
- •19.Халықаралық қатынастардағы әдіс мәселесі.
- •23.Саяси шынайылық парадигмасының түрлері мен негізгі қағидалары.
- •24.Халықаралық қатынастардағы саяси тұлғаның рөлі қандай?
- •49. Еуропа елдеріндегі жаңа халықаралық қатынастар.
- •Құрылымы
- •55.Халықаралық қатынастардағы әскери күштің рөлі.
- •57.Халықаралық қатынастардағы Қазақстан мен Еуро Одақ теориясы мен практикасы.
- •58.Қазіргі әлемдегі интеграциялық процесстер және олардың халықаралық қатынастарға ықпалы.
- •60.3 Халық санының өсуі және оның халықаралық қатынастарға ықпалын сараптаңыз.
- •63.Саяси тұлғаның халықаралық қатынастардағы рөлі.
- •71.Әлемдегі қазіргі күш қатынастары жағдайындағы Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері.
- •72.Ххi ғасырдағы әлемдік қауымдастықтың экономикалық дамуы. Текетірестік: Оңтүстік-Солтүстік, Батыс – Шығыс.
- •77. Ххi ғасырдағы халықаралық қатынастардың дамуын болжамдау.
- •82.Әлемдік тұрақсыздық және оның салдары.
- •84.Идеология мен мифтің халықаралық саясаттағы рөлі.
77. Ххi ғасырдағы халықаралық қатынастардың дамуын болжамдау.
Соңғы жылдары халықаралық қатынастарда жаңа саяси кезеңнің басталды деуге негіз болатын бірнеше жаңа тенденция байқалуды. Қауырт соғыс кезеңін басқан дәуір аяқталды. Алдағы уақытта болатын жағдайларды болжау қиын болғанымен, болашақта дамуды көрсететін негізгі факторларды көрсетуге болады.
1. Азия: әлемдік саясаттың орталығына алға басу.
Халықаралық саясаттың орталығыАзияға қарай алмасуда. ҚХР өзінің потенциалын жылдан жылға ұлғайтуда. Жылына Қытайдың ІЖӨ 8,5-10% шамасында өсіп отырады. Көптеген сарапшылардың айтуынша Қытай әлемдегі екінші державасына айналады. Қытай ие болып отырған АҚШ құнды құжаттары АҚШ-қа және әлемнің қаржы жүйесіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Алайда, тым жылдам реформалар Пекиннің дағдарысқа ұшырауына әкеледі деген болжам бар. Бірақ мұндай болжамдар 20 жыл бойы айтылып келеді. Болжамға сәйкес 2040-2050жж. Қытайдың үлесіне әлемнің ІЖӨ –нің 16% келетін болады. Бұл жағдай оның әлемдегі салмағының артуына әкелетіні анық. Сол үшін қытай нарығына жол табу мен интеграциясымен күресу саясаты өршіп кетуі мүмкін.
Әлемдік державалар қатарына қосылуға Үндістан да ұмтылуды. Соңғы 10 жылда оның экономкасы орташа алғанда жылына 8%өсті. Ол сыртқы инвестиция емес, ішкі инвестициялар арқасында болып, Қытайға қарағанда әлдеқайда тұраұты саналады. Ү. Әлемдік технологиялық прогрестің қозғаушы күшіне айналуда. Және болжамарға сәйкес алдағы 20-30жылда АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші державаға айналады. Осында ЕО қарағанда қуатты орта тап қалыптасуда.
Оңтүстік және Оңт-Шығыс азияда сәтті дамушы азия жолбарыстары тобы бар. Жоғарғы көрсеткішке Оңт.Корея жетіп, Жапония дағдарыстан шығуда. Осыған орай Азия аймағына ықпал ету үшін күрес жаңдана түсуде.
2. Таяу Шығыс: ядерлы қару мен сенім мәселесі.
Әлемде ядерлы қаруды тарату мүмкіндігі артуда. Солт. Корея, Иран сенімді ұялатпайтын мемлекеттер қатарында.
3. АҚШ: қуатын сақтау тұра әлсіреуде.
4. ЕО: амбициялардан бас тарту.
5. Ресей ықпалының әлсіреуі.
