
- •2.Тоңазыту агентін қайта салқындату циклы.
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8.Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •3 Суыту машиналарын автоматтандыру
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •Суыту машиналарының сығымдағыштары
- •17 Билет
- •Жылулық s, t-диаграммасымен қатар і, lg p диаграммасы да қолданылады: абсциссаға энтальпия і, ордината осіне қысым логарифмі lg p сәйкес келеді.
15 Билет
Суыту машиналарының сығымдағыштары
Компрессор тоңазытқыш машиналарда буландырғыштан тоңазыту агентінің буын соруға, сығымдауға және конденсаторға айдауға арналған. Компрессорлар жұмыс принципі бойынша поршеньдік, турбиналық және ротациялық түрлерге бөлінеді. Бұл компрессорлардың ішінде кең қолданылатын түрі поршеньдік құрылымдысы. Поршеньдік компрессорды сығымдалатын тоңазыту агентінің мөлшеріне, цилиндрлердің саны мен орналасу ретіне, цилиндрлерде будың қозғалу бағытына, поршеньнің жұмысшы жақтарының санына, иірмойын-шатунь жүйесіне, цилиндрлердің мен картердің құрылымдық орындалуына, қозғалтқыш құрылғының типі сияқты белгілеріне байланысты бір-бірінен ажыратады.Сығымдалатын тоңазыту агентіне байланысты компрессорлардың амиакты, фреонды т.б. түрлері бар. Тоң өндіру өнімділігіне байланысты компрессорлар мынадай түрлерге бөлінеді: аз өнімділікті: 14 000 Вт /12 000 ккал/сағ/; орташа – 14 000 – 105 000 Вт /12 000-90 000 ккал/сағ/; жоғары өнімділікті – 105 000 Вт-тан /90 000 ккал/сағ/ жоғары. Сығымдау сатыларының санына байланысты компрессорлар бірсатылы, қоссатылы және үшсатылы түрлерге бөлінеді. Цилиндрлерінің санына байланысты компрессорлардың қос-, төрт-, алты- және сегізцилиндрлі түрлері белгілі. Цилиндрде тоңазытқыш агент буының қозғалу бағытына байланысты компрессорлар буды тек бір бағытта қозғалтатын тірағынды /прямоточные/, буды ілгері-кейін қозғалтатын қарсы ағынды түрлерге ажыратылады. Өндірістік мекемелерде кеңінен таралған түрлері – амиакты, немесе фреонды бірсатылы крейцкофсыз сальникті және сальниксіз қарапайым жұмыс істейтін тік құрылымды немесе У-тәрізді құрылымды, тікағынды немесе қарсыағынды түрлі компрессорлар болып табылады. Компрессорларлың таңбалануы мемлекеттік стандарт бойынша әріптік және сандық таңбалаумен анықталады: әріппен тоңазыту агентінің түрі, сандар арқылы цилиндрлерінің саны және орналасу реті, картерді нығыздау құрылымы, сығымдау сатылары, температуралық жұмыс режимі мен тоң өндіру қуаты көрсетіледі.
2. Майжинақтар мен сүзгілер
Майжинақтар. Ауқымы мен өнімділігі жоғары аммиакты машиналарда қолданылады. Құрылымы бойынша аппарат тік орналасқан, жабық болат сиымдылық /сосуд/. Қабырғалық бұрыштарындағы вентильдердің екеуі оны майбөлгіш пен компрессордың сорғыш түтіктеріне жалғауға, ал үшіншісі маонметр орнатуға, төртіншісі – сиымдылықтың төменгі жағына тұндырылған май қабатын сыртқа шығаруға арналған. Сүзгілер. Тоңазытқыш машинаның монтаждау жұмыстарынан кейін қалып ккеткен таттар мен құм сияқты механикалық кірлерді тұтып қалуға арналған. Тоңазыту агенті циркуляцияланғанда құрамдас кірлер компрессор цилиндрінің клапанының төменгі жағына, вентильдерге түсіп кетіп, жұмыс ритміне кері әсер етуі мүмкін /желіну т.б./, әсіресе дроссельдеу автоматтары үшін айрықша тиімсіз. Сүзгілерді булы немесе сұйықты желілерге орнатады. Булы желіге орнатылған сүзгілерді бу сүзгісі, ал сұйықты желілер үшін сұйықтық сүзгілер орнатылады. Булы сүзгілерді компрессорға дейін, ал сұйықтық сүзгілерді ресивердің шығу түтігіне, реттегіш вентильге дейін орнатады. Сүзгінің материалы аммиакты машиналарда болат сымдардан тоқылған тордан, фреонды машиналарда мыс немесе латунь сымдарынан тоқылған тордан, асбест матасынан, сукнодан, фетрлік материалдан жасалады.
