Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хол.тех.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

3 Билет

1. Тоңазытқыш жабдықтарға қызмет көрсету.

Тамақтану, сауда-саттық орындарында пайдалануға берілген тоңазытқыш жабдықтарды, жөндеуге арнайы тоқазытқыш жөндейтін мекемелердің қызметкерлері шақырылады.

Тоқазытқыштарды жасап шығаратын мекемелерде оның түріне, тобына қарай пайдаланымдық журналдарға барлық мәліметтер тіркеледі. Жабдықты пайдалануға босатқан кезде мекеменің механигі жабдықтың барлық жұмысы, жабдықпен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін пайдалану ережелері туралы нұсқаулықты журналға тіркейді. Құжаттар арнайы техникалық бөлімде сақталады.Тоңазытқыш жабдықтарға қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасалған соң техникалық мамандар қабылдап алады. Механик жоспарға сәйкес тоңазыту жабдықтарының жұмысын бақылауға алады. Машинаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұруы қажет. Бұл жұмыстарға: тоңазытқыш машина жүйесіндегі фреондық түтіктердің бүтіндігіне көз жеткізу, жабдықты шаң мен кірден тазалау, сынатаспалы берілістердің тартылысын, жабдық тұрқысының жерге жалғанған жерін тексеру, тоңазытқыш жабдық жұмысының температуралық режимін бақылау, автаматтандыру приборларын тексеру және т.б. Пайдаланылатын тоңазытқыш жабдықтар санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуі керек. Ол үшін тоңазытқыштарды аптасына бір рет жылы сумен сабындап жуып, жақсылап сүртіп кептіріп, түні бойы осы қалпында қалдыру керек. Камералардың іші көгеріп кетпес үшін микробиологиялық бақылау жүргізу қажет.Көгеріп зең басқан камераларды тоңазытқыш өндірістернің санитарлық ережелеріне сәйкес дезинфекция жасайды. Тоңазытқыш камераларда жағымсыз иіс шықпасы үшін оларды қздікті түрде желдетіп озонмен тазалап отырады.

2. Абсорбциялық суыту машиналарының классификациясы, жүмыс істеу принциптері және қолдану салалары.

Абсорбциялық тоңазыту машиналарында екі жұмысшы орта циркуляцияға түседі: тоңазыту агенті және абсорбент – сіңіргіш. Сіңіргіш зат тоңазыту агентін ерітіп байланысады. Сіңіргіштер сұйық және қатты дене түрінде болып келеді. Қатты дене түріндегі сіңіргішті машинада тоңазыту агенті абсорбцияланбайды, адсорбцияланады. Адсорбциялану бойынша қатты дене тоңазыту агентін еріте алмайды, тек бойына сіңіреді. Адсорбциялық сіңіргіштер тоңазытқыштарда өте сирек қолданылады. Абсорбциялық машиналар жұмыс істеу принципі бойынша үздіксіз және үздікті әрекетті түрлерге бөлінеді. Үздіксіз принципті машиналарды насосты және насоссыз /диффузиялық/ түрлерге ажыратады. Абсорбциялық тоңазытқыштарды іске қосу үшін бу мен газды, электр энергиясын пайдаланады. Бу үшін жоғары қысым қажет емес, пайдаланылған бу жарайды. Сондықтан абсорбциялық машиналар әсіресе пайдаланылған жылу мөлшері жеткілікті мекемелер үшін тиімді.Абсорбциялық машиналарда тоңазыту агенті аммиак, сіңіргіш /абсорбент/ су, т.б. сұйықтарды пайдаланады. Мысалы, ауа кондиционері абсорбциялық машинаға жатады, сіңіргіш - бромды литий ерітіндісі, тоңазыту агенті – су.

3.Көкөніс және жемістерді суыту

Жеміс, көкөні және жидек, ұзақ уақытқа сақтау немесе тасымалдау арақашықтығын ереже бойынша жинау кезінде суытады. Оны алдын ала суыту деп аталады. Оны өндірісте алдын ала суытуда немесе дайындау тоңазытқышының камерасында суытады. Жемістер және көкөністер тасымалдауға арналатын көп жағдайда изотермиялық вогондарда немесе авторефрижераторда оларды әрі қарай тасымалдайды. Жеміс пен көкөністі мұзды сумен, қармен, вакуумдық құралмен суытылады.

Алдын ала суыту станционарлы және қозғалмалы болады. Станционарлы бөлімі бір қабатты ғимарат, көптеген суыту камерасымен сиымдылығы 10 – 20 т болады. Бұл камераларда суыту өткізіледі. Оларға жемістер мен көкөністер түседі. Камерада сақтау температурасы 0С , ылғалдылығы 90 - 95 пайыз болады.Мұндай жағдайда өнім бастапқы температурасы 25С –тан 4С температураға 20 – 24 сағат аралығында суытылады. Қозғалмалы станцияны алдын ала суыту какмераға өнімді тасымалдау үшін көп қолданылады.Жемістер мен көкөністерді мұзды сумен суытады. Швеция мен АҚШ – та практикаларда қолданылады. Арнайы аппаратпен, конвитерлі таспамен өндіреді. Вакуумдық вагонда көкөністі 25 – 30 минут терең суытады. Бұл вакуумдық вогонмен тек АҚШ кеңінен қолданылады, оны салатқа, шпинатқа, петрушканың жапырағын суытуға қолданылады.