегі жалпы бағыты ретінде түсінеміз. Сыртқы саясат әр түрлі әдістер және тәсілдермен жүзеге асырылады, ол мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. Сыртқы саясат мемлекеттердің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда оның басты міндеті мемлекеттердің мақсаты мен мұратына жету үшін қолайлы халықаралық жағдай жасаудан болып табылады. Ал бұл ӛз кезегінде сыртқы саясатқа мемлекеттер арасында шиеленістер мен соғыстарды болдырмау, бейбітшілікті сақтау функциясын жүктейді. Ішкі және сыртқы саясаттың өзара байланысы мен өзара ықпалдастығының мәселесі – қиын мәселелердің бірі болып табылады, себебі әр түрлі теоретикалық бағыттардың, яғни транснационализм, саяси идеализм, марксизм және осылардың қазіргі кездегі жаңаша түрі – неореализм және неомарксизм, тәуелділік және өзара тәуелділік теориясы, структурализм және транснационализм сияқты бағыттардың арасындағы ащы пікірталастың пәні болып қалуында. Сыртқы және ішкі саясаттың арақатынасы айтарлықтай салмақты феномен.

26.Либералдық-идеалистік парадигманың түрлері мен негізгі қағидалары. Либералды-идеалистік парадигма (Гуго Гроций, Иммануил Кант, Вудро Вильсон және т.б.) оның негізгі ережелері келесідей:

1. адам табиғатынан агрессивті емес, ол әрқашан серіктестікке ұмтылады.

2. соғыс тек ортақ күшті біріктірген жағдайда ғана шешуге болатын мәселе.

3. халықаралық қауымдастық халықаралық институттар әскери жанжалдардың алдын алуға қабілетті екені белгілі.

4. мемлекеттер өзінің саяси жүйесін реформалау керек, мемлекеттің ішінде демократиялық басқару бейбітшіліктің қалыптасуы мен планетада серіктестікті дамытуға ықпалын тигізуі керек.

5. халықаралық қатынастар аренасында тек күштік факторлар ғана емес, экономика және мораль да маңызды.

Либералды идеалистік парадигма негізінде екі идея жатыр, адам, жалпы адами құндылықтар, идеалдар бірлігі, екіншісі халықаралық қатынастар сипатын гуманизм және адам құқықтары шегінде өзгерту мүмкіндігі және қажеттілігі. Бұл парадигма жақтастары халықаралық қатынастар табиғатынан анархиялық екендігін жоққа шығармайды. Бірақ, анархиялық сипат уақытша және әрқашан азаюда. Халықаралық қатынастар қоғамдық ой шегінде басқаруы оңай бола бастады, халықаралық қатынастардың қатысушылары кеңи түсті.

Халықаралық қатынастардағы басымдыққа ие үрдіс ретінде соғыс, жанжалдар, ұлттық мүдделер қақтығысы емес, адамдардың бірлікке ұмтылуы және бейбітшілікке ұмтылушылығына негізделген серіктестік пен интеграция болуы керек. Әлем бірте бірте жақсы және қауіпсіз бола бастады, оның қатысушылары оны тұрақтандыруға және реттеуге байланысты біріккен әрекеттерге баруы керек. Негізгі реттеуші ретінде құқықтық және моралдық нормалар болады. Аталған либералды идеалды парадигмадағы ережелерде бір бірімен сай келмейтін концептуалдық формаларға ие. Бұл парадигма құрамы жағынан реализм және неореализм сияқты бірегей сипатқа ие.

Біріншіден, оның құрамында ежелгі идеалистік дәстүр бар. Жекелей алғанда, реалистер оның ішінде «утопизм», «легализм» және «морализм» сияқты түрлерін бөліп қарастырады. Утопистерді олар әмбебап үкіметаралық ұйым (Ұлттар Лигасы, БҰҰ) негізінде жаңа әлемдік тәртіп құру мүмкіндігіне сенгендігі үшін сынға алады. Легалистердің (реалистер бойынша тағы да қате) ойынша халықаралық ұйымдар саны мен ықпалы өскен сайын халықаралық қатынастар жаңа сипатқа ие болады. Моралистер халықаралық саясатты адами құндылықтар жағынан қарастыра отырып, соғысқа қарсы, қиыншылықтар мен әлеуметтік қайшылықтар адамдардың қарсылығы туралы қоғамдық ойдың мемлекеттің халықаралық әрекетіне әсерін көрсетті. Екіншіден, либералды парадигманың неоклассикалық және постклассикалық либерализм деген варианттарын анықтайды. Классикалық емес либерализмге (неолиберализм) экономикалық өзара тәуелділік концепциясына негізделген бағытты жатқызады. Оның жақтастарының көзқарасы бойынша (Р. Кохейн, Р. Купер, Дж. Най), мемлекеттің халықаралық қатынастағы саясаты ішкі экономикалық мүдделерімен анықталады, ал өзара тәуелділіктің өсуімен барлық мемлекеттердің ортақ экономикалық мүдделері туындады, нәтижесінде олардың серіктестікке деген ұмтылысын күшейтеді. Мемлекеттер бір бірімен өзінің потенциалды экономикалық пайдасын күшейтуге және шығындарды азайту мақсатында бірігеді. Мемлекеттердің саясаты рационалды мүдделерді көздейді. Экономикалық өзара тәуелділіктің күшеюі мемлекеттердің халықаралық аренадағы міндеттері мен іс әрекеттерін өзгертіп қоймай, мемлекеттердің әскери күші мен әскери потенциалдың рөлін азайтады.

27. Халықаралық қатынастар субъектісі ретіндегі Қазақстанның жан-жақты ынтымақтастығына талдау жасаңыз. ҚР-ның сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Пекин, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

28. Халықаралық қатынастардағы дипломатияның тілі мен тәжірибесі. Дипломатия сыртқы саясатты жүргізудің негізгі саяси құралы ретінде үкіметтер арасындағы тура байланыстарды көбіне-көп келіссөздер мен кеңес беру түрінде түсіндіреді. «Дипломатия бұл негізгі саяси технология, себебі ол өзіне тура үкіметаралық өзара екі жақты қатынасты енгізеді. Сонда да ол ынтымақтастықпен теңдестірле алмайды, себебі дипломатия - бұл саясаттың міндеті мен мақсатын жүзеге асыру құралы немесе тетігі; екіншіден, ынтымақтастық шарт ретінде әрекет етуші акторлар арасындағы ортақ мүдденің болуын болжайды, дипломатияның алдын-ала ешқандай шектеулері жоқ. Жоғарыда айтылғандай, кейбір ғалымдар дипломатияны халықаралық ынтымақтастықтың бір түріне жатқызады: дәстүрлі түрдегі ынтымақтастық қарым-қатынас екі жақты және көп жақты дипломатияны, өзара саяси бағыттарды үйлестіруді қарастыратын түрлі одақтар мен келісімдер жасауды қамтиды. Францияда ХІХ ғасырдың басында басылып шыққан: «дипломатияның толық курсы» атты еңбегінде Г. Гарден бұл түсінікті былайша анықтайды: «Дипломатия бұл сөздің толық мәнінде сыртқы қатынастар немесе шет елдік істер туралы ғылым болып табылады, ал нақтырақ – келіссөздер өнері немесе сол туралы ғылым». Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған. Екіжақты дипломатия деп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін айтады. Көпжақты дипломатия - бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет.

