
- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметтің түсінігін, маңызын және мақсатын ашып көрсетіңіз.
- •2.Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функцияларын талдап көрсетіңіз.
- •3.Қаржының материалды категория ретіндегі және экономикалық категория ретіндегі түсінігін ашыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшелігі қандай? Қаржылық құқықтың пәнін, жүйесін ашып көрсетіңіз.
- •5.Қаржылық құқықтың реттеу әдістерін талдаңыз және олардың белгілері мен ерекшеліктерін атаңыз.
- •6.Қаржылық құқықтың принциптерін атап, ашып көрсетіңіз. Қаржылық құқықтың қайнар көздерін иерархиялық ретімен жазып шығыңыз.
- •7.Қаржылық құқықтық нормалар түсінігі және оның белгілерін, ерекшеліктерін, құрылысын талдаңыз. Қаржылық құқықтық өзге құқық салаларымен арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •8.Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі және түрлерін көрсетіңіз. Қаржылық құқықтық нормалардың құрамына талдау жасаңыз.
- •9.Қаржылық-құқықтық қатынастар түсінігі және мазмұны, ерекшеліктері, түрлеріне талдау жасаңыз. Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Ақша жүйесінің құқықтық негіздері: ұғымы және жалпы сипаттамасына талдау жасаңыз. Қр-ң ақша жүйесінің ерекшеліктерін атаңыз. Ақша реформасына сипаттама беріңіз.
- •11.Валюталық реттеудің құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз. Валюталық реттеудің жалпы сипаттамасы мен ерекшелігін ашып көрсетіңіз. Валюталық монополия және оның түрлеріне талдау жасаңыз.
- •12.Қазақстан Республикасында қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға және олардың атқаратын функцияларына сипаттама беріңіз.
- •13.Қаржылық бақылаудың түрлерін ашып көрсетіңіз. Қаржылық бақылаудың жалпы сипаттасы мен бақылау тәсілдеріне талдау жасаңыз.
- •14.Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •15.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері туралы сипаттама беріңіз. Қаржылық жоспарлаудың түсінігін, сатыларын ашып көрсетіңіз. Қаржылық жоспарлаудың қағидаларына талдау жасаңыз.
- •16.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің элементтерін атап шығыңыз. Қолда жоқ ақшамен есеп айырысудың түрлерін, оның маңызын ашып көрсетіңіз.
- •17.«Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңына жалпы сипаттама беріңіз және оның құрылымы мен маңызын ашып көрсетіңіз.
- •18.Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификация ұғымдарына түсінік беріңіз.
- •19.Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру әдістеріне талдау жасаңыз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын бөлу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •20.Мемлекеттік қаржылық құрылымының құқықтық негіздері: түсінігі, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Мемлекеттік қаржылық құрылымының звеноларын атап шығыңыз.
- •21.Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару - қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты ретінде: түсінігі, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •22.Қаржылық қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар және оларға қолданылатын санкциялар туралы сипаттама беріңіз.
- •23.Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтың түрлерін атаңыз.
- •24.Қаржылық құқық бұзушылықтың құрамы: белгілері, элементтеріне талдау жасаңыз.
- •25.Қаржылық құқық бұзушылық саласындағы жүргізілетін істердің өндірісі қандай және олардың тәртібі мен ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •26.Бюджеттік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері және жүйесін ашып көрсетіңіз.
- •27.Бюджеттік құқықтық нормалардың түсінігі, белгілері және құрылысына жалпы сипаттама беріңіз.
- •28.Бюджеттік құқықтың қайнар көздерін атап шығыңыз. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексіне сипаттама беріңіз.
- •29.Қаржылық құқық пен бюджеттік құқықтың ара қатынасы қандай? Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін атап шығыңыз.
- •30.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне талдау жасаңыз. Төтенше бюджеттің қабылдану негіздері және бекітілу тәртібі қандай?
- •31.Республикалық бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібіне талдау жасаңыз. Жергілікті бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібі қандай?
- •32.Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігін ашып көрсетіңіз. Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •33.Бюджеттік қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар түсінігі және оларға қолданылатын санкцияларға сипаттама беріңіз.
- •34.Қазақстан Республикасының банк құқығы: түсінігі және маңызын ашыңыз. Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама беріңіз.