3.Булы тоңазыту машиналарының жалпы жұмыс істеу принципі, классификациясы.
Булы машиналар ауамен тоңазыту машиналары сияқты жылуды салқын ортадан жылы ортаға энергия жұмсап, ауыстыру принципі бойынша жұмыс істейді. Булы тоңазытқыш машиналар салқындатылатын ортадан жылуды жұмысшы дененің қыздырылуы есебінен емес, қайнатылуы нәтижесінде қабылдайды. Жұмысшы дене конденсацияланғанда жылу сытрқа бөлініп шығады. Компрессор буландырғыштағы тоңазыту агентінің буын сорып алып, қайнау қысымынан р0 конденсация қысымына р дейін 1’ – 2’ адиабатасы бойынша сығымдайды да, конденсаторға айдайды. Конденсаторда тоңазытқыш агенттің энегиясы ауаның немесе судың көмегімен әкетіліп, сығымдалған будың температурасымен Т қысымы р тұрақты жағдайда конденсацияланады (изотерма 2’ – 3’ ). Сұйық тоңазытқыш агент реттегіш вентильдің көмегімен конденсатордан буландырғышқа бағытталады. Реттегіш вентильден өтіп жатқан тоңазытқыш агент конденсация қысымынан р қайнау қысымына дейін дроссельденеді және температурасы Т дан Т0 төмендейді. Дросселдену процесі тұрақты энтальпияда жүреді деп қабылданады. Сондықтан реттегіш вентильдегі процесс қарастырылып отырған диаграммада 3’ – 4’ сызықтарымен бейнеленген, бұл сызық изоэнтальпаны көрсетеді. Буландырғыштағы тоңазытқыш агент тұрақты температурамен Т0 қысымда р0 қайнайды ( 4’ – 1’ процесс).Тоңазытқыш агенттің буының компрессормен сорылуы диаграммада 1’ нүктесімен сипатталған.
3.2 сурет. Булы компрессорлық тоңазытқыш машинаның s. T диаграммадағы жұмыс циклы.
№ 16 емтихан билеті
1. Ауалы тоңазыту машинасы.
2. Суытқыш шкафының сығымдағыш агрегатынын негізгі сипаттамасын анықтау
3. Кері циклдар.
1Тоңазыту циклындағы жұмысшы дененің қаыблданатын түріне байланысты тоңазытқыш машиналар бумен және газбен жұмыс істейтін түрлерге бөлінеді. Газды машиналарда тоңазыту циклы кезінде жұмысшы дененің агрегаттық күйі өзгермейді, булы машиналарда циклдың бөлек процесстері кезінде жұмысшы дененің күйі өзгереді: бу сұйыққа, немесе сұйық буға.
Тоңазыту машиналарында газ ретінде тек ауаны пайдаланады. Сондықтан газды тоңазыту машиналарына ауалық тоңазыту машиналары жатады.
2Компрессор тоңазытқыш машиналарда буландырғыштан тоңазыту агентінің буын соруға, сығымдауға және конденсаторға айдауға арналған. Компрессорлар жұмыс принципі бойынша поршеньдік, турбиналық және ротациялық түрлерге бөлінеді. Бұл компрессорлардың ішінде кең қолданылатын түрі поршеньдік құрылымдысы.
Поршеньдік компрессорды сығымдалатын тоңазыту агентінің мөлшеріне, цилиндрлердің саны мен орналасу ретіне, цилиндрлерде будың қозғалу бағытына, поршеньнің жұмысшы жақтарының санына, иірмойын-шатунь жүйесіне, цилиндрлердің мен картердің құрылымдық орындалуына, қозғалтқыш құрылғының типі сияқты белгілеріне байланысты бір-бірінен ажыратады.
Сығымдалатын тоңазыту агентіне байланысты компрессорлардың амиакты, фреонды т.б. түрлері бар.
Тоң өндіру өнімділігіне байланысты компрессорлар мынадай түрлерге бөлінеді: аз өнімділікті: 14 000 Вт /12 000 ккал/сағ/; орташа – 14 000 – 105 000 Вт /12 000-90 000 ккал/сағ/; жоғары өнімділікті – 105 000 Вт-тан /90 000 ккал/сағ/ жоғары.
