Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
karzhy_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

17.«Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңына жалпы сипаттама беріңіз және оның құрылымы мен маңызын ашып көрсетіңіз.

«Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңы 2005 жылғы 13 маусымда қабылданды. Заң 6 – тарау, 34-баптан тұрады. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң Қазақстан Республикасының резиденттерiне қолданылады. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

18.Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификация ұғымдарына түсінік беріңіз.

Ақша жүйесі деп - құқық нормаларымен ретке келтірілген,еліміздің ақша айналымын жоспарлы түрде ұйымдастыратын формалар мен тәсілдердің жиынтығын айтамыз.

Ақша жүйесін ретке келтіру әдістері:

Девальвация-айналымдағы ақша бірлігінің алтын құрамын немесе қағаз ақшалардың бағалылығын шет елдік валюталарға байланысты етіп төмендету(азайту). Девальвация арқылы жаңа валюта мөлшері белгіленеді.Деноминация-айналымдағы ескі ақшаларды белгілі бір арақатыстықтарды қолдана отырып жаңадан шығарылған ірі ақшаларға айырбастау арқылы, ақшаның бағалылығын өзгерту. Осыған байланысты заттардың бағалары,тарифтер, еңбек ақылар және т.б.қайта есептелінеді.Дефляция- айналымнан басы артық ақшаларды алып тастау арқылы ақшаның санын азайту.

Нуллификация-айналымнан бағалылығы жойылған қағаз ақшаларды алып тастау және аз мөлшерде ғана жаңа қағаз ақшалар шығару.Ревальвация-ұлттық ақша бірлігінің бағалылығын ресми түрде жоғарылату.

19.Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру әдістеріне талдау жасаңыз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын бөлу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.

Қаржылық қызметтің әдістері дегеніміз, қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру кезінде мемлекет жүзеге асыратын нақтылы жолдар мен тәсілдер.

Ақша қорларының әртүрлі болуына байланысты оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру барысында да әртүрлі әдістер қолданылады. Жалпы алғанда олар үш түрге бөлінеді:1) ақша қорларын қалыптастыру әдістері;2) ақша қорларын бөлу әдістері;3) ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері.

Соның ішінде ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері:ақша қорларын пайдалану тәртібін белгілеу;ақша қаражаттарын пайдаланудың ұзақ мерзімді қаржылық нормативтерін белгілеу; ақша қаражаттарын пайдалану пайдалануды жоспарлауды ж.а.ақша қорларының пайдаланылуына бақылау жүргізу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]