Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
karzhy_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

8.Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі және түрлерін көрсетіңіз. Қаржылық құқықтық нормалардың құрамына талдау жасаңыз.

Қаржылық құқықтық нормалар дегеніміз – қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы субъектілердің құқықтары мен міндеттерін бекітетін жүріп-тұру ережелері. Қаржылық құқықтық нормалардың түрлері: 1) міндеттейтін қаржылық құқықтық нормалар 2) тыйым салатын қарж.-құқ.нормалар. Олар арқылы мемлекет субъектіге белгілі бір іс-әрекеттерді істеуге тыйым салу. 3) құқық беретін қарж.-құқ.нормалар. Реттеу әдісіне байланысты: 1) императивті қарж. құқ.нормалар (біржақты өктем); 2) диспозитивті қарж. құқ. нормалар. Норма түрлері: 1) мемлекттің ақша қаражат қорларын қалыптастыруды реттейтін нормалар; 2) мемлекттің ақша қаражат қорларын бөлуді реттейтін нормалар; 3) мемлекттің ақша қаражат қорларын пайдалануды реттейтін нормалар. Сондай-ақ, норма: 1) материалдық-белгілі бір капиталдың жылжуын көрсететін нормалар; 2) ұйымдастырушылық-мемлекеттік органдардың қызметін көрсететін нормалар. Ретту қатынастарына байланысты: 1) бюджеттік қарж.нормалар; 2) салықтық қарж.норм.; 3) банктік қарж.норм.; 4) қаржылық сақтандыру; 5) қаржылық валюталық; 6) қаржылық шаруашылық. Қарж-құқ нормалардың логикалық құрылымы: 1)гипотеза 2) диспозиция 3) санкция.

9.Қаржылық-құқықтық қатынастар түсінігі және мазмұны, ерекшеліктері, түрлеріне талдау жасаңыз. Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілеріне сипаттама беріңіз.

Қаржылық-құқықтық қатынастар деп, құқықтық нормалармен реттелген қаржылық-экономикалық қатынастарды айтамыз.Қаржылық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:-қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттің қаржылық-экономикалық қатынастарды құқықпен реттеуінің нәтижесінде пайда болады, сондай-ақ олардың заңды формасы б.т; - қаржылық құқықтық қатынастар өздерінің саласына байланысты қаржылық-құқықтық болып есептелінеді; - қаржылық құқықтық қатынастар міндетті түрдегі субъектісі - мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет мүддесін көздейтін өкілетті органдары б.т.; - қаржылық құқықтық қатынастар мтериалдық объектісіне тауар немесе басқа да сатып алу процесіне қатыспаған ақшалар ғана жатады; - қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік-өктем түрде жүргізіледі, сондықтан, қатынасқа қатысушылардың заң жүзінде тең құқылы емес екенін көрсетеді; - қаржылық құқықтық қатынастар маңызы б\ша қаржылық-экономикалық қатынастар б.т. Қаржылық-құқықтық қатынастар 2 түрге бөлінеді:a)Маңызы б\ша: 1)материалдық қаржылық құқықтық қатынастар; 2)ұйымдастырушы қаржылық құқықтық қатынастар;б)Объектісі б\ша: 1)бюджеттік; 2)салықтық; 3)банкілік; 4)сақтандыру; 5)шаруашылық. 1)материалдық қаржылық құқықтық қатынастар - ақша қаражаттарының тікелей – біржақты қозғалысын көрсетеді. Бұл қозғалыстар ақша қаражаттарын пайдалану процесін көрсетпейді. Қаржылық-құқықтық қатынастардың бір жағында әрқашанда ақша беруші – корреспондент, ал екінші жағында, ақшаны алушы–адресат тұрады. 2)ұйымдастырушы қаржылық құқықтық қатынастар – қаржы жүйесінің барлық құрамалы бөлімдерінің өзара бірқалыты әрекет жасау процестерін және қаржылық бақылау істерін жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай– ақ қаржылық жоспарлауды жүзеге асырады.

Қаржылық құқықтық қатынас субьектілері мемлекеттік органдардың белгілері:1. осы органдардың қызметтері мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақша қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процестерін көрсетеді.

2. бұл субьектілер өздеріне тиісті өктем өкілеттілік берілген мемлекеттік орган ретінде есептелінеді.

3. олардың іс әрекеттері жалпы мемлекеттік мүддемен анықталады.

4. осы әрекеттер барысында мемлекет функциялары жүзеге асырылады.

5. осы туындайтын қоғамдық қатынастар өздерінің құқықтық және экономикалық белгілері бойынша қаржылық болып табылады.

Қаржылық құқықтық қатынас субьектілерінің түрлері:

1. мемлекеттің біртұтас өзі

2. мемлекеттік өкімет және басқару органдары

3. өздерінің өкілді және атқарушы органдары арқылы әкімшілік аумақтық құрылымдар

4. заңды тұлғалар

5. жеке тұлғалар.

Қаржылық құқықтық қатынас субьектілерінің өз құқықтарын қорғау әдістері

Билік жүргізуші субьект өзінің мүдделері мен құқықтарын:

А) қаржылық берешектерді біржақты мәжбүрлі түрде өндіріп алу

Б) қаржылық берешетерді сот арқылы өндіріп алу

В) кінәлі тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту жолымен қорғайды.

Бағынышты субьектілер өздерінің мүдделерін

А) қаржылық органдар мен олардың лауазымды адамдарының әрекеттерін олар бағынышты органға айтып шағымдану;

Б) қаржылық органдырының әрекеттеріне сот арқылы шағымдану жолымен қорғайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]