- •35.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: құқықтық жағдайы, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
- •36.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайына сипаттама беріңіз. Олардың құрылу тәртібі қандай?
- •37.Қазақстан Республикасындағы өкілетті органдардың банктерге қадағалау жүргізу функцияларына талдау жасаңыз.
- •38.Қазақстан Республикасының Даму банкі: мақсаты, негізгі функциялары және қаржылық өкілеттіктерін ашып көрсетіңіз.
- •39.Қазақстан Республикасының салық құқығы қаржылық құқықтың институты ретінде. Қазақстан Республикасының салық құқығы: түсінігін және маңызын ашыңыз.
- •40.Салықтарға тән белгілер, олардың басқа міндетті төлемдерден айырмашылықтары қандай?
- •49.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен ауылшаруашылық өндірісті қолдау мақсатында бюджеттен тыс қаржылық қор қалыптастырылды.
10.Ақша жүйесінің құқықтық негіздері: ұғымы және жалпы сипаттамасына талдау жасаңыз. Қр-ң ақша жүйесінің ерекшеліктерін атаңыз. Ақша реформасына сипаттама беріңіз.
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады.Ақша жүйесі еліміздегі ақшаның өз функциясын атқаруның тарихи қалыптасқан және ұлттық заңдармен бекітілген ұйымдастыру нысаны б.т. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:1. ақша бірлігінің – еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөнінде қызмет атқаратын заңмен белгіленген ақша номиналы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде – теңге.2. ақша түрлері – заңды төлем күші бар ақшаларды, олардың белгілері мен номиналдарын айтамыз. Ақшаның 2 түрі шығарылады: 1) қағаз ақша 2) монета. Ақшаның атқаратын қызметі: құн өлшемі; төлем құралы; айналым құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар ретінде көрініс табады. 3. Ақшаны эмиссиялау тәртібі – мемлекеттегі тікелей эмиссиялық орталық атымен қамтамасыз етілген банкноттарды және ұсақтаушы монеталарды шығару туралы пассивті операцияны ж.а. қазақтың ұлттық банкі б.т. 4. Валюта режимі – ұлттық валюта, сондай-ақ шетел валютасы тарапына мемлекет белгілеген валюталық шектеулер. Түрлері: 1)толығымен айналатын, еркін жүретін 2)жартылай айналымға түсетін 3)айналымға түспейтін. Валюталық монополия дегеніміз – валюталық құндылықтар мен мәміле жасау жөніндегі мемлекеттің айрықша құқығы. Валюталық монополия объектілері: 1)шетел валютасы 2)шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттары мен бағалы қағаздар 3)құнды металдар, бағалы тастар. 5. Ақша айналымы – қолда бар нақты және қолда жоқ ақша қозғалыстарынан тұрады. Нақты ақша: банкнот, металл ақша және т.б. Қолда жоқ: кредит карточкалары, чектер, т.б.
ҚР ақша жүйесі – құқылық нормалармен ретке келтірілген, еліміздің ақша айналымын жоспарлы түрде ұйымдастыратын формалар мен тәсілдердің жиынтығы. Ақш жүйесінің құқықтық негіздері д/з еліміздің ақша бірлігін «теңге» және оның құрамын, оларды айналымға шығару және қамтамаыз етутәртібін, ақша жүйесін және ұлттық валютаны қорғау шараларын, аақша айналымын ұйымдастырудың негіздерін белгілейтін н.қ.а б.т. Қазіргі ақша жүйесі 1993 ж. 15 қарашадан «ҚР Ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 ж. 12 қарашадағы Президент Жарлығына сәйкес жүзеге аса бастады. Осы кезден бастап ҚР ұлттық валюта – теңге заңды төлем құралы б.т., және ол 100 тиыннан тұрады. «ҚР-ның Ұлттық Банкі туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңға сәйкес, Ұлттық Банк ақша айналысын басқаруды, ҚР-ның мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзудi ж.асырады, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды, ҚР-да валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады, төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді, қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етеді. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР-ның 2005 жылғы 13 маусымдағы Заңы ҚР-да валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгілеу; ҚР-ның дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау; валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз етуді көздейді.