78. Версаль бейбіт келісімі. Жаңа халықаралық тәртіп орнату. Версаль бейбіт келісімі — 1919 жылы 28 маусымда болған Антанта (Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, АҚШ, Румыния, т.б.) елдері мен Германия арасындағы бітім шарт. Версаль бейбіт келісімі 1920 жылы 10 қаңтар күні Германия және Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония мемлекеттері ратификациялағаннан кейін күшіне енді. АҚШ сенаты келісімді ратификациялаудан бас тартып (Ұлыбритания мен Франция үкіметі бас- қаратын Ұлттар лигасына кіргісі келмегендіктен), 1921 жылы тамыз айында Германиямен жеке келісімге келді. Версаль бейбіт келісімінде Ұлттар лигасының статусы қаралды, Германия, Бельгия, Люксембург, Франция, Швейцария, Австрия, Чехословакия, Польша және Данияның шекаралары белгіленді. Эльзас пен Лотарингия облыстары Францияға қайтарылды, Саар облысы Ұлттар лигасының басқаруына 15 жылға берілді (кейінгі тағды- рын плебисцит шешетін болды), Клайпеда қаласы жецімпаз державалардың баскаруына берілді, Гданьск «ерікті қала» деп танылды. Бельгияның, Польша мен Чехословакияның шекаралары кеңейтілді. Германия Кеңес үкіметімен арадағы --Брест-Литовск бітімінен және өзінің барлық отарларынан бас тартуға міндеттенді. Германияның соғыс кезінде одақтастарға келтірген шығынын есептейтін арнаулы комиссия кұрылды. Бұған қоса Германияның соғыс кезінде Түркия, Австрия-Венгрия, Ресей мен Румыниядан алған алтын және басқа да кұнды заттарды қайтаруы көзделінді. Әскери-техникалық мәселелер бойынша Германия 100 мың жауынгер, 4 мың офицер ғана ұстауға міндеттенді, Бас штаб институты қысқартылды. Рейннің сол жағы мен оң жағынан 50 км территория қару- сыздандырылған аймаққа жатқызылды. Германияның толық қарусыздануы барлық елдердің қаруларын шектеудің алғы шарттары болу керектігі атап көрсетілді. Версаль бейбіт келісімі шешімімен Ұлттар лигасы құрылды. Оның мақсаты: бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және болашақтағы қарулы қақтығыстардың алдын алу болды. Ұлттар лигасына мүше мемлекеттер сырттан шабуыл жасалған жагдайда бір-біріне көмек корсетуге, карусыздану процесіне жағдай жасауға, өзара ашық дипломатиялық қарым- қатынас орнатуға міндеттелді. Міндеткерлік орындалмаған жағдайда Гаагадағы Халықаралық соттың шешіміне жүгінуге келісілді.
Жаңа әлемдік тәртіпке келетін болсақ, қазіргі таңда нақты атауы жоқ. Оны біреулер «алтын миллиардер», «жаһандану» десе, енді біреулер АҚШтын үстемдігі деп таниды.
79. Халықаралық корпорациялардың халықаралық қатынастарға әсері. Халықаралық корпорациялар (капитал бойынша халықаралық) және трансұлттық (капиталдың ұлттық иеленуі тән), бір жағынан, тез дамушы халықаралық экономикалық қатынастардың өнімі болып табылады, ал екінші жағынан, оларға әсер етудің күшті механизмін көрсетеді. Халықаралық экономикалық қатынастарға белсенді әсер ете отырып, халықаралық (трансұлттық) корпорациялар (ТҰК) жаңа қатынастарды қалыптастырады, олардың қалыптасқан формаларын өзгертеді. Дәстүрлі халықаралық еңбек бөлінісі негізінде халықаралық өндіріс үдерісінде белсенді қатыса отырып, ТҰК жаңашыл халықаралық еңбек бөлінісінің негізінде өзіндік ішкіфирмалық халықаралық өндіріс жасады. Әсіресе бұл халықаралық өндірістің ішкіфирмалық нұсқасы заманауи халықаралық корпорацияларға негіз болып табылды. Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) – бұл шетелдік активтері бар ұлттық монополиялар. Олардың өндірістік және саудалық-өткізу қызметі бір мемлекет шегінен шығады. АҚШ-та корпорация деп акционерлік қоғам саналады, ал көптеген заманауи ТҰК американдық компаниялардың экспансиясы нәтижесінде пайда болғандықтан, бұл термин барлығына бірдей болып кетті. Әр түрлі елдерде филиалдар мен еншілес компанияларды құру арқылы трансұлттық корпорациялардың құқықтық режимі іскерлік белсенділікті қамтамасыз етеді. Бұл компаниялар өнім өндірісі қызметі мен дайын өнімді өткізудің дербес қызметтеріне, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға, тұтынушыларға қызмет көрсетуге және т.с.с. ие. Жалпы олар құрылтайшы-ел өкілінің акционерлік капиталына меншік құқығы бар бірыңғай ірі өндірістік кешенді құрайды. Сонымен қатар филиалдар мен еншілес компаниялар базаланған елдің артықшылықты ұлттық қатысуымен аралас болуы мүмкін. Көпұлттық корпорациялар (КҰК) – бұл өндірістік және ғылыми-техникалық негізде елдер қатарының ұлттық компанияларын біріктіретін халықаралық корпорациялар. Мысал ретінде "Роял Датч Шелл" англо-голландық концерні келтіріледі, ол 1907 жылдан бастап қызмет етуде. Бұл компанияның заманауи капиталы 60:408 пропорциясында беріледі. Көпұлттық корпорацияның мысалы болып, барлығына белгілі Еуропадағы ABB (Asea Brown Bovery) швейцарлық-шведтік компаниясы табылады. Ол машинақұрылысы мен электронды инженерияда маманданады. ABB ТМД елдерінде бірнеше бірлескен кәсіпорындарға ие. Еуропадағы жетекші КҰК-ға англо-голландық "Юнилевер", "Филипс" және т.с.с. жатады. Халықаралық құқық көзқарасынан, көпұлттық корпорациялардың айрықша қасиеттері болып табылады:
көпұлтты акционерлік капиталдың болуы;
көпұлтты басқарушы орталықтың болуы;
шетелдік филиалдар әкімшілігін жергілікті жағдайларды білетін кадрлармен жабдықтау.
