Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хол.тех.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

5 Билет

1. Тоңазытқыштардың жіктелінуі мен маңызы.

Тоңазытқыштар өнімді салқындату, мұздату тәсілдерін іске асыру жолымен сақтауға арналған техниканың түрі болып табылады. Көптеген тоңазытқыштарда жасанды мұз өндіру арқылы балмұздақ өндіріледі, жеміс-жидектерді т.б. мұздатады. Тоңазытқыштар өндірістік және өнім қорын дайындауға, таратуға, тасымалдауға арналған және базистік түрлерге бөлінеді. Өндірістік тоңазытқыштар тамақ өндірісі мекемелері үшін – ет, балық өнімдері, май айыру және сүт өнімдері мен құс фермаларында ет дайындауға арналған. Олар дайын өнім мен шикізатты тоңазытып сақтайды, өндірістік процесстерді тоңазыту агентімен қамтамасыз етеді.Дайындау тоңазытқыштары тамақ өнімдерін тамақ өнімдері шикізаттарын дайындайтын орындарда орнатып, оларды тоңазытып өңдеу, сақтау, салқындатып өңдеуге өңдеуге әзірлеп, тоңазыған күйде тасымалдауға дайындайды. Базистік тоңазытқыштар тез бүлінетін тамақ өнімдерінің жинақталған қорын тоңазыту жолымен ұзақ уақыт сақтауға арналған. Таратуға арналған тоңазытқыштар тұтыну орталықтарында тамақ өнімдерін сақтауға арналған, бір жылға дейін тарату нүктелерін өніммен қамтамасыз етеді. Тасымал-экспедициялық тоңазытқыштар теңіз, өзен порттарында, ірі теміржол тораптарында орнатылады. Темір жол тасымал жүйесінен теңіз, өзен порттарына, немесе керісінше бағытта ауыстыру кезінде тамақ өнімдерін уақытша сақтауға арналған.

2. Клапандар.

Компрессорларда тоңазыту агентін тарату қызметін атқарады. Сорғыш клапан арқылы тоңазытқыш агенттің буы құбырдан сорылып, компрессордың цилиндріне беріледі, ал айдау клапаны арқылы сығымдалған бу айдау құбырына бағытталады. Клапандар өздігінен жұмыс істейді: екі жақтағы бу қысымдарының айырмасы әсерінен ашылып-жабылады. Егер клапанның бір жағындағы бу қысымы екінші жағындағы қысымнан артық болса, онда клапан ашылады.Тікағынды компрессорларда поршеньнің түбіне жақын орналасқан сору клапандарына қысымнан басқа инерциялық күштер әсер етеді. Тураағынды тік құрылымды компрессордың поршені өзінің жоғарғы “өлі” нүктесіне жеткенде тоқтап, сосын төмен түсе бастайды. Клапан қалқаны инерциясымен жоғары жылжуын жалғастырып, клапанды ашады. Поршень төменгі “өлі” нүктесіне жеткенде клапан қатпары инерциясымен төмен қарай қозғала береді де, клапан “ерді” қысады да, клапан жабылады. Қатпарлы клапандардағы жұқа болат парақтан жасалған қатпарлар жұмысшы элементі болып табылады. Ал клапанның “еріне” бу жолын жабатын қатпарлар, оларды бағыттау және көтерілу деңгейін шектеу тетіктері /розетка/ отырғызылады.

3. Машинамен тоңазытудың теориялық негіздері.

Ұшпалы сұйықтар қайнағанда сыртқы жылудың жұтылуы тоңазытқыш машиналардың көмегімен орындалады. Сублимация кезінде дененің сыртқы жылуды жұту қабілеті құрғақ мұзбен салқындатуға тіреледі. Тоңазытқыш машиналардың жұмыс принципі осыған негізделген. Жасанды тоңазыту басқа да физикалық принциптерге сүйенеді, мысалы газдардың адиабаталық ұлғаюы, термоэлектрлік құбылыстар /Пельтье эффектісі/. Адиабаталық ұлғаю кезінде ұлғайған дененің жұмысы оның ішкі энергиясының төмендеуі есебінен орындалады, нәтижесінде дененің температурасы кілт төмендейді. Ауаның МПа-дан 0,1 МПа-ға дейін адиабаталық ұлғаюы кезінде температурасы 20оС-тан –75оС-қа дейін төмендейді. Пельтье эффектісі әртүрлі өткізгіштер тармағынан тұратын тізбек арқылы электр тогін өткізгенде тармақтарды байланыстырған тұстарда температура айырымы пайда болады, яғни дәнекерлік қабаттың бірінің температурасы екіншісімен салыстырғанда жоғарылығы байқалады. Салқын дәнекерлік қабаттан ыстық қабатқа ауысатын энергия мөлшері ток күшіне тура тәуелділікте болады. Ток полярлығының өзгерісі жылы және салқын дәнекерлік қабаттарды ауыстырады. Тізбек тармақтары үшін жартылай өткізгіш материалдар анықталған соң термоэлектрлік элементтерді тоңазыту техникасында пайдалана бастаған. Термоэлемент өзара жалғасқан екі жартылай өткізгіштен тұратын тармақты құрайды. Тармақтар бір-біріне дәнекерленеді. Температура айырымы тармақ материалына байланысты. Термоэлектрлік тоңазытқыштар өндірістік шкафтар мен барларда кеңіненқолданыс тапқан. Артықшылығы – температурасы төмен тораптан /дәнекерлік қабат/ жылу энергиясын температурасы жоғары торапқа /салқын тікелей тасымалдау үшін электр энергиясын пайдалану.