29.Әлемдік қауымдастық дамуының әдістемелік болжамдары. Әлемдік қауымдастық - жаһандану барысында қалыптасатын ғаламдық әлемдік жүйе. Ол жөнінде алғашқылардың бірі болып, АҚШ президенті А Р.Никсон 1969 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: "Бүкіл тарихи ғұмырымызда біз бірінші рет әлемдік қауымдастық болып отырмыз", - деді. Ғаламдық деңгейдегі құбылыс ретінде әлемдік қауымдастыққа XX ғасырдың 80-ші жылдары баса назар аударыла бастады. Ғылыми әдебиеттерде "халықаралық қауымдастық", "ғаламдық қауымдастық", "әлемдік қауымдастық" ұғымдары әдетте қатар қолданылады. Халықаралық құқықта "халықаралық қауымдастық" ұғымы негізі мемлекет болып табылатын ғаламдық саяси жүйе ретінде анықталады, жүйе мемлекетаралық мазмұнға ие. "Халықаралық қауымдастық" ұғымы ғаламдық әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді. Жаһандану мемлекеттік емес, үкіметтік емес элементтерді енгізу арқылы халықаралық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертеді. Бұл жүйеге дәстүрлі емес акторлар кіреді: халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, ТҰК, БАҚ, баламалы қозғалыстар (экологиялық, феминистік, кәсіби және т.б.).

30.Халықаралық қатынастардағы БАҚ-тың ролін атап көрсетіңіз? Қазіргі таңда халықаралық қатынастарда ақпараттық қысымды жаһандық

бәсекелестіктің пәрменді тетігі ретінде пайдалану үрдісі қарқын алып келеді. Әлемнің әр түрлі елдерінде экономикалық, саяси жҽне әлеуметтік жағдайларды дамытуға жаһандық бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялық тетіктердің рөлі мен ықпалы күшейе түсуде. Ақпараттық соғыс пен ақпараттық экспансияның әр түрлі құралдарын пайдалану саяси қақтығыстарды шешудің де ажырамас құралына айналды. Халықаралық қатынастардың акторлары өз мүдделеріне жету жолында барынша тиімді әрекеттер қолдануға тырысатыны анық. Бүгінгі таңда мұндай әрекеттер алуан түрлі тәсілдермен жүзеге асырылуда. Олардың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары. Ақпарат бүкіл әлемдік дамудың аса ықпалды да қауіпті ресурсы болып табылады. Қазір ақпаратты қарудың бір түрі деп қарастыруға тура келеді. Бұл «қаруға», ең алдымен, бұқаралық ақпарат құралдары ие. Ал бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық қатынастар шеңберінде, белгілі бір мемлекеттік мүдделердің көлеңкесінде әрекет етуі жиі кездеседі. Мәселен, халықаралық деңгейге көтерілген қақтығыстардың шығу себептері, шиеленісу барысы, әдетте, белгілі бір дәрежеде бұқаралық ақпарат құралдарының әрекеттерімен байланысты болады. Әдетте, бұндай әрекеттер ақпараттық соғыс ретінде қарастырылады. Ал ондай жағдайлардың түпкі мҽнінде белгілі бір мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының мүдделері жататыны мәлім. Бүгінгі зерттеушілер қазір әлемде үшінші дүниежүзілік соғыстың – ақпараттық соғыстың жүріп жатқандығын да жиі айтады. «Ақпарат кімнің қолында болса, сол әлемді билейді» деген тіркес те осы мәселеге қатысты айтылады.

31. Радикализм парадигманың түрлері мен негізгі қағидалары. Радикализм - 1) жақтастары өмір сүріп отырған әлеуметтік-саяси жүйені сынға алатын және түбегейлі өзгерістер мен реформалардың жүргізілуін талап ететін саяси агым; 2) қандай да бір істердегі жағдайды түбірімен түбегейлі өзгертудегі талпыныстардың, тәуекелді ымырасыз талаптардың жүзеге асырылуы. Радикализм (лат. radix ) — қалыптасқан тұрақты жағдайды түбегейлі өзгертуге бағытталған саяси-әлеуметтік идеялар мен әрекеттер. Діни экстремизм мен терроризм радикализмнің кең тараған түрлері болып табылады

32. ХҚТ дамуындағы негізгі бағыттары. Халықаралық қатынастар теориясы  ортақ заңдылықтарға негізделген құрылымдары бар халықаралық қатынастар жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын зерттейді.

Халықаралық қатынастар әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы қатынастар ретінде қалыптасады, өмір сүреді және жұмыс істейді. Халықаралық қатынастар алуан түрлі: мемлекеттік, әскери, экономикалық, саяси, қоғамдық және зияткерлік, т.б. күштер әртүрлі деңгейде (жаһандық, өңірлік, көп жақты және екіжақты) түйісетін және өзара әрекет ететін кеңістік болып табылады.

Халықаралық деңгейдегі саяси іс-әрекет бүтіңдей бір мемлекет пен халықтың тағдырын айқындайды. Демек, қазіргі әлем бір-бірімен өзара байланысқан көптеген халықтар мен мемлекеттердің күрделі жүйесі болып саналады. Олардың арасында түрі мен мазмұны әртүрлі қатынастар болады. Әлемдік саяси процестің негізгі субъектісі — халықтар. Халықаралық қатынастардың субъектілері — мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ұлтаралық корпорациялар, солтүстік құрылымдар, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, жеке адамдар.

33. Аймақтық халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер және олардың халықаралық қатынастарға әсерін талдаңыз. Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, әр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілері халықаралық ұйымдар болып табылады.

Халықаралық аймақтық ұйымдар аймақтық саясаттың ажырамас бір бөлігі. Қазіргі таңда жиырма мыңға жуық ұйым өз қызметін атқарып келеді. Халықаралық ұйымдар санының осыншама күрт өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Оған дейін елуге жуық қана тұрақты түрде қызмет атқаратын ұйымдар болған. Халықаралық ұйымдардың беделі сан жағынан күрт өсуіне мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, сауда-саттық және мәдени қатынастарының кеңеюі орасан зор әсер етті. Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:

  • әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;

  • халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл мақсат саяси, экономикалық, әскери, ғылыми немесе мәдени т.б. болуы мүмкін;

  • халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты органдары болуы қажет.

Аймақтық халыаралық ұйымдардың бірі- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы «Шанхай бестігінен» (Қазақстан, Ресей, Кытай, Қырғызстан және Тәжікістан) құрылған. ШЫҰ-ның негізі – Шекара аумағында әскери саласында сенімд3 нығайту туралы Шанхай келісімі (1996 жылы) және Шекара аумағында қарулы күштердің өзара қысқартылуы туралы Мәскеу келісімі (1997 жылы) болып табылады.

Аталған екі тарихи келісімнің біріншісіне қол қою үшін 1996 жылы Шанхай қаласында бес мемлекет басшысы кездесіп, ол «Шанхай бестігі» деген атауға негіз болды. Шанхайдағы, оған ілесе бір жылдан кейін Мәскеуде өткен саммиттер алты жылдан соң көп жақты ынтымақтастық ұйымына айналған құрылымның негізін қалады.

Қазақстан, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасуды өзінің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған Ұйымға ерекше мән береді. ШЫҰ осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік және сенім шараларын нығайту мәселелерін бірлесіп шешу ұмтылысының нәтижесінде пайда болды. Ұйымның мүдделері саяси, экономикалық және мәдени–гуманитарлық салаларға таралды.

Терроризм, экстремизм және тағы басқа сыртқы қауіптер аймақтағы мемлекеттерді ШЫҰ-ның құрамында бірігуге итермелейді.

ШЫҰ – белгілі бір күштерге қарсы қимылдайтын әскери одақ немесе тұйық қоғамдастық емес. Ол – халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылған ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі жағдайдағы мән беретін мәселелері – аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау, әсіресе, сауда–экономикалық ынтымақтастықтың дамуы.