Трансұлттық компаниялар мен көпұлттық корпорацияларды қатысты түрде халықаралық корпорациялар (ХК) деуге болады. Бұл акционерлік кәсіпорындар ұйымдастырушылық құрылымы бойынша көпсалалы концерн болып табылады. Оларды келесідей жіктеуге болады:
үлкен өнім бөлігін өндіретін кәсіпорындармен горизонталды-интеграцияланған фирмалар (АҚШ-тағы автомобильді өнеркәсіп, «fast food» жүйесі);
соңғы өнімді өндіруде маңызды сатыны бірыңғай бақылау мен бір меншік иесін біріктіретін, вертикалды-интеграцияланған фирмалар (мұнай өнеркәсібінде: өндіру – бір елде, өңдеу – басқа елде, соңғы мұнай өнімдерін сату – үшінші елде);
Диверсификацияланған (әртараптандырылған) фирмалар – вертикалды және горизонтальды интеграцияланған фирмаларды қосады (Nestle тамақ өнімдерін өндірумен, косметикамен, шараптарды сатумен, ресторан бизнесімен айналысады; «Вольво» автомобильден басқа катерлерге моторларды, авиациялық қозғалтқыштарды, тамақ өнімдері, тіпті сыра шығарумен айналысады).
80.Аймақтық қауіпсіздікті сақтаудағы аймақтық ұйымдардың рөлі. Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы Парижде бекітілген 1960 жылы 14 желтоқсандағы қаулы бойынша құрылды. Қаулыға сәйкес бұл ұйым келесі мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылды: қаржылық тұрақтылықты бақылау жолымен ЭЫДҰ мүше-елдердің үзіліссіз экономикалық дамуы және өсуінің, сондвй-ақ тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етуінің, өмір деңгейін көтерудің жоғарғы қарқынына жету және осының салдарынан – әлемдік экономика дамуына үлес қосу;
ЭЫДҰ –на кіретін және кірмейтін елдердің экономикалық дамуына жағымды әсер ету.
халықаралық міндеттемелерге сәйкес көпжақтық, дискриминацияланбаған негізде әлемдік сауданы дамыту.
ЭЫДҰ мүшелілігіне: Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Исландия, Ирландия, Италия, Япония, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария, Туркия, Ұлыбритания, АҚШ.
ЭЫДҰ туристтік комитет туризм мәселесін зерттеу жолымен ұйым мүшелерінің және Югославияның туризмін дамытуға әрекеттеседі. Туристтік комитет статистика және жыл сайынғы есеп беруді құрастыру әдістерін және стандартты анықтамалардың сақталуына белсенді ат салысады.
Азияттық-Тынық мухит туристтік ассоциациясы (АТМТА)
Ассоциация 1951 жылы азиаттық-тынық мухиттық бағыттарды алға жылжыту және әрекеттесуді дамыту үшін құрылды. Бұл ассоциацияға Азиаттық-Тынық мухит аймақтағы 34 ел кіреді. Олар бір мақсатқа жету үшін бірікті: бұл үлкен аймақты туризм және саяхатты дамытуда жетістіктерге жету. Бұл ұйыммымен жүргізілетін жұмыстар, зерттеулер, даму, білім, және маркетинг бағдарламалары арқылы туризмді жылжытуға бағытталған. АТМТА ұқсас халықаралық ұйымдар арасында ең жақсы орындаушы репутациясына жетті.
Ұйым мүшелері идеялармен алмасады, мәселелерді шешу жолдарын іздейді, Азиаттық және Тынық мухит аймақтарында туризм болашағының жұмысына қатысады. Ассоциациядағы мүшелер саны 2 мыңға жуық. Құралғаннан бастап Ассоциация туризммен байланысты маркетинг, зерттеу, өңдеу, білім беру және басқа қызмет түрлері саласынан өзінің мүшелері үшін нақтылы және уақытылы ақпараттың маңызды бір көзі болып табылды
АТМТА қызметі және оның ұзақ мерзімді жоспарлары жыл сайынғы Ассоциация конференциясында тексеріледі және бағаланады.
