
- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметтің түсінігін, маңызын және мақсатын ашып көрсетіңіз.
- •2.Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функцияларын талдап көрсетіңіз.
- •3.Қаржының материалды категория ретіндегі және экономикалық категория ретіндегі түсінігін ашыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшелігі қандай? Қаржылық құқықтың пәнін, жүйесін ашып көрсетіңіз.
- •5.Қаржылық құқықтың реттеу әдістерін талдаңыз және олардың белгілері мен ерекшеліктерін атаңыз.
- •6.Қаржылық құқықтың принциптерін атап, ашып көрсетіңіз. Қаржылық құқықтың қайнар көздерін иерархиялық ретімен жазып шығыңыз.
- •7.Қаржылық құқықтық нормалар түсінігі және оның белгілерін, ерекшеліктерін, құрылысын талдаңыз. Қаржылық құқықтық өзге құқық салаларымен арақатынасын ашып көрсетіңіз.
- •8.Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі және түрлерін көрсетіңіз. Қаржылық құқықтық нормалардың құрамына талдау жасаңыз.
- •9.Қаржылық-құқықтық қатынастар түсінігі және мазмұны, ерекшеліктері, түрлеріне талдау жасаңыз. Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Ақша жүйесінің құқықтық негіздері: ұғымы және жалпы сипаттамасына талдау жасаңыз. Қр-ң ақша жүйесінің ерекшеліктерін атаңыз. Ақша реформасына сипаттама беріңіз.
- •11.Валюталық реттеудің құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз. Валюталық реттеудің жалпы сипаттамасы мен ерекшелігін ашып көрсетіңіз. Валюталық монополия және оның түрлеріне талдау жасаңыз.
- •12.Қазақстан Республикасында қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға және олардың атқаратын функцияларына сипаттама беріңіз.
- •13.Қаржылық бақылаудың түрлерін ашып көрсетіңіз. Қаржылық бақылаудың жалпы сипаттасы мен бақылау тәсілдеріне талдау жасаңыз.
- •14.Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •15.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері туралы сипаттама беріңіз. Қаржылық жоспарлаудың түсінігін, сатыларын ашып көрсетіңіз. Қаржылық жоспарлаудың қағидаларына талдау жасаңыз.
- •16.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің элементтерін атап шығыңыз. Қолда жоқ ақшамен есеп айырысудың түрлерін, оның маңызын ашып көрсетіңіз.
- •17.«Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңына жалпы сипаттама беріңіз және оның құрылымы мен маңызын ашып көрсетіңіз.
- •18.Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификация ұғымдарына түсінік беріңіз.
- •19.Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру әдістеріне талдау жасаңыз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын бөлу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •20.Мемлекеттік қаржылық құрылымының құқықтық негіздері: түсінігі, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Мемлекеттік қаржылық құрылымының звеноларын атап шығыңыз.
- •21.Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару - қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты ретінде: түсінігі, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •22.Қаржылық қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар және оларға қолданылатын санкциялар туралы сипаттама беріңіз.
- •23.Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтың түрлерін атаңыз.
- •24.Қаржылық құқық бұзушылықтың құрамы: белгілері, элементтеріне талдау жасаңыз.
- •25.Қаржылық құқық бұзушылық саласындағы жүргізілетін істердің өндірісі қандай және олардың тәртібі мен ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •26.Бюджеттік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері және жүйесін ашып көрсетіңіз.
- •27.Бюджеттік құқықтық нормалардың түсінігі, белгілері және құрылысына жалпы сипаттама беріңіз.
- •28.Бюджеттік құқықтың қайнар көздерін атап шығыңыз. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексіне сипаттама беріңіз.
- •29.Қаржылық құқық пен бюджеттік құқықтың ара қатынасы қандай? Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін атап шығыңыз.
- •30.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне талдау жасаңыз. Төтенше бюджеттің қабылдану негіздері және бекітілу тәртібі қандай?
- •31.Республикалық бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібіне талдау жасаңыз. Жергілікті бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібі қандай?
- •32.Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігін ашып көрсетіңіз. Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •33.Бюджеттік қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар түсінігі және оларға қолданылатын санкцияларға сипаттама беріңіз.
- •34.Қазақстан Республикасының банк құқығы: түсінігі және маңызын ашыңыз. Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама беріңіз.
- •35.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: құқықтық жағдайы, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
- •36.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайына сипаттама беріңіз. Олардың құрылу тәртібі қандай?
- •37.Қазақстан Республикасындағы өкілетті органдардың банктерге қадағалау жүргізу функцияларына талдау жасаңыз.
