
- •2.Тоңазыту агентін қайта салқындату циклы.
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8.Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •3 Суыту машиналарын автоматтандыру
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •Суыту машиналарының сығымдағыштары
- •17 Билет
- •Жылулық s, t-диаграммасымен қатар і, lg p диаграммасы да қолданылады: абсциссаға энтальпия і, ордината осіне қысым логарифмі lg p сәйкес келеді.
11 Билет
1.Абсорбциялық-диффузиялық тоңазыту машиналары. Қоғамдық тамақтандыру, сауда мекемелерінде, тұрмыста осы машиналарды тоңазытқыш шкафтар мен сөрелерді салқындату мақсатында пайдаланады. 2 суретте абсорбциялық-диффузиялық тоңазыту машинасының нобайы көрсетілген. Абсорбент – су, тоңазыту агенті – аммиак. Машинада инертті газ – сутек бар, сондықтан жүйеде тұрақты қысым сақталады. Аммиак бцының парциаль қысымы машинаның бөлек тораптарында әрқилы, сәйкес тоаптағы температура арқылы анықталадыЖұмыс кезінде аммиакты су ерітіндісі абсорбер 8 түтігінде, оның көлденең осінен сәл жоғары орналасады. Жылу берілгенде термосифон 1 түтігінде бу пайда болады. Бу көпіршіктерінен пайда болған ерітінді генератор 2 түтігіне беріледі, мұнда “әлсіз” ерітінді сұйықтық жылуалмастырғышқа төмен түседі, ал аммиак буы буды әкету түтігіне 3 сулы аммиак ерітіндісінің бағанасы арқылы өтіп, жолай аммиак су буынан ажыратылады. Белгілі бір мөлшерде су буынан ажыратылған аммиак буы бу әкету түтігі арқылы көтеріледі. Ректификаторда 4 су буы тағы да аммиактан ажыратылады. Су буы аммиак буымен салыстырғанда төмен температурада конденсацияланады, сондықтан бу қоспасын салқындатқанда бу әкету түтігінде ерітінді /флегма/ пайда болып, түтік қабырғасымен тамшы түрінде төмен қарай ағады. Конденсаторда аммиактың ыстық буы ауамен салқындатылып, сұйыққа айналады. Сұйық аммиак конденсатордан түтік 5 арқылы төмен парциаль қысыммен буландырғыштың жоғары бөлігіне келіп түседі, буландырғыштағы сутек конденсатор, аппараттың т.б. тораптарындағы қысымдарға тең қосынды қысымды қамтамасыз етеді. Буландырғышта сұйық аммиак буланады. Аммиак буланғанда бу сіңіріледі, нәтижесінде тоңазыту камерасында температура төмендейді. Буландырғыштағы аммиак буын булыгазды сутекті аммиактың әлсіз қоспасы диффузиялайды.Буланған аммиак пен сутектің қанық /”күшті” - крепкий/ қоспасы буландырғыштан газды жылуалмастырғыштың 6 сыртқы түтігі, сутек түтігі 7 арқылы абсорбер цилиндріне 8 өтіп, абсорбердің 9 иірқұбыры арқылы жоғарыға көтеріледі.
2 сурет Абсорбциялық-диффузиялық тоңазыту машинасының нобайы
А – генератор, Б – конденсатор, В – буландырғыш, Г – абсорбер, Д – газы жылуалмастырғыш, Е – сұйыққа арналған жылуалмастырғыш: 1 – терсифон түтігі, 2 – генератор түтігі, 3 – бу әкету түтігі, 4- ректификатор, 5- сұйық аммиакты конденсатордан буландырғышқа жіберетін түтік, 6 – газды жылуалмастырғыштың сыртқы түтігі, 7 – сутекке арналған түтік, 8 – абсорбер цилиндрі, 9 – абсорберге арналған иірқұбыр, 10 – газға арналған жылуалмастырғыштыі ішкі түтігі, 11 – газды жылуалмастырғыштың ректификаторы, 12 – “әлсіз” ерітіндіні абсорберге жіберетін түтік, 13 – қиықтүтік, 14 – аборберден генераторға “күшті” ертіндіні босату түтігі, 15 – теңестіргіш түтік, 16 – электро, немесе газоқыздырғыш.