«Шанхай үдерісінің» ең жоғары жетістігі – Қытай шекарасындағы шиеленісушіліктің әлсіреуі. Дипломатиялық және әскери сарапшылардан тұратын Бірлескен Бақылау Тобы шекара бойындағы 100 шақырымдық қауіпсіздік аймақтарда өзара тексерістерді жүргізеді.

ШЫҰ-ның органдары: Мемлекет Басшыларының Кеңесі Үкімет Басшыларының Кеңесі Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі Министрліктер және/немесе ведомстволар басшыларының Кеңесі Ұлттық Үйлестірушілердің Кеңесі Хатшылық Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым (ӨТҚҚ) ӨТҚҚ Кеңесі

34. Халықаралық қатынастардағы жалпы және жекелген теориялар. Халықаралық қатынастардағы жалпы теориялар.

1.жаһандық халықаралық жүйе теориясы,акторы мемлекет;

2.қауымдастық теориясы;

3.әлемдік қауымдастық теориясы,акторы халықаралық ұйымдар;

Жеке теориялар.

1.күш балансы,өркениеттер жанжалының реалистік теориясы;

2.либералды теория озара тәуелділік т.б.;

3.радикалистік теория;

Қауіп балансы теориясы 20ғ 80-ші жылдарында пайда болды.Қ.б теориясы мемлекеттің қауіп балансы болмаған жағдайда бір мемлекет немесе каолиция ерекше қауіпті болғанда қалай жауап беретінін көрсетеді.

Шабуылдаушы реализм теориясы. Моргентаудың –барлығының барлығына қарсы соғысы-теориясы сәйкес келеді.

Барлық ұлы державалардың саясаттың валютасын иеленуге ұмтылуы бәсекелестікке ұштасады.

Гуманитарлық қол сұғу теориясы адам қауіпсіздігін қорғау үшін созуға болады.

Демократиялық әлем теориясы.

Халықаралық режимдер теориясы.

Антигегемонистік блок теориясы.

35. Әлеуметтік-саяси ой тарихындағы халықаралық қатынастар. Әлеуметтік-саяси ойлар тарихының ежелгі кезеңінен біздің заманымызға дейінгі объектісі биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси проблемалары болып қала береді. Ол саяси ойлар дамуының бастапқы кезеңдерінде қарапайымдылығы мен нақты өмірдің негізімен астасып кеткендігіне орай қарапайым және шектеулі болды, ерекше функция ретінде жеке көрініске ие бола қоймады. Бірақ өркениеттің дамуымен, мемлекеттік биліқтің қалыптасуы мен қызмет етуінің күрделенуімен саяси ойдың мазмұны байи түсті. Яғни,әлеуметтік- саяси ой мемлекеттік-биліктік функцияның орындалуымен, қоғамның құрылымдық күрделенуімен және оның даму проблемасымен байланысты. Алайда, қоғамдағы билік құру проблемасы қанша күрделене түскенімен де әлеуметтік-саяси ойдың базалық негізі ретінде сақталып қалған өз ядросы болады. Бұл:

  • биліктің, мемлекеттік биліктің әлеуметтік қажеттілігі,

  • биліктің заңды болуы; биліктің негізгі функциялары;

  • билік құрушы субъектінің, оның өкілеттілігінің анықталуы, биліктің шектелуі;

  • саясаттың, қоғамның саяси өмірінің нормативті негіздері:

  • билік пен оған бағыныштылардың өзара қарым-қатынасы.

Қоғамды басқаруды ұйымдастырумен байланысты осы және басқа да мөселелер саяси ойдың тұрақты мазмұны болды. Ежелгі дүние өз бастауын ғасырлардың терең қойнауынан алады. Осы ретте ежелгі дүниеде адамдар қалай өмір сүрді, онда билік, адамдарды басқару болды ма — деген бірінші сауалымызға жауап беріп көрелік. Гректер мемлекетке дейінгі баскарудың бұл түрін белгілеу үшін "архия" терминін пайдаланды. Бұдан — анархия (биліксіздік), монархия (бір адамның билігі) келіп шықты.Бірақ анархия кемелденген саяси мазмұнда болмады, ол алғашқы қауымдық адамдардың шынайы өмірімен араласын кеткен болатын және адамдардың бір тобының басқа топка үстемдік ету формасы бола алмады.Бірақ басқарудың бұл түрі өзінің осы қарапайым формасында адамзат қауымдастығына бастапқыдан-ақ тән екендігімен қызық ал баскарудың мемлекеттік формасы, мемлекеттік билік қоғам дамуының бұдан гөрі кемелденген сатысында пайда болды, олардың пайда болуы билік функциясының, басқару проблемаларының мазмұнының күшеюімен байланысты болды. Алғашқы мемлекеттер ежелгі Шығыс елдерінде (Мысыр, Үндістан, Қытай) пайда болдыуОлар ірі жер иеленуші өркениеттер еді. Жер және су ең негізгі ресурстар болғандықтан, осы ресурстарға кім иелік етер болса, сол шешуші әлеуметтік-экономикалық және саяси позицияға ие болатын. ірі ирригациялық құрылыстар (бөгендер, каналдар) салу үшін құлдардың күші кеңінен пайдаланылды. Қоғам сословиелерге бөлінді. Ресурстарға иелік етіп отырған жоғары сословие өкілдері өздерінің арасынан жоғары билеушіні бөліп шығарып оның шыкқан тегі мен іс-әрекеті жеткілікті дәрежеде мифологияландырылды. Сауданың дамуы, халықаралық байланыстардың кең өріс алуы және орта ғасырдың соңында жаңа орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы абсолютизмнен мұраға қалған дипломатияны ұйымдастырудың жаңа формаларының дамуына себепкер болды. Бұл дегеніміз өзге мемлекеттерде орталық дипломатиялық мекеме арқылы үкімет басқарып отыратын тұрақты өкілеттілік ашып алу. Халықаралық құқық ғылым ретінде өріс алуы, дипломатиялық және консулдық қызметтердің пайда болуы, еуропалық мемлекеттерде дипломатиялық церемониалдың қалыптасуы да осы кезеңге келеді. Венеция республикасы және Рим папасының дипломатиялық тәжірибесінде орта ғасырда пайда болған тұрақты дипломатиялық өкілдіктер бұл кезеңде кең түрде таралады. Дипломатиялық иерархия қатал орнайды және келіссөздер жүргізудің жалпыға ортақ формалары мен ережелері қалыптасады. 

