
- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметтің түсінігін, маңызын және мақсатын ашып көрсетіңіз.
- •2.Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функцияларын талдап көрсетіңіз.
- •3.Қаржының материалды категория ретіндегі және экономикалық категория ретіндегі түсінігін ашыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшелігі қандай? Қаржылық құқықтың пәнін, жүйесін ашып көрсетіңіз.
- •5.Қаржылық құқықтың реттеу әдістерін талдаңыз және олардың белгілері мен ерекшеліктерін атаңыз.
- •6.Қаржылық құқықтың принциптерін атап, ашып көрсетіңіз. Қаржылық құқықтың қайнар көздерін иерархиялық ретімен жазып шығыңыз.
- •7.Қаржылық құқықтық нормалар түсінігі және оның белгілерін, ерекшеліктерін, құрылысын талдаңыз. Қаржылық құқықтық өзге құқық салаларымен арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •8.Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі және түрлерін көрсетіңіз. Қаржылық құқықтық нормалардың құрамына талдау жасаңыз.
- •9.Қаржылық-құқықтық қатынастар түсінігі және мазмұны, ерекшеліктері, түрлеріне талдау жасаңыз. Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Ақша жүйесінің құқықтық негіздері: ұғымы және жалпы сипаттамасына талдау жасаңыз. Қр-ң ақша жүйесінің ерекшеліктерін атаңыз. Ақша реформасына сипаттама беріңіз.
- •11.Валюталық реттеудің құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз. Валюталық реттеудің жалпы сипаттамасы мен ерекшелігін ашып көрсетіңіз. Валюталық монополия және оның түрлеріне талдау жасаңыз.
- •12.Қазақстан Республикасында қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға және олардың атқаратын функцияларына сипаттама беріңіз.
- •13.Қаржылық бақылаудың түрлерін ашып көрсетіңіз. Қаржылық бақылаудың жалпы сипаттасы мен бақылау тәсілдеріне талдау жасаңыз.
- •14.Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •15.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері туралы сипаттама беріңіз. Қаржылық жоспарлаудың түсінігін, сатыларын ашып көрсетіңіз. Қаржылық жоспарлаудың қағидаларына талдау жасаңыз.
- •16.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің элементтерін атап шығыңыз. Қолда жоқ ақшамен есеп айырысудың түрлерін, оның маңызын ашып көрсетіңіз.
- •17.«Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңына жалпы сипаттама беріңіз және оның құрылымы мен маңызын ашып көрсетіңіз.
- •18.Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификация ұғымдарына түсінік беріңіз.
- •19.Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру әдістеріне талдау жасаңыз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын бөлу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •20.Мемлекеттік қаржылық құрылымының құқықтық негіздері: түсінігі, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Мемлекеттік қаржылық құрылымының звеноларын атап шығыңыз.
- •21.Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару - қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты ретінде: түсінігі, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •22.Қаржылық қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар және оларға қолданылатын санкциялар туралы сипаттама беріңіз.
- •23.Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтың түрлерін атаңыз.
- •24.Қаржылық құқық бұзушылықтың құрамы: белгілері, элементтеріне талдау жасаңыз.
- •25.Қаржылық құқық бұзушылық саласындағы жүргізілетін істердің өндірісі қандай және олардың тәртібі мен ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •26.Бюджеттік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері және жүйесін ашып көрсетіңіз.
- •27.Бюджеттік құқықтық нормалардың түсінігі, белгілері және құрылысына жалпы сипаттама беріңіз.
- •28.Бюджеттік құқықтың қайнар көздерін атап шығыңыз. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексіне сипаттама беріңіз.
- •29.Қаржылық құқық пен бюджеттік құқықтың ара қатынасы қандай? Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін атап шығыңыз.
- •30.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне талдау жасаңыз. Төтенше бюджеттің қабылдану негіздері және бекітілу тәртібі қандай?
- •31.Республикалық бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібіне талдау жасаңыз. Жергілікті бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібі қандай?
- •32.Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігін ашып көрсетіңіз. Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •33.Бюджеттік қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар түсінігі және оларға қолданылатын санкцияларға сипаттама беріңіз.
- •34.Қазақстан Республикасының банк құқығы: түсінігі және маңызын ашыңыз. Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама беріңіз.
- •35.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: құқықтық жағдайы, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
- •36.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайына сипаттама беріңіз. Олардың құрылу тәртібі қандай?
