Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
karzhy_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

49.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен ауылшаруашылық өндірісті қолдау мақсатында бюджеттен тыс қаржылық қор қалыптастырылды.

Қор жергілікті бюджетке түскен салықтық қаржыдан қалыптастырылды. Аудан әкімінің шешімі заңды ма?

Бұл жерде әкімнің іс-әрекеті заңсыз себебі, сбюджет туралы заңға сәйкес Мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мен мәслихатының аппараттары аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады. Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –облыстық бюджттер, қалаларрдың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудандардың қоспағанда) бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюжет Қазақстан Республикасының заңмен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Бюджет жүйесінің жұмыс істеу бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді.

50.Тәжірибелік сұрақ: Облыстық мәслихаттың ревизиялық комиссиясын облыстық әкімнің тікелей өзі басқаруы туралы шешім қабылданды. Бұл шешім облыстық бюджет атқарылуына қатаң қадағалау қажеттілігімен түсіндірілді. Облыс әкімінің шешімі заңды ма?

Ауданның бюджеті туралы шешімнің жобасына:1) БК-де және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңніңәрбіржылы б\ша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудан бюджетінің жобасы қоса беріледі. 2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардыңтізбесі; 3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін аудан бюджетіне түсімдер көлемі; 4) әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың , ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары; 5) басқа да деректер қоса беріледі.Кезекті қаржы жылына арналған аудан бюджетінің бекітілетін тапшылығының мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудан бюджетінің жобасын ауданның жергілікті атқа-рушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

51. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттілігінің құқықтық жағдайы Қаржы полициясы органдары : - Жалпы және арнайы жедел-ісздестіру шараларын жүзеге асыруға; -Іс жүргізуде жатқан материалдар мен қылмыстық істер б\ша құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректерге және өзге мәліметтерге қол жеткізуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды беруді талап етуге, олардың көшірмелерін түсіруге, түсініктемелер алуға.- Іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер б\ша шақыру б\ша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелуге; - ҚР қылмыстық іс жүргізу заңдарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қоюға немесе арасынан алуды жүргізуге; - ҚР заңдарында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторын пайдалануға;Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзетпен алып жүруге; - ҚП органдарының қарауына жатқызылған мәселелер б\ша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауға; - Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді хаттамаға түсіру және қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру. - ҚР заңдарында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, тексерістер, аудит және баға беру ісін жүргізуді талап етуге; - ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен ҚП органдарына жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерін құру және пайдалану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер б\ша алдын ала тергеу, анықтау, іс жүргізу барысында зерттеулер ұйымдастыруға; - ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметін жүзеге асыруға;;

52. Тәжірибелік сұрақ: Қзақстан Республиксының 2011-2013 жылдарға арналған бюджет туралы заңы. Оның орындалуы мен ерекшеліктері? Мемлекеттік бюджет біздің елімізге қажетті және маңызды. Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар — халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы. Мемлекеттік бюджеттің негізінде жүргізілетін шаралар арқылы дағдарыстық жағдайда одан шығуға байланысты қызметтер, қолдау мен ынталандыру саясаттары жүргізіледі. Осындай дағдарыстық кезеңдегі негізгі бюджеттік қолдау шараларын ескере отырып, келесідей ұсыныстарды топтастыруға болады: Экономиканы реттеудің, ынталандырудың бірден-бір көзі салық болғандықтан, ал салық мемлекеттік бюджеттің кірісінің негізгі көзі ретінде экономиканы бюджеттік-салықтық реттеу саясаты, яғни ынталандырушы және тежеуші бюджеттік-салық саясаттары жүзеге асырып отыру; Әлеуметтік саланы қолдау, елдің білім беру, денсаулық сақтау мен қарулы күштерін қызметін үздіксіз жүргізуге, ұстап тұруға байланысты оларды қаржыландыруда ең тиімді бюджеттік шараларды іске асыру, әлеуметтік саланың әлсіз жақтарына нақты көмек көрсетіп отыру;

53. Тәжірибелік сұрақ: «Адал» ЖШС-і 2009 жылы ҚХР-нан көп мөлшерде ауылшаруашылық құрал жабдықтарын әкелу мақсатында аудан әкімімен келісіп аудан бюджетінен 1000000 теңе алды. Аудан әкімі бөлінген ақша қаражатын ауылшаруашылықтың деңгейін көтеру мақсатында дұрыс жасалған игі іс деп түсіндірді. Аудан әкімінің шешімі заңды ма?Жергілікті атқарушы органдардың басшылары - әкімдер: бюджет жобасын әзірлеп, тиісті маслихатқа бекітуге табыс етеді және бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді; бюджеттен тыс қорлар қүрып, олардың нысаналы мақсатын анықтайды және оларға енген қаржыны жұмсайды; несие, заем және басқа да ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер туралы шешім қабылдайды, шарттарға, және басқа да құжаттарға қол қояды; сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асырады жеке т.б.

