
- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметтің түсінігін, маңызын және мақсатын ашып көрсетіңіз.
- •2.Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функцияларын талдап көрсетіңіз.
- •3.Қаржының материалды категория ретіндегі және экономикалық категория ретіндегі түсінігін ашыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшелігі қандай? Қаржылық құқықтың пәнін, жүйесін ашып көрсетіңіз.
- •5.Қаржылық құқықтың реттеу әдістерін талдаңыз және олардың белгілері мен ерекшеліктерін атаңыз.
- •6.Қаржылық құқықтың принциптерін атап, ашып көрсетіңіз. Қаржылық құқықтың қайнар көздерін иерархиялық ретімен жазып шығыңыз.
- •7.Қаржылық құқықтық нормалар түсінігі және оның белгілерін, ерекшеліктерін, құрылысын талдаңыз. Қаржылық құқықтық өзге құқық салаларымен арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •8.Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі және түрлерін көрсетіңіз. Қаржылық құқықтық нормалардың құрамына талдау жасаңыз.
- •9.Қаржылық-құқықтық қатынастар түсінігі және мазмұны, ерекшеліктері, түрлеріне талдау жасаңыз. Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Ақша жүйесінің құқықтық негіздері: ұғымы және жалпы сипаттамасына талдау жасаңыз. Қр-ң ақша жүйесінің ерекшеліктерін атаңыз. Ақша реформасына сипаттама беріңіз.
- •11.Валюталық реттеудің құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз. Валюталық реттеудің жалпы сипаттамасы мен ерекшелігін ашып көрсетіңіз. Валюталық монополия және оның түрлеріне талдау жасаңыз.
- •12.Қазақстан Республикасында қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға және олардың атқаратын функцияларына сипаттама беріңіз.
- •13.Қаржылық бақылаудың түрлерін ашып көрсетіңіз. Қаржылық бақылаудың жалпы сипаттасы мен бақылау тәсілдеріне талдау жасаңыз.
- •14.Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •15.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері туралы сипаттама беріңіз. Қаржылық жоспарлаудың түсінігін, сатыларын ашып көрсетіңіз. Қаржылық жоспарлаудың қағидаларына талдау жасаңыз.
- •16.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің элементтерін атап шығыңыз. Қолда жоқ ақшамен есеп айырысудың түрлерін, оның маңызын ашып көрсетіңіз.
- •17.«Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңына жалпы сипаттама беріңіз және оның құрылымы мен маңызын ашып көрсетіңіз.
- •18.Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификация ұғымдарына түсінік беріңіз.
- •19.Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру әдістеріне талдау жасаңыз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын бөлу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •20.Мемлекеттік қаржылық құрылымының құқықтық негіздері: түсінігі, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Мемлекеттік қаржылық құрылымының звеноларын атап шығыңыз.
- •21.Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару - қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты ретінде: түсінігі, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •22.Қаржылық қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар және оларға қолданылатын санкциялар туралы сипаттама беріңіз.
- •23.Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтың түрлерін атаңыз.
- •24.Қаржылық құқық бұзушылықтың құрамы: белгілері, элементтеріне талдау жасаңыз.
- •25.Қаржылық құқық бұзушылық саласындағы жүргізілетін істердің өндірісі қандай және олардың тәртібі мен ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •26.Бюджеттік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері және жүйесін ашып көрсетіңіз.
- •27.Бюджеттік құқықтық нормалардың түсінігі, белгілері және құрылысына жалпы сипаттама беріңіз.
- •28.Бюджеттік құқықтың қайнар көздерін атап шығыңыз. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексіне сипаттама беріңіз.
- •29.Қаржылық құқық пен бюджеттік құқықтың ара қатынасы қандай? Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін атап шығыңыз.
- •30.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне талдау жасаңыз. Төтенше бюджеттің қабылдану негіздері және бекітілу тәртібі қандай?
- •31.Республикалық бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібіне талдау жасаңыз. Жергілікті бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібі қандай?
- •32.Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігін ашып көрсетіңіз. Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •33.Бюджеттік қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар түсінігі және оларға қолданылатын санкцияларға сипаттама беріңіз.
- •34.Қазақстан Республикасының банк құқығы: түсінігі және маңызын ашыңыз. Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама беріңіз.
- •35.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: құқықтық жағдайы, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
- •36.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайына сипаттама беріңіз. Олардың құрылу тәртібі қандай?
- •37.Қазақстан Республикасындағы өкілетті органдардың банктерге қадағалау жүргізу функцияларына талдау жасаңыз.
- •38.Қазақстан Республикасының Даму банкі: мақсаты, негізгі функциялары және қаржылық өкілеттіктерін ашып көрсетіңіз.
- •39.Қазақстан Республикасының салық құқығы қаржылық құқықтың институты ретінде. Қазақстан Республикасының салық құқығы: түсінігін және маңызын ашыңыз.
- •40.Салықтарға тән белгілер, олардың басқа міндетті төлемдерден айырмашылықтары қандай?
- •49.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен ауылшаруашылық өндірісті қолдау мақсатында бюджеттен тыс қаржылық қор қалыптастырылды.
36.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайына сипаттама беріңіз. Олардың құрылу тәртібі қандай?
Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады. Екінші деңгейлі банктер – кәсiпорындар мен мекемелерге, халыққа әр түрлi банктiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес iрi несие беру мекемесi. Олар үкiметтiң, iскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.Екінші деңгейлі банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік саясаты бойынша әрекет ете отырып, айналымдағы эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып жалпы массаның айналым жылдамдығына әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы – бұл инфляция қарқынының төмендеуінің кепілі, баға деңгейі тұрақтылығының қамтамасыз етілуі және оған қол жеткізілген жағдайда нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасына ең тиімді түрде әсер етеді.Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда. Қазақстанның алдыңғы қатарлы екінші деңгейлі банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.Қазақстандық екінші деңгейлі банктер меншікті операцияларының негізінде жеткілікті тәжірибе жинақтап, оның ішінде клиенттеді несиелей отырып, экономиканың нақты қажеттеліктерін қанағатандырушылар болып отыр. Және де жоғары өтімділікті сақтай отырып, экономикалық өсуге септігін тигізуде. Екінші деңгейлі банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін банктерге қосымша өтімділік берілді. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы ұлғайтылды. Қазақстанның банктік жүйесіндегі екінші деңгейлі банктер тәуелсіз нарықтың ұйымдастырылған құрылымы болып табылады және экономикалық даралықтың жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Банктер өздерінің қызметтерінің нәтижелері үшін толық экономикалық жауаптылық артады. Қазіргі екінші деңгейлі банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Сондықтан қазіргі таңда еліміздің банк саласында мемлекеттік қадағалаудың болғаны абзал, сонымен қатар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің бір ерекшелігі – мемлекеттік әсер ету тетігінің өз деңгейінде болуы. Мұндай жағдайда мемлекет қаншалықты билікті қажет етсе, соншалықты билікті өз қолына алуы керек. Мемлекет тиесілі заңнамалық актілерді қабылдау арқылы ғана банктерге белгілі бір деңгейде әсер ете алады. Сондықтан мемлекет бұл саладағы барлық мәселелерді қамтитын Қаржы кодексін қабылдаса жөн болар еді. Бұдан басқа мемлекеттің ықпал ету тетігі жоқ, өйткені мемлекеттегі екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік жеке меншік негізде қызмет етіп келеді.