36. Үшінші әлем түсінігі және оның әлемді тұрақтандыруға әсері. «Үшiншi әлем» түсiнiгi алғаш рет 1952 жылы 14 тамызда L’Observateur журналында жарық көрген француз ғалымы Альфред Совидiң мақаласында қолданылған. Мақала авторы мемлекеттердiң жан басына шаққандағы кiрiс мөлшерiне байланысты үшке бөлген. Тиiсiнше бiрiншi әлем мемлекеттерiнiң қатарына экономикасы ашық, нарықтық қатынастарға негiзделген Батыс елдерi кiредi. Индустриясы дамыған, бiрақ экономикасы еркiн емес бұрынғы социалистiк мемлекеттер екiншi әлем елдерiнiң қатарын толықтырады. Ал үшiншi әлем елдерi деп жоғарыда айтылған критерийлерге сәйкес келмейтiн әлемнiң басқа мемлекеттерi жатқызылады. Оған негiзiнен Азия, Африка және Оңтүстiк Америка құрлығын мекендейтiн халықтар жiктеледi. Олардың елдерiнiң өзi үшке бөлiнедi. Кiрiс мөлшерi төмен, орташа және жоғары елдер. Үшiншi әлем елдерiнде жер шары тұрғындарының 75 пайызы тұрса да ресурстың 20 пайызын ғана тұтынады. “Үшінші Әлем” — әлемдегі дамушы елдердің шартты атауы. Шамамен 1945 — 1990 ж. дүние жүзі мемлекеттері капит. және соц. болып 2 лагерьге бөлінді. Осы жылдар аралығында отарлық езгіден енді ғана құтылып шыққан Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Латын Америкасы елдері шартты түрде “Үшінші Әлемге” жатқызылды. 1989 — 1991 ж. Оңтүстік-Шығыс және Орталығы Еуропа мен КСРО-дағы социалдық жүйе ыдырағаннан кейін екі лагерьге бөліну өз-өзінен жойылды. Оның орнына аса жоғары технол. жетістіктерге жеткен мемлекеттерде (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Жапония, т.б.) постиндустриалды елдер деген атау орнықты (қара Постиндустриалды қоғам). Ал дамушы елдерде “Үшінші Әлем” деген түсініктер қалып қойды. Қазіргі кезде “Үшінші Әлемге” негізінен Азияның,Африканың, Латын Америкасының артта қалған дамушы елдері жатқызылады.

37. Халықаралық жүйелердегі типтер, құрылымдар. Халықаралық қатынастарды жүйелi оқытy үшiн халықаралық жүйенiң көп түрлi типтерi мен тәсiлдерi қолданылады. Осыған орай көптеген Халықаралық қатынастар ғылымын зерттеyшiлер өз үлесiн қосты. Мәселен, американдық Мортон Каплан. Ол өзiнiң 1957 жылғы ‘’ Халықаралық саясаттағы жүйе және процесс’’ деген еңбегiнде халықаралық жүйенiң көптүрлi типтерiн көрсеткен болатын.Олар:

-Күш балансы жүйесi (мұнда бес державадан төмен болмаy керек, әйтпесе биполярлы жүйе болып кетедi)

-Жұмсақ биполярлы жүйе( Бұған жататындар тек қана мемлекет емес сондай ақ одақтар мен бiрлестiктер және халықаралық ұйымдар). Жұмсақ биполярлы жүйенiң өз алдына екi типi бар:1)иерархияландырылған; 2)иерархияландырылмаған

-Қатты биполярлы жүйе ( екi одақтың қатал иерархияландырылyы, бейтатап мемлекеттердiң болмаyы, әмбебап актордың рөлiн тежеy )

-Әмбебап жүйе (әмбебап актордың артықтығы, саяси бiркелкiлiктiң жоғары деңгейде болyы, халықаралық жүйеге сәйкес тәртiп нормаларының пайда болyы)

-Йерархиялық жүйе (Ұлттық мемлекет өзiнiң мәнiнен айырылады, территориалды бiрлiктердi өзгертy, әлемдiк мемлекеттiк жүйенiң болyы)

-Бiрыңғай вето жүйесi (кез келген актордың өзiн қорғаy мақсатында вето қоюы)

38.Халықаралық қатынастарды талдаудағы ерекшеліктер мен жүйелі тәсілдің негізгі бағыттары. Халықаралық қатынастардағы ортақ ерекшеліктерге, негізінен алғанда олар мінезі тұрғызынан әлеyметтік қатынастар болып табылады, сәйкесінше халықаралық жүйе типіне әлеyметтiк жүйе жатады. Халықаралық қатынастарды талдаудағы ерекшеліктер мен жүйелі тәсілді оқытy әлеyметтiк қаyымдастықпен, топтар және жеке индивидпен байланысты.Бұдан көретiнiмiз халықаралық жүйе- адамдардың өзара байланыс жүйесi.Сонымен қатар, С.Фридлендер және Р.Коэнның айтyы бойынша халықаралық жүйе бұл сайлаy, мотивация, қабылдаy феномендерiмен де байланысты болып табылады деген тұжырымға келдi. Халықаралық жүйе ерекшелiктерiн оқытyда көптеген тәсiлдер бар: 1)дәстүрлi-тарихи; 2)тарихи-әлеyметтiк; 3)эвристикалық; 4)аралас; 5)эмпирикалық.

Дәстүрлi-тарихи- мұнда халықаралық жүйе түсiнiгiн дипломатиямен байланыстырды, яғни мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастар тарихи сипаты бойынша кезең-кезеңiмен түсiндiрiлдi.Мысалы:17ғ. Вестфаль келiсiмiнiң принциптерiне негiзделген еyропалық жүйе (Еyропалық концерт).

Тарихи-әлеyметтiк- бұл тәсiлдiң негiзiн салyшы Р.Арон, М.Каплан және т.б. болып табылады.Р.Арон Грек полистерi мен еyропалық монархияның арасындағы қатынастарын салыстырды, 19 ғасырдағы Шығыс пен Батыс арасындағы жүйеде қайталанyшылықтың бар немесе жоқ болyын iздедi.Яғни осыған сәйкес ортақ заңдылықтар шығарғысы келдi. Ал Американдық зерттеyшi Каплан болса ол тарихқа жүгiнбедi.Себебi тарихи деректер өте төмен деңгейде теориялық жинақтылық жасаy үшiн дедi. Капланның жүйенi 5-ке бөледi: жүйенiң негiзгi тәртiбi, жүйенiң трансформациясының тәртiбi, акторлардың классификациясы, және олардың қабiлеттiлiгi мен ақпаратталығы.

Эмпирикалық- халықаралық қатынастарда өзара байланыс ретiнде шынайы тәжiрибеге негiзделедi.Анықталған географиялық регион ретiнде де көрiнyi мүмкiн.

39.Бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар. Әлемдік империялардың ыдырауы. Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатыныц шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния,Греция, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар.

Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 — қыркүйектің 2, 1945) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Соғыстың екінші кезеңі.1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді. Германияға Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77% - ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы ). Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды. 1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді. Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде келісімге қол қойды. Гитлерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ- тың Перл – Харбор базасына басып кірді. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс жариялады. Соғыстың үшінші кезеңі. Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71% - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград тубінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия, Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда Солтүстік Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. Соғыстың төртiншi кезеңi-Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі щабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда солтүстік – батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 жылы шілде –қараша айларында Қызыл рмия Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар укіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехославак әскери бөлімдері Кеңес армиясының көмегімен Чехославакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық – азаттық армиясының және болгар әскерларінің көмегімен Югославияны, қазан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақатстар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Оңтүстік Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті.Соңғы кезеңде-Постдам конференциясы (1945 жыл 17 маусым – 2 тамыз ) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солтүстік шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин және Курил аралдарын азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт азаттық соғыстың басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 жылы 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды.

