Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
karzhy_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

20.Мемлекеттік қаржылық құрылымының құқықтық негіздері: түсінігі, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Мемлекеттік қаржылық құрылымының звеноларын атап шығыңыз.

Мемлекеттің қаржылық құрылы қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің бір институты ретінде қарастырылады. Қаржылық құрылыс өзіне тән элементтерден тұрады. Олар: қаржылық жүйе, қаржылық органдардың құрылымы және қаржылық реттеу. Қаржы жүйесінің әрі Қазақстандағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты және т.б. қаржылық құқық нормаларында бекітілген принциптерге негізделіне отырып жүзеге асырылады.

өз аяларына орай мемлекеттің қаржылық қызметінің:

- бюджеттік қызмет

- мемлекеттік валюталық қаржылық қызмет

- мемлекеттік қаржылық банктік қызмет

- мемлекеттік кредиттік қаржылық қызмет

- мемлекеттік қаржылық сақтандыру қызметі;

- мемлекеттік қаржылық шаруашылық қызметі

- салықтық қызмет

- Мемлекеттік инвестициялық қызмет

- Мемлекеттік қаржылық жоспарлау;

- Мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түлері болады.

Қазақстан Республикасының қаржылық құрылысы ауқымындағы мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру мемлекеттік ақшалай қорларды бөлу және ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру тәрізді негізгі үш әдіс арқылы жүзеге асырылады.

21.Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару - қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты ретінде: түсінігі, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару дегеніміз-мемлекеттің қаржылық органдарының жүйесін анықтайтын және олардың қызметі мен өкілеттіктерін белгілейтін қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институтын айтамыз. Біздің мемлекетімізде Қаржылар саласындағы басқару органдарының жүйесі келесі топтарға бөлінеді: 1) мемлекеттің өкілетті органдары: а) ҚРның Парламенті; б) жергілікті өкілетті органдар(мәслихаттар). 2) атқарушы органдар: а) жалпы құзыретті орталық атқарушы орган ҚРның Үкіметі; б) орталық салалық және функционалды органдар, министрліктер және ведомствалар; в) жалпы құзыретті жергілікті атқарушы органдар әкімдіктер, әкімдер жатады; г) жергілікті салалық және функционалды органдар , министрліктер мен ведомствалардың аумақтық органдары және жергілікті атқарушы билік органдары. 3) арнаулы мемлекеттің қаржылық басқару органдары ҚРның Қаржы Министрлігі, оның тереториялық бөлімдері , салалық органдары және ҚРның Ұлттық банкі жатады. ҚРның Парламенті заң қабылдау арқылы ҚРның қаржы жүйесін анықтайды, одан кейін республикалық бюджетті талқылап қабылдайды. Оның орындалуына байланысты есеп беруді тыңдап талқылайды. Мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді. Мемлекеттік қарыз берулерді, сондағы сұрақтарды шешеді. Мәслихаттар тиісті әкімшілік тереториялық бірлікке байланысты әкімдер ұсынған бюджет жобасын бекітеді. Оларға толықтырулар мен өзгертулерді бекітеді. Жергілікті бюджеттің атқарылуына байланысты есеп берулерді тыңдайды. ҚРның Үкіметі республикалық бюджетті жасап, оны парламенткен ұсынады. Бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің кірістер мен шығыстарының қысқартылуына және көбеюіне қатысты заңдардың жобаларына қорытынды жасайды. Министрліктер мен ведомствалар өздеріне тиесілі мекемелер мен кәсіпорындарда қаржылық қызметті ұйымдастырады т.б. Әкімдер жергілікті бюджет жобасын құрастырады, әкімдер арқылы , оны тиісті мәслихаттарға бекіту үшін ұсыныстар жасайды. Бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]