Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
karzhy_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

15.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері туралы сипаттама беріңіз. Қаржылық жоспарлаудың түсінігін, сатыларын ашып көрсетіңіз. Қаржылық жоспарлаудың қағидаларына талдау жасаңыз.

Қаржылық жоспарлау халық шаруашылығындағы өндірістік және әлеуметтік дамуды жоспарлаудың құрамдық бөлігі болып есептелінеді. Қаржылық жоспарлаудың тікелей объектісі орталықтандырылған және орнатылтандаралмаған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру б.т. Қаржылық жоспарлаудың басқа мақсаты: қаржылық ресурстардың қалыптастыру көздерін және олардың жалпы көлемін анықтау; қаржылық ресурстардың пайдаланудың және қажетті резервтер құрудың нақты бағыттарын анықтау; ақша қаражаттарын халық шаруашылығы салалары, әкімшілік-аумақтық бірліктерде, сондай-ақ орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлардың арасында бөлудің ұтымды және тиімді әдісін белгілеу. Қаржылық жоспарлау органдары барлық мемлекеттік органдар жүйесін қамтиды: 1) мемлекеттік өкімет органдары: а) Жоғарғы Кеңес б) жергілікті өкілді органдар – маслихаттар. 2) Мемлекеттік басқару органдары 3) Арнайы қаржылық-кредиттік органдар: а) Қаржы министрлігі, оның басқармалары мен бөлімдері б) Ұлттық Банк, оның мекемелері. Қаржылық жоспарлаудың принциптері: ведомстволық, салалық, аумақтық, белгілі мақсаттық. Қаржылық жоспарлауды әзірлеу 3 этаптан тұрады: 1. есеп беру кезеңінде көрсеткіштердің орындалуына экон.талдау жүргізіледі. 2. әлеуметтік және экон. даму жоспарларының көрсеткіштері негізінде жоспарланатын жылдың кірістері мен шығыстарының нақты түрлерін есептеп шығару ж.а. 3. жекелеген тапсырмалар, статьялар, біртұтас біріктіріліп, теңестіріледі. Қаржылық жоспарлаудың негізігі құжаты қаржылық жоспар. Қаржылық жоспар дегеніміз – кәсіпорындар мен ұйымдардың, халық шаруашылығының, сондай-ақ біртұтас мемлекеттің ақшалай табыстары мен қорларын құру және пайдалану жөнінде жоспар. Қаржылық жоспар: алғашқы және жиынтық б.б. Жиынтық қаржылық жоспар – жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық. Қаржылық жоспарлардың сатылары: 1. қаржылық жоспардың жобасын жасау; 2. қаржылық жоспарды қарау; 3. қаржылық жоспарды бекіту; 4. қаржылық жоспардың орындалуын ұйымдастыру және оның орындалуына бақылау жүргізу. Қаржылық жоспардың құқықтық формасы – қаржылық жоспарлау актілері б.т.

16.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің элементтерін атап шығыңыз. Қолда жоқ ақшамен есеп айырысудың түрлерін, оның маңызын ашып көрсетіңіз.

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады.Ақша жүйесі еліміздегі ақшаның өз функциясын атқаруның тарихи қалыптасқан және ұлттық заңдармен бекітілген ұйымдастыру нысаны б.т. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:1. ақша бірлігінің – еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөнінде қызмет атқаратын заңмен белгіленген ақша номиналы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде – теңге.2. ақша түрлері – заңды төлем күші бар ақшаларды, олардың белгілері мен номиналдарын айтамыз. Ақшаның 2 түрі шығарылады: 1) қағаз ақша 2) монета. Ақшаның атқаратын қызметі: құн өлшемі; төлем құралы; айналым құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар ретінде көрініс табады. 3. Ақшаны эмиссиялау тәртібі – мемлекеттегі тікелей эмиссиялық орталық атымен қамтамасыз етілген банкноттарды және ұсақтаушы монеталарды шығару туралы пассивті операцияны ж.а. қазақтың ұлттық банкі б.т. 4. Валюта режимі – ұлттық валюта, сондай-ақ шетел валютасы тарапына мемлекет белгілеген валюталық шектеулер. Түрлері: 1)толығымен айналатын, еркін жүретін 2)жартылай айналымға түсетін 3)айналымға түспейтін. Валюталық монополия дегеніміз – валюталық құндылықтар мен мәміле жасау жөніндегі мемлекеттің айрықша құқығы. Валюталық монополия объектілері: 1)шетел валютасы 2)шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттары мен бағалы қағаздар 3)құнды металдар, бағалы тастар. 5. Ақша айналымы – қолда бар нақты және қолда жоқ ақша қозғалыстарынан тұрады. Нақты ақша: банкнот, металл ақша және т.б. Қолда жоқ: кредит карточкалары, чектер, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]