40.Халықаралық режимдер теориясының негізгі ережелері. Халықаралық режимдер теориясы 1980-жылдары пайда болды.Өкiлдерi С.Краснер, Р.Кохэн, Ф.Краточвил, Дж.Рагги, О.Янг және т.б..Олардың айтyынша халықаралық режимдер нормалардың, ережелердiң, шешiм қабылдаy процедyраларының жиынтығы болып табылады.Режимдер өздерiнiң белгiлi бiр фyнкциясы арқылы ынтымақтастықты жеңiлдетедi.Сонымен қатар режимдер ынтымақтастықтағы операциялық шығындарды өзгерте алады, режим принципiндегi ынталанyды бұзy арқылы.(Кохэн 1984ж.)Осыған сәйкес бiр жағынан режимдер мемлекеттiң өзiне деген сенiмсiздiгiн азайтады және олардың қаyпiн азайтады, ал кейбiреyлерi ынтымақтастықты бұзады, үшiншi жағынан қарастыратын болсақ бұзылyларға сәйкес мемлекеттiң бейiмделyi. Тю-бингендiк топ авторларының айтyынша мемлекет халықаралық режимдердi өздерiнiң принциптерi және нормаларымен тәртiптерi арқылы пайда болады.Яғни бұлар саясатта даyлы мәселе кезiнде шешiм қабылдаyды тyдырады.Сондай ақ мемлекет әдетте келешектегi дамyы үшiн процедyралық нормаларды, режимдер тәртiбiн қабылдайды. Сол режимдер қалыптастырy кезiнде мемлекет өздерiнiң егемендi мемлекет ретiнде құқықтарының сақталyына мән бередi,бұл кез келген әлем мемлкеттерiне тән болып келедi.Осылардың нәтижесiнде халықаралық режимдер өзiнiң тиiмдiлiгiн көрсетедi.Басқа да авторлардың зерттеyлерi бойынша режимнiң пайда болyы шешiм қабылдаyларда яғни мемлекет пен ынтымақтастықта қабылданған шешiмдер. Бұған мысал ретiнде Дж.Триконың айтyынша жоғарыда аталған мәселелер режимдердiң аясында жасалады дедi.(1990 жылы)

41.Халықаралық қатынастардағы мемлекеттік емес қатысушылар. Халықаралық қатынастардағы мемлекеттiк емес қатысyшыларға Үкiметаралық ұйымдар (МПО), Үкiметтiк емес ұйымдар(НПО), Трансұлттық ұйымдар (ТНК) және де хылықаралық аренаға ықпал ете алатын басқа да қоғамдық күштер мен қозғалыстар жатады.Бұлардың рөлi мен әсер етyi cәйкесiнше халықаралық қатынастарда жаңа құбылыстың пайда болyымен байланысты болып табылады. Францyз зерттеyшiсi Ш.Зоргбиб халықаралық ұйымдарды анықтайтын үш негiзгi белгiсiн көрсеттi.Бiрiншiден,ынтымақтастыққа саяси еркiндiк берy,екiншiден,ұйымның ары қарайғы дамyын қамтамасыз ететiн жалғастырyшының болyы, үшiншiден,шешiмге және құзыретке автономдықтың берiлyi.Көрсетiлген белгiлердiң барлығы халықаралық үкiметаралық ұйымдардың (МПО) сипатын көрсетiп отырғаны белгiлi, яғни мемлекеттердiң тұрақты түрде бiрiгyi және бұлар халықаралық келiсiмдерге негiзделедi. Тарихи деректерге назар аyдарар болсақ 1815 жылғы Вена конгресi, жаңа қатысyшыны әкелдi, бұл халықаралық үкiметаралық ұйым (МПО) болатын.Бұл ұйым Рейндегi кеме қатынасы бойынша тұрақты комиссиясы болатын. Осыдан кейiн 19 ғасырдың аяғына таман әлемде ондаған ұйымдар пайда бола бастады.Мысалы: 1853ж.Халықаралық санитарлық конвенция,1875ж.Халықаралық Телеграфтық Одақ, 1878ж. Бүкiләлемдiк почталық одақ,1923 ж. Халықаралық аyыл шарyашылық инститyты және т.б.Халықаралық үкіметаралық ұйымдар (МПО) бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардан кейін көптеп дами бастады.Олардың қатарына 1960жылғы 24 мемлекетті өзіне біріктірген Экономикалық ынтымақтастық және Дамy ұйымы, 1949жылғы Еyропа кеңесі, 1957ж.Еyропалық экономикалық қаyымдастық, 1957ж. Атом энергиясы бойынша еyропалық қаyымдастық, 1960ж Еyропалық еркін cаyда ассоциациясы, 1945ж Араб мемл-ң лигасы, 1948ж Американдық мемл-ң ұйымы,1963ж.Африкалық бірлік ұйымы және т.б.

42.Батыс-Шығыс жанжалы. Жаһанды теке-тірес эволюциясы. Батыс және Шығыс арасындағы жанжал ол ғасырлар бойы жалғасып келе жатқаны баршамызға белгiлi.Сондай ақ Шығыс және батыс адамдарының арасында да едәyiр алшақтық бар болып келедi.Тарихта көптеген әртүрлi өркениеттер өмiр сүрдi және олардың бiр бiрiнен өзiндiк айырмашылығы болды.Осы айырмашылықтар теке тiрестер тyдырды.Қазiргi таңда дәстүрлi өркениетке шығысты жатқызсақ, ал дәстүрлi емес өркениетке дамыған батысты жатқызамыз.Шығыс пен батыс өркениеттерiнiң арасындағы қарама қайшылықтың тyындаy себебi шығыс өркениетiнде барлығына ортақ белгiлер бар, ал бұл батыс өркениетiнде кездеспейдi.Ал ендi Шығыс және Батыс мемлекеттерiнiң экономикалық деңгейiне тоқталып өтсек,Шығыс экономикасы батыс мемлекеттерiнiң экономикасына қарағанда әлдеқайда төмен. 16 ғасырда шығыс мемлекеттерiнде экономика дами бастады.Бұл кездерде батыстан капитал мен технологиялар келiп шығыс экономикасының дамyына айтарлықтай үлесiн қосты.Батыс мемлекеттерi сондай ақ шығыс мемлекеттерiне өздерiнiң экспансиясын жүргiзiп келе жатыр. Ол екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн бастаy алған болатын.Сонымен қатар шығыс мемлекеттерi батыстың мықты энергетикасына тәyелдi.Осы энергия тасымалдаy кезiнде арзан энергияның себебiнен конфликтер тyындаyда.Осы және басқа да салалар бойынша өзiндiк жанжалдар бар болып келедi.

43.Халықаралық қатынастар теориясының әдістемесінің негізгі принциптері. Халықаралық саяси ғылымда ең жалпы немесе «үлкен» теория ретінде тұтастай ХҚТ сын санау қалыптасқан. Жалпы теория рөліне мыналар ұсынылуы мүмкін:

1. жаһандық халықаралық жүйе теориясы. Бұл жүйенің акторлары болып мемлекеттер табылады.

2. «суверенитеттен тыс акторларға» аса назар аудармайтын халықаралық қауымдастық Теориясы (Дж. Розенау ХҚ-дың мемлекеттік емес акторларын осылай атаған). Бұл теорияның шарттарына қазіргі әлемде тек ЕУ мемлекеттері, кем дегенде жалпы батыс мемлекеттері ғана сай келеді.

3. әлемдік (жаһандық) қауымдастық теориясы. Мұнда барлық нәрсенің бастауы болып мемлекет емес, жекелеген акторлар, үкіметтік емес ұйымдар, жалпы ғаламшардың халқы болады. Бұл теорияға сай, әлемдік қауымдастық өз артынан ортақ мүдделер мен ортақ бірегейлікті сезінуді туындататын әлеуметтік экономикалық, саяси, экологиялық жаһандық дағдарыстармен теңеседі.

Халықаралық қатынастардың жекелеген теориялары парадигмааралық және парадигмалық болады. Біріншісіне қауіпсіздікті, жанжалдарды, серіктестікті зерттеудегі көзқарастар реализмдер, либерализмдер, радикализмдердің де мүдделері бірдей деңгейде болатын сұрақтардан тұратын теориялар жатады. Екіншілері осы немесе өзге парадигмаларға «тығыз» байланысты болады. Оларға , мысалы мыналар жатады:

а) күш балансы, қауіп балансы, қарт анархия, өркениеттер жанжалының реалистік теориялары;

б) өзара тәуелділіктің, демократиялық әлемнің, гуманитарлық интервенцияның, халықаралық режимдердің либералды теориялары;

в) тәуелділіктің, симмтриялық емес тәуелділіктің, антигегомонистік блоктың радикалистік теориялары.