2.Рессиверлердің, май бөлгіштердің қызметі,құрылысы және қосылу нобайы
Ресиверлер. Болат цилиндрден жасалған ыдыс. Сұйық тоңазытқыш агенттің сығымдалып сақталатын сиымдылығы болып табылады. Тұрқысына тоңазыту жүйесінің құбырларына, вентильдерге жалғауға арналған түтіктерді дәнекерлеп орнатады. Үлкен машиналарға арналған ресиверлерге сақтандырғыш клапан, деңгейлік көрсеткі мен майжинақ орнатылады. Қолданылымына қарай ресиверлерді сызықтық, дренажды және циркуляциялық түрлерге бөледі. Сызықтық ресиверлер тоңазытқыш машинаның буландыру жүйесін бірқалыпты қоректендіру үшін тоңазыту агентінің қорын жасауға арналған. Сызықтық ресиверді конденсаторлардың қосымша сиымдылығы ретінде пайдаланып, сұйықтың картерден асып кетуінің алдын алуға болады. Сызықтық ресиверлерді машинаның қысымы жоғары бөлігіне, конденсатордан кейін орнатады. Жұмыс істеп тұрған машинаның ресивері кемінде жартылай толтырылуы керек, мұндай ресиверлер конденсаторлы ауамен және сумен салқындатылатын қондырғыларда қолданылады. Майбөлгіштер. Тоңазыту агентінің буы компрессордан жүйеге майлау материалының бірбөлігін алып кетеді. Майлау материалы жылуберу аппаратының қабырғасына тұтылып, жүйенің жұмысына кері әсер етеді. Аммиак майлау материалдарын еріте алмайды, сондықтан аммиакты машиналардың құрамына майбөлгіштер енгізілген. Майбөлгіш аппараттарды айдау торабына, компрессор мен конденсатордың арасына орнатады. Құырылымдық күрделілігіне байланысты мұндай майбөлгіштердің қолданымы шектеулі. Сумен жұмыс істейтін иірқұбырлармен және фарфор сақиналардың қайтару қабатымен қамтамасыз етілген майбөлгіштердің жұмысы біршама жетілдірілген .Аммиактың ыстық буы мен май иірқұбырға түскенде оның беттерімен жанасып, салқындайды. Май тамшылап төмен бағытталады, ал салқындаған бу жоғары көтеріліп, фарфор сақиналар арқылы өткенде май тамшыларының қалған бөлігінен ажырайды да, жоғарыдағы шығару түтігіне беттейді. Сақиналық қайтару қабатында май тұнба тұтылып, салмағымен төмен бағытталады. Жиналған май тамшылары автоматты түрде қалтқылық клапан арқылы компрессор картеріне немесе майжинаққа жинала береді.
3. Тоңазытқыштардың жұмыс істеу принципі
Тоңазытқыштар салқындатылатын және салқындатылмайтын бөліктерден тұрады: салқындатылатын бөлімі бірнеше камералардан құралады: өнімдерді мұздату, сақтау, жылыту, немесе ерітуге арналған камералар. Салқындатылатын бөлімнің қосалқы камераларына өнімді қабылдау және сұрыптау, ақаулы өнімді уақытша сақтау, тарату т.б. жатады. Бұл бөлімнің бір бөлігінде дәліз, баспалдақтар, лифт орналасады. Салқындатылмайтын бөлігінде машиналық бөлім, аппараттық, қазандық, трансформатор подстанциясына, әкімшілік және тұрмыстық бөлме , зертхана орнатылады. Тоңазытқыш жайларды бірэтажды немесе көпэтажды етіп соғады. Сиымдылығы 5000 т тарату тоңазытқыштарын бірэтажды етіп соғады. 5000 тоннадан жоғары сиымдылықтағы тоңазытқыштарды көпэтажды етіп құрылымдайды. Өндірістік тоңазытқыштардың этаж саны мекеменің типіне, өндірістік қуатына, технологиялық процестердің сипатына, тоңазыту қажеттіліктеріне байланысты цехтардың орналасу ерекшеліктеріне және басқада факторларды ескере отырып анықталады. Мысалы, балық ауланып жиналатын аудандарда тоңазытқыштарды бір этажды етіп соғады. Ет комбинаттарындағы тоңазытқыштар 5-7 этажды болып келеді.Қабырғалардан, едендерден, этажаралық жапқыларды және тоңазытатын жайлардың қабырғаларын арнайы жылу изоляциялық материалдармен қаптайды. Тоңазытылатын бөлімнің есіктерінде изоляциялық материалдармен қаптайды. Тоңазыту камераларына жылы ауаның кіріп кетпеуі үшін изоляцияландырылған тамбурлар қарастырылған. Әдетте бірнеше камераға бір тамбур немесе бір дәліз арқылы кіретін етіп жасайды. Тоңазытылатын жайларда терезе қарастырылмаған.Тамақтандыру орындарында, сауда тармақтарында тоңазытқыштарды мекеменің жайына орналастырады.