Менеджмент, маркетинг, өңдеу және зерттеу бойынша ұйымдасқан комитеттер Ассоциациялық бағдарламаларын жүзеге асырады. Баспа бөлімі көптеген есеп берулерді, зерттеу материалдарын және кезекті басылымдарды жариялайды. Негізгі басылым – «Тынық мухиттық туристтік жаңалықтар» — 58 мың дана тиражымен шығатын 3 аймақтық басылымдары бар ай сайын шығатын журнал. Баспа материалдарының арасында 80 % аналитикалық цифрлі мәліметтер және фотосүреттер құрайды.
АТМТА Секретариаты Сан-Францискода (Калифорния) орналасқан. Қызмет көрсетудің негізгі кеңселері Азиаттық аймақтың – Сингапурде; Тынық мухиттық аймақтың – Сиднейде; Америка – Еуропалық бөлікте – Сан-Францискода.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [The Shanghai Cooperation Organisation] 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. 2000 ж. Өзбекстан президенті Душанбеде өткен саммитке қатысты. бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайда өткендіктен әріптестіктің бұл тетігі "Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары және Өзбекстан президенті Шанхайда кездесті. Осы кездесуде Өзбекстан құрылымға енді. Ӏлешала Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларация жарияланды. Бұл құжатта мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және жаңа айбаттар мен қатерлерге қарсы түру, өзара әріптестік деңгейін және дәрежесін көтеру үшін "Шанхай бестігінің" негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған. ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:
мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарымқатынастарды нығайту;
саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;
ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.
ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды үстанады: БҮҮ-ның мақсаттары мен принциптерін үстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық түтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы кәрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық және даярлық. ШЫ¥ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, әріптестік болып табылатын жаңа сипаттағы мемлекетаралық қатынастарға, аймақтық әріптестіктің жаңа үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа түжырымдамасын толық қолдайды. Бүгінгі таңда ШЫ¥ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б.) қамтиды. Қауіпсіздік пен экономика саласындағы әріптестік басым бағыт ретінде қаралады.
Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағы — 1989 жылы Австралияның бастамасымен құрылған халықаралық ұйым. Мақсаты: Азия-Тынық мұхит аймағы (АТА) халықтарының мүддесіне сәйкес экономикалық дамуды қамтамасыз ету; дүние жүзілік экономиканың дамуға жәрдемдесу; аймақтық өзара экономикалық тәуелділік жағдайында көпжақты еркін сауда жүйесін қамтамасыз ету; Азия-Тынық мұхит аймағындағы ашық сауда мен инвестициялық саясаттағы кедергілерді жою; аймақтық ынтымақтастықта еркін сауда принциптерін жүзеге асыру. Негізгі принциптері: өзара құрмет, жауапкершілік және серіктестік; дамушы мемлекеттердің мүддесіне сәйкес өзара тиімділік; ашық диалог арқылы консенсусқа жету. Одаққа мүше мемлекеттер (1998 жылы): Австралия, Бруней, Қытай, Канада, Кирибота, Малайзия, Маршал аралдары, Мексика, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Корея Республикасы, Сингапур, Америка Құрама Штаты, Тайланд, Тайвань, Филиппин, Чили. Одақ елдерінің жалпы ұлттық табысы дүние жүзізілік өндірістің 56 пайызын, дүние жүзілік сауданың 46 пайызын құрайды. Аймақтық экономикаға және саяси дамудағы тұрақтылыққа, әсіресе аймақтық сауда-саттық, энергетика, қоршаған орта, балық аулау, туризм, байланыс салаларына көп көңіл бөлінеді. Мемлекет басшыларының 1994 жылғы Богаре (Индонезия) бас қосуында 2020 жылға дейінгі дамуға арналған ұзақ мерзімді бағдарлама қабылданды.
81.ХХI ғасырдағы әлемнің жетекші елдерінің ішкі саясатының бағыттарын талдаңыз. Қытайдың қазіргі сыртқы саясаты елдің қазіргі ішкі саясаты мен стратегиялық міндеттерімен тығыз байланысты. Өзгеріс сипаты төмендігі жағдайлармен сипатталады.
Бірінші. Қытай жаңа басшылық бағытының басты мақсаты экономикалық деңгейінің жоғарғы темпін сақтаумен қатар қоғамның әлеуметтік рухани-өркениетті құрылымын сапалы жетілдіру, «реформа мен ашық» саясатты тереңдету және жалғастыру.
Екінші. Бүкіләлемдік экономикалық жүйеге белсенді түрде интеграцияға және жаһандық ортақ дүниежүзілік тенденциясына енуі. 2001 жылы ҚХР ресми түрде Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) мүше болды. ХХІ ғасырдың бірінші жылдары Қытай экономикасы үшін сәтті болды.
