Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хол.тех.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

10 Билет

1. Тоңазытқыш техника және технологияның даму тарихы

Жасанды жолмен салқындатуды адамдар ерте заманнан пайдалана бастаған. Салқындату тамақ өнімдерін сақтауға тікелей қатысты болды. Салқандату көзі ретінде алғашқыда қар, мұз пайдаланылды. Мысалы, терең қазылған шұңқырға мұз салып, өнімді салқындату, салқын суға салып салқындату т.с.с. 11 ғасырдан бастап тоңазытқыш агенті ретінде тұз қосылған суды қатыру жолымен тұзды мұз пайдаланылды. 1834 жылы Лондонда тоңазытқыш құрылғысы Джекоба Перкинстің жобасы бойынша құрастырылды. Салқындату агенті ретінде этил эфирі пайдаланылатындықтан бұл құрылғы кеңінен қолданылмады. 1871 жылы француз Шарль Телье метил эфирімен жұмыс істейтін құрылғы ойлап тапты. 1872 жылы ағылшын Бойль амиакты тоңазытқышты ұсынды. Х1Х ғасырдың ортасында абсорбциялық тоңазытқыш пайда болды. 1880 жылдары Карл Линде амиакпен жұмыс істейтін өндірістік тоңазытқыш құрасытрып шықты. Мұндай машиналар етті тоңазытып, Австралиядан еуропа елдеріне рефрижератльді кемелермен тасымалдап жеткізу үшін қолданылды. Осыдан бастап сыра, кондитер өндірістері мен сүт өнімдерін қайта өңдеу салаларында тоңазытқыштар енгізіле бастады. Жасанды салқындату өндірістің басқа да салаларына енгізілді: химия, металлургия, тау-кен, тоқыма, құрылыс материалдары, мұнайды қайта өңдеу, медицина салаларында, тұрмыста т.б.

2. Суыту машиналарын автоматтандыру Суыту машиналарын автоматтандыру өндірістің экономикасын көтеруге және қызмет көрсететін адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Автоматтандырудың негізгі мақсаты жұмысшы ортада температураны тұрақты және талаптарға сай ұстау.Экономикалық эффектіні көтеру ол жабдықтарға кететін шығындарды азайтуға байланысты,ал эксплуатациялық қауіпсіздік – автоматты қондырғыларды пайдалану және қауіпсіз режимді қамтамасыз ететін қондырғыға байланысты.Суыту машиналарын автоматтандыру системасына :регулятор,сигнализатор,қорғаушы приборлар жатады.Суыту машиналарын схемасына байланысты 6 түрге бөлінеді. 1.жылу тасымалдаушысы жоқ бір буландырғышты 2.аралық жылутасымалдаушысы бар 3.аралас 4.көп температуралы 5.компрессоры бар жоғары және төмен қысымды 6.каскадты машиналы

3. Бу суыту машиналарының классификациясы және жалпы жұмыс істеу принциптері /т-s және I –Id/.

Булы машиналар ауамен тоңазыту машиналары сияқты жылуды салқын ортадан жылы ортаға энергия жұмсап, ауыстыру принципі бойынша жұмыс істейді. Булы тоңазытқыш машиналар салқындатылатын ортадан жылуды жұмысшы дененің қыздырылуы есебінен емес, қайнатылуы нәтижесінде қабылдайды. Жұмысшы дене конденсацияланғанда жылу сытрқа бөлініп шығады. Компрессор буландырғыштағы тоңазыту агентінің буын сорып алып, қайнау қысымынан р0 конденсация қысымына р дейін 1’ – 2’ адиабатасы бойынша сығымдайды да, конденсаторға айдайды. Конденсаторда тоңазытқыш агенттің энегиясы ауаның немесе судың көмегімен әкетіліп, сығымдалған будың температурасымен Т қысымы р тұрақты жағдайда конденсацияланады (изотерма 2’ – 3’ ). Сұйық тоңазытқыш агент реттегіш вентильдің көмегімен конденсатордан буландырғышқа бағытталады. Реттегіш вентильден өтіп жатқан тоңазытқыш агент конденсация қысымынан р қайнау қысымына дейін дроссельденеді және температурасы Т дан Т0 төмендейді. Дросселдену процесі тұрақты энтальпияда жүреді деп қабылданады. Сондықтан реттегіш вентильдегі процесс қарастырылып отырған диаграммада 3’ – 4’ сызықтарымен бейнеленген, бұл сызық изоэнтальпаны көрсетеді. Буландырғыштағы тоңазытқыш агент тұрақты температурамен Т0 қысымда р0 қайнайды ( 4’ – 1’ процесс).Тоңазытқыш агенттің буының компрессормен сорылуы диаграммада 1’ нүктесімен сипатталған.

3.2 сурет. Булы компрессорлық тоңазытқыш машинаның s. T диаграммадағы жұмыс циклы.