
- •2.Тоңазыту агентін қайта салқындату циклы.
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8.Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •3 Суыту машиналарын автоматтандыру
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •Суыту машиналарының сығымдағыштары
- •17 Билет
- •Жылулық s, t-диаграммасымен қатар і, lg p диаграммасы да қолданылады: абсциссаға энтальпия і, ордината осіне қысым логарифмі lg p сәйкес келеді.
9 Билет
1. Тоңазытқыш машиналардың конденсаторлары компрессорда сығылған тоңазыту агентінің буын салқындатып сұйылтуға арналған. Конденсаторлар тоңазыту агентінің компрессордан, буландырғыштан, төмен қысымды құбырлардан барлық жылуды қабылдайды. Конденсатордың уақыт бірлігі ішінде тоңазыту агентінен қабылдаған жылу мөлшері жылу ауырлығы деп аталады: Qк /Вт/.
Конденсатор өзіне қабылдаған жылуды арнайы берілетін салқын сумен немесе қоршаған ортадағы ауамен салқындатады. Осындай атқаратын функцияларына байланысты конденсаторларды сумен және ауамен салқындататын түрлерге ажыратады.
Конденсатордағы жылуалмасу процесіне әсер ететін факторлар:
салқындатылатын судың, немесе ауаның қозғалу жылдамдығы;
жылуды беру бетінен сұйық тоңазыту агентін алып кету жылдамдығы;
жылу беру бетінің май, тұнбалармен былғануы.
Тоңазыту агентін сумен салқындататын конденсаторлардың мынадай түрлері белгілі: қаптама түтікті, буландырғышты, суландырғышты /оросительные/. Жоғарыда аталған конденсаторлар аммиакпен, фреонмен орташа және жоғарғы салқын өнімділігінде жұмыс істейтін қондырғыларында қолданылады.
Қаптаматүтікті конденсаторлар. Тік және көлденең құрылымды түрлерге бөлінеді. Тік құрылымды түрі ірі қондырғыларда ғана қолданылады.
1 суретте аммиакпенжұмыс істйтін көлденең қаптаматүтікті конденсатор көрсетілген. Қаптамалы тұрқысы жиамтерді үлкен көлденең құрылымды болат құбыр түрінде, оның үшінде диаметрі 25 х 3 мм болат су құбырлары орналасқан. Қаптамаға бүйір жағына дәнекерленген құбырлы тордың тесіккөздеріне су құбырларының ұштары дәнекерленген. Торды ішкі жағында аралық қатпарлары бар шойын қақпақтармен жабады. Қақпақтар конденсатордағы судың көпжүрісті қозғалысын қамтамасыз етеді. Конденсаторда су құбырдың ішімен, ал жоғарыдан берілетін аммиак құбырлардың арасындағы кеңістік арқылы жүреді. Конденсацияланған және қайта суытылған аммиак , қаптаманың төменгі жағына дәнекерленген сұйықты жинағышта орнатылған жапқыш вентиль арқылы шығарылады. Сұйықты жинағыш бір мезетте майтұндыпғыштыңда қызметін атқарады. Шөккен майларды жиналу мөлшеріне қарай, майды шығаруға арналған арнайы вентильдің көмегімен іске асырады. Конденсатордың қаптамасындағы сақтандырғыш және шығару клапандары ауаны жүйеден аластауға арналған. Сақтандырғыш клапаннан құбыр шығарып оны ғимараттың шатырына дейін жеткізіп қояды. Егер өндірісте авария болған жағдайда аммиак осы құбыр арқылы сыртқа шығарылады. Қаптама түтікті конденсаторларда салқындататын судың жоғарғы жылдамдықта жүруіне байланысты, қарқынды жылу берілу қамтамасыз етіледі (0,8| 1.2м/с). Су жылдамдығының жоғары болуы (0,8| 1,2м/с) сұйық тоңазыту агенті мен құбыр қабырғаларындағы майды әкетуге жақсы жағдай жасайды. Олардың ауқымдық өлшемдері улкен емес, жөндеуге және агрегаттауға ыңғайлы, жинақы. Фреонды қаптама түтікті конденсаторлардың аммиакты қаптама түтікті конденсаторлардың осы типтестерінен айырмашылығы: су құбырлары болаттан, мыстан жасалады және олардың фреон жүретін қабырғаларын қаптайды. Құбырларды қаптау тоңазыту агенті жүретін жылу берілетін бетті ұлғайту қажеттігін туындатады, себебі конденсацияланатын фреонның жылу беру коэффициенті аммиактан әлде қайда аз. Аммиакты конденсаторларда жылуберілу коэффициенті = 6 12 кВт/(м2 оС), фреонды конденсатор үшін 1,2 2,5 кВт/(м2 оС) , судың қолданып жүрген жылдамдығында (0,8 – 1,0 м/с) боланда =6 кВт/(м2 оС) құрайды.
