Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
karzhy_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

35.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: құқықтық жағдайы, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады. Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Ұлттық Банкінің маңызды қызметі — банктердің, жинақ және тағы басқа несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтауы тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.Ұлттық Банк ― коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық ― несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Ол ― жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді. Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі; 1)мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау; 2)төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету; 3)қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету; 4)банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:1) меншікті қаражат есебінен: 2. басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен; 3. ҚР төңірегіндегі тартылған қаражаттардан; 4)арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен. Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызметету жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілері мен халыққа жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]