Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
karzhy_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

32.Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігін ашып көрсетіңіз. Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түрлеріне сипаттама беріңіз.

Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын "кіріс" жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы "шығыс" болады. Мемлекеттік кірістер бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастырдың бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің алатын орны зор. Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте орталықтануы біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Орталықтандырылған мемлекеттік кірістерге мемлекеттік бюджеттіктен басқа бюджеттік емес қорларының (әлеуметтік, зейнетақы қорларының, халықты еңбекпен қамту қорларының және т.б. қорлардың) қаржы ресурстары кіреді. Мемлекеттік кірістердің барлық көздері 2 топтан тұрады: - ішкі - сыртқы Мемлекеттік кірістердің ішкі көздеріне мемлекет ішінде қалыптасатын ұлттық кіріс пен ұлттық байлық кіреді. Сыртқы көздерге – ұлттық байлық, кейбір жағдайларда басқа мемлекеттің мемлекеттік займ түріндегі ұлттық байлығы кіреді. Мемлекеттік кірістердің жіктелуі олардың экономикалық мағынасын, құрамын, мақсатты бағытылығын, қалыптасу қағидаларын яғни мемлекеттік кірістердің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттік кірістер мыналардан тұрады: 1) Мемлекеттік кірістер мен ұйымдардың кірістері 2) Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімдері 3) Қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері 4) Халықтың салықтық төлемдері 5) Коперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салықтық түсімдерінен. Жасалу аясына (сферасына) байланысты мемлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі: 1) материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістер; 2) өндірістік емес аясында қалыптасатын кірістер. Қаржылық мазмұны бойынша ммлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі: 1) Салықтық 2) Салықтық емес. Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар коғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, коғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттің шығыстары мемлекеттің қаржылық саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржылық қатынастардың бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін камтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, баскару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты. Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдъщ өндіріс пен үлттық табысты жасау үдерісінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топка бөлінеді:1)материалдық өндіріспен тікелей байланысты шығыстар;2)қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;3)мемлекеттік резервтерді жасауға жұмсалатын шығыстар;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]