- •37.Қазақстан Республикасындағы өкілетті органдардың банктерге қадағалау жүргізу функцияларына талдау жасаңыз.
- •38.Қазақстан Республикасының Даму банкі: мақсаты, негізгі функциялары және қаржылық өкілеттіктерін ашып көрсетіңіз.
- •39.Қазақстан Республикасының салық құқығы қаржылық құқықтың институты ретінде. Қазақстан Республикасының салық құқығы: түсінігін және маңызын ашыңыз.
- •40.Салықтарға тән белгілер, олардың басқа міндетті төлемдерден айырмашылықтары қандай?
- •49.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен ауылшаруашылық өндірісті қолдау мақсатында бюджеттен тыс қаржылық қор қалыптастырылды.
40.Салықтарға тән белгілер, олардың басқа міндетті төлемдерден айырмашылықтары қандай?
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар-мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.Салық- заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.Салық- белгілі бір объектілерден төленетін төлем.Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджнтіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды.Салықты материалдық тұрғыдан алғанда- бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық наруралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).Салықтың материалдық белгісі- салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.Материалдық салықтың қатынастар- ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық- салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қрзғалысы болып саналады.Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме. Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:- Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса;- Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.- Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;- Салық – ақшалай нысанды төленеді;- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:- Салық – баламасыз сипатта болады;- Салық – салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады;- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.1.Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.2. Салық – ақшалай нысанды төленеді.Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.3. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекеткебағытталады.Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:Біріншіден,ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады (қайтарылады).Ал, қайтарымсыздық дегеніміз- ақшаның мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.4. Салық –баламасыз сипатта болады.Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын айқындайды, төленген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.5. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.Салық төленген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады,ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.6. Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады.
41.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді. Бұл шешім бюджетке түсетін кіріс деңгейінің төмендеуімен түсіндірілді. Аудан әкімінің шешімі заңды ма? Өз жауабыңды нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасап негізде.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.
42.Тәжірибелік сұрақ: Уақытша сақтау қоймасындағы тауарларды жеке кәсіпкер толық кедендік рәсімдеу аяқталмай жатып саудаға шығара бастады. УСҚ-ғы тауарлармен қандай операциялар жасауға болады. Аталған жағдайда қаржылық құқықтық қатынастар орын алған ба?
Тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлғалар немесе олардың өкілдері уақытша сақтауда тұрған тауарлармен оларды өзгермейтін жай-күйде сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті кәдімгі операцияларды жасауға, оның ішінде тауарларды қарауға және өлшеуге, оларды уақытша сақтау орны шегінде ауыстыруға құқылы.Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдардың немесе олардың өкілдерінің уақытша сақтаудағы тауарларды пайдалануға, оның ішінде мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарғанға дейін оларды уақытша сақтау орны аумағынан әкетуге не осы Кодексте көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасауға құқығы жоқТауарларды уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын,салықтарды төлеу бойынша міндет: уақытша сақтау қоймасының иесінде – тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезден бастап;
43.Тәжірибелік сұрақ: Интелъектуалдық меншік объектісін азамат өзі автор болғандықтан уәкілетті органның келісімінсіз кеден шекарасынан сыртқа шығармақ болды, оның бұл әрекетін кеден органы заңсыз деп танып іс қозғады. Бұл жерде құқық бұзушылық орын алған ба? Орын алған болса, қандай түрі?
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қолдану мақсатында зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізеді және оның жариялануын, оның ішінде ресми интернет-ресурста, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның веб-порталында жариялануын қамтамасызетеді. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізудің нысаны мен тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
44. Тауарлардың кедендік құның анықтау кезінде азамат Б. тауардың құнына оның сақтандыру құның енгізілуіне қарсылық білдірді. Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген шарттарды қабылдайды. Сақтандыру шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс. Кеден органы мынадай жағдайлардың бірінде: 1) сақтандыру шартын берген сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағында көрсетілген сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілмеген;2) табыс етілген сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген3) төленуі сақтандыру шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың сомасы сақтандыру шартымен расталатын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан асып кеткен; 4) сақтандыру шарты қолданылуының аяқталу мерзімі кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі төлеуші міндеттемесінің орындалу мерзімінен аз болғанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шартын қабылдаудан бас тартады.Сақтандыру шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартқан кезде кеден органы бас тарту себептерін негіздей отырып, көрсетілген сақтандыру шартын табыс еткен төлеушіні бұл туралы үш күн ішінде жазбаша хабардар етеді.Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме орындалмаған жағдайда кеден органы сақтандыру ұйымына аталған сақтандыру шартында көзделген міндеттеменің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты жібереді. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеменің орындалу мерзімдері аяқталған күннен кейінгі келесі күннен бастап өсімпұлдар есептеледі.
