Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хол.тех.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.02.2020
Размер:
1.7 Mб
Скачать

7 Билет

1. Негізгі суыту агенттерінің мінездемелері: фреон 12, , фреон 502, азеотропиялық қоспалар.

Соңғы жылдары тоңазыту агенті ретінде құрамы әртүрлі екі құрамдастардан тұратын қоспалар қолданылуда. Қасиеттері бойынша бұл қоспалар өз құрамдастарынан өзгеше болып келеді. Фреон–22 тоңазыту агентіне фреоен-12 (массасы бойынша 10–15 %) қосқанда бұдан негізінен фреон–22 тоңазыту агентінің қаиеттерін қайталайтын және техникалық майларды айтарлықтай көп мөлшерде ерітіп жіберетін қоспа алынады. Азеотропты қоспалар өз құрамдастарымен салыстырғанда өте төмен температурада қайнайды. Фреон–12, фреон–152 тоңазыту агенттерінің қайнау температуралары: –29,8оС, – 25,00С құрағанда массасы бойынша 74,2 %-ы фреон–12, ал 25,8 %-ы фреон–152 (C2H4F2) тоңазыту агенттерінің қоспасының қайнау температурасы –33,5 0 С құрайды.Массасы бойынша 48,8%-ы фреон–22, ал 51,2%-ы фреон–115 (C2F5CL) азеотропты қоспасы былай таңбаланады: фреон–502.Фреон–502 тоңазыту агентінің сипаттамасы:жарылыс қаупі жоқ;денсаулыққа зиянсыз;улылығы /токсичность/ жағынан фреонмен–12 агентімен бірдей;термодинамикалық, физикалық қассиеттері жоғары;орташа қайнау температурасы –45,6 0С;қайнау температурасы жоғары;төмен температурада жұмыс істейтін поршеньді машиналар үшін пайдалану өте тиімді саналады.

2.Сұйылтқыштар және олардың қызметі мен классификациясы

Тоңазытқыш машиналардың конденсаторлары компрессорда сығылған тоңазыту агентінің буын салқындатып сұйылтуға арналған. Конденсаторлар тоңазыту агентінің компрессордан, буландырғыштан, төмен қысымды құбырлардан барлық жылуды қабылдайды. Конденсатордың уақыт бірлігі ішінде тоңазыту агентінен қабылдаған жылу мөлшері жылу ауырлығы деп аталады: Qк /Вт/.

Конденсатор өзіне қабылдаған жылуды арнайы берілетін салқын сумен немесе қоршаған ортадағы ауамен салқындатады. Осындай атқаратын функцияларына байланысты конденсаторларды сумен және ауамен салқындататын түрлерге ажыратады.

Конденсатордағы жылуалмасу процесіне әсер ететін факторлар:

салқындатылатын судың, немесе ауаның қозғалу жылдамдығы;

жылуды беру бетінен сұйық тоңазыту агентін алып кету жылдамдығы;

жылу беру бетінің май, тұнбалармен былғануы.

Тоңазыту агентін сумен салқындататын конденсаторлардың мынадай түрлері белгілі: қаптама түтікті, буландырғышты, суландырғышты /оросительные/. Жоғарыда аталған конденсаторлар аммиакпен, фреонмен орташа және жоғарғы салқын өнімділігінде жұмыс істейтін қондырғыларында қолданылады.

Қаптаматүтікті конденсаторлар. Тік және көлденең құрылымды түрлерге бөлінеді. Тік құрылымды түрі ірі қондырғыларда ғана қолданылады.

1 суретте аммиакпенжұмыс істйтін көлденең қаптаматүтікті конденсатор көрсетілген. Қаптамалы тұрқысы жиамтерді үлкен көлденең құрылымды болат құбыр түрінде, оның үшінде диаметрі 25 х 3 мм болат су құбырлары орналасқан. Қаптамаға бүйір жағына дәнекерленген құбырлы тордың тесіккөздеріне су құбырларының ұштары дәнекерленген. Торды ішкі жағында аралық қатпарлары бар шойын қақпақтармен жабады. Қақпақтар конденсатордағы судың көпжүрісті қозғалысын қамтамасыз етеді. Конденсаторда су құбырдың ішімен, ал жоғарыдан берілетін аммиак құбырлардың арасындағы кеңістік арқылы жүреді. Конденсацияланған және қайта суытылған аммиак , қаптаманың төменгі жағына дәнекерленген сұйықты жинағышта орнатылған жапқыш вентиль арқылы шығарылады.

