- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметтің түсінігін, маңызын және мақсатын ашып көрсетіңіз.
- •2.Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функцияларын талдап көрсетіңіз.
- •3.Қаржының материалды категория ретіндегі және экономикалық категория ретіндегі түсінігін ашыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшелігі қандай? Қаржылық құқықтың пәнін, жүйесін ашып көрсетіңіз.
- •5.Қаржылық құқықтың реттеу әдістерін талдаңыз және олардың белгілері мен ерекшеліктерін атаңыз.
- •6.Қаржылық құқықтың принциптерін атап, ашып көрсетіңіз. Қаржылық құқықтың қайнар көздерін иерархиялық ретімен жазып шығыңыз.
- •7.Қаржылық құқықтық нормалар түсінігі және оның белгілерін, ерекшеліктерін, құрылысын талдаңыз. Қаржылық құқықтық өзге құқық салаларымен арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •8.Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі және түрлерін көрсетіңіз. Қаржылық құқықтық нормалардың құрамына талдау жасаңыз.
- •9.Қаржылық-құқықтық қатынастар түсінігі және мазмұны, ерекшеліктері, түрлеріне талдау жасаңыз. Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Ақша жүйесінің құқықтық негіздері: ұғымы және жалпы сипаттамасына талдау жасаңыз. Қр-ң ақша жүйесінің ерекшеліктерін атаңыз. Ақша реформасына сипаттама беріңіз.
- •11.Валюталық реттеудің құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз. Валюталық реттеудің жалпы сипаттамасы мен ерекшелігін ашып көрсетіңіз. Валюталық монополия және оның түрлеріне талдау жасаңыз.
- •12.Қазақстан Республикасында қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға және олардың атқаратын функцияларына сипаттама беріңіз.
- •13.Қаржылық бақылаудың түрлерін ашып көрсетіңіз. Қаржылық бақылаудың жалпы сипаттасы мен бақылау тәсілдеріне талдау жасаңыз.
- •14.Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •15.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері туралы сипаттама беріңіз. Қаржылық жоспарлаудың түсінігін, сатыларын ашып көрсетіңіз. Қаржылық жоспарлаудың қағидаларына талдау жасаңыз.
- •16.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің элементтерін атап шығыңыз. Қолда жоқ ақшамен есеп айырысудың түрлерін, оның маңызын ашып көрсетіңіз.
- •17.«Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңына жалпы сипаттама беріңіз және оның құрылымы мен маңызын ашып көрсетіңіз.
- •18.Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификация ұғымдарына түсінік беріңіз.
- •19.Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру әдістеріне талдау жасаңыз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын бөлу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •20.Мемлекеттік қаржылық құрылымының құқықтық негіздері: түсінігі, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Мемлекеттік қаржылық құрылымының звеноларын атап шығыңыз.
- •21.Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару - қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты ретінде: түсінігі, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •22.Қаржылық қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар және оларға қолданылатын санкциялар туралы сипаттама беріңіз.
- •23.Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтың түрлерін атаңыз.
- •24.Қаржылық құқық бұзушылықтың құрамы: белгілері, элементтеріне талдау жасаңыз.
- •25.Қаржылық құқық бұзушылық саласындағы жүргізілетін істердің өндірісі қандай және олардың тәртібі мен ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •26.Бюджеттік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері және жүйесін ашып көрсетіңіз.
- •27.Бюджеттік құқықтық нормалардың түсінігі, белгілері және құрылысына жалпы сипаттама беріңіз.
- •28.Бюджеттік құқықтың қайнар көздерін атап шығыңыз. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексіне сипаттама беріңіз.
- •29.Қаржылық құқық пен бюджеттік құқықтың ара қатынасы қандай? Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін атап шығыңыз.
- •30.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне талдау жасаңыз. Төтенше бюджеттің қабылдану негіздері және бекітілу тәртібі қандай?
- •31.Республикалық бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібіне талдау жасаңыз. Жергілікті бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібі қандай?
- •32.Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігін ашып көрсетіңіз. Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •33.Бюджеттік қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар түсінігі және оларға қолданылатын санкцияларға сипаттама беріңіз.
- •34.Қазақстан Республикасының банк құқығы: түсінігі және маңызын ашыңыз. Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама беріңіз.
- •35.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: құқықтық жағдайы, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
- •36.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайына сипаттама беріңіз. Олардың құрылу тәртібі қандай?
- •37.Қазақстан Республикасындағы өкілетті органдардың банктерге қадағалау жүргізу функцияларына талдау жасаңыз.
- •38.Қазақстан Республикасының Даму банкі: мақсаты, негізгі функциялары және қаржылық өкілеттіктерін ашып көрсетіңіз.
- •39.Қазақстан Республикасының салық құқығы қаржылық құқықтың институты ретінде. Қазақстан Республикасының салық құқығы: түсінігін және маңызын ашыңыз.
- •40.Салықтарға тән белгілер, олардың басқа міндетті төлемдерден айырмашылықтары қандай?
- •49.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен ауылшаруашылық өндірісті қолдау мақсатында бюджеттен тыс қаржылық қор қалыптастырылды.
29.Қаржылық құқық пен бюджеттік құқықтың ара қатынасы қандай? Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін атап шығыңыз.
Бюджет құқығы –ол жалпы қаржы құқығы категориясына қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір- бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады.Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым- қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым — қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік фунцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым – қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық фунцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да, мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық – экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым — қатынаста жатыр.Бюджет экономикалық қарым – қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.Сондықтан, мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген — ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині – мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасына да пайдаланады.Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым–қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік – экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі келісімге (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