45.Тәжірибелік сұрақ: Кәсіпкер Д. Қазақстан Республикасына ірі мөлшерде электр құралдарын әкеліп, ол туралы тек екі ай өткен соң кеден органына мәлімдеді. Бұл жерде құқық бұзушылық орын алған ба? Орын алған болса, қандай түрі? бул жерде касипкер тарапынан ешкандай кукык бузушылык орын алган жок себеби кеден шекарасы аркылы откизилетин тауарларды тексеру кеден органдары жузеге асырады кеден иси кодексинин 211 бабы.Қазақстан Республикасында тiркелген тұлғалардың ресми және жеке пайдалануына арналған мынадай тауарлар: құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын тұрмыстық электр аспаптары, спорттық жабдықтар, музыкалық аспаптар мәлiмделген кедендiк режимге сәйкес кеден органдарында мiндеттi кедендiк ресiмдеуге және есепке алуға жатады.Кеден органдары кедендік тексеру кезінде:1) тауарлардың кедендік рәсіммен орналастырылу фактісін;2) кедендік декларацияда және тауарларды кедендік декларациялау кезінде табыс етілген өзге де құжаттарда мәлімделген, тауарларды шығару туралы шешім қабылдауға әсер еткен мәліметтердің дұрыстығын; 3) шартты шығарылған тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуын; 4) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын 5) тұлғалардың уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру үшін қажетті талаптарға сәйкестігін;6) кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын;7)Кодексте белгіленген мерзімдердің ішінде құжаттарды сақтау бойынша міндеттеменің орындалуын тексереді.
46.Тәжірибелік сұрақ: Тасымалдаушы компания тауарды халықаралық почта қызметін ұйымға өткізіп, ол туралы тауар межелі жеріне жеткенде ғана кеден органына хабарлады. Аталған мысалда қаржы шаруашылық қатынастар орын алған ба? Қаржы шаруашылық қатынастар қандай жағдайда орын алады?
Халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды кеден органдары халықаралық почта алмасу орындарында (мекемелерінде) не кеден органы айқындаған өзге орындарда жүргізеді.Халықаралық почта алмасу орны (мекемесі) халықаралық почта жөнелтімдерін жөнге келтіру мен сұрыптау және кедендік бақылау мен кедендік декларациялау үшін қызмет аймағында көрсетілген орын орналасқан кеден органының лауазымды адамына осы почта жөнелтімдерін көрсететін орынболыптабылады. Почта операторы халықаралық почта жөнелтімдерін оларды алушыларға осы халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтар төленгенжағдайдабереді.
47.Тәжірибелік сұрақ: Облыстық мәслихаттың шешімімен республикалық бюджетке трансфертті қысқарту туралы шешім қабылданды. Ол шешім кіріс деңгейінің төмендеуімен және бюджеттің қаражат жұмсауға байланысты кейбір бөлігінің орындалуына мүмкін еместігімен түсіндірілді. Облыстық мәслихаттың шешімі заңды ма? Жауабыңды толық негізде.
Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері тиісінше облыстық мәслихаттардың, республикалықмаңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі. БК-мен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомство-лықбағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге жәнетиісті ауданда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан бюджеті б.т
48.Тәжірибелік сұрақ: «Инвест Табыс» Серіктестігі Қазақстанда өндірілмейтін құрал жабдықтарды инвестициялық жоба аясында кедендік жеңілдікпен, яғни баж төлемей ҚР-на әкелді. Салық қатынастары орын алған ба? Салық элементтері қандай?
Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, оларды беру тәртібі мен жағдайлары кеден одағының кеден заңнамасына сәйкесайқындалады. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтар мен кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер оларды салудан босату түрінде беріледі.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте (мемлекеттерде) орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместердің табысының бір бөлігі салық салынатын табысына қосылуға жатады, ал салық салынатын табыс болмаған жағдайда, осындай резидент еместердің жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде тиесілі Қазақстан Республикасы резидентінің залалын азайтады.