2002-2003 жылдары болжамда көрсетілгендерден ерекше қолайлы болды. Ең алдымен, экономикалық деңгейдің (жылдық өсім 8,7% және 9,1%), сыртқы сауда көлемі мен сыртқы сауда балансының сальдосының, тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың, валюта резерв көлемі мен басқа көрсеткіштердің өсу қарқынымен байланысты. Мысалы, жалпы ішкі өнім 2003 жылы 11,67 трлн юань, сыртқы сауда айналымы 851,2 млрд долл, жылдық өсім – 37 % және осы көрсеткіш бойынша ҚХР дүниежүзінде 4 орынға ие. Осының бәрі реформа мен ашық сәтті саясатының нәтижесінде Қытай мен дүниежүзінің өзара тәуелділігінің тереңдей түсуін дәлелдейді.
Үшінші. Халықаралық жағдайға баға бере отырып, Қытай басшылары қазіргі кездегі дүниежүзлік саясаттың көзі бейбітшілік пен даму мәселесінде деп түсінеді. Яғни, халықаралық жағдай разрядка тенденциясын толығымен көрсетеді, басты державалар арасында қарым-қатынас тұрақтандыру жағына дамуда және саяси диалог пен ынтымақтастық негізі бірте-бірте нығаюда.
2003 жылдың соңындағы Компартияның Орталық Комитетінің жаңа мақсаттарымен қатар 2005 жылы ресми түрде жаңа басшылық елдің бейбіт түрде жандану туралы жаңа сыртқы саяси концепциясын жарияланды. Қытай қайтадан тек бейбіт жолмен жандана алады. Соңғы жартымыңжылдықта басты державалардың (мысалы, Испания, Ұлыбритания, СССР мен АҚШ, т.б.) көтерілуі мен құлдырау тарихына салыстырмалы анализ жасай отырып, Қытай сарапшылары осы державалардың соғыс нәтижесінде өз гегемондықтарын жаулап алды және жоғалтты деген шешімге келді. Қытай қазіргі кездегі бейбітшіл халықаралық жағдайдағы мүмкіндіктерді қадірлеуі керек. Оның алдында екітұтас міндеті тұр: өз экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымның сапалы түрде дамуына осы мүмкіндіктерді қолдануға тиіс, сонымен қатар бейбітшілікті нығайтуға барлық күшін салуға тиіс.
Қытай дамуының тірегі - өзінің жеке күші. Ол ішкі және сыртқы саясаттың кең көлемді ішкі қытай нарығына, жұмыс күшінің таусылмацтын резервтеріне, тұрғындармен жиналған валютаның үлкен қорына, жаңа социалистік тәртіптің тиімділігіне және Қытай халқының мықты шығармашылық күшіне сүйене отырып, бағыты мен тәуелсіз түрде даму жолын таңдауы керек. Қытай өзін-өзі изоляция аясатын жүргізбеуі керек.
Төртінші. 80 жылдардан бастап Қытай белсенді түрде бейбіт сыртқы саясат жүргізе бастады. Оның жағдайы мен мүмкіндіктеріне байланысты халықаралық рөлін нығайтуға ниет етті. Қытай үкіметінің сыртқы саясатының ұзақ мерзімді мақсаты елдің модернизациясын сәтті алға басуындағы бейбіт халықаралық жағдайын сақтау болып табылады.
Азия-Тынық аумағында (АТА) көпжақты дипломатияның принциптеріне сүйене отырып, қытай үкіметі «бейбіт жандану» стратегиялық концепцияның басты бөлімі – қытай-американ қарым-қатынасының дамуы. Бейбіт жандану процесінде таяудағы 20-50 жыл Қытайға американ инвестицияларын, американ нарығына шығу мүмкіндіктерін, ғылым мен техниканың басты жетістіктерін, экономикалық дамудың тәжірибесін қолдану қажет. АҚШ-ң жау мемлекетке айналдыру ҚХР үшін қолайлы емес.
Сыртқы саяси басымдылықтарды анықтауда қытай лидерлерінің қазіргі кездегі тәсілдерінің негізінде жаһандануға деген прагматикалық қатынас жатыр.
Глобализацияға деген қытай тәсілі екі жақты қабылдау негізінде құрылған. Бір жағынан, реформа мүддесінде глобализация мүмкіндіктерін қолдануға ұмтылу, екінші жағынан – оның қытай экономикасы мен әлеуметтік-саяси тұрақтылығына деген қаупінен қауіпсіздендіру. Бұл тәсіл саясат пен экономиканы бөлу принципіне негізделген. Глобализаця процесіне ҚХР-ң тарту бағыттарының бірі аумақтандыруға қатысу, бұл интеграцияға бағытталған экономикалық глобализация этапын көрсетеді. Қытай аумақтық және субаумақтық ынтымақтастыққа, әсіресе мемлекеттің шығыс азиат тобының жұмысына қосылуы керек. Осылай, глобализация жағдайында Қытай өзінің шекарасы шеңберіндегі жағдайды тұрақтанлдыру мен қарым-қатынас орнатылмаған мемлекеттермен дипломатиялық келісімдер жүргізу және басқа елдермен, әсіресе Ресеймен жақсы қарым-қатынасты қолдау үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.
Экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық тәуелсіздік қорғау мақсатында қытай келесі жаңа сыртқы-экономикалық принциптерді ұстанады: Бірінші принцип: дамып жатқан елдер Оңтүстік линиясы бойынша ынтымақтастықты кеңейту, яғни өсу деңгейінің жеке ресурстарын қолдана отырып, глобализацияның қатеріне жауап бере алу.
Екінші принцип: Солтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша қарым-қатынасты дамыту. Сонымен қатар Қытай бысшылығының айтуынша кедей мемлекетіндегі тұрмыс жағдайын жақсаруы барлық елдердің, ең алдымен дамыған қамқорлығы болып табылады.
Үшінші принцип: Адал бәсекелестік пен теңдік негізіндегі халықаралық істерде барлық мемлекеттердің қатысуын болжайды. Төртінші принцип: Теңсіздік пен өзара пайда мүддесінде тұраты әріптестіктің ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату. Глобализация жағдайында, сыртқы саясаттың басты міндеті мемлекеттік тәуелсіздікді қорғау болып табылады.
Шын мәніндегі жаңа жаһанданып келе жатқан Қытаймен АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Корея өз қарым-қатынастарының стратегиясын өзгертуге объективті түрде міндетті. Яғни, олардың Қытай мемлекетінің өсіп келе жатқан экономикалық пен саяси роліне деген әсер тигізуіндегі бағыттары. Дүниежүзілік саясатта қазіргі күннің өзінде де халықаралық режимдер мен механизмдердің құрылуын қиындататын батыс деморкатиясына жат болса да, Қытай өз аумақтық және глобальды мүдделерін ескеруді міндеттей отырып мықты күшке айналуда.
Атақты американ ғалымы, белгілі саясаткер Самуэль Хангингтон 21-ғасыр өркениеттер тоғысуы емес, өркениеттердің соғысу ғасыры болады, Мұсылман мен Христиан өркениеттері арасындағы қайшылық тек күшпен шешіледі деп болжаған. Шынында да өткен ғасырдың аяғында айтылған осынау ұлы сөз бүгінде өзінің ақиқатқа айналып келе жатқандығын көрсетеді. Оған келтірер мысалдар да жеткілікті.
Мәселен ондаған жылдар бойы АҚШ — пен көптеген Араб елдері арасындағы шиеленістер барынша қордаланған. 1980-ші жылдан бері АҚШ-ислам елдеріне қарсы 19-рет қару жұмсаған немесе әскери интервенциялар ұйымдастырған. 11-қыркүйектегі террорлық әрекеттің себебін араб елдерінен іздестірудің де себебі жоқ емес.
(Кейбір сарапшылар 2011 жылғы 11-қыркүйектегі Нью-Иорк қаласындағы қос ғимаратқа жасалған шабуылдарды АҚШ-тың барлау қызметінің өздері ұйымдастыруы мүмкін деген жормалдар жасайды)
АҚШ –жаханданудың көшбасшысына айналды. Өздеріңіз білетіндей бұл мемлекеттің әлемдік аренадағы үлес салмағы 20-ғасырда айтарлықтай өсіп, көптеген істерде алдыңғы орынға шыққаны белгілі. Ал оның әскери, саяси рөлі 21-ғасырдың басында одан да жоғарғы деңгейге көтерілді. (Оның ішінде АҚШ — президенті Барак Обаманың билікке келгеннен кейін 8-ай өтпей жатып әлемдік Нобель силығын алғанын айтсақ та жеткілікті. Бұл әрекетті кейбір сарапшылар Еуропаның АҚШ-алдында бас июі дегенді айтады) Бұл тұрғыда мәселені әріректен қараған жөн. Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін (1960-1990 жж) Кеңес одағы құлап күштердің ара салмағы өзгерді, яғни бұрын қатаң ұсталған тепе-теңдік бұзылды. Осы орайда қарап қалмайтын АҚШ – бұрынғы қарсыластары ТМД мен Шығыс Еуропа елдерін кредит немесе инвестиция беру арқылы өзіне тәуелді етті. (Мәселен: Қазақстанда да АҚШ-тың атақты компаниялары қызмет етеді. ШЕВРОН т.б) Сонымен қатар АҚШ мемлекеті аймақтағы шиеленістер мен жанжалдарға байланысты әскери қимылдарға еркін кірісе бастады. Бұл мәселеде АҚШ-тіпті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын мойындамады. Оған дәлел ретінде Ирактағы соғыс қалай басталды соны айтуға болады. 2002 жылдың 30-қаңтарында АҚШ-президенті Джордж Буш кангресс мүшелерімен кездесуінде жаппай қырып жоятын қарулар иеленуге ұмтылып отырған Солтүстік Корея, Иран және Ирак режимдері уақыт өткен сайын үлкен қатер төндіре бастағанын баяндады. Атап айтқанда Ирак елі он жылдан астам уақыттан бері химиялық, биологиялық және ядролық қару жарақ өндіруге ұмтылып отыр деді. Сол жылғы 10-қазанда АҚШ конгресінің өкілдер палатасы президентке Иракқа қарсы қару қолдануға рұқсат беретін арнайы қарар қабылдады.