2. Поршендік компрессорлардың құрылымы, бөліктері мен бөлшектері.
Картер. Машинаның жеке бөліктерін біріктіретін құрылымдық негізін құрайтын, ішіне май құйылатын қорап құрылымды торабы /. Картердің қатынасу түтіктері қақпақпен жабылады. Маховик орналасқан тұстан тікқайырмалы білік өтетін қақпағы артқы, ал оған қарама-қарсы орналасқан алдыңғы қақпақ деп аталады. Төмен қуатты компрессорларда картерлер әдетте бірқақпақты болып келеді. Картердің ішіндегі майдың деңгейін бақылау үшін қабырғасының біріне бақылау әйнегі орнатылады. Картерді шойыннан құяды.Цилиндрлер. Цилиндрде жұмысшы процесстер /сору, сығымдау, айдау/ орындалады. Қозғалыстағы массаның есебінен түсетін күштің бірқалыпты таралуы үшін барлық тік құрылымды компрессорлар бір блокқа біріктірілген қосцилиндрлі болып келеді .Цилиндрлер шойыннан құйылады. Цилиндрлерді салқындату үшін тоңазытқыш агенттері аммиак, фреон-22 150оС температурамен айдалынатын орташа және ірі қуатты компрессорлардың бүйір беттері қосқабырғалы болып келеді: қабырғааралық кеңістік арқылы салқын су циркуляцияланады. 90оС температурамен айдалатын фреон-12 тоңазыту агентімен жұмыс істейтін компрессорлардың цилиндрлеріндегі қабырғааралық кеңістік ауамен салқындатуға есептелінген. Блок-картерлер. Тік құрылымды компрессорлардың көбісі блок-картерлі болып келеді, яғни олардың цилиндрлерін құйып, біртұтас бөлшек түрінде жасап шығарады /6.1 сурет, г/. Әр цилиндрге ауыспалы гильза сығымдалып орнатылады: гильзаларды үйкелістен желінгенде ауыстыру мүмкіндігі – блок-картердің қабылданған құрылымының артықшылығы болып табылады. Сонымен қатар әдеттегі компрессорлар мен салыстырғанда блок-картерлі машиналардың құрылымы ықшам, қарапайым, өңдеу және жинау дәлдігі жоғары, жасап шығару шығындары төмен, фланецті байланыстары көп емес.
3 Буландырғыштар олардың қызметі мен классификациясы Буландырғыш-суытылатын ғимарат,камера немесе тоңазыту машиналарына орнатылған газ тәрізді немесе сұйық орта болатын жылу алмастырушы аппарат.Суылтылатын орта жылуын қабылдау арқылы буландырғыштың ішкі көлемінде төменгі температурада хладагент қайнайды. Буландырғыштардың классификациясы. Суытылатын негізгі ортаға байланысты:-технологиялық өнім мен сұйық суықтасушыларды суытуға арналған -Ауа және газ тәрізді технологиялық өнімдерді суытуға арналған -қатты технологиялық өнімдерді суытуға арналған -буландырғыш-конденсаторСуытылатын сұйықтың циркуляциясына байланысты: 1.системасы жабық циркуляциялы (кожухотрубные ,кожухозмеиковые) 2.системасы ашық циркуляциялы(вертикальді-трубалы,панельді буландырғыш). Суыту агентінің қай бөлікте қайнайтынына байланысты1)суыту агенті трубалық кеңістікте қайнайтын 2) суыту агенті труба ішінде немесе каналда қайнайтын