1. Қауіп балансы теориясы ХХ ғ. 80 жылдары С. Уолт күш балансы теориясын дамыту және жетілдіруге ұмтылған кезде пайда болған. Күш балансы теориясы жалпы сипатында сонау Фукидид дәуірінен белгілі болған, ол мемлекеттің біреуі немесе бірнешеуінің коалициясы өзгелерден күшінен артық күшке ие болған сәттегі іс әрекетін көрсетеді.

2. шабуылдаушы реализм теориясының негізгі ережелері.

XX ғасыр соңында шабуылдаушы реализм теориясы пайда болды, оның негізін салған Дж. Миршаймер болды. Шабуылдаушы реализм теория өз алдына классикалық реализмге қайта оралуды білдіреді, себебі оның негізгі ережелері Г. Моргентау тұжырымдарымен сай келеді. Сонымен қатар, Д. Миршаймер өз теориясының К. Уолтцтың неореализм теориясымен ұқсастығын көрсетеді, яғни мемлекеттердің тәртібі халықаралық жүйенің конфигурациясымен (полярлылығымен) және құрылымдық факторларымен (анархия және билікті жіктеу) анықталады және басқарылады.

3. «Гуманитарлық қол сұғу» теориясы суверенді мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципі мен БҰҰ ның мүшелерінің адам құқықтарын қорғау принциптерін қорғау сияқты принциптерінің кереғарлығынан туындайды. Бұл теорияны қолдаушылардың көзқарасы бойынша (Л. Эксуорси, В. Зартман, Л. Риннер,тб), әлемдік дамудың жаһандануы мен қарулы қақтығыстардың өзгеріп отырған сипаты халықаралық қатынастар ортасына адам құқықтарын шығарды. Гуманитарлық қол сұғу теориясы, егер оның негізіндегі іс әрекеттер БҰҰ-ның ҚК мен лигимизацияланбаса, халықаралық құқықтың көптеген ережелерімен кереғарлыққа түседі.

4. демократиялық әлем теориясының негізгі ережелері. Демократиялық әлем теорияысына сай (ДӘТ) демократиялар бір бірімен жауласпайды, аол олардың арасындағы келіспеушіліктер тек бейбіт жолмен шешіледі. Демократияның ережелері мен принциптері әмбебап, және діни, ұлттық, тарихи және т.б нәрселерге тәуелді болмайды. Сондықтан да тек демократиялық мемлекеттерден тұратын әлем соғыссыз әлем болатын еді. Демократиялық әлем теориясының идеялық негізін, негізгі ережелерін сонау 1983 ж М. Дойл негіздеген, жалпы негізгі ережелері идеалды мемлекеттік құрылымды іздеген батыстық либералды идеяларға және халықтар арасындағы мәңгілік бейбітшілік идеясына негізіледі.

5. халықаралық режимдер теориясындағы орталық мәселе халықаралық серіктестік болып табылады. ХҚ дың жаңа акторларының пайда болуы мен олардың өзара әрекеттері өмір сүріп отырған халықаралық институттармен байланысты емес және халықаралық құқықпен реттелмейді. Сондықтан да ХҚ да мемлекеттердің де, сонымен қатар әлемдік сауда, экология, адам құқығы, т.б салаларындағы мемлекеттік емес субъектілердің де өзара әрекеттерін реттейтін ережелер пайда болады.

6. антигегемонистік блок теориясы И. Валлерстайнның әлемдік жүйелік анализіне және өз уақытында А. Грамши негіздеген күш қатынасының деңгейлері теориясына негізделеді. Антигегеомонстік блок теориясына сай, қазіргі әлемде жаһандану мен еңбекті ұйымдастыруда фордизм мен посфордизмге өтудегі жемісін жеп отырған және әлемдік экономикадан шеттетілгенінің себебінен осы процестердің жағымсыз салдарын сезініп тоырған мемлекеттер мен халықтар арасындағы теңсіздіктің тереңдеуі байқалуда. Антигегемондық блок стратегиясы қазіргі жаһанданудың моделіне қарсы күреске бағытталған, оның жойылуыжер ғаламшарының халықтарының көпшілігі мүддесінде реттеуге мүмкіндік беретін және бұл салада туындағын конфликтілерді күшпен жоятын альтернативалы жаһандыэкономиканы жасау мүмкіндігін ашады.

44. Халықаралық қатынастардың қатысушысы ретіндегі мемлекеттің мәні мен рөлі. Мемлекет қазіргі қоғамның саяси ұйымының негізгі формасы ретінде сақталып отыр, әлемдік аренадағы басты актор. Бірақ бір мезгілде ол өзгереді және дамиды, жаңа өзгерістерге бейімделеді және соларды өзіне бейімдейді. Ол жоғалмайды, тек түр сипаты өзгереді, «мемлекеттік суверенитет» ұғымына толықтырулар енгізіледі. Мұндағы негізгі мәселе бұл даму қандай жолмен жүреді, мемлекет әлемдік халықаралық жүйенің өзге қатысушыларымен қалай өзара әрекеттеседі дегенде жатыр. Ұлттық мемлекеттердің суверенитет принципі. Ол халықаралық қатынастар саласында біркелкі емес салдарлар туындатты және қазірде сондай салдарларға әкелуде:

а) әрбір мемлекет өзінің сыртқы саясатында өзара кереғар функцияларды қатар тіркестіруге мәжбүр: ол территориялық экспансияға ұмтылуы мүмкін және өзінің территориялық кеңістігін қорғауға мүдделі, өзге мемлекеттердің мүдделерін бұзуы мүмкін және өзінің мүдделерін ұқыпты да байыпты қорғауы мүмкін, бейбітшілікті қорғау және халықаралық қатынастарда ынтымақтастықты күшейтуді қолдап шығуы мүмкін және өзге мемлекетті өзінің территориясы санайтын аннексия дайындауы мүмкін;

б) әрбір мемлекет өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Алайда «суверенитеттер плюрализмі» жағдайында ең бір күрделі және маңызды мәселе қауіпсіздік дилеммасы пайда болады. Ол мемлекеттердің біреуінің қауіпсіздігінің ұлғаюы өзгелерге қауіпсіздік болмауы мүмкін, оның тарапынан лайықты реакция қарулану жарысы мен «превентивті соғысқа» апаруы мүмкін;

в) ХҚ-да формалды түрде барлық мемлекеттер тең, бірақ «олардың кейбіреулері өзгелеріне қарағанда көбірек тең» (Б. Рассет және Х. Старр). Оладың формальды-заңдық теңдігі олардың территориясы, табиғи ресурстары, экономикалық потенциалдары, әлеуметтік тұрақтылық, қарулануы бойынша ерекшеліктеріндегі айырмашылықтарын жоққа шығара алмайды.

Әлеуметтік стратификация себептері мен олардың акторлардың іс әрекеттерінде көрініс табуымен қызығатын халықаралық қатынастарда бұл құбылысты түсіндіруде екі негізгі бағыт бар.