Осыған орай БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Ирак мемлекетінде инспекия жұмыстарын жүргізу үшін арнайы қарарды мақұлдады. Оған сәйкес 60-күн ішінде арнайы тексеру тобы ел аумағында қандай да бір ядролық нысанның бар немесе жоқ екенін анықтау керек еді. Дегенмен жүргізілген бұл тексерістер барысында Саддам Хусейн елінде ешқандай жаппай қырып жоятын өндіріс орындарының бар екендігін дәлелдейтін айғақтар табылмады. Дегенмен бұл тұрғыда БҰҰ-да Ирак дағдарысын бейбіт жолмен реттеу жөнінде біраз жиындар өткізіп, елді ешқандай қарудың көмегінсіз қарусыздандыруды талап етті. Бірақ бұл талапты пысқырып та қарамаған АҚШ — мемлекеті АҚШ — бастаған коалицияның Иракқа қарсы соғысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің өз міндеттерін орындамағанын, бірақ АҚШ-тың өз уәдесінде тұрып Саддам Хусейн режимін қарусыздандыратынын атап көрсетті. (Бұл АҚШ-тың басқа мемлекеттерге жасаған қысымына да қатысы бар жағдай)
Халықарарлық қатынастарда екі кіндікті жүйе құлаған соң АҚШ- БҰҰ жарғысында көрсетілген соғыс және бітім мәселесін шешуде қауіпсіздік кеңесі тұрақты мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімін елемеуге көшті. Мәселен: БҰҰ-жарғысының 51-бабында қайсыбір мемлекет болмасын әскери күштерін өзін-өзі қорғау ретінде қолдануға құқылы болса, ал қазір АҚШ бұл құжатқа сілтеме жасауды қажет емес деп тауып, соғыс қимылдарын бастау құқын өзіне қалдырып отыр. АҚШ-тұңғыш рет өзінің әлемдегі әскери артықшылығын сақтауға ниетті екенін мәлімдеді. Соңғы мәлімет бойынша АҚШ-та әлемнің ең алыс шалғай аудандарына әскери отриядтарды жеткізе алатын 200-ұшақ бар. Сонымен қоса 12-млрд долларға бағаланатын жеті кеме, одан басқа 300-кемеден тұратын теңіз флоты. Сондай-ақ ғарыш агенттігі 22-реактивті жойғыш ұшақты жүзеге асыруға 267-миллиард доллар жұмсаған. (Салыстырып көріңіз: Қазақстанның мемлекеттік резервінде 80 миллиард доллар бар) АҚШ-тың әскери шығындары 2003 жылы 400-млрд долларға жеткені айтылды. (Бұл бір жылға ғана жұмсалған сома) Бұл елдің Еуропа мен Қиыр шығыста, Азияның бірқатар елдерінде 200 — мың әскер топтамалары орналасқан. Олар АҚШ территориясынан тыс жерлерде тұрады. (Салыстырып көріңіз: Қазақстанда 74-мың әскер бар) 2007 жылы белгілі болғандай АҚШ Ирак пен Ауғанстанға жасаған соғыстарына бұрын айтылғандай 800-млрд емес, 1-трлн. 600 млрд доллар шығындаған. Бұл Африканың барлық елдері мен Австриалияның ішкі жалпы қорынан көп сома. Жалпы екінші Ирак соғысы аяқталып, АҚШ-өз дегендеріне жетті. Яғни ширек ғасырға жуық Ирак елін төстеп билеген Саддам Хусейн тұтқындалып, ақырында 1982 жылы Ирак шииттерін қырғаны үшін өзі дарға асылды. Оны дарға асу рәсімін АҚШ пен Еуропаның бірқатар телераналары тікелей таратты. Билікке 2008 жылы Барак Обама келді. Бұл азамат билікке келіп көптеген батыл шешімдер қабылдады. Оның ішіндегі ең маңыздысы Ирак пен Ауғанстан елдерінен АҚШ әскерлерін алу. Президент қабылдаған бұл шешімдер дер кезінде болмаса да, ішінара жүргізіле бастады. Болжам бойынша АҚШ әскері толығымен Ауғанстан территориясынан 2014 жылы шығарылып бітуі тиіс. Бірақ кейбір мамандар АҚШ әскерлерінің Ауған елінен шығарылуын дұрыс емес деп санайды. Себебі бұл елде белгілі бір бақылаудың әлсіздігінен АҚШ-әскерлері кететін болса азаматтық соғыстың басталып кетуі де ғажап емес. Барак Обама басқаруында АҚШ-тың сыртқы саясаты