Сығымдау сатыларының санына байланысты компрессорлар бірсатылы, қоссатылы және үшсатылы түрлерге бөлінеді.
Цилиндрлерінің санына байланысты компрессорлардың қос-, төрт-, алты- және сегізцилиндрлі түрлері белгілі.
Цилиндрлерінің орналасу ретіне байланысты компрессорлар көлденең, тік, У-тәрізді және УУ-тәрізді /желпуіш тәрізді/ түрлерге бөлінеді.
Цилиндрде тоңазытқыш агент буының қозғалу бағытына байланысты компрессорлар буды тек бір бағытта қозғалтатын тірағынды /прямоточные/, буды ілгері-кейін қозғалтатын қарсы ағынды түрлерге ажыратылады.
Поршеньнің жұмысшы жақтарының санына байланысты компрессорларды мынадай түрлерге бөледі: поршеньдегі жұмыс істейтін жақтардың санына қатысты қарапайым, немесе біржақты жұмыс істейтін және поршенінің екі жағы да жұмыс істейтін қосарлы.
Тоңазытқыш компрессорларда иірмойын-шатунь механизмінің екі жүйесі белгілі: сырғымалы, және сырғымасыз, яғни поршеньсіз, осыған байланысты компрессорлары крейцкопфалы, крейцкопфасыз түрлерге ажыратады.
Цилиндрлері мен картерінің құрылымдық орындалу ерекшеліктеріне байланысты компрессорлар ажыратылатын, ажыратылмайтын блок-картерлік түрлерге бөлінеді. Ажыратылатын компрессорда цилиндрлер блогі мен картер бірге жасалынбаған, бөлек тораптар болып келеді, ал блок-картерлік компрессорларда бұл тораптар бірге, құю тәсілімен жасалады.
Картерді нығыздау құрылымына байланысты сальникті ашық, сальниксіз және жартылай нығыздалған, толық нығыздалған компрессорларға ажыратады.
Қозғалтқыш құрылғысының түріне байланысты компрессорларды таспал берілісті /ременные/, элктроқозғалтқышқа муфта арқылы жалғанған, электроқозғалтқыш роторы компрессор білігіне тікелей отырғызылған түрлерге бөледі.
Өндірістік мекемелерде кеңінен таралған түрлері – амиакты, немесе фреонды бірсатылы крейцкофсыз сальникті және сальниксіз қарапайым жұмыс істейтін тік құрылымды немесе У-тәрізді құрылымды, тікағынды немесе қарсыағынды түрлі компрессорлар болып табылады.
Соңғы жылдары фреонды нығыз құрылымды компрессорлар кең қолданыс табуда.
3.Кері айналмалар жылуды температурасы төмен денеден алып оны температурасы жоғары денеге беру үшін қолданады. Кері айналмаларды жүзеге асыру үшін сырттан жұмыс істелуі шарт.Төменгі және жоғарғы температура деңгейіне байланысты кері айналмалар.1.Тоңазытқыш айналма.2.Жылу насосының айналмасы 3,Құрастырма айналма болып жіктеледі
Тоңазытқыш машиналары тоңазытқыш айналма бойынша жұмыс істейді.Мұндай айналма жылуды температурасы төмен денеден алып оны қоршаған ортаға беру үшін қолданады.Термодинамиканың 2ші заңы бойынша қоршаған ортаға суытылатын денеден алынған жылудан көп жылу беріледі.Артық жылу айналманы жүзеге асыру үшін сырттан келтірілген жұмысқа тең.Айналманы жүзеге асыруға жұмсалған жұмыс компрессорға келтірілген жұмыс пен детандерда алынған жұмыс айырмасына тең.
Карноның кері айнлмасы .Температура көздері тұрақты болған жағдайда тоңазытқыш айналмалардың ішіндегі жұмыс ең аз жұмсалатын айналма осы карноның кері айналмасы. Сондықтан карноның кері айналмасы эталон ретінде қолданылады. Ол өзара қайтымды 2 изотермиялық 2 адиабаталық процестерден тұрады. Бұл процесте тоңазытқыш затқа сырттан жұмыс келтіріледі. Процесс қоршаған ортамен жылу алмаспай өтетін болғандықтан тоңазытқыш заттың температурасы жоғарылайды.
2.1Сурет.Термодинамикалық кері цикл , р – диаграммасы.