Сұйықты жинағыш бір мезетте майтұндыпғыштыңда қызметін атқарады. Шөккен майларды жиналу мөлшеріне қарай, майды шығаруға арналған арнайы вентильдің көмегімен іске асырады.

Конденсатордың қаптамасындағы сақтандырғыш және шығару клапандары ауаны жүйеден аластауға арналған. Сақтандырғыш клапаннан құбыр шығарып оны ғимараттың шатырына дейін жеткізіп қояды. Егер өндірісте авария болған жағдайда аммиак осы құбыр арқылы сыртқа шығарылады. Қаптама түтікті конденсаторларда салқындататын судың жоғарғы жылдамдықта жүруіне байланысты, қарқынды жылу берілу қамтамасыз етіледі (0,8| 1.2м/с). Су жылдамдығының жоғары болуы (0,8| 1,2м/с) сұйық тоңазыту агенті мен құбыр қабырғаларындағы майды әкетуге жақсы жағдай жасайды. Олардың ауқымдық өлшемдері улкен емес, жөндеуге және агрегаттауға ыңғайлы, жинақы.

Фреонды қаптама түтікті конденсаторлардың аммиакты қаптама түтікті конденсаторлардың осы типтестерінен айырмашылығы: су құбырлары болаттан, мыстан жасалады және олардың фреон жүретін қабырғаларын қаптайды. Құбырларды қаптау тоңазыту агенті жүретін жылу берілетін бетті ұлғайту қажеттігін туындатады, себебі конденсацияланатын фреонның жылу беру коэффициенті аммиактан әлде қайда аз. Аммиакты конденсаторларда жылуберілу коэффициенті = 6 12 кВт/(м2 оС), фреонды конденсатор үшін 1,2 2,5 кВт/(м2 оС) , судың қолданып жүрген жылдамдығында (0,8 – 1,0 м/с) боланда =6 кВт/(м2 оС) құрайды.

3. Сальникті, сальниксіз , герметикалық сығымдағыштар

Нақты суық өнімділігінің теориялық суық өнімділігінен айырмашылығы тоңазытқыш агенттің берілу коэффициентін ескереді. Тоңазыту өнімділігінің өрнегінегны кіргізсек компрессордың нақты тоңазыту өнімділігі шығады Q0T = Vc q . мұнда Vc – поршеннің сығылу кеңістігінің көлемі, q - тоңазыту агентінің компрессорға сорылған кездегі күйіне сәйкес келетін көлемдік меншікті өнімділігі;Фреонды сальникті ашық компрессорлар. Қазіргі кезде ашық фреонды тікелей айдамайтын /непрямоточный/ компрессорлардың мына маркаларын қолданады: 2ФВ-4/4,5; ФВ4; ФВ6; ФУ12; ФВ20; ФУ40; ФУУ80.Компрессорларды машинаның басқа элементтерімен бірге шығарады. 2ФВ-4/4,5 маркалы компрессор қосцилиндрлі, фреонды, тік/вертикальный/, маркасында белгіленгендей 2 саны мен Ф және В. Мұнда 2 – қосцилиндрлі, ф – фреонды, В – тік /вертикальный/. Бөшектің бөліміндегі 4 саны цилиндрдің диаметрін, алымындағы 4,5 поршень жүрісі /сантиметрмен/Компрессор жұмысы үш түрлі айналу жиілігіне есептелген: 450,650, 1000 айн/мин немесе 7,5; 10,8; 16,8 с-1, осыған сәйкес тоңазыту өнімділігі 800, 1280, 1750 Вт немесе 700, 1100, 1500 ккал/сағ. Компрессор білігінің айналу жиілігін әртүрлі диаметрдегі шкив салу арқылы өзгертеді.