54. Тәжірибелік сұрақ: Облыстық бюджет қаражатын толтыру мақсатында облыс әкімі, облыс аумағынан жүретін көліктерге қосымша ақы тағайындады.Облыс әкімінің әрекеті заңды ма? Егер бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi стратегиялық жоспардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет түсiмдерiн қысқартуды қажет ететiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсынса, онда бюджеттiк өтiнiммен бiр мезгiлде тиiстi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiледi.Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлерi бойынша есеп-қисаптар тек қана үшiншi жылға жасалады.9. Бюджеттiк өтiнiмге түсiндiрме жазба жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негiзгi бағыттарын, мәлiмделген бюджеттiк бағдарламалардың қысқаша сипаттамасы мен баяндалуын, базалық шығыстарды ұлғайту негiздiлiгiн, нәтижелердiң қол жеткiзiлген көрсеткiштерiнiң талдамасын, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттiк өтiнiмнiң құрамына енгiзiлген бюджеттiк бағдарламалар бойынша ауытқулардың себептерiн қамтиды.

55. Тәжірибелік сұрақ: Банк саласындағы кризиспен күресу мақсатында, Ұлттық Банктің басшылығы ҚР Ұлттық қорынан екінші дәрежедегі банктерге несие беру туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк басшылығының шешімі дұрыс па?Ақшаның кұнсыздануын төменгі деңгейде ұстап, ұлттық валютанын тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының жалпы көлемін реттейді.Валюталық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті «Қазақстан Республикасындағы валюталык қатынастарды реттеу туралы». Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банктерге несие беру тәрізді ақша-несие саясатының құралын да пайдалануға құқылы.

Банктерге несие берудің тәртібін, шартын, түрін, мерзімі мен лимитін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан банкі несие берудің соңғы сатысының несие берушісі ретіңде банктерге несиені ұлттық және шетелдік валюталармен, Қазақстан Ұлттық Банктің Ережесімен белгіленген тәртіпте және мерзімде, қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де ұсынады

56. Тәжірибелік сұрақ: Бюджет тапшылығы және ол кезде мемлекет тарапынан қолданылатын шаралар. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздар түсімдері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін есептемегенде республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық мақсатта пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты емес түсетін түсімдерге тәуелділігін азайту үшін экономиканың мұнайға қатысты емес секторын нысаналы дамыту есебінен ұзақ мерзімді кезеңде мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшері азайтылуы тиіс. Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері есебінен қаржыландырылады. Бюджеттік кодекске сәйкес ҚР Үкіметі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан, шетел мемлекеттері мен халықаралық қаржы ұйымдардан құралдарды қарызға алуды іске асырады. Заемдық іс-әрекет нәтижесінде мемлекеттік борыш пайда болады. Мем-лекеттік борыш маңында ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік заемдар мен қарыздық міндеттемелер бойынша өздеріне алған міндеттеме-лері табылады. Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін іске асыратын құралдарды шеттен алып пайдалану республикалық бюджет қаражаттарымен қамтамасыз етіледі. Құралдарды шеттен алып пайдалану механизмі ҚР Үкіметімен белгіленеді және оның инвестициялық басымдары мен қаржы шекарасын анықтау, сон-дай-ақ шамаланған Үкіметтік займдардың тізбесін қалыптастыру негіздерінде іске асырылады. Мемлекеттік шеттен алып пайда-лану құралдарының көлемі тиісті жылға республикалық бюджет жөніндегі занда белгіленген Үкіметтік борышты өтеуге арналған бюджет құралдарының көлемі және Үкіметтік борыш лимитімен шектеледі. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган іске асыратын борышты етеу, мемлекеттік құнды қағаздарды са-тып алу тәртібін ҚР Үкіметі анықтайды.Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және пайдаланылатын бюджет қаражатының қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар сомасының, пайдаланылатын бюджет қаражаты қалдықтарының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі және мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекеттің кепілгерлігі міндеттемелерін орындау ретінде белгіленеді. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді. Бюджет профицитін пайдалану - қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, пайдаланылатын бюджет қаражатының қалдықтарын жұмсау. Бюджет профицитін пайдалану көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының және мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекеттің кепілділігі бойынша міндеттемелердің орындалуы алынған қарыздар және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтарының сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді.

57. Тәжірибелік сұрақ: «Арман» Өндірістік кооперативі өндірілген тауарлары үшін мемлекеттен жеңілдіктер алып отыр. Мұндай жеңілдіктерді алудың және ұсынудын шарттары қандай?Жалпы заңды тұлғалар өндірілген тауарлар үшін мемлекеттен жеңілдіктер алады. Мысалы; салықтан толық немесе ішінара босатуы мүмкін. Әрине, бұл тауарлардың бағасын да мемлекет бекітеді. Егер мемлекеттің өзі тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден түскен барлық түсімнен сауда шығындары шегерілген сомаға салық салынады.

