Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
karzhy_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

1.Мемлекеттің қаржылық қызметтің түсінігін, маңызын және мақсатын ашып көрсетіңіз.

Мемлекеттің ақша қорын пайдалануды ұйымдастыруға, бөлуге және қалыптастыру б\ша, сондайақ елдің ақша инфрақұрылымын, тиісті қызметін қамтамасыз ету б\ша құзыретті органдардың немесе тұтасымен қатысатын елдің қызметін қаржылық қызмет деп атаймыз. Мемлекет қаржылық қызметті іске асыра отырып, бір уақытта екі бағытта қатысады: Саяси жүйенің субектісі ретінде және белгілі қорларда жинақталған ақша құралдарының меншік иесі ретінде. Қаржылық қызмет кәсіпкерлік қызметтің тұрі ретінде болмауы керек. Қаржылық қызметтің коммерциялизациялануы теріс экономикалық салдарға әкеліп соғады. Қаржылық қызметтің басты мақсаты қоғамның әлеументтік экономикалық құрылымының қалыпты қызметіне тиімді жағдай жасау. Қаржылық қызметті іске асыра отырып, мемлекет 3 басты тапсырманы орындайды: 1. Қоғамның ақша инфрақұрылымын құру және қалыпты қызметін қамтамасыз ету. 2. Өз өзін және өз қызметін қалыптастыру үшін ақша қаражатты тарту. 3. Қоғамда болып жатқан әлеументтік экономикалық процестерге ақша ричактарының көмегімен ықпал ету. Мемлекеттің қаржылық қызметі келесідей қағидаларға сүйенуі тиіс. 1. Қоғам қажеттілгін есепке алу және оның мүддесіне ағыну. 2. Қоғамның жариялылығы ашықтығы бақылау астында болуы. 3. Заңдылық 4. Ғылыми негізділік тиімділік және рационалдық 5. Ақша қаражат шығындарының үнемділігі. 6. Жоспарлық және нормативтік. Қаржылық қызметті іске асырғанда қаржылық қатынаспен қатар, тауар ақша қатынастарыда орнауы мүмкін. Мысалы: Мемлекет ақша іздеуде тек салықты пайдаланбайды. Сонымен қатар өзіне тиесілі мүлікті сату арқылы бюджетке кіріс түсіруі мүмкін.

2.Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функцияларын талдап көрсетіңіз.

Қаржы қызметі- қаражат табу процестері және оларды бөлу арқылы жұмсау Мемлекеттің қаржылық қызметінің әдістер: 1) Қалыптастыру әдістері 2) Бөлу әдістері 3) Қаржы қорларын ұйымдастыру әдістері. Қалыптастыру әдістері: 1.Қаражат қүралдарын пайдаға айналдыру 2. Міндеттеуші қайтарылмайтын 3. Міндеттеуші қайтарылатын 4.Ерікті қайтарылмайтын5. Эмиссия 6.Ерікті қайтарылатын 7.Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру арқылы қаражат тарту. Қаржыны бөлу әдістері: 1) Каржыландыру 2) Несиелеу. Қаржы қорларын үйымдастыру әдістері: 1) Бақылауды жүзеге асыру 2. Қаржы қорларын орнату 3. Қаржы нормативтерін орнату 4. Каражатты жумсауды бекіту шарты 5. Қаржы қорларын жүмсауды жобалау 6.Шарттар мен нормативтерді бекіту.

3.Қаржының материалды категория ретіндегі және экономикалық категория ретіндегі түсінігін ашыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.

Материалдық категория ретінде, қаржы – мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттарының жиынтығы. Мемлекеттің ақша қаражаттары – нақты ақшалай сомада, сонымен қатар қолда жоқ (ақшасыз) ақшалай нысанда болады. Мемлекеттің ақша қаражаттары нысаналы мақсаттарға қарай қорларға бөлінеді. Қорларға бөлінуіне байланысты ақша – мемлекеттің меншігін білдіреді. Осыған байланысты, материалдық категория ретінде, мемлекеттің ақша қаражаттары – мемлекеттің қаржылық қорларының жиынтығын білдіреді. Мемлекетің қаржысы, экономикалық категория ретінде, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру – мемлекеттің ақшаны қорларға жинау болып табылады. Мемлекет ақша қорларын қалыптастыру кезінде ерікті түрде (мемлекеттік займдар) немесе мәжбүрлі түрде (салық) қалыптастырады. Ақша қорларын бөлу – мемлекет өзінің қарыздарын, өзінің шығыстарын жабу үшін қолданады (аппаратын қаржыландыру, мәдениетті, қауіпсіздікті, ғылымды қаржыландыру).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]