- •38.Қазақстан Республикасының Даму банкі: мақсаты, негізгі функциялары және қаржылық өкілеттіктерін ашып көрсетіңіз.
- •39.Қазақстан Республикасының салық құқығы қаржылық құқықтың институты ретінде. Қазақстан Республикасының салық құқығы: түсінігін және маңызын ашыңыз.
- •40.Салықтарға тән белгілер, олардың басқа міндетті төлемдерден айырмашылықтары қандай?
- •49.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен ауылшаруашылық өндірісті қолдау мақсатында бюджеттен тыс қаржылық қор қалыптастырылды.
26.Бюджеттік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері және жүйесін ашып көрсетіңіз.
Бюджеттік құқық қаржылық құқықтың негізгі басты институты болып табылады соңғы уақытта өз алдына жеке құқық саласы ретінде оқытылуда,зерттелуде. Бюджеттік құқық түсінігі: мемлекеттік бюджетті (республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығы) қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың аса маңызды бөлімі болып табылады. Бюджет құқығының пәні болып қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысын ұйымдастыру және оның тиісінше жұмыс істеуін қаржылық әрі құқықтық негіздеу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерді құру, қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар ұйымдастыру және материалдық бюджеттік қатынастары жатады.Бюджеттік құқықтың әдістері: Императивтік және диспозитивтік. Императивтік әдіс мемлекеттің ақшалық құралдарды бір жақты мәжбүрлік қайтару арқылы өндіріп алудағы бюджет қызметінде ең айқын көрінеді. Диспозитивтік әдіс экономикалық табиғаты жағынан немиелік болып келетін бюджеттік қатынастардың, құқықтың реттеулері үшін қолданылады. Бюджеттік құқықтың жүйесі екі бөліктен құралады: жалпы және ерекше. Жалпы бөлімге келесі институттар кіргізіледі: 1) бюджеттік құрылым; 2) қаржы саласындағы басқару; 3)бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері;4)бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері.Ерекше бөлімге: 1)бюджет табыстарының құқықтық реттелуі; 2)бюджет шығындарының құқықтық реттелуі; 3)мемлекеттік несиенің құқықтық реттелуі.
27.Бюджеттік құқықтық нормалардың түсінігі, белгілері және құрылысына жалпы сипаттама беріңіз.
Бюджеттік құқықтық нормалар мемлекеттің қаржылық қызметі процесінде пайда болатын қатынастарға қатысушылардың жүріс-тұрыс ережесін белгілейтін құқықтық нормалар болып табылады. Бюджеттік құқықтық нормалардың белгілері: 1) бұл нормалар мемлекеттің құзыретті органдарымен қабылданады. 2) бұл нормалар мемлекеттің әмірлік саясатын білдіреді. 3) бұл нормалар жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесін көрсетеді . 4) бюджеттік құқықтық нормалар арнайы анықталған заңдық нысанда көрініс табады. 5) Бюджеттік құқықтық нормалардың орындалуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі. Бюджеттік құқықтық норманың сипаты императивтік сипатқа ие.
28.Бюджеттік құқықтың қайнар көздерін атап шығыңыз. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексіне сипаттама беріңіз.
Бюджеттік құқықтың қайнар көздерінің қатарына:1.Қазақстан Республикасының Конституциясын; 2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы желтоқсанның 4-індегі Бюджет Кодексін;3.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы маусымның 12-сіндегі Салық кодексін; 4.Қазақстан Республикасының 2003 жылғы сәуірдің 5-індегі Кеден кодексі5.Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы Ережені ;6.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы7.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті туралы;
8.Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы;9.Республикалық бюджет комиссиясы туралы Ережені; 10. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті туралы;11. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әзірлеу т.б. Бюджет Кодексіне сипаттама: ҚРның Бюджет кодексі 2008 жылы 4желтоқсанда №95 қабылданды. Бюджет кодексі 13 бөлім, 245-бап, 49-тараудан тұрады. 1бөлім бюджет жүйесіне арналған. 2бөлім бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды бөлу. 3 бөлім бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту. 4 бөлім бюджеттердің атқарылуы. 5 бөлім Қрның Ұлттық банкі жайында ал 6 бөлім Бюджеттік есепке алу мен есептілік. 7 бөлім мемлекеттік қаржылық бақылау. 8 бөлім Бюджеттік инвестициялар. 9 бөлім Концессиялық міндеттемелер. 10 бөлім Гранттар. 11 бөлім бюджеттік кредиттеу. 12 бөлім Мемлекеттік кепілдікке арналған соңғы 13 бөлім Қорытынды және өтпелі ережелерге арналған.