58. Тәжірибелік сұрақ: «Азимут» ЖШС-і шет мемлекеттен тауарлар әкелу кезінде кеден органының тауарға қатысты Тауарларды декларациялау кезiнде олар жiктелуге тиiс, яғни тауарларға қатысты Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша коды (кодтары) белгiленедi. Тауарларды декларациялау кезiнде декларант олардың Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодын дұрыс көрсетпеген жағдайда бақылау өткiзу пункттерi мен мамандандырылған кеден мекемелерiнен басқа, кеден органы мұндай тауарды өз бетiнше жiктеуге құқылы.  Бақылау өткiзу пункттерi мен мамандандырылған кеден мекемелерiнен басқа, кеден органының тауарларды жiктеу жөнiнде шешiм қабылдау тәртiбi мен шешiм нысанын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi. Бақылау өткiзу пункттерi мен мамандандырылған кеден мекемелерiнен басқа, кеден органдарының тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмдерi мiндеттi болып табылады. Бақылау өткiзу пункттерi мен мамандандырылған кеден мекемелерiнен басқа, Кеден органдарының шешiмдерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. Тауарларды жiктеу кезiнде бақылау өткiзу пункттерi мен мамандандырылған кеден мекемелерiнен басқа, кеден органдары тауарлар кодтарын Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес қолданады. Тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлетiн мәлiметтер, сондай-ақ сараптама ұйымдары беретiн қорытындылар, анықтамалар, сараптама актiлерi көмекшi (ақпараттық) сипатта болады және тауарларды жiктеу кезiнде назарға алынады. Тұлғаның сұратуы бойынша бақылау өткiзу пункттерi мен мамандандырылған кеден мекемелерiнен басқа, кеден органы осы бөлiмге сәйкес тауардың жiктемесi бойынша алдын ала шешiм қабылдайды. 

59. Тәжірибелік сұрақ: Жеке кәсіпкер А. Кеден қоймасын ашу үшін кеден органына жолданды. Кеден органының лауазымды қызметкері ол үшін оның жеке меншікте үй-жайы болуы керек екендігін түсіндіріп өтінішті қабылдамады. Оның әрекеті заңды ма? Аталған жағдайда құқық бұзушылық орын алған ба?Кеден қоймасы - кеден ақысы салығы алынбайтын және тауарларға сақтау кезеңiнде экономикалық саясат шаралары (рұқсат беру, квота) қолданылмайтын акциздiк (жанама салықсыз), әкелiнген тауарлар кеден бақылауында болатын кеден тәртiбi. Кеден қоймасын мекемелер, ұйымдар және басқа да заңды тұлғалар, адамдардың жекеменшiк атауы бар, бiрақ заңды тұлға мәртебесi жоқ бiрлестiктер, жеке меншiк кәсiпорны, бар, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылған дара (отбасылық), жеке кәсiпорындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген, заңды тұлға құрмайтын кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдар (бұдан былай "қойма иесi") құра алады. Кеден қоймасы тәртiбiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған, арнайы бөлiнген және жарақтандырылған бiр немесе бiрнеше жайдан, немесе басқа да жерлерден (бұдан былай - жай), бұл жайларға иелiгi бар адамға кеден қоймасын құруға Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi органының аймағында болуға тиiс. Егер кеден қоймасын Қазақстан Республикасының кеден органдары құрған болса, оған рұқсат алудың қажетi жоқ. Рұқсат алу үшiн жайдың иесi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiне (бұдан былай кеден комитетi) өтiнiш бередi, онда кеден қоймасының түрi, оның заңды мекен жайы, рұқсат беру туралы мәселенi шешу үшiн елеулi мәнi бар басқа да мәлiметтер көрсетiлуге тиiс, рұқсат алу үшiн түсiм төленiп, сондай-ақ АҚШ долларының 50 000 эквивалентi сомасында кеден төлемiнен төлеу туралы банкiнiң кепiлдемесiн бередi.

60. Тәжірибелік сұрақ: Азамат Түрік Республикасынан Қазақстанға жеке мақсатта деп 5 жұп аяқ киім, 4 былғары тон, 10 костюм алып келді. Оған қатысты кеден органдары кеден заңнамсын бұзғандығы үшін әкімшілік іс қозғады. Аталған жағдайда қаржылық құқықтық қатынастар орын алған ба? Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерін ата.Жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарлар - салмағы 35 килограмнан жоғары, тауардың бір бірлігінен немесе бір жиынтығынан тұратын, оның ішінде тауардың жиналған, жиынтықталған немесе аяқталған тауардың негізгі қасиеті бар деген шартпен, бөлшектелген, жиналмаған, жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауар. Жиынтықталым дайындаушы, сатушы немесе жөнелтуші тауардың заттаңбаларында, бұйымдарының паспорттарында, кепілдік талондарында, орам қағаздарында, өзге де құжаттарда ұсынған мәліметтер негізінде, сондай-ақ осындай тауардың немесе жиынтықтың функционалдық мақсатына сай келетін олардың жалпыға бірдей (дәстүрлі) қолданылуын негізге ала отырып айқындалады; Бұл жерде кеден органдарының іс-әрекеті дұрыс емес. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлері, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей өткізудің құндық, сандық және салмақтық нормалары, жеке пайдалануға арналған тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату жағдайлары, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды қолдану тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]