Олардың біреуі – «консервативті» - стратификацияны функционалды специализацияның салдары ретінде қарастырады: қоғамның стратификацияланатын себебі үлкен құндылық әкелетін позициялар оған қосымша билік, артықшылық немесе абырой әкеледі. Бұл көзқарас тарапынан қоғамның интеграциясы және әлеуметтік тәртіп стратификация нәтижесі болып табылады, қоғамның тұрақтылық деңгейінде оның мүшелерінің құндылықты консенсусының деңгейі көрініс табады. Екінші «радикалды»» бағыт өкілдері бойынша қоғамдық тәртіп әрқашан күштеуге негізделген, ал қоғамның стратификациясы әрқашан белгілі бір әлеуметтік қабаттың билігі, артықшылықтары мен абыройы олардың өзге қабаттарды жүйелі эксплуатациялауымен қол жеткізіледі және қолдау табу процесімен қатар жүреді. Марксистердің мұндай тұжырымы тек марксистерге жақын ғана емес, оған қарама қарсы өзге теориялық ағымдардың өкілдерінен де қолдау табады.

Халықаралық қатынастардағы стратификациямен байланысты көптеген идеялар радикалды бағыттардан алынған. Стратификация мәселесі бойынша сұрақтар халықаралық қатынастар туралы ғылым шеңберіндегі әдебиет екі бағытқа жіктеледі: «интеракционизм» және «структурализм». Біріншілер өзара әрекет етуші мемлекеттер халықаралық қатынастардың стратификациялық жүйесінің автономды элементтері ретінде қарастырады, олардың жағдайымен олардың тәртіптері анықталады. (М. Каплан, А. Органски, Р. Роузкранс, Д. Сингер, К. Дойч, К. Уолц және өзгелер.).

Екіншілер бойынша XX ғасырда мемлекеттер енді автономды емес, жалпы әлемдік капиталистік жүйеде түрлі рөлдерді ойнайды, бұл рөл олардың осы жүйеде қандай орын (орталық немес перифериялық ) алатындығына тәуелді (Р. Пребич, Б. Браун, П. Баран, П. Суизи, А. Франк, И. Галтунг, С. Амин, И. Валлерстайн және т.б.).

Сонымен, интеракционистер үшін мемлекет халықаралық актор ретінде талдаудың басты пәні болса, барлығын әлемдік жүйеде центр мен периферия қатысында қарастыратын структуралистер көбіне оны анализ бірлігі ретінде қабылдамайды.

Жоғарыда айтылғандай, халықаралық стратификацияның ең бір көп таралған түрі ол мемлекеттердің ұлттық мемлекеттік күшінің теңсіздігінен туындайтын өз суверенитететін қорғаудағы тең емес мүмкіндіктер болып табылады. Бұл көзқарас жағынан сверхдержава, ұлы державалар, орта державалар, кіші мемлекеттер және микро мемлекеттер.

Cверхдержавалар келесідей көрсеткіштер бойынша бөлінеді:

а) ғаламдық деңгейдегі бұқаралық жоюға қабілеттілік;

б) барлық адамзаттың өміріне ықпал ете алу қабілеті;

в) кез келген өзге мемлекет немесе олардың коалициясынынан жеңілмеу мүмкіндігі (егер мұндай коалицияға өзге сверхдержава кірмесе).

Ұлы державалар әлемдік дамуға айтарлықтай ықпал етеді, бірақ халықаралық қатынастарда үстемдікке ие емес. Олар жиі халықаралық рөл ойнауға ұмтылады, бірақ олардың иеленіп отырған шынайы мүмкіндіктері олардың мүмкіндіктері мен ықпалын белгілі бір аймақ шегінде, немесе аймақтық деңгейдегі халықаралық қатынастардың белгілі бір жеке саласы шегінде шектейді.

Орта державалар өзінің жақын қоршаған ортасында мықты ықпалға ие. Бұл олардың ықпалы нашар кіші мемлекеттерден басты ерекшелігі.

Кіші мемлекеттер сонымен қатар, өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын сақтау үшін қажеттік құралдарға ие болуы керек.

Микро мемлекеттер өз суверенитетін өзіндік күштері арқылы өз суверенитетін қорғауға қабілетсіз. Мұндай мемлекеттерге халқы 1-2 миллион болатын мемлекеттер жатады.

45. Әлемдік саясаттағы АҚШ-тың күшеюі. Әлемнің бірполюсті тенденциясын саралаңыз. Қазіргі АҚШ Еуразияның жаңа ұлы державасы атануға ашық түрде талас жүргізіп отыр. АҚШ-тың жетекші саясаттанушыларының бірі, стратегиялық және халықаралық мәселелерді зерттеу орталығының кеңесшісі З. Бжензинскийдің пікірінше, «Американың әлемдік деңгейде жалғыз ұлы державалық рөлі Еуразияға қатысты толыққанды және ашық стратегия жасаудың қажеттілігін нық бекітіп отыр. Бжезинский алдымен АҚШ-тың Еуразияда саяси плюрализмді бекіту қажеттігін айтады. Ол үшін басымдық АҚШ-қа қарсы коалиция құрылудың мүмкіндігін жоққа шығаратын саяси әдістер мен дипломатиялық басқаруға берілуі тиіс. Еуразияны америкаландырудың екінші кезеңінде америкалық басқарумен трансеуразиялық қауіпсіздік жүйесін құруы мүмкін стратегиялық әріптестер пайда болуы керек. Ұзақ мерзімді жоспар бойынша, мұның бәрі ғаламдық деңгейдегі ұзақ саяси жауапкершілік жүйесінің негізі болуы мүмкін.Қазіргі саяси үдерістер зерттеушілерге әлемнің дамуын анықтайтын болашақтың түрлі жолын болжауға итермелейді. Алғашқысы ХХІ ғасырдың басында басталып, бірнеше онжылдықтарға созылатын АҚШ-тың күштілігімен сипатталады. Екінші сценарий АҚШ-тың ғаламдық деңгейдегі маңызды геосаяси бәсекелестерінің көшін бастаған Қытайдың немесе Еуро Одақтың әлемдік аренеаға шығуымен анықталады, бұл ретте әлем биполярлық-екі полярлық әлемге айналады. Үшінші болжам ретінде көп полярлық жүйе алынады, Қытай, Германия, Ресей, Үндістан тәрізді елдер өзіндік аймақтарда әсер ете алатындай жол. Осы болжамдардың мемлекеттердің геосаяси мүдделерін жүзеге асыруда өзіндік тетіктерін ұсынады.АҚШ Қытаймен геосаяси тұрғыда тіл табысу үшін көптеген жолдарды қарастыруда. Олардың бірі ретінде Қытаймен шектесетін Қазақстан мен Моңғолия елдеріне ерекше назар аударуын атап өтуге болады. Қытаймен шекараласа Қазақстанға назарын аударуы түсінікті: шекаралас аймақта этникалық, мәдени-тарихи, діни сабақтасқан байланыс бар. әлемдік саясатты әлемдік билік үшін күресетін, әлемдік тартыстардан, әрбір елдің өздеріне тән геосаяси күрестерінен, түрлі бәсекелестіктер мен мүдделер қайшылығынан тысқары алып қарасыруға болмайды. Әлемдік саясатта АҚШ, Қытай, ЕО, Ресей сияқты алпауыт мемлекеттердің үстемдігі байқалады. ХХ ғасырдың 50-90-шы жылдары мысалы, әлемдік саясатта  екі басым полюс АҚШ пен Кеңес Одағы болды. Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ басы бір полюстік әлемдік саясат болды. Ол АҚШ-тың басым болуымен сипатталады. Ал, 2005-2010 жыдардан бастап әлемдік саясатта көпполюстік қатынастар басым болуда. әлемдік қатынастарды айқындаушы күштер қатарына жоғарғы аталған мемлекеттермен қоса Үндістан, Жапония, Бразилия сияқты жылдам дамушы елдер ықпалы арта түсуде. АҚШ планетамыздағы бірден – бір негізгі геосаяси күштердің орталығы екені белгілі, оған келесі сипатты белгілер тән: біріншіден, әскери, экономикалық, технологиялық, ақпараттық қатынастарда және мәдени ойын – сауық салаларында әлемдегі ең қуатты держава. Сонымен бірге АҚШ – тың бас болу жағдайы оның халықаралық институттарда ( ХВҚ, БСҰ, Бүкілдүниежүзілік Банк, Қайта құру және даму банкі), НАТО және т.б. басымдығымен түсіндіріледі. Екіншіден, әлемдегі жаһандану және жаңару үрдістері АҚШ – тың бақылауында. Үшіншіден, ол әлемде бірполярлы конструкция құруға тырысуда. АҚШ –тың геосаяси ұмтылысы өзінің аумағын қорғаумен бітпейді, оны басқа мемлекеттердің аумақтарына таратады, ол жерлерде Америка азаматтарының, америка капиталының, американың сыртқы саяси курсының және жалпы батыс өркениетінің мүдделері қорғалады; төртіншіден, өзінің мақсаттарына жетуде күш көрсету саясатына тірек жасайды, ондағы басты құралы – НАТО – батыс мемлекеттерінің әскери – саяси блогі, мұнда да АҚШ бағыттаушы ел болып қалады. Олар НАТО- ны демократия мен тұрақтылықтың зонасы ретінде қарап, оны кеңейту тұжырымдамасын белсенді пайдаланады, осылайша өзінің геосаяси алаңын кеңейтеді. Бесіншіден, АҚШ – тың сыртқы саясатына тән белгілердің бірі  - мессианизм, бұл дегеніміз бүкіл әлемге өзінің либеральді – демократиялық құндылықтарын тарату арқылы әлемді американдық етіп құруға тырысушылық. Американың жаппай ықпал ету мақсаттарына жету үшін АҚШ Еуропадағы одақтастары мен Жапонияға және қалған өзге де елдерге қатысты «Бағдарламалы көшбасшы тұжырымдамасын» қолданатынын айтуымыз керек. Бұл тұжырымдаманы 1993- 2000 жж. Клинтон әкімшілігі жасады. Тұжырымдаманың мәні – АҚШ саясатының шеңберінде одақтастарға белгілі бір әрекеттерге бағыттарын таңу. Дегенмен соңғы уақыттарда Құрама Штаттар әлемдік аренадағы бәсекелестіктен қауіптенеді. Жаһандық көшбасшылық үшін күресте – Қытай, Индия, Еуроодақ оның басты бәсекелестері болып отыр.