одан ары күшейе түсті. Ол Джордж Буш құсап тікелей соғыс ашпаса да өзінің одақтас елдері арқылы Таяу шығыс пен Африканың бірқатар мемлекеттеріне қауіп төндірді. Бұл термин қазір «Жаңа бодандау саясаты» деп айтылып жүр. Нәтижесінде Шығыс Африканың Тунис, Ливия, Египет секілді мұнайлы мемлекеттерінде арнайы революциялық әрекеттер ұйымдастырылып, елді 40-жыл қатарынан басқарған азаматтар ажал құшты. Алғаш Тунис билігі тақтан тайып, кезек Ливияға келді. Бұл соғыс жоспардан тыс ұзаққа созылды. Өз мемлекетінен қашып кетуді көздемеген Муаммар Каддафи Нато мен Еуроодақ елдеріне қарсы тұрды. Дегенмен алты айдан астам уақыта созылған соғыс нәтижесінде Каддафи ұсталып айуандықпен өлтірілді. (Каддафи Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескенде Лукашенконің сіздерде не болып жатыр деген сауалына сендер қандай теледидар көріп жатырсыңдар деп жауап берген)
Жалпы дегендеріне жеткен Еуроодақ пен АҚШ-тың келесі көздегені Сирия немесе Иран елдері деп болжайтындар да бар. Күні кеше тіпті АҚШ- қорғаныш ретінде орта Азия мен Кавказ елдерінде ракета қорғаныс жүйесін (ПРО) нығайтатын жеткізіп, Грузия мемлекетіне арнайы бақылау ракеталарын қою ниетін білдірген. Олар осы арқылы орта Азия мен Ресей аумағын түгелдей бақылай алады. Бірақ бұл ұсынысқа Ресей жағы қатаң қарсы шығып ел президенті Дмитрий Медведев теледидар арқылы арнайы мәлімдеме жасады.
Онда егер АҚШ-келісілген шартты бұзатын болса Ресей жағы Каллининград қаласында аса үлкен ракета қорғаныс жүйесін іске қосатынын жеткізген. Олар бұл арқылы радиусы 480 мың шақырым жерді бақылап отырмақ. Ол бүкіл Батыс Еуропаның аумағына тең. Бұл тұрғыдағы шиеленістердің алда немен тынатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Жалпы бұрындары соғыс қимылдарында адамзатты түбегейлі жойып жіберудің нақты мүмкіндігі болмаған. Бұл мүмкіндік ракета техникасы мен ядролық қару жасала бастаған уақыттан бастап пайда болды.
Ресей "тиісті өңірлердегі Ресей Федерациясының мүддесін қорғау үшін өңірлік экономикалық және қаржылық ұйымдардың мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, ТМД кеңістігіндегі интеграциялық процестердің нығаюына септігін тигізетін ұйымдар мен құрылымдардың іс-қызметіне баса назар аударатын болады", -делінген тұжырымдамада.
"Ресейдің сыртқы саясатының басымдық берілген бағыты ТМД-ға қатысушы елдермен арадағы екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты дамытуға саяды. Ресей жаһандану жағдайында ТМД елдерінің жалпы және әрбір мемлекеттің маңызды ресурсы болып табылатын ортақ мәдени-өркениеттік мұраны сақтау және оны ұлғайта түсу негізінде ТМД елдері арасында гуманитарлық саладағы ықпалдастықты нығайтуға барынша септігін тигізетін болады. Әсіресе, ТМД елдерінде тұратын отандастарды қолдауға, өзара уағдаластықтың негізінде олардың білім алу, еңбек ету, әлеуметтік, тілдік, гуманитарлық және басқа да құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға келісуге баса назар аударылды", - делінген тұжырымдама мәтінінде.
"Ресей ТМД елдерімен арадағы өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты ұлғайта түседі. Ресей ЕурАзЭҚ аясында Кедендік одақ пен біртұтас экономикалық кеңістік құру аясында Беларусь және Қазақстан Республикасымен белсенді жұмыс істейтін болады және бұл жұмысқа басқа да ЕурАзЭҚ мүшелерін тартуға септігін тигізеді",- делінген құжатта.