46.Халықаралық қатынастардағы үкіметтік емес ұйымдар. Халықаралық қатынастар жүйесіне көп ықпал тигізетін үкіметтік емес акторлар арасында әдетте, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, транснационалды корпорациялар, мемлекетішілік аймақтарды көрсетеді.

1. халықаралық үкіметтік емес ұйымдар (МНПО) қазіргі әлемде айтарлықтай белсенді және ықпалды. Оларға үкіметтік негізде құрылмаған және тек бір мемлекет шеңберінде жұмыс жасамайтын ұйымдарды жатқызады. ( сондықтан да оларды жиі трансұлттық деп атайды). Алғашқы МНПО лар XIX ғасырда пайда болған, алайда олардың ХҚ ға шынайы ықпалының көрініс табуы мен сандық өсуі ХХ ғасырдың екінші жартысына сай келеді. 1900 жылы олардың саны 69 болса ХХ және XXI ғасырлар тоғысында олардың саны – 27 мың. Олардың қызметі (Гринпис, Пагуоштық қозғалыс және т.б.) жаңа халықаралық режимдерді жасауға, әлемді демократизацияландырудың жаһандық мәселелерінде жаңа күн тәртібін жасауға көмектесті. Көптеген МНПО-лар халықтың көп бөлігінің қолдауына ие, сондықтан да оларға белсенді қызмет етуге мүмкіндік береді. Француздық мәліметтерге сай, осы елде үкіметтік ұйымдарға қарағанда үкіметтік емес ұйымдарға сенетін адамдар саны 5 есе көп, БАҚ пен салыстарғанда 9 есе көп.

47.Халықаралық қатынастардағы дезинформация. Дезинформация - [ фр. des - теріс, фр.information- ақпарат] - қоғамдық сананы жаңылыстырып, онда қандай да бір реакция тудыру мақсатын көздеп, ақиқат ретінде таратылатын жалған ақпарат. Бұл шара алғаш рет I дүниежүзілік соғыскезінде қарсыластарды адастыру, шатастыру, жаңылыстыру мақсатында пайдаланылды. Ол тәсіл қарсыласты тікелей алдауға, жалған, өтірік, фактілерді бұрмалау арқылы қолданылады. Қазіргі саяси ғылымда жалған хабар тарату арбау технологияларыныңқұрамдас бөлігі болып табылады. Ол ерекше ақпар арқылы реципиенттер(ақпаратты қабылдаушы, тұтынушы) санасында коммуникатордың (ақпаратты таратушы) өз мақсатымен сәйкес келіп, үндесетін ниет туғызуды көздейді.

48.Халықаралық қатынастардағы экономикалық факторлардың рөлін талдаңыз. Халықаралық саяси экономияның негізгі мәнінің қалыптасуында басты рөлді 1975 жылы «Әлемдік саясат пен халықаралық экономика» мақаласында жарық көрген «International Organization» журналы ойнады. ХСЭ саласындағы белгілі маман Р. Гилпин бойынша оның зерттеу пәні үш негізгі маңызды сұрақтармен байланысты:

- жаһандық экономиканың пайда болуының себептері мен салдарлары туралы: нарықтың қызмет етуі өзінің ішкі логикасына бағынады ма, әлде ол мемлекеттік рететуге тәуелді ме?;

- экономикалық және саяси өзгерістер диалектикасы туралы: қандай мөлшерде жкономикалық тұрақсыздық өз артынан саяси толқуларға әкеледі? Мемлекеттердің өз суверенитетін қорғауға ұмтылысы мен экономикалық реттеу тәсілдерінің жаһандануы өзара қалай ара қатысты болады?;

- мемлекеттердің жаһандану процесіне қосылуының саяси жолдары туралы: мемлекет нарықты бақылау үшін қандай құралдарға ие және нарық мемлекеттік шектеулерден өту және жеңу үшін қандай құралдарға ие (дұрысырақ оның атынан шығатын күштер)?

C. Cтрендж ХҚС-ның негізгі сұрағы мемлекет пен нарықтың арақатынасын билікті құрылымдық түсіну арқылы қарастырды. Билікті төртбұрыштыға теңестіреді, оның жақтары ретінде өндіріс, қауіпсіздік, білім және финанс құрылымын көрсетеді. Әрбір жақ өзгелерімен жанаса отырып, билік пен нарық қатынастарына әсер ететін тығыз өзара тәуелділік жағдайында болады. қазіргі уақытта, Стрэндж және өзге де зерттеушілердің ойы бойынша билік және қоғамның билігі мемлекеттен трансұлттық корпорацияларға, фирмалар мен банктерге өтуде. Трансұлттық кәсіпорындар мен ұйымдар мемлекеттің әлеуметтік басқару қызметін, жұмыспен қамту, еңбек шартары мен оны төлеу қызметтерін иеленді және мемлекеттің қауіпсіздікті қамтамасыз етуге рөлі мен жалпы оның күш монополиясын жойды. Алайда, олар бойынша, бұл мемлекеттердің жойылуын немес олардың трансұлттық құрылымдарға тәуелділігін болжауға болатындығын білдірмейді, институционалды саяси және экономикалық билік арасындағы күш арақатынасы жағдайы ауыспалы, бүгінде қалыптасып отырған жағдай мемлекет пайдасына емес, оның